Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2014 в 12:00, курсовая работа

Краткое описание

Тауар ақшалық қатынасының дамуы нәтижесінде бұл шарт өз орнын басқа шарттарға берді.Осыдан біз курстық жұмысының өзектілігін көреміз.
Курстық жұмысының мақсаты ретінде сатып алу-сату шартының ұғымына, белгілеріне және элементтеріне түсінік беру табылады. Жұмыстың мақсаты оның бөлімдеріне сай келеді.
Осы мақсатқа жету үшін алдымызға келесі мынандай міндеттер қоямыз:
- Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері.
- Тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері.
- Меншік құқығының пайда болу сәті. Заттың кездейсоқ бүліну қауіпі.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................................................3
1. Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері.................................5
2. Тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері................................................................10
3. Меншік құқығының пайда болу сәті. Заттың кездейсоқ бүліну қауіпі...........................18
Қорытынды...................................................................................................................................21
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................................................22

Прикрепленные файлы: 1 файл

АХМЕТОВА АЗАМАТТЫК.docx

— 84.17 Кб (Скачать документ)

Дегенмен, сатып алу сату шарттарында экономикалық мазмұнмен жанама байланысты иемденетiн қатысушылардың айырықша заңды жүрiс тұрысы (əрекеттерi) барлығын мойындамасқа болмайды. Бұлардың қатарына оферта мен акцептi, келiспеушiлiктi реттеудi, жедел шараларды қолдануды жəне басқа да əрекеттердi жатқызуға болады. Шарт мазмұнына қатысты жалпы көзқарастар осындай. Осыдан əрi, бiз оны сатып алушы мен сатушының құқықтары мен мiндеттерi күйiнде жекелеп талдауға көшемiз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері.

 

Сатушының мiндеттерi. Сатушы сатып алушыға шартпен белгiленген тауарды беруге мiндеттi. Мұнда негiзгi талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны (көлемi). Сапаға қатысты талаптар сатып алусату туралы нормалармен шарттың елеулi жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алусату шарттары бойынша мiндеттi деп тануға болады. Əрбiр жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлемiне) қатысты талаптар өзгерiп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерiмен емес, тiкелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкiн. Тауардың саны. Сатып алушыға берiлуге тиiс тауар саны шартта тиiстi өлшем бiрлiктерiне сəйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта санды анықтау үшiн қажет алғашқы өлшемнiң бағасы бекiтiлуге тиiс. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тəртiбiн шартта белгiлеу жолымен келiсiлуi мүмкiн. Мысалы, тауардың (сұйық заттар) саны шартты орындау кезiнде сатып алушы ыдысының (қоймасының) шектi сиымдылығымен бекiтiлсе.

Тауардың сапасы. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сəйкес келетiн тауар беруге мiндеттi. Егер кəсiпкерлiк сатып алусату шарттарын қарастырсақ, сатылатын заттардың сапасына қойылатын талаптар шартта тiкелей сирек белгiленедi. Осыған байланысты, сапа туралы талап бiрнеше жағдайларда шартты талқылау (оның мəнiсiн ашу) негiзiнде анықталады. Тауардың сапасын анықтаудың үшiншi амалы – сапаға қатысты құқықтық болжам (презумпцияны) қолдану. Шартта сатып алушыға, əдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауар беруге мiндеттi. Келтiрiлген талапты тауарлардың сапасына азаматтық заңнама нормаларының тiкелей əсер етуi ретiнде бағалауға болады. Сонымен қатар, осыған ұқсас жағдайларда объективтiк құқық нормалары субъективтiк шарттық қатынастардың ерекшелiгiне бейiмделiп субъективтiк жағдай сипатына ие болады. Егер тараптардың арасында тауардың сапасы келiсiлмесе де,

бiрақ сатып алушы сатып алудың нақты мақсаттарын көрсетсе, сатушының тиiстi сапалы затты беру мiндетi өзгеше болып келедi. Осындай жағдайда сатушы сатып алушыға белгiлi болып келетiн мақсатта пайдалануға жарамды тауарды беруге мiндеттi.

Тұрақты нарықты экономикасы бар елдер соттарының тəжiрибесi осындай жағдайларда сатушының жеке басына жəне сатып алушының жеке басына назар аударады. Егер сатушы болып кəсiпкерлiк қызметпен айналысатын (белгiлi бiр саладағы маман) субъект болса, тауар сапасының талап етiлетiн мақсатқа сəйкес болуын қамтамасыз етуге мiндеттi, Егер де сатып алушының бiлiктiлiгiнiң дəрежесi əлдеқайда жоғары болса, онда осы мəселе басқаша шешiледi.

Мысалы: өндiрiстiк кəсiпорын (қазiргi заманның ұйымдастыруқұқықтық нысанында мұрагер өндiрiстiк тағайындалуы бар мұрагерден сатып алғалы тұр. Мұрагер болса оның техникалық қасиеттерiн мүлдем бiлмейдi. Осындай жағдайда сатып алушы тауарды сатып алам деп шешiм қабылдайтын болса, онда тауардың тиiстi сапасы бар деп есептелуi керек, бiрақ тауарды мақсатына сəйкес пайдалануға мүмкiншiлiк бермейтiн жасырын кемiстiктерге қатысты наразылық ұсыну құқығы сақталуы керек.

Тауарды үлгiсi бойынша жəне (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан жағдайда, сатушы сатып алушыға үлгi немесе сипаттамасына сəйкес келетiн тауарды беруге мiндеттi. Тауардың кейбiр қасиеттерi (көрсеткiштерi) бейнелеумен қамтылмаса, онда сатушының мiндетi жоғары көрсетiлген тəртiптерге сəйкес анықталуы қажет. Бiздiң көзқарасымыз бойынша, бейнелеудiң өзi белгiлi бiр талаптарға сəйкес болуы керек. Тым жалпы бейнелеудi қарастырып, сатушы iс жүзiнде өзiн тиiстi сапалы тауар беру бойынша мiндетiнен босата алады.

Егер сатылатын тауардың сапасына заң актiлерiнде белгiленген тəртiпке сəйкес, мiндеттi талаптар көзделсе, кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы мiндеттi талаптарға сəйкес келетiн тауар беруге мiндеттi. (Олар стандартпен, техникалық жағдайлармен қарастырылған). Тауардың сапасына қойылатын мiндеттi талаптар Қазақстан Республикасының “Сертификациялау туралы” Заңымен жəне Қазақстан Республикасы “Стандарттау туралы” Заңымен жəне заңға тəуелдi нормативтiк актiлермен анықталады. Егер шарт пен тауардың сапасына көтерiңкi талаптар қойылса, сатушы сатып алушыға соларға сəйкес тауарды беруге мiндеттi. Алдынала соларды айтып, сатушы тауардыкемшiлiктерiмен бере алады. Сатушы сатып алушыға беруге мiндеттi тауарлар берген кезде айтылып кеткен талаптардың бiрiне сəйкес болуы керек.

Ақылға сиымды мерзiм шеңберiнде ол, əдетте пайдаланылатын мақсаттарда пайдалануға жарамды болуы керек. Сатушы тауарды жарамдылық мерзiмдерi шегiнде пайдалануға мүмкiн болатындай қылып беруi керек. Жарамдылық мерзiмдерi заңдармен, мемлекеттiк стандарттардың мiндеттi талаптарымен немесе өзге мiндеттi тəртiптермен, өндiрушiнiң өзiмен орнатылады.

Жарамдылық мерзiмдерi өтiп кеткен соң тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналады. Осымен бiрге қызмет ету мерзiмi деген түсiнiк қолданылады, оның тұтынылмайтын тауарларды мақсаты бойынша пайдалану шектерiне қатысы бар, ал жарамдылық мерзiмi деген ұғым тағамдарға, дəрiлiк заттарға жəне с.с. қолданылады.

Шартпен гарантиялық мерзiмдер орындалуы мүмкiн. Бұл мерзiмдер тауарды əдеттегi немесе өзге мақсаты бойынша қолданымды мүмкiн уақыт кезеңдерiн белгiлейдi. Өзiнiң табиғаты бойынша олардың жоғарыда көрсетiлген мерзiмдермен ортақтығы бар, бiрақ гарантиялық мерзiмдер оларға толығынан тепетең болып келмейдi.

Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында гарантиялы мерзiмдерге бұрынғы заңдардағы сияқты мəн берiлмейдi. Азаматтық кодекстiң 425 бабына сəйкес, қазiр гарантиялық мерзiм шарттың өзiмен анықталуы керек. Ал, егер де ол шартпен қарастырылмаса, онда Азаматтық кодекстiң 430бабының 2шi тармағына сəйкес, егер өзгеше заң актiлерiмен немесе шартпен бекiтiлмесе, тауар сатып алушыға ұсынылған күннен бастап екi жыл көлемiнде ұсынылуы мүмкiн. Тауар сатып алушының жəне сатушының құқықтары мен мiндеттерi.

Қазiргi заманда сатып алушының мүддесiн қорғайтын бiрiншi кезекте осы норма, ал шартпен белгiленген кепiлдiк мерзiм емес. Тауар сапасына кепiлдiк, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның барлық құрамдас бөлiктерiнде де (жинақтаушы бұйымдарына) қолданылады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жинақтаушы бұйымға берiлген кепiлдiк мерзiмi негiзгi бұйымға берiлген кепiлдiк мерзiмге тең болып есептеледi. Сатушы тауарды қай кезде сатып алса немесе ол тауар қай кезде шығарылса, соған қарамастан кепiлдiк мерзiмi тауар сатып алушыға берiлген кезден есептеле бастайды. Егер сатушыға байланысты болып келетiн себептер бойынша сатып алушы тауарды пайдалану мүмкiншiлiгiнен айырылса, онда мерзiмi сатушы аталған себептердi жайғағанға дейiн өз

ағымын бастамайды. Мысалы, сатушы шартқа сəйкес тауарды жинақтаған жоқ (айта кететiн болсақ, сатып алусату қатынастарына бұл жағдайда мердiгерлiк туралы нормалар да қолданымды болып келедi). Тауар (жинақтаушы бұйым) ауыстырылғанда кепiлдiк мерзiмi өз ағымын жаңадан бастайды.

Сондай-ақ, тауарды берген жағдайда, тауарды түртүрiмен, жинақтылығымен жəне жиынтығымен, үшiншi тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру, тауарды салатын ыдыс жəне оны буыптүю сатушының мiндетi болып табылады. Тауарлардың түртүрi. Тауарлардың түртүрi бөлшектеп сатып алусату, тауар жеткiзiлiмi, келiсiмшарт жасасу шарттарында көзделген (энергиямен жабдықтау шартында да теоретикалық көзқарастан оның қарастырылуы мүмкiншiлiгi туралы айтуға болады).

Тауардың түртүрi дегенiмiз (ассортимент) – бiр түрлi тауардың жиынтығының iшiндегi белгiлерiне жəне бiр түрлi тауардың үлгiсiне, мөлшерiне, сортына, түсiне, электр қуатының тиiстi өлшемдерiне байланысты бөлiнуi. Егер тұлға бiр сатушыдан тұрмыстық химия затын жəне тағы бiр электр құралын сатып алса, онда тауардың түртүрi деген сөйлем қолданылмайды. Тауардың түртүрiне қойылатын талаптарды күрделi затты беруге қатысты мiндеттемеге қойылатын талаптардан ажырата бiлу керек. Жиынтықтылықтық жəне жиынтық. Сатушы сатып алушыға жинақтылық немесе жиынтығы туралы талаптарына сəйкес тауар беруге мiндеттi. Жиынтылықтық дегенiмiз – шартта көзделген немесе заттың функционалдық тағайындалуымен анықталатын барлық құрама бөлiктердiң затта болуы. Шартпен бұйымдардың стандарттық жəне қосымша жиынтықтылығы көзделедi немесе жиынтылықтықтан кейбiр жиынтықтаушы бөлiктер алынып тасталады.Шартта тауардың жиынтықтылығы белгiленбесе, сатушы сатып алушыға жиынтықтылығы iскерлiк айналым əдет ғұрыптарымен немесе əдетте қойылатын өзге де талаптармен анықталатын тауар беруге мiндеттi.

Жиынтықтылықтың тауарлардың жиынтығын айыру қажет. Қазақстан Республикасын бiрiктiру. Азаматтық кодексi 432 бабының мағынасына сəйкес жиынтық дегенiмiз бiрнеше сатып алу сату шартының пəнi кейбiр кездерде күрделi болып келетiнiн анықтай аламыз. Осымен қатар бiздiң көзқарасымыз бойынша жиынтық Ак 121 бабымен анықталатын күрделi зат ұғымына тең болып келмейдi. Заттардың жиынтығына қатысты бiртұтас құқықтық қатынас пайда болады, одан сатушының тиiстi мiндетi өз көрiнiсiн табады. Заттардың жиынтығы болуы үшiн (оған қатысты) талап қойылуы үшiн анық айқындалған себептердiң қажетi жоқ, тараптардың iшiнен ниеттенуi жеткiлiктi болып келедi. Мысалы, альпинист тобы Эверестқа шығуға қажеттi, оны қамтамасыз ететiн заттар сатып алады. Жиынтық талабы, ассортимент жəне сапа талаптарымен тығыз байланысты. Мысалы, экспедиция сатып алатын жиынтыққа кiретiн кейбiр заттарға тау биiгiнде пайдалану жарамдығына, жоғары төзiмдiлiгiне, төмен температура тұрақтылығына талап қойылады.

Егер шартта өзгеше көзделмесе жəне ол мiндеттеменiң мəнiнен туындамаса, сатушы сатып алушыға жиынтыққа енетiн барлық тауарды бiр мезгiлде беруге мiндеттi.

Сатып алушы үшiншi тұлғалардың құқықтары жүктелген тауарды қабылдауға келiскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшiншi тұлғалардың кезкелген құқықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге мiндеттi (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 413 бабының, 1тармағы). Бұл норма “дəстүрлi” сатып алушы оларда меншiк иесi болып келгiсi келетiн, шарттарға көбiрек қолданымды. Ал мүлiктiк құқықтарды сату кезiнде өз өзгешелiктерi орын ала алады.

Кейбiр жағдайларда аталған талап орындалымсыз болуы мүмкiн. Мысалы, сатып алушы үлестiк құқықта болған мүлiктi сатып алады жəне оңашаланған үлеске өзiндiк пайдалану, иелену, билiк ету құқығын алады, алайда ортақ меншiгiнiң тəртiбiне байланысты, мүлiк құрамына жүктемелер кiредi. Егер сатудың пəнi мүлiктiк құқық болса, (сонымен қатар меншiк құқығынан өзге заттық құқық) жүктемелер вариациясы сансыз болады. Айтылғанды қорытатын болсақ, шарт пəнiнiң ерекшелiктерi кейбiр ауыртпалықтарды болжауға мүмкiншiлiк беру керек дей аламыз. Уақыт өтiсiмен бұл сұрақ соттық практика (тəжiрибе) жəне азаматтық құқықтың жүйесi (доктрина) үшiн маңызды мəселе болып табылар демекпiз.

Сатушының тағы да бiр мiндетi тауарды үшiншi тұлғалардың талаптануынан да босатып беру. Осы мiндет сатушы олар туралы бiлген жағдайларда ғана қолданылады. Болашақта талаптану заңды деп танылу керек, егер осы болмаса сатушы тауарды басқа тұлғалар талаптануынан босатып беру мiндетiн бұзбаған деп саналады. Тауарды салатын ыдыс жəне оны буып түю. Тауарды салатын ыдыс жəне оны буыптүю талаптарын сатып алусату шарттарының жалпы ережелерiне кiрiстiру бiздiң азаматтық заңдарда жаңа болып табылады. Өзiнiң сыртқы көзге түспейтiнiне қарамастан, олар сатып алу сатудың өркениеттiлiк қатынасының қалыптасуына мүмкiндiк туғызады. Егер сатып алу сату шарты қандай түрiне қатысты екендiгi белгiленбесе, олар тауарды салатын ыдыс жəне буыптүю мен байланысты даулы жағдайларды шешуге мүмкiндiк бередi.

Егер шартта өзгеше көзделмесе жəне мiндеттеменiң мəнiнен немесе тауарлардың сипатынан туындамаса, сатушы сатып алушыға тауарды ыдысқа салып жəне (немесе) буыптүйiп беруге мiндеттi. Егер шартта ыдыс пен буыптүюге талаптар белгiленбесе, тауар ол үшiн арналған əдеттi əдiспен, ыдысқа салынуы, буыптүйiлуi керек. Бұлай болмағанда – сақтау мен тасымалдаудың əдеттегi жағдайларында осы типтес тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететiн əдiспен ыдысқа салынып жəне (немесе) буыптүйiлуге тиiс. Ал егер тауар сақтаудың немесе тасымалдаудың қандай да ерекше жағдайларын талап етсе, онда ыдыс жəне буыптүю оларға сəйкес келуi керек. [5,128бет]

Тауар сатып алушыға барлық керекжарағымен берiлуi қажет (керек жарақ бұл негiзгi затқа қызмет етушi зат). Затты керек жарақ қылып бағалау тек оның жəне басты заттың функционалды тағайындалуларының өзара байланысына негiздемейдi. Азаматтық кодекстiң 408 бабында сатушының керекжарақтарды беруi бойынша мiндетi бекiтiлгенiне қарамастан олар тұтынушыларға (сатып алушыларға) қиянат жасауға тырысады. Бұл реттерде олар сатушылар көп ретте Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 122бабының мiндеттi еместiгiн (диспозитивтi екенiн) пайдаланады. Қосымша ақыға аудио -видеотехникаға қосалқы шнур, бұйым үшiн қорғаныш жапқыш, оны күтiп баптауға арналған зат ұсынылады. Қосалқы (керекжарақ) зат барлық жағдайда өздiгiнен атқаратын қызметi жоқ деген қалыптасқан түсiнiк қате болып саналады. Сондықтан қандай да болмасын тауардың керекжарақтары оны мақсаттарда кедергiсiз қолдану қажеттерiмен анықталуы керек. Егер керекжарақ тұтынылатын (тұтыну барысында өз қасиетiн жоғалтатын болса) зат болса оның негiзгi зат қызметiн қамтамасыз ететiн мерзiм белгiленiп көрсетiлуi тиiс. Тағы да айтатын бiр нəрсе бар. Бiздiң көзқарасымыз бойынша, жиынтықтылық пен керекжарақ түсiнiктерiнiң араларында тығыз байланыс бар. Керекжарақ болып келетiн затты беру жиынтылықпен қарастырылуы керек, егер бұл жасалмаса керекжарақ туралы нормалар (АК 122 бабы) тiкелей қолданылуы керек. Тауармен (өнiммен) бiрге оның жиынтықтылығын қауiпсiздiгiн, сапасын, растайтын тұтыну тəртiбiн растайтын ж.б. құжаттар берiледi. Өнiм сатып алушыға берiлгенге дейiн меншiк шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару құқықтары оған өтiп үлгерсе, сатушы тауар берiлгенге дейiн оны сақтауға, нашарлауына (бұзылуына) жол бермеуге мiндеттi. Осыған байланысты сатушы мүлiкке немқұрайлы қарамауы жəне оны қасақана бүлдiрмеуi керек. Сатушы осы мiндетiн тегiн атқармайды. Егер екi тараптың келiсiмiмен өзгеше қарастырылмаса сатып алушы сатушыға оның тауарды сақтауға жұмсағанын өтейдi.

Сатушының құқығы. Сатушының құқықтарына зат қабылдануын жəне сатып алу бағасын төлеудi талап ету құқықтары жатады. Əр мiндеттемеге сəйкес келетiн қарсы құқық бар. Сатып алушының шартпен бекiтiлген мiндеттемелерi сатушының басқа да құқығы барын ескередi. Сатып алушының құқықтары мен мiндеттерi. Сатып алушының негiзгi мiндетi тауарды қабылдап алу жəне ақысын төлеуi болып табылады. Сатып алушының тауарды қабылдауы, ол жағынан тауарды беру жəне алу үшiн қажеттi шараларды қамтиды. Бiрiншi кезекте сатып алушы тауарды қабылдап алу үшiн алдынала жағдай жасауы қажет. Тауар тасымалдануға тиiстi болса, сатып алушы жүктi тиеп жiберу үшiн қажеттi мəлiметтердi сатушыға хабарлауға мiндеттi (егер тауарды сатушы жеткiзетiн болса). Ал, кейбiр жағдайда сатып алушы тауарды өндiрiстен немесе сатушының қоймасынан алып кетудi ұйымдастыруы қажет. Бұл шара сатып алушы сатушының тауарды сақтайтын жерiн бiлген кезде қолданылуы керек. Осы ереже халықаралық сауда саттықта кең қолданылады жəне Бiрiккен Ұлттар Ұйымының 1980 жылғы “Тауарды халықаралық сатып алусату шарттары туралы” Конвенциясының 31 бабы “б” тармағымен қарастырылған. Ол қазiргi жағдайда бiздiң кəсiпкерлердiң iшкi қатынастарында да жиi қолданылып жүр. Сауда терминдерiн талқылаудың халықаралық ережелерiнде (Инкотермс) бекiтiлген iскерлiк айналым əдет ғұрыптары осыған “Е” байланысты ЕХ тобын ұсынған, мысалы, works (зауыттан), бұл ретте сатушы тауарды сатып алушыға өзiнiң қоймасынан табыс етедi. Егер “F” жағдайлары қарастырылса (олардың қатарына FSA, FAS жəне FOB жағдайлары кiредi), онда сатушы өнiмдi сатып алушы ұсынған тасымалдаушыға өзi əкелiп беруге мiндеттi.

Информация о работе Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері