Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 17:59, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы тәлім тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген. Осыған байланысты, жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыру – қазіргі кездегі тәрбие мен білім берудің басты көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
І – тарау. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері…………………………………………………….......8
1.2. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері...................................................................17
ІІ - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың әдістемелік негіздері.
2.1. Бастауыш сынып оқушылары жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының бүгінгі күнгі ерекшеліктері.............................................................................................34
2.2. Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының мазмұны мен әдіс - тәсілдері.....45
Қорытынды................................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Кіші-мектеп-жасындағы-оқушылардың-жеке-тұлғасын-қалыптастырудың-педагогикалық-мәселелері.doc

— 292.50 Кб (Скачать документ)

2.1 Бастауыш сынын оқушылары:  Жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының бүгінгі   күнгі ерекшеліктері.

Соңғы жылдары қоғамдағы тәрбиенің мақсаты «Тұлғаны жан -жақты, үйлесімді етіп тәрбиелеу» деп көрсетілген. Демек бүгінде әрбір адамның жеке басын материалдық және рухаии адамзаттық құндылықтармен молайту көзделіп отыр. Бұл мақсат-міндеттер жанұя тәрбиесін жақсатудан бастау алып, ондағы тәрбиелер мен ата-аналардың педагогикалық білімдерін жетілдірумен шешілмек. Бүгінгі таңда ата-аналардың жанұя тәрбиесі бойынша педагогикалық білімдерін жетілдіруде ең негізгі ұйытқы болатын мектеп, соның ішінде сынып жетекшілері болып отыр.

Мектептің жанұя тәрбиесіне ықпалын арттыру үшін ата - аналарға мектеп есігін үнемі ашып, балалармен өткізілетін әртүрлі тәрбиелік іс -шаралар мен сабақтарға қатысуына мүмкіндік туғызу қажет.                               

Бастауыш сынып оқушыларының  жеке тұлғасын қалыптастыруда  мектептің  ата-аналары мен жүргізілетін жұмысының негізгі мақсаты мыналардан тұрады. Біріншіден, ата - аналар мектепті балаларының шын жүрегімен қабылдайтын үйі деп санап өздеріде мектеп жұмысына көмектесуге дайын болуын қамтамасыз ету. Екіншіден, ата - аналарды жанұяда баламен өзара қарым - қатынаста болуға үйрету. Осындай мақсатпен мектептің әдістемелік бірлестіктері жанұя  тәрбиесі мәселелері бойынша ата  - аналар семинарларын ұйымдастырады.  Онда ата - аналар балалардың дамуға, есеюге, бостандыққа ұмтылуының табиғатын және баланың бойында рухани байлықты қалыптастырудың маңыздылығын ол үшін қоршаған  ортадан    сүйіспеншілік    сезімінің,    мейірімділікпен    сыйластықтың  қажеттілігіне  біледі.  Мектептің  ата - аналармен  жүргізетін  жұмысы  баланың мектепте және жанұяда, тұтас  білім  берушілік  ортада тәрбие  алуына  жағдай жасауға бағытталған. Жанұя саналылық  пен   ынтымақтастықтың және болашақтың бастаулар негізі. Мұғалімдер жанұяның тәрбиелік мүмкіндігін толығымен аша отырып, ата –аналардың да гумандық педагогикалық мынандай идеясын мойындауына атсалысуда.

Бала туылғанда пәк болып, тек адамдық пен ізгілік қасиеттермен дүниеге   келеді  бұл   ұлы заңдылық. Бірақ,  пәктік ізгі ниеттілік балада өзімен - өзі ұзақ сақтала қоймайды. Балаға дұрыс тәрбие беру мақсаты - оған дұрыс білім беруге мүмкіндік туғызады. Ол үшін ата-аналар өз балаларының дүниеге келгенде белгілі бір құлықпен келетін, оны өзгерту мүмкін емес екенінің білулері қажет. Баланың дара ерекшелігін біле отырып, оның дамуына жағдай туғызады. Ол үшін әрбір ата - ана жас кезеңдеріне сай өзгерістерін, оған дұрыс қатынас жасау жолдарын біліп отыру, мектеппен сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы керек. Осыған орай, бүгінгі таңда ата-аналармен жанұя құрамына байланысты келесі топтарға біріктіруге болады.

•   Отбасында жалғыз баласы бар ата – аналар

•    Көп балалы отбасылы ата – аналар

•    Отбасындағы ата - әжелер

•   Әкелер

•   Аналар, т.б. түрге жұмыс жүргізуге болады.

Ұлы халқымыз - «Тәрбиеде ұсақ түйек болмауы тиіс» - деп, жанұя мүмкіндігін толық ата-аналармен бөлісе жұмысты ұйымдастырады. Оларға балалы жанұяда тәрбиелеуде кеңестер беріп, ой бөліседі. Тіпті жазғы демалыс кезінде де балалармен хат алысып, хабарласады. Олардың өз бетінше  әрекет етіп, дамуны бағыт беріп отырады.

Біз өзіміздің зерттеу жұмысымызды айқындау мақсатында Бәйдібек ауданы №6  осы жерге өзіңнің оқыған мектебіңізді жаз. А Оразбаева, №9  Ш. Уәлиханов атындығы орта мектептерінде бастауыш сынып оқушыларының жанұялық өмірін мектептегі  оқумен   байланыстардық  және  олардың   ата-аналарына  мынандай анкеталық  сұрақтар  тарату  арқылы  педагогикалық дайындығының жай  күйін білуімізге болады.

1)  Мектепке деген көзқарасыңыз  қандай?

2)  Мектеп - ойын ордасы деп  ойлайсызба?

3)  Балаңызды немесе қызыңызды  мектепке қандай үмітпен жібересіз?

4) Балаға қарайтын уақыттың жоқтығынан  мектепке жіберемін деп ойлайсызба?

5)  Мектеп ұжымы жайлы не айтасыз?

6)  Балаңыздың жақсы ұстазын  жақсы танисыз ба?

7)  Ұстазының білімін жақсы  деп бағалайсыз ба?

8)  Баланың ұстазымен дос бола  алады деген сезімін расқа  шығара аласыз ба?

9) Сіз ұстазды тек қатып қалған  «тәртіп адамы» деп ойлайсыз  ба?

10) Балаңыздың бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттері ұстазынан  алынған  тәрбиенің жемісі деп ойлайсыз ба?

Осы сұрақтарға ата – аналардың көпшілігі 68%-ы толық дұрыс жауап бере алмады, ал 20%  дұрыс толық жауап берді, ал қалған 12% мүлдем дұрыс жауап бере алмады. Бұдан байқайтынымыз, ата - аналардың уақыттарының жоқтығынан, жиналысқа келмейтіндігінен, мектептің, мұғалімнің жағдайын білмейтіндігінен болар. Бұл анкетаның сұрақтарға кейбір ата - ана берген жауаптары:

1)   Мектеп білім ордасы, мектеп  білім нәрінен сусындайтын орын;

2)  Мектеп деген  үлкен бір  мешіт деп  ойлаймын. Ол жерден  мына өмірге  қалай қадам басу  керек екендігіне тәрбиелейді. Сондықтан  ол жерді мен ойын ордасы  деп айтамаймын.

3)  Ұл қыздарымды мектепке  үлкен үмітпен жіберіп отырамын. Оның болашағы үшін.

4)   Баламды мектепке қарайтын  уақытым жоқтығынан жіберіп отырған  жоқпын. Балам білім алсын, тәрбиелі  болсын деймін.

5) Қызымның ұстазын жақсы танимын. Ол осы мектептің түлегі болған  екен және өз ісінің шебері  екендігін дәлелдей алатын мұғалім  екендігін жақсы білемін.

6)  Мектеп ұжымы -өте үлкен  ұжым, ұйымшыл және өз істеріне  шебер ұстаздар өте   көп.

7)  Мұғалім - онда ата - ана, сондықтан  ол қатып қалған тәртіптің  адамы емес деп ойлаймын.

8)  Қызымның бойындағы жағымсыз  қасиеттерінен жағымды қасиеттері басымдау,   оның   себебі,   апайынан   алған   тәртібі   мен   білімінің   арқасы   деп  ойлаймын.

Осындай жағдайларға байланысты ата - аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар,    лекторийлер    және    ата   -   аналарға    арналған  университеттер, ата - аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру   әдіс – тәсілдері    қарастырылады.

Сыныптағы оқушылардың ата - аналарымен келісіп тәрбие беру, балалардың оқуларын ұйымдастырулары, күн тәртіптері, олардың орындалулары, нәтижелері айтылып, тәжірибе алмасулар жүргізілсе, сөзсіз ұтымды болады.

Отбасы тәрбиссі жағдайында бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуда белгілі бір білімділік пен әрекет дағдыларының   қалыптасуымен анықталады.

Бастауыш    сынып    оқушыларының  жеке тұлғасын қалыптастырудың өлшемдері   мен  көрсеткіштерін келесі №2 кесте.

Оқушылардың жеке тұлғасы қалыптасуының өлшемдері мен көрсеткіштері және деңгейлері.

Оқушылардың жеке тұлғасы қалыптасу өлшемдері

Оқушылардың жеке тұлғасы қалыптасының көрсеткіштері.

Төменгі деңгей

Ортаңғы деңгей

Жоғарғы деңгей

1

Білімдік компонент

Тұлғалық қасиет, жеке тұлға туралы түсінігі мен көзқарасы анық емес, білуге деген қызығушылығы төмен, тәрбие туралы естігендері мен оқығандарын саналы қабылдамайтын, оған зейін аудармайтын және т.б. ерекшелігі бар оқушы.

Тұлғалық қасиет туралы түсінігі мен көзқарасы әркелкі, білуге ынталы болғанымен саналы меңгеруде ойлау мен зеректігі жағынан қабілетсіздік танытатын оқушы.

Тұлғалық қасиеттер туралы толық түсінігі бар, зерек, білуге қызығушылығы, естігені мен көргені саналы қабылдайтын оқушы.

2

Іс-әрекеттік компонент

Әрекетінде жауапкершілігі   төмен, жалқаулық ұқыпсыздық т.б. қасиеттер орын алатын, жүріс – тұрысында үнемі ұнамсыз қылықтар бой көрсететін оқушы.

Жүріс – тұрысында ұнамды қасиеттер (еңбекқорлық, белсенділік және т.б.) белгілі бір жағдайға байланысты кезектесіп байқалатын оқушы.

Әркетінде үнемі жоғары жауапкершілік, еңбекқорлық, белсенділік және т.б. қасиеттер орын алған, жүріс – тұрысында ұнамды қасиеттері тұрақты байқалатын оқушы.


 

Балалардың жеке тұлғасын қалыптастыру ата – аналарға психологиялық, физиологиялық, гигиеналық, педагогикалық, медициналық білімдер және байқағыштық, педагогикалық такт, қарым- қатынастың, өз білімін жетілдіріп отыру қабілеттері, сонымен бірге мейірімділік, сөзі мен ісінің бірлігі, адалдық секілді тұлғалық қасиеттер бойынан табылуы тиіс. Бүгінгі күні мектеп пен жанұяның байланысы және мектептің жанұясына ықпал етуінің негізгі формалары ата - аналар жиналысы, мектептегі ата-аналар күндері, әкелер мен аналар конференциялары және т.б. болып отыр. Жұмыс түрлерінің өзгешелігімен оның мазмұнының жаңаша бағыт алуы қажеттілікке айпалып отыр. Жанұядағы баланың өмірін, тұрмыс жағдайы мен қарым- қатынас жүйесін зерттеуде   әрбір ата - анамен жеке - дара жұмыс жүргізілуі қажет. Ата -аналар жиналысында баланың тұлғалық қасиеттерінің дамуына қатысты барлық ғалымдар саласы (психология, физиология, педагогика т.б.) интеграциялық бірлікте қарастырылып отырылуы керек.

Ата-аналар жиналысы бұл мұғалімнің қолындағы маңызды педагогикалық құрал болып табылады. Онда ата - аналарға балалары туралы айтуға, белгілі бір кедергілерді шешуді бірге жоспарлауға болады. Өзара түсіністік пен өзара көмек болған кезде ғана ата - аналар жиналысы нәтиже береді.

Қазіргі нарықтық қатынас жағдайындағы сынып жетекшісінің білімі мен әрекеттері туралы ғалым - педаготтар өз еңбектерінде ұсыныстар беріп жүр. Т. Ахметов өз зерттеуінде бүгінгі күн мұғалімі арнаулы, технологиялық, методологиялық, психологиялық, педагогикалық білімдермен қаруланған болуы керек дейді.

Г. Ахметов, Қ. Атемова зерттеу еңбектерін басшылыққа ала отырып, бүгінгі сынып жетекшілерінің ата - аналармен жұмыс жүргізуде қажет болатын білімдері мен  қабілеттерін төмендегіше етіп көрсетуге болады.

Бастауыш сынып оқушыларында танымдық қасиеттерін дамытуда сынып жетекшілерінің  ата - аналарымен жұмыс жүргізуде методологиялық, психологиялық, физиологиялық, гуманитарлық, технологиялық, жаңа көпшілік хабар, пәнаралық байланыс, гигиеналық білімдермен қаруланып, байқағыштық қабілет, қарым - қатынастық, ұйымдастырушылық, практикалық, педагогтық такт және техника, гносгикалық, шығармашылық, конструкциялық, өз білімін жетілдіріп отыру қабілеттеріне ие болуы тиіс. Сонымен бірге баланың тұлғалық қасиеттерінің дамуында білімділік, қарапайымдылык, мейірімділік, жоғары талап қоюшылық пен кешірімділік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, кішіпейімділік, сабырлылық секілді қасиеттердің болуы қажет.

Бүгінгі күннің талабына сай жанұя өмірін ұйымдастырып, балалардың тұлғалық қасиеттерін дамытуда ата - аналар білімдерін жетілдіру қажеттілік болып отыр. Бұл білімдер мектептің ата - аналарға арналған іс- шараларының мазмұнына ендірілумен жүзеге асырылмақ.

Мектеп пен жанұяның ынтымақтастығы негізінде ата-аналардың педагогикалық білімін көтеру мәселелері көптеген ғалымдар педагогтар Г.К. Байгельдинова, И.В.Гребенников, Б. Мұқанов, М.С. Сангинова,                          Р.М. Капралова.

Ж. Қоянбаев, Қ. Атемова т.б. тарапынан зерттеліп, қарастырылып жүр. Жанұя тәрбиесі мәселелері бойынша ата-аналардың білім қоры мен қабілеттіліктері әртүрлі болып кезеседі. Жоғарыдағы ғалым-педагогтар олардың сауатын көтеруде мектеп басшылығын негізге алса, ал А.К. Мосин: «Бүгінде ата - аналар өте сауатты. Сондықтан, олардың жанұя тәрбиесіндегі білім мен тәжірибесіи сабақтан, сыныптан тыс тәрбиелік іс – шараларды басқаруға тарту арқылы пайдалану керек» - деген идеяны ұсынады.

Мектеп пен жанұяның ынтымақтастыгы тұрақтылыгын ұйымдастырып, бағыт беруші сынып жетекшісі болғандықтан, ең алдымен оның өзі жанұя тәрбиесі мәселелері саласына жан – жақты білімді болуы тиіс.

Ғылыми – тәжірибе жүргізген мектептерімізде бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мақсатында оқу жылына жоспарланатын    ата – аналармен   жүргізілетін  жұмыстардың  мақсаты    мен  міндеттерін айқындадық:

2) Тәрбиеге кешенді көзқарасты  жүзеге асырудағы мектеп пен  жанұяның өзара толық түсінушілігі  мен келісілген іс – қимылын қамтамасыз ету;

3)  Жанұя мен мектепте ата – аналардың тәрбиелеу белсенділігін барынша дамыту;

4)  Әрбір жанұяда балаларды  жан – жақты дамытып, тәрбиелеу үшін жағдайлар жасауға жәрдемдесу;

5) Балаларды еңбекке тәрбиелеп, денесін шынықтыруда ата -     аналардың белсенділігін күшейтуге  үнемі жәрдемдесіп отыру;

6)  Сынып ұжымы дәстүрлерінің одан әрі дамып, белсенділігінің өсуіне жәрдемдесу.

№ 3 кесте

Мерзімі

Ата – аналарымен педагогикалық ағарту тақырыптары

Жанұялармен жүргізілетін жеке – дара жұмыс

Ата – аналар комитетімен жүргізілетін жұмыс

Қыркүйек

Оқушылары дамытудың әлеуметтік – психологиялық жағдайы және оның баланың жеке басына әсері.

1.Сынып оқушыларының жанұяларымен  танысу.

2. Әрбір баланы тәрбиелеудің  нақты міндеттерін сақтау.

Ата – аналар жиналысын өткізуге дайындық; ата-аналар комитетінің мүшелері мен белсенді топтарына қатысушыларды іріктеу; жұмыс.

Қазан

Сіз өз балаңызды мектепте қандай ұжымда көргіңіз келер еді? Бұл үшін тәрбиешінің не істеуі керек?

Жанұяларға бару; ақыл – кеңес айту, пікірлесу.

Сыныптан тыс жұмыс үшін материалдық негіз жасау. Қосымша  сабақтарға жазу.

Қараша

Тәрбиешілердің қамқорлықтары мен тәрбиеленушілердің ішкі дүниесі

1. Ата-аналарға оқушылардың мінездемелерін  тапсыру.

2. Ата-аналардан мінездемелер жөнінде  пікірлер мен толықтырулар алу.

Сыныптан тыс жұмыс үшін материалдық негіз жасау.

Желтоқсан

Сіз өз балаңыздың достарының қандай болуын тілейсіз? Сынып оқушыларының немесе таныс балалардың ішінен оларды атаңыз.

1.Ата-аналарға берілетін практикалық  ұсыныстарды талдап жасау.

2.Жанұяларға бару

«Өздеріңнің әкелерің мен шешелеріңнің өмірі мен еңбегі» - ауызша журнал дайындау.

Қаңтар

Мектептің міндеттері (Конституция мен Білім туралы заң бойынша)

Ата-аналарға арналған күнделікті ұсыныстар әзірлеу

Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»  кітабы бойынша конференцияға дайындау.

Ақпан

«Күн реттелімі»  өте маңызды да керек

Жанұяларға бару.

Оқушылардың шығармашылығын талдау: «Біздің жанұяның демалыс күні»  және «Менің демалыс күнім».

Наурыз

Жанұя мен баланың бос уақыты (бір жылда баланың 135 бос күні бар)

Жанұяларға бару.

«Сендердің әкелерің мен шешелеріңнің өмірі мен еңбегі»-ауызша журнал.

Сәуір

Туған күн. Ана және әке болу қуанышы.

Жанұяларға бару.

Сенбілік өткізуге даярлық.

Мамыр

Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»  кітабын талқылау.

1.Тәрбие міндеттерін анықтау.

2.Балалардың жазғы демалысын  ұйымдастыру жөнінде ата-аналарға ұсыныстар жасау.

Балалардың жазғы демалу жоспары.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың әдістемелік негіздері