Отбасы құқығының пәні мен әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 05:19, доклад

Краткое описание

Құқықтың кез-келген саласы сияқты отбасы құқығының да өзіне тән пәні мен құқықтық реттеу әдісі бар. Отбасы құқының пәні болып қоғамдық қатынастың екі тобы табылады: отбасы құқығының субъектілерінің арасында пайда болатын жеке мүліктік емес және олармен байланысты мүліктік қатынастар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

2 Отбасы құқығының пәні мен әдісі.docx

— 14.10 Кб (Скачать документ)

.2 Отбасы құқығының пәні мен әдісі 

 

 

 Құқықтың кез-келген саласы сияқты отбасы құқығының да өзіне тән пәні мен құқықтық реттеу әдісі бар. Отбасы құқының пәні болып қоғамдық қатынастың екі тобы табылады: отбасы құқығының субъектілерінің арасында пайда болатын жеке мүліктік емес және олармен байланысты мүліктік қатынастар.  

Қатынастардың негізгі бөлігін  мүліктік емес қатынастар құрайды, ал  мүліктік қатынастардың тек екі түрі бар; алименттік және неке кезінде бірге жинаған мүліктеріне қатысты ерлі-зайыптылардың арасындағы қатынастар.

Отбасы өмірінің көптеген жақтарын құқық емес мораль реттейді. Отбасы қатынастары өзінің мәні жағынан дербес қатынас болып табылады, сондықтан мемлекет ол қатынастардың неғұрлұм ерекше мағанасы барын және қоғамдақ мүддеден туындайтынын, әсіресе, отбасының кәмелетке толмаған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне байланысты қатынастарын реттейді. 

Отбасы заңымен реттелетін қатынастардың нақты түрлері «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 9 бабында қарастырылған:

- некеге отыру тәртібі  мен шарты,

- некені тоқтату және  оны жарамсыз деп тану,

- отбасы мүшелерінің арасындағы жеке мүліктік емес және мүліктік қатынастар (ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, асырап алушылар мен асырап алынғандардың, отбасы заңымен қарастырылған көлемде – басқа туыстар мен тұлғалардың арасында),

- ата-анасының қарауынсыз  қалған балаларды орналастыру  тәртібі мен нысаны.

Отбасы құқығы үшін императивті-ерікті әдіс тән. Оның мәні келесіде, отбасы құқығының нормалары кейбір жағдайларда отбасы құқығының мүшелеріне өздерінің мінез-қылығын анықтауда еріктілікті қарастырады.

Мысалы, ерлі-зайыптылар мүліктік қатынаста ортақ меншік режимін  өзгерту үшін:

- неке келісімін ресімдеуге,

- алимент төлеу туралы  келісім жасау құқығы арқылы  алимент төлеу немес алуға,

- фамилиялары әр түрлі  ата-аналар баланың тегін өз  қалаулары бойынша анықтауға  т.б. құқылы.

Сонымен қатар отбасы құқығының субъектілері өз қалауы бойынша әрекет ету мүмкіндігінде шектелген. Мысалы:

- неке келісімі тек  мүліктік сипаттағы шартты ғана  қарастыра алады;

- алименттік келісімде  кәмелеттік жасқа толмаған балаларға  төленетін алименттің көлемін  анықтау кезінде алимент көлемі  заңда қарастырылған мөлшерден  кем болмауы керек;

- баланың тегін екі  нысанда таңдайды - әкесі немесе  шешесінің тегі.

Отбасы құқығын реттеу әдісінің әрекет ету механизмі келесіде: алғашында отбасылық құқықтық қатынастың мүшелері өздерінің қалауы бойынша еріктілік әдісін қолданады (егер олар отбасылық заңмен қарастырылса), бірақ егер олар оны жасамаса неке және отбасы заңының императивтік нормалары немес басқа құқықтық актілер қолданылады. Жоғарыда келтірілген мысалдарға сәйкес: ері мен әйелінің мүлкіне қатысты жалпы ортақ меншік туралы жағдай әрекет етеді; отбасы мүшелерін асырау қаражаты (алимент) неке және отбасы заңының ережесіне сәйкес алынады; баланың тегін оның тууы туралы актілік жазу енгізгенде азаматтық хал актілерін жазу органдары анықтайды.     

 

Отбасы-неке заңнамасы – азаматтардың отбасы-неке қатынастарын реттейтін құқықтық-нормативтік актілер жиынтығы. 1998 жылы қабылданған “Отбасы және неке туралы” заң отбасылық құқықтың қайнар көзі болып табылады. Мұнда бұған дейінгі заң бойынша жұбайлардың ортақ меншіктік қатынастарының қолданыстағы режимі қайта қаралып, кәмелетке толмаған ата-аналардың мүдделерін қорғау мақсатымен неке жасы екі жасқа дейін төмендетілді, жұбайлардың қос әулетесім (фамилия) алуына мүмкіндік берілді, алимент төлеу саласына да біраз жаңалықтар енгізілді. Кейбір жағдайларда отбасылық қатынастарға азаматтық құқық нормалары да қолданылуы мүмкін.


Информация о работе Отбасы құқығының пәні мен әдісі