Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2014 в 12:00, курсовая работа

Краткое описание

Тауар ақшалық қатынасының дамуы нәтижесінде бұл шарт өз орнын басқа шарттарға берді.Осыдан біз курстық жұмысының өзектілігін көреміз.
Курстық жұмысының мақсаты ретінде сатып алу-сату шартының ұғымына, белгілеріне және элементтеріне түсінік беру табылады. Жұмыстың мақсаты оның бөлімдеріне сай келеді.
Осы мақсатқа жету үшін алдымызға келесі мынандай міндеттер қоямыз:
- Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері.
- Тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері.
- Меншік құқығының пайда болу сәті. Заттың кездейсоқ бүліну қауіпі.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................................................3
1. Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері.................................5
2. Тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері................................................................10
3. Меншік құқығының пайда болу сәті. Заттың кездейсоқ бүліну қауіпі...........................18
Қорытынды...................................................................................................................................21
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................................................22

Прикрепленные файлы: 1 файл

АХМЕТОВА АЗАМАТТЫК.docx

— 84.17 Кб (Скачать документ)

Егер шарттағы тауарды беру жағдайлары оның жеткiзiлiп берiлуiн қарастырса, сатып алушы өз қоймасын жұмысқа дайындап қоюға, өнiмдi келiсiлген жерде күтуге мiндеттi. Бұдан басқа, сатып алушы өзiне ұсынылған тауарды уақытында қабылдап алуға, жүк тасымалдау көлiгiнен жүктi түсiруге, сатушының көлiгiн ұстамауға, өзiнiң тым баяу əрекеттерiмен тауардың бұзылуына жол бермеуге мiндеттi. Сонымен қатар, ол өнiмдi тексерiп алуы, өнiм құжатын қабылдауы жəне өнiмдi қабылдап алғаны жөнiнде сатушыға куəлiк беруi қажет. Өнiмдi қабылдап алу шарттары заңнама бекiткен нормалармен анықталуы мүмкiн. Мысалы, Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетiнiң қаулысымен 1994 жылы 9 қарашада бекiтiлген Өнiмдi саны мен сапасына қарай қабылдап алу нұсқауы. Ол тауар жеткiзiлiмi жəне тасымалдау шарттарын орындау кезiнде қолданылады. Қабылдаудың ережелерiн бiз содан соң толығырақ қараймыз. Заңнамамен қатар қабылдау тəртiбi тiкелей шарттың өзiмен де бекiтiлуi мүмкiн. Ал егер де соған қатысты не заңнамалық не шарттық талаптар болмаса, сатушы тауарды беру жəне алу үшiн əдетте керек болатын əрекеттердi жасауға тиiс. Сатып алушы шартты бұзып затты қабылдамаса, сатушыға оның затты қабылдауын талап етуге, болмаса шартты орындаудан бас тартуына болады. Сатушы сатып алушының iсəрекетi нəтижесiнде болған шығынын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 349бабы 2тармағы, 350 бабы бойынша өндiрiп алуға құқылы.

Сатып алушы алынған өнiм (тауар) үшiн ақы төлеуге мiндеттi. Заттың бағасын анықтау ережелерi ертерек қарастырылған. Тағы да (қосып) Қазақстан Республикасының “Антидемпингтiк iсшаралар туралы” 1999 жылдың 13 шiлдеде шыққан Заңы бар екенiн айту қажет. Демпингке қарсы шаралар заңда демпингтiк тауардың импортына қолданылатын уақытша демпингке қарсы шаралар, демпингке қарсы баж немесе баға бойынша мiндеттемелер (менiң айрықша көрсетуiм) нысанындағы əкiмшiлiк экономикалық əсер етудiң шараларының берiктiгi болып қаралады. Шаралар ұқсас тауарларды шығаратын Отандық өндiрушiлерге келтiрiлген немесе келтiрiлу қаупi болып тұрған зиянды жою үшiн қолданылады (аталған заңның 1бабы 3тармақ). Шаралар (олардың арасында баға бойынша мiндеттемелер) қолданылғаны туралы уəкiлдi орган барлық мүдделi тұлғаларға хабарланады. Бағаға мiндеттеменi қабылдап сатушы оны бөлек сатып алусату шарттарында қарастырылған жағдайлар арқылы жүзеге асырады. Баға төлеу бойынша мiндеттi одан əрi қарайық. Жоғарыда айтылғаннан түсiнуге болатын нəрсе аталмыш мiндеттiң мазмұнына бағаны анықтау тəртiбi тiкелей əсер етедi. Олар көбiнесе тұрақты болады, бiрақ шаруашылық тəжiрибеде өзгертiлуге жол беретiн бағалар да қолданылады. Өз кезегiнде соңғылар ығыстырылатын (жылжитын шартты тұрақты) жəне ағымды өзгеретiн болып жiктеледi (ажыратылады). Шартты тұрақты баға шартта бекiтiледi жəне шартты орындау сəтiне тауарға қалыптасқан ортанарықтық бағалардан елеулi ауытқыса (ерекшеленсе), онда ол қайта қаралуға жатады. Ағымды өзгеретiн бағалар негiзiнен, ең алдымен дайындалуы ұзақ мерзiмдi тауарларға немесе тауарлардың дайындалған топтарына қолданылады. Мысалы, шикiзатқа деген əлемдiк баға тез өзгередi, жабдықтаушымен тұрақты байланыс болмайды, осының əсерiнен шикiзат əртүрлi жағдайда сатып алынады., ж.б. Нақты тауар үшiн ақы төлеу мiндетiне көшейiк. Ол өзi екiге бөлiнедi. Бiрiншiден, сатып алушы өз есебiнен төлемдi жүргiзуi үшiн дайындық əрекетiн жасауы керек. Əдетте олардың қатарына сатып алушының есеп шотты, аккредитивтi ашуы, шарт сомасына, чек беру кiредi. Қандай əрекеттер жасалатыны шарттың өзiнiң жағдайларымен, сол сияқты заңнама нормаларымен анықталады. Қазақстанда 1998 жылдың 29 шiлдесiнен “Ақша аудару жəне төлеу” туралы Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Халықтық банкiсiнiң 25 сəуiр 2000 жылы № 179қаулысымен бекiтiлген төлемақы құжатын пайдалану мен қолмақол ақысыз есеп айырысу жəне Қазақстан Республикасының территориясында ақша аудару Ережесi;

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 5 желтоқсанындағы №266қаулысымен бекiтiлген. Қазақстан Республикасының территориясында чек пайдалану Ережесi жəне т.б. нормативтi актiлер бар.

Екiншiден, сатып алушы ақшаны төлеуi керек. Төлемақы төлеу қолмақол ақшамен есеп айырысу немесе оларды пайдаланусыз (ҚР “”) заңының 21 бабы, 4тармақ есеп айырысу жолымен де жүзеге асады. Егер шарт жəне заң актiлерi бағаны белгiленген мерзiмде төлеу мiндетiн қарастырмаса, онда сатып алушы тауарды алған соң немесе тауарды билеу құжаттарын алған соң төлемақыны дереу (кейiнге қалдырмай төлеу керек. Шартпен тауар бағасын алдынала төлеу қарастырылуы мүмкiн. Бұл жағдайда ол сатушыдан тауарды қабылдаған кезге дейiн белгiленген мерзiмде бағасы толық немесе жартылай төлеу қажет.

Егер мерзiм шартта көрсетiлмесе, ақы тауар берiлгенге дейiн ақылға сиымды мерзiм iшiнде төленуi керек. Егер тауар үшiн төлеу мiндеттемесiн орындау мерзiмi несие берушiнiң еркiне байланысты болса Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 277бабы бойынша сатып алушы 7 күн мерзiм (жеңiлдiк мерзiмi) iшiнде несие берушiнiң талабын орындауы қажет. Тауарды несиеге алу шартпен бекiтiлуi керек, ал бұл туралы арнайы белгiленген жағдай болмаса, онда сатып алушы тауар бағасын толық төлеуi қажет. Тауарды кредитке сату шарты бойынша сатып алушы бағаны тауар берiлгеннен кейiн белгiленген мерзiмде төлеуге мiндеттi. Төлеу мерзiмi кредитке сату шартымен тiкелей қарастырылмаса, онда төлем ақылға сыйымды уақытта (мерзiмде) болуы керек. Сол сияқты төлемдi жасау мерзiмi несие берушiнiң (сатушының) төлеу туралы сұрау мерзiмiне қарай анықталуы мүмкiн. Тауарды кредитке сату шартты жасасқан күнде болған бағаға сəйкес жүргiзiледi. Болашақта тауардың бағасы өзгерсе де ол қайта есептелуге жобалайды.

Тауарды кредитке сату шартының бөлек түрi – төлемдi бөлiп төлеудi қарастыратын шарт. Тауарды кредитке сатудың базалық шартынан айырмашылығы, оның мазмұнында зат бағасы, төлемдердiң тəртiбi мөлшерi, мерзiмi айқын көрсетiледi. Егер сатып алушы шартпен бекiтiлген мерзiм iшiнде бағаны төлемесе (соның iшiнде кезектi төлем мерзiмiн өткiзiп алса) сатушы шарттан бас тартуға жəне сатылған мүлiктi қайтарып алуға құқылы.

Ресей Федерациясының азаматтық заңнамасында сияқты (РФ АК 483 бабы) сияқты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында (ҚР АК 436бап) алғаш рет сатып алушының сатушыға оның шартты бұзғаны туралы хабарлау мiндетi қарастырылды. Осы талап шарт бойынша сатушының жəне сатып алушының мүдделерiнiң теңдiгiн қамтамасыз етедi, сатып алушыға шаруашылық ескерiмдiлiк (қамқоршылық) жəне шарттық тəртiптi сақтау бойынша мiндеттердi жүктейдi.

Сатып алушы сатушыға шарттың тауар саны, сапасы, жиынтықтылығы жəне басқа көрсеткiштерiне қатысты талаптары бұзылғаны туралы шарттың өзiнде бекiтiлген немесе

заңнама нормаларында қарастырылған мерзiмде хабарлауға мiндеттi. Мысалы сатып алушы тауарды қабылдап алғаннан кейiн 15 күн мерзiм iшiнде оның түртүрiне қатысты талаптар бұзылғанын айтып хабарлауы қажет. Егер ол осыны жасамаса, онда тауар үшiн сатушымен келiсiлген баға бойынша ақыны төлеуi тиiс. Сатып алушы сатушыға бұзушылықтар туралы əрқашан (барлық жағдайларда) хабарлауы керек. Бұл жасалмаса болашақта сатып алушының талаптары құқыққа негiзделген болса да, олар қанағаттандырылмауы мүмкiн.

Талаптарға толығынан немесе iшiнара қанағаттандыру сатушының еркiне тəуелдi болады. Айтылғанға негiзделiп, бiз жұмыстың бұл бөлiгiнде осы өте орынды болып келмейтiнiне қарамастан, сатып алушының мiндетi сатушының кiнəсiн бағалауға тəжiрибелiк əсерiн тигiзетiнiн көрсете аламыз. Қазiргi азаматтық сатып алусату шартында сатушының немесе сатып алушының тауарды сақтандыру мiндетi қарастырылуы мүмкiн. Сақтандырылуға тек тауардың кездейсоқ жойылуының, бүлiнуiнiң қаупi ғана жатпайды. Шарт бойынша, өзге тəуекелдер де сақтандырылуға жатады. Тауарды сақтандыруға мiндеттi тарап сақтандыруды шарт талаптарына сəйкес жүргiзбесе, екiншi тарап тауарды сақтандыруға құқылы жəне мiндеттi тараптан шығындарын өндiртiп алуға құқылы. Соны қаламаса құқықта кiнə сыртқы көрiнiсiнiң тапқан iсəрекеттерi арқылы анықталады. Сатып алушы тауардың өзiне берiлуiн талап етуге құқылы.

 Сатушының тауардың  саны, сапасы, түртүрi жиынтықтылығы  ыдысына байланысты əрбiр сегментарлы мiндетiне сатып алушының сəйкес құқығы бар. Азаматтық кодекстiң ережелерi сатып алушыға сапасыз зат берiлген жағдайда оның құқығын қорғайды. Егер сатушы заттың кемшiлiгiн алдынала ескертпеген жағдайда, сатып алушы мынандай талап қоюға құқылы:

1. сатып алу бағасын  тиiстi мөлшерде кемiту туралы;

2. қисынды мерзiмде тауардың  кемшiлiктерiн тегiн жою жөнiнде;

3. тауар кемшiлiктерiн жоюға  жұмсалған өз шығындарын өтеу  туралы;

4. тиiстi сапасы жоқ тауарды  шартқа сəйкес келетiн тауармен  салыстыру туралы;

5. шартты орындаудан бас  тартуға жəне тауар үшiн төленген  ақша сомасын қайтару

туралы талап қоя алады. [6,189 бет]

Сатып алушының оған жиынтықталмаған тауар берiлген реттегi (жағдайдағы) құқықтары АК 433 бабымен қарастырылған. Олар сатып алушының тауар сапасыз болып шыққан жағдайдағы құқықтарына ұқсас (жақын). Негiзiнен, сатып алушыға шарттың бұзылуына қатысты əрбiр жағдайда белгiлi құқықтар берiледi. Солардың араларында тауар жөнiндегi қандай да болсын өзге талаптарды бұзу болып келедi. Сатып алушы тауардың саны жетiспейтiнiне, оның түртүрi бұзылғанына байланысты жəне басқа жағдайларда белгiлi (тиiстi) құқықтарын жүзеге асыра алады. Көбiнесе сатып алушының көрсетiлгендей құқықтарының жүзеге асыру белгiлi бiр бөлiгiнде азаматтық құқықтық жауапкершiлiктi жүзеге асыру болып келедi.

Мiндеттеменi (сатып алу сатудан туындайтын мiндеттемелердi) орындамау немесе тиiстi орындамау үшiн туындайтын жауапкершiлiктi бiз кешiрек қосымша талдаймыз. Сатып алусату шарты тараптарының мойнында тауардың кездейсоқ жойылуының немесе бүлiнуiнiң тəуекелi (қаупi) белгiлi дəрежеде болып келедi. Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы жəне басқа да бiрқатар мемлекеттердiң азаматтық құқығында тəуекелшiлдiктiң (тəуекелдiң) шарт тараптары араларында бөлiнуi Рим құқығында көрсетiлген ережеден ауытқу болып табылады. Онда тауардың ақысы төленiп зат берiлгеннен кейiн меншiк құқығы ауысады деп есептелiнетiн. Шарты толық аяқталғанда, яғни тауардың атауы, бағасы жəне сапасы сөзсiз анықталғанда өзге тарапқа көшедi

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 411бабына сəйкес, егер сатып алу сатушартымен өзгешелiк қарастырылмаса, онда сатып алушыға тауардың кездейсоқ жойылуының, бүлiнуiнiң тəуекелi (қаупi) сатушы заң актiлерiне, шартқа сəйкес өзiнiң тауарды сатып алушыға беру мiндетiн атқарған болып есептелiнетiн сəттен өтедi (ауысады). АК 410бабы сатушының затты беру бойынша мiндетiн орындауының сəтiн анықтау тəртiбiн бекiтедi. Жалпылама олар меншiк иесi тəуекелiнiң ауысуын анықтайтын тəртiптерге сəйкес болып келедi. Мүлiктiң кездейсоқ жойылуының немесе бүлiнуiнiң қаупi мүлiктi шарт бойынша иеленушiге оған меншiк құқығы ауысуымен бiрге ауысады. Осыған байланысты 410 бап АК 238 бабы 1тармағын толықтыру болып келедi.

Сатып алусату шартымен өзгеше қарастырылмаса сатушының тауарды сатып алушыға беру мiндетi мынадай əрекеттер жасалса орындалды деп саналады:

1. Шартпен сатушының тауарды жеткiзу мiндетi қарастырса, тауар сатып алушыға немесе ол көрсеткен тұлғаға табыс етiлген соң;

2. Егер тауар сатып алушыға немесе көрсетiлген тұлғаға тауар орналасқан жерде берiлуi керек болса, онда тауар сол жерде сатып алушының қарамағына берiлгесiн. Тауар сатып алушының қарамағына берiлуi үшiн ол тиiстi (келiсiлген) жерде берiлу үшiн дайындалу керек жəне сатып алушыға тауар шартқа сəйкес берiлуге дайын екенi туралы хабарлануы керек.

Тауар шарт мақсатында анықталуы үшiн оған белгi соғылып, бөлек қоймада орналастырылып жəне өзге тəсiлдермен оқшауланбаса тауар беруге дайын болып есептелмейдi. Сатушының аталғандай мiндеттерi болмаса, шартпен өзгешелiк қарастырылмаса оның мiндетi тауар сатып алушыға жеткiзiлу үшiн тасымалдаушыға немесе байланыс ұйымына тапсырылғасын орындалған болып есептеледi. Шартты жасасқан кезде сатушы тауардың жойылғаны немесе бүлiнгенi туралы бiлсе немесе бiлуге тиiстi болса жəне осы туралы сатып алушыға хабарламаса, онда тəуекелдiң сатып алушыға тауар бiрiншi тасымалдаушыға тапсырылған сəттен бастап ауысуы туралы жағдай жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Жарамсыздықты сот сатып алушының арызы бойынша таниды. Айтылғандай сатушы өзiнiң немқұрайлығы үшiн де жауапты болады. Мысалы, тауарды сатып алушыға жөнелту алдында сатушының қоймасында ұзақ мерзiм бойынша тауардың сақтығын қамтамасыз ету үшiн қажеттi жағдайлар болмады.

Сондықтан жөнелтiлген тауар жарамсыз болып келетiнiн болжау негiздi едi, бiрақ сатушы зиянды салдарды жою үшiн өзiне байланысты шараларды қолданбады. Кейбiр жағдайларда шарт тараптары араларында тəуекел үлесуiнiң бастапқы (негiзгi) ережелерiнен ауытқу орын алуы мүмкiн. Бұл шартта мүлiктiң кездейсоқ жойылуының немесе бүлiнуiнiң қаупi сатып алушы тарапына оған меншiк құқығы өткенге дейiн өтетiнi қарастырылса орын алады. Өз кезегiнде бұндай шешiм шарттың тараптары бiр бiрiне қатысты тең болып келгенде орынды (сатушыда жəне сатып алушыда бiрдей кəсiпкерлер

немесе кəсiпкерлер емес т.б.). Тараптар меншiк құқығы сатып алушыға тауар оған берiлгенге дейiн көшетiнiн қарастыра алады жəне бұл да оған тауардың кездейсоқ бүлiнуiнiң немесе жойылуының қаупi (тəуекелi) ауысуының сəтiне əсер етедi. [7,95 бет]

Сатып алушыға артықшылық (жеңiлдiк) беретiн тəуекелдiң ауысуы туралы шарт жағдайлары болуы мүмкiн. Айтатын болсақ, тауар сатып алушыға темiр жол көлiгiмен тиелiп жiберiлдi дейiк, бiрақ шартта тəуекелдiң сатып алушыға ауысуы оның тауарды iс жүзiнде алу сəтiмен белгiленген. Сатылатын тауарлар олар ретiнде нотариат куəландырудың немесе мемлекеттiк тiркеудi талап ететiн шарттарды рəсiмдеудi талап етсе, тауарға меншiк құқығы пайда болуы шартты нотариат куəландыруымен немесе мемлекеттiк тiркеумен анықталады (ҚР АК 238 бабы 2 тармақ). Осымен бiрге сатып алушыға тəуекелде ауысады. Тауар жолда болу кезiнде ол қайта сатылса, шартпен немесе iскерлiк айналым əдетғұрыптармен өзгешелiк қарастырылмаса, сол тауарға қатысты кездейсоқ жойылу əлде кездейсоқ бүлiну қаупi (тəуекелi) сатып алушыға сатып алусату шарты жасалған сəттен өтедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Меншік құқығының пайда  болу сәті. Заттың кездейсоқ бүліну  қауіпі.

 

Меншік құқығы барлық құқық жүйесіндегі орталық институттардың бірі. Меншік құқығы институты жеке құқықтың сипатын анықтайтын институт. Рим құқығы меншік құқығын затқа толық үстемдік деп анықтады. Заттық құқықтан туындайтын тұлғаның затқа үстемдігі әртүрлі деңгеймен және мазмұнмен сипатталады. Бұл үстемдік меншік құқығында толық көрсетіледі. Классикалық рим меншігі түлғаның жерге және құлға үстемдігін көрсетті. Дей тұрғанмен, меншік құқығының түсінігін өңдеу жай жүргізілді.

Рим мемлекетінің құрылуымен мемлекетке тиесілі барлық жерлермен қатар республиканың ішкі тарихы да өзгерді. Мемлекет барлық азаматтарға жерді мұрагерлікпен пайдалану құқығын берді. Үздіксіз жаулап алу салдарынан және рим аумағының үлкеюімен қатар мемлекеттік жер қоры мемлекетке өз азаматтарына көптеген кеңістіктерді беру мүмкіндігіне ие болды. [8,63 бет]

Информация о работе Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері