Бала тұлғасын қалыптастырудағы табиғаттың әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2014 в 17:11, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты: мектепке дейінгі баланы даму, жетілу, қозғалу ерекшелігін зерттеу, табиғатпен қатынаста болып баланың мейiрiмдi, жұмсақ болуын көрсету, онын жақсы сана-сезімің ояту, адамның табиғаттағы рөлін тұсіндіру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Таңдаған тақырыбымның өзекті екенін дәлелдеу.
2. Табиғат арқылы балалардың тамашалық сезімін қалыптастыру.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................3
I. Негізгі бөлім..........................................................................................5
1.1. Балалар бақшасындағы тәрбие...........................................5
1.2. Әр түрлі жас топтарда баланы тарбиелеу............................9
1.3. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістемесі..................................................................................................14
1.4. Бала бақшаның материалдық техникалық базасы қандай болу керек.............................................................................................18
II. Практикалық бөлім..........................................................................20
III. Қорытынды......................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................34

Прикрепленные файлы: 1 файл

КР-Бала тұлғасын қалыптастырудағы табиғаттың әсері.doc

— 132.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып: Бала тұлғасын қалыптастырудағы табиғаттың әсері

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:     Жетекшісі: _________________

 

 

 

 

 

 

Қостанай қ. - 2012 ж.

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ....................................................................................................3

I. Негізгі бөлім..........................................................................................5

1.1. Балалар бақшасындағы  тәрбие...........................................5

1.2. Әр түрлі жас топтарда баланы тарбиелеу............................9

1.3. Мектеп жасына дейінгі балаларды  табиғатпен таныстыру әдістемесі..................................................................................................14

1.4. Бала бақшаның материалдық техникалық базасы қандай болу керек.............................................................................................18

II. Практикалық бөлім..........................................................................20

III. Қорытынды......................................................................................33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................34

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттелетін тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Дегенмен, оқу-тәрбие үрдісінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді.

Балаларды экологиялық тәрбиелеу санасын жүзеге асыруында тірі табиғат бұрышы үлкен мағынасы ескереді.  Біріншіден, өсімдік пен айуандардың тұрақты қатысуы балаларда қажеттілік сезімің қалыптасады. Екіншіден, табиғат бұрышында жүйелілік байқау және объекттің  қол жетімділігі өсімдік пен айуандар туралы нақты ұсыныстарды даму мүмкіндікті туғызады. Үшіншіден, тірі бұрыштың мекендеушiлерді бағуында балаларды қызықтырумен қатыстыруы тірі жандарға қамқоршылық негізің  жауапты және құнтты көңiл негізің бөлу, табиғатты сүюін тәрбиелеу. Төртіншіден, әсемді және таза өсімдіктермен айуандар балалардың сезіміне ықпал етеді, эстетикалық сезімін жетілдіреді.

Зерттеу жұмысының объектісі: бала тұлғасының қалыптастыруы.

Зерттеу жұмысының мақсаты: мектепке дейінгі баланы даму, жетілу, қозғалу ерекшелігін зерттеу, табиғатпен қатынаста болып баланың мейiрiмдi,  жұмсақ болуын көрсету, онын жақсы  сана-сезімің ояту, адамның табиғаттағы рөлін тұсіндіру.

Ғылыми болжам: Балаларға «білім беру жүйесін» жоғары, сапалы деңгейде қалыптастыру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Таңдаған тақырыбымның өзекті екенін дәлелдеу.
  2. Табиғат арқылы балалардың тамашалық сезімін қалыптастыру.

Зерттеу гипотезасы: Табиғаттың тәрбие мағынасын қайта бағалау қиын. Табиғатпен қатынасуы адамға мейiрiмдi,  жұмсақ болуға өте жағымды ықпал етеді, онын жақсы  сана-сезімің оятады. Балаларды тәрбиелеуінде ерекше рөлі өте маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Негізгі бөлім

1.1. Балалардың танымдық теориясына қызығушылығы

 

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай-ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Танымдық әрекет - шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл-ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.

Құл иеленушiлiк құрылыс кезiнде ежелгi Греция мен Римде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейi жоғары болды. Бұл дәуiрде де өскелең тәрбие беру iсiне мемлекет тарапынан айрықша көңiл бөледi. Құл иеленушi қоғамға мемлекеттi қорғай алатын, қажет кезiнде жаугершiлiк ұрыстарға шалымды, күштi, жiгерлi де бiлiктi адамдар қажет болады. Нәтижесiнде ежелгi грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай-ақ ежелгi Рим философтары Плутарх, Тацит, Квинтилиан еңбектерiнде одан ары дами түстi.

Бұл теорияда ақыл-ой тәрбиесiне көп көңiл бөлiндi, әсiресе баланың өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берiлдi. Сократтың өзi-ақ оқыту барысында балалардын танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткендi. Ол балалардын танымдық iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн – эвристикалық әңгiмелесудi алғашқылардың бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана бере салмай, балаларға сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабiлетiн, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымдарын жасай бiлуге ұйретедi. Эвристикалық сұрақтарды алдын-ала дайындай отырып, танымдық iзденiмпаздықты оқыту құралы ретiнде қарастырады [1, 256].

Кейiнiрек осы iзденiмпаздықтың дамуына ежелгi Рим философтары үлес қосты. Олар бiлiмдi игеруде балалардын белсендi танымдық iзденiмпаздығы айтарлықтай рөлін атқарады деген пiкiр айтты.

Демек, антикалық дәуiрдiң өзiнде-ақ педагогтар балалардын өзiндiк ой-тұжырымын жасау, оны дамыту үшiн репродуктивтi және эвристикалық әдiстердi дұрыс қолдану мәселесiне көңiл бөлген.

Қайта өрлеу дәуiрiнiң ұлы ойшылы, ХҮI ғасырда өмiр сүрген француз ғалымы Мишель Монтень оқытудағы танымдық әрекеттiң маңыздылығын ерекше атап көрсеттi: «Тәрбиешi баланы бастан-ақ оның бойындағы қабiлеттердi еркiн көрсете бiлуiн, түрлi заттардың дәмi мен олардың ерекшелiктерiн ажыратуда өз бетiнше әрекет етуiн, кейде оған жол көрсетiп, кейде, керiсiнше, өзiне iздеп отыруын қалаймын». Монтень таным әрекетiнде оқушының басшылық рөлiнiң маңыздылығын түсiндi. Ол: «Оқушы мұғалiмнен алған бiлiмiн түгел сүзбеден өткiзiп, өз бетiнше талдау жасату қажет. Соның нәтижесiнде оның бiлуге құштарлығы дами түсетiнi сөзсiз», - деп жазған болатын.

Демек, Монтень пiкiрлерiнде оқушының танымдық iзденiмпаздығын дамыту идеялары айтылған.

Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы - сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой-өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», - деп жазды.

«Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада өздiгiнен тұжырым жасауын дамытуды - бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету құралы ретiнде қарастырамын», - деген болатын.

Коменский оқытудың мақсаты ғылыми бiлiмдi меңгеру және өмiрге пайда келтiру деп бiлдi. Ол «Ұлы дидактика» еңбегiнде: «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабiлетiн дамыту, оны шынайы түсiну және қолдана бiлу қажет», - деп ерекше атап өттi.

Қазiргi таңда әрбiр жеке тұлғаның құндылық қасиеттерiн дамытып, қалыптастыруға аса мән берiлiп отырғаны белгiлi. Әсiресе ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт -дәстүр, әдет-ғұрыптар, тарихи-әдеби мұралар арқылы балалардын жеке бас қасиетiн дамыту мүмкiндiгiне барынша көңiл бөлiнгенiн ғылыми-зерттеу еңбектерден аңғарамыз [2, 112].

Балалардын есте сақтау мен танымдық қызығушылық қабiлетi жақсы болады. Егер баланың қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп отырса, баланың даму үрдiсi шапшандайды. Бұл  жерде Л.В. Занковтың идеясын негiзге алуға болады. Ол баланың қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн араластыру керек, әртүрлi баланың дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден қашпауымыз керек, керiсiнше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн айқындай отырып, жүргiзу қажет деген ұсынысын зерттеуiмiзге  басшылыққа алдық. Тарихи ескерткiш мұраларға жүргiзiлген саяхат – сабақтар мен эксурсиялар баланың танымын қалыптастыруда негiзгi орын алатынын практика барысында айқын байқадық.

Әртүрлi жүргiзiлген саяхат жұмыстары балалардын ынтымақтастығын жетiлдiре түседi. Бұл туралы психолог Л.С.Выготский «Дербес жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта күштiрек әрi ақылдырақ болып, ол өзi шеше алатын интелектуалды қиындықтар деңгейi жөнiнен биiкке көтерiледi…», - дейдi.

Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми-зерттеу еңбектерiн зерделеу барысында мектеп жасына деінгі балалардын қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенiн байқауға болады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды бірінші топтан бастап мектептегі өткізілетін сабаққа дұрыс қатысуға дайындауға қажетті. Сол мәселеде, С.Төрениязова «Бастауыш мектеп оқушыларын сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негiздерi» атты ғылыми-зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда бiлiм мен тәрбие негiзгi орын алатынын атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды:

- психикалық дамуға - оқушының мiнез-құлқының, ерiк-жiгерiнiң, қабiлетiнiң дамуы;

- денелiк дамуға - дене бiтiмiнiң  өз жасына сай болуы;

- рухани дамуға - оқушының iшкi жан  дүниесiнiң сырттан әсер ететiн күшпе өзара бiрлiгi;

- әлеументтiк дамуға - өздерi өмiр  сүрiп отырған қоғамдық ортаға  үйлесе дамуы;

- жалпы дамуға - оқушының жан-жақты  үйлесiмдi дамуы, деп қорытындылай  келе, сыныптан тыс уақытта бастауыш  сынып оқушыларын дамытудың ғылыми-теориялық  негiзiн айқындай отырып, бастауыш сынып оқушыларымен жүргiзiлетiн жұмыстардың тиiмдiлiгiн арттыруға, үйiрме жұмыстары мен мектептегi қоғамдық ұйымдардың құрылымын айқындай отырып, тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстардың тиiмдiлiгiн нақтылайды.

ХIХ ғасырдың 60 жылдары мен ХХ ғасырдың 90 жылдары аралығында адамгершiлiк тәрбиенiң даму тарихын зерттеген Э.А.Урынбасарованың еңбегiндегi қазақ төңкерiсiне дейiн және төнкерiстен кейiн де қоғам дамуында адамгершiлiк тәрбиесiнiң басты орын алғанына архив деректерiн негiзге ала отырып тұжырымдайды.

Ал, болашақ мектеп мұғалiмдерiнiң мектепте адамгершiлiк тәрбиесiн ұйымдастыруға байланысты А.А.Калюжный, А.А.Аманжолова, С.Қ.Әбдiлдинаның еңбектерi арналған.

Сонымен қатар, Қазақстан бiлiм беру жүйесiнiң әлемдiк стандартқа сай 12 жылдық бiлiм жүйесiне көшуi кезiнде бiлiм берудiң негiзгi компонентi аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, тәлiмдiк маңызы мол тарихи мұраларды оқушылардың бiлiмдiк деңгейiн жетiлдiруге байланысты еңгiзу мүмiндiгi бар екенiн атап көрсеткiмiз келедi.

Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендiлiгiнiң жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетiн белсендiлендiру, оны тиiмдi басқару және дамыту, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық және моральдiк-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделi педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтiк мәселе болып табылады [3, 44].

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегi талдауда көрсетiлгендей «танымдық белсендiлiк» терминiнiң негiзiнде белсендiлiк жөнiнде түсiнiк жатыр. Ол әр түрлi салада талдауды талап етушi көп аспектiлi феномен ретiнде көрiнедi:

- биологиялық;

  • психологиялық;
  • педагогикалық.

Биологиялық аспект - белсендiлiк мәселелерi түсiнiгiмен байланысты белсендi бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесi болып табылатындығы жөнiнде түсiнiкпен тығыз байланысты. ол өзiн-өзi ретке келтiрумен негiзделедi. Биологиялық белсендiлiк адамның ортаға бейiмделуiн қамтамасыз ететiн оған тән тұқым қуалау қасиетi. Оны өзара қарым-қатынас кезiнде ағза мен оның тiршiлiк ету шарттарымен аралығында туатын қарама – қайшылықты жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды, сонымен қатар осы әсердi жоюға мүмкiндiк беретiн және мiнез-құлық құруға өткен оқиға емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкiндiк беретiн физиологиялық механизмдер де туып отырады. Белсендiлiк бейне белгiсiн тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тiрi материяның iштей детерминацияланған iс-әрекетiнiң бiр түрi болып табылады. Адам өзiндiк табиғи сапаларының күшiмен, әлеуметтiк мәндiлiк күшiмен де белсендi келедi.

Психологиялық аспект - тұрғысынан белсендiлiк С.Л. Рубинштейн көзқарасындағы жалпы психика жөнiндегi детерминистiк түсiнiк беру сұрағының бiр бөлiгi ретiнде қарастырылады. Мұнда белсендiлiк iшкi шарттар арқылы болатын сыртқы себептерiнiң әрекетiнде көрiнедi, сыртқы шарттардың нәтижесi және ол iшкi сапаларға тәуелдi. Iшкi мен сыртқының қарым-қатынасы өзбеттiлiктiң және сыртқы әсер жауап беру белсендiлiгiнiң өсуiнде көрiнетiн күрделi шарттардың жоғарылауына сай өзгерiп отырады. Белсендiлiк адамның жаңа қарым-қатынасына айналады, бұл - адам жеке тұлға ретiнде көрiнгенде және белсендi әрекет қарым-қатынас иесi болған жағдайда болады.

С.Л.Рубинштейн адамның белсендiлiгiн былай түсiндiредi: «Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан iшкi шарттар арқылы әрекет жасайды». Белсендiлiк субъектiнiң объектiге қатынасын қарастырады. Ол қатынас мына сәттердiң болуын қалайды:

- объектiлерге бағытталған ыңғайлы  таңдаушылық,

- объектiнi таңдаудан кейiнгi мақсаты,

- тапсырмаларды қою,

- iс-әрекетке объектiнiң қалыптасуы,

- мәселенi шешуге бағытталуы.

Практикалық әрекеттiң жүру барысында субъект қоршаған әлемге әсер етедi, таниды, өз қажеттiлiктерiмен мақсаттарына сәйкес құрады.

Әлеуметтiк тұлғалық аспект мәселелерi iс-әрекет кезiндегi тұлғаның белсендiлiгiн зерттеумен  байланысты. тұлғалық белсендiлiк - адамның тек табиғи қасиетi ғана емес дегенге сүйенедi.

Информация о работе Бала тұлғасын қалыптастырудағы табиғаттың әсері