Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 17:59, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы тәлім тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген. Осыған байланысты, жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыру – қазіргі кездегі тәрбие мен білім берудің басты көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
І – тарау. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері…………………………………………………….......8
1.2. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері...................................................................17
ІІ - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың әдістемелік негіздері.
2.1. Бастауыш сынып оқушылары жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының бүгінгі күнгі ерекшеліктері.............................................................................................34
2.2. Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының мазмұны мен әдіс - тәсілдері.....45
Қорытынды................................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Кіші-мектеп-жасындағы-оқушылардың-жеке-тұлғасын-қалыптастырудың-педагогикалық-мәселелері.doc

— 292.50 Кб (Скачать документ)

Дамыта оқыту теориясы шеңберінде де әр түрлі мәселелер бойынша қатар зерттеулер жүргізілді. Олар - бастауыш сыныптарда дамыта оқытуды теориялық және әдістемелік қамтамасыз ету (В.Ренакин), оқу барысында жеке тұлғаның дамуы (А.Дусавицкий), оқу барысындағы қатынас түрлері (Г.Цукерман), оқу қызметінің қалыптасу деңгейіне баға беру (В.Репкина) және т.б.

1995-1996 жылдары В.Репкиннің басшылығымен мектептерде арнайы тексеру жүргізілді. Тексеру бастауыш мектептегі оқу жылының аяғында Эльконин-Давыдовтың жүйесі бойынша оқу қызметінің қалыптасу деңгейінің негізгі көрсеткіштерін белгілеп, олар тұжырымдаманы және мектеп-зертхана жағдайындағы жүйесін әзірлеу кезіндегі көрсеткіштерімен, сонымен қатар қазіргі мектепте іске асырылатын өзге оқыту жүйелерін сипаттайтын деректермен салыстыруды көздеген, нәтижесі мынадай болды. Тексерілген сыныптардың 80 пайызында мұғалімдер дамыта оқыту жүйесі жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз еткен. Оқу қызметінің қалыптасуы, оқушылардың интеллектуальды дамуы, сондай-ақ оқу ұжым мен жеке тұлғаның даму көрсеткіштері мектеп-зертхана жағдайында тіркелген көрсеткіштермен бірдей болған. Бұл дамыта оқыту жүйесі жобасының пайдалылығын дәлелдеді. Сонымен қатар, зерттеу осы жүйені игеруге байланысты кейбір мәселені айқындап берді. Мұғалімдердің, көбі 80 пайызға дейін) жүйе жобасының негізін құрайтын педагогикалық қызмет жүзеге асыру барысында, әсіресе, ұйымдастыру-коммуникациялық деңгейінде кездесетін елеулі қиындықтарға ұшырасқан.

Алынған нәтижелерге теориялық талдау, А. Дусавицкийдің «Жеке тұлғаны оқу барысында дамыту» еңбегінде жасалған. Талдау бастауыш мектепте оқуды ұйымдастыру әдісі және бала тұлғасын дамыту арасындағы байланыстың психологиялық механизмдерін айқындауға мүмкіндік берді. Қазіргі жағдайда бастауыш мектеп кезеңі - қоршаған ортаға деген субьективтік эгоцентристік көзқарастың объективтік (танымдық, өнегелік) көзқарасқа ауысуына ең қолайлы мезгіл екендігі көрсетілді. Алайда, бұл оқу мазмұны мен оқыту әдістерін түбегейлі өзгерту жағдайында мүмкін болады.

Балалар қарым-қатынасында алуан түрлі тұлғааралық байланыстар құрудың өзгермелі үрдісі бала тұлғасы сана-сезімінің дамуына ықпал етеді: алдымен, оқудағы жетістіктерін дәл бағалауға қатысты, екіншіден жеке тұлғаның моральдық қасиеттеріне байланысты. Қарым-қатынас барысында белгілі жұмысты атқаруға орай қасиеттер емес, баланың тұлғасы, оның адамгершілігі үлкен маңызға ие болады.

Сөйтіп, бастауыш мектеп жасында келесі кезеңдерге өтуді қамтамасыз ететін   тұлғалық әлеует қалыптасады. Орта және жоғары сыныптарда жеке

тұлғаның тұрақты кұрылымы қалыптасатынын зерттеулер байқатты. Оның негізін тіршіліктің саналы мотиві ретінде айқындалатын идеял құрайды. Оқушылардың өмірі туралы анық түсінігі қалыптасады, бұл имандығын саналы түрде таңдауды қамтамасыз етеді. Оқу мерзімі бойы сынып ұжымы құрбылар үшін негізгі референттік тән нағыз тәрбие ортасы болып қалады.

В.Давыдов оқу қызметінің, құрылымында оқу қажеттілігі, мотивтер, міндеттер, әрекеттер мен операциялар секілді бөліктерді атап көрсетеді. «Мектептің бірінші сыныбына келген балаларда оқу қызметінің біртұтас құрылымы болмайды. Қолайлы жағдайда ол мектеп қабырғасында бірнеше жыл ішінде, әсіресе, бастауыш сыныптарда қалыптасады» - дейді ғалым. Бастауыш мектепте оқу қызметінің негізгі және жекеше түрі болып табылады. Оны атқару барысында оқушылардың бойында жаңа психикалық құбылыстардың дамуына негіз қалайтын және ең алдымен, заттардың пайда болу және даму заңдылықтарын ашуға бағытталған теориялық ойлау негізінде дамиды. «Педагогика ғылымы теориялық жағынан іргелілік сипатта болса, тәрбие мен оқытудың теориясын іске асыру жағынан қолданбалы сипат алады.

Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден, оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру, екіншіден азаматтық өркениетті тұлғаның біртіндеп сіңіру, үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы  үш компонент тығыз бірлікте қызмет етеді.

Әлеуметтік    көзқарас    тұрғысынан    қарағанда,    тәрбиеге    қоғамдық бақылау     және     түзету     енгізетін,    жастарды мемлекеттік және   қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бақылайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне   мақсаттылықпен   даярлау   ісі   деп қараймыз.    Тәрбие   ісі   адамның қабілетін  қоршаған  ортада және оның санасында қалыптастыруды мақсат ететін болғандықтан, ол психологиялық процесс.

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мазмұны мен міндеттері тәрбие бағыттарымен өзара тығыз байланысты дамиды.

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің бірі – оның интеллектуалдық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. балалардың интелектуалдық мәдениетін қалыптастыруда мынадай міндеттерді шешу арқылы жүзеге асады:

  • Оқушылардың пәндерге қызығуға, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;
  • Табиғат құбылыстарын және өмірді дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу.

Балаларды бірінші сыныптан бастап, мектепте алған білімінің өмірлік қажеттілігін түсіндіре білуге үйрету қажет, олардың оқуға ынтасын арттыру, сабақ үстіндегі белсенділігін қалыптастыру орынды; әр оқушыны сыныптың жалпы шараларына қатысуға, сыныпта және үйде тапсырмаларды үнемі орындауға бағыттап отыру керек.

Бастауыш сынып оқушыларында бақылау, салыстыру, зерттеліп отырған құбылыстардың ішінен жалпысын және ерекше көзге түскенін бөліп ала білу сияқты ойландыратын істерді дамыту қажет, сондай-ақ оқу еңбегін ұйымдастыру, алған білімдерін өмірде қолдана білу, балалардың мезгілді баспасөздерді, жазбаша және ауызша мазмұндамаларды өздігінен оқу, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру керек.

Бастауыш сынып оқушыларын жақсылықты жаманшылықтан айыра білуге үйрету, достыққа, жолдастыққа, ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу қажет.

Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда мынадай басты ерекшеліктерді есепке алу қажет:

  • Өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілікті ету, сондай-ақ көрші елдерге деген достық қатынасты сіңіру, мейірімділікке, қарапайымдылыққа, адалдыққа, әділдікке, шындыққа, міндеттілікке тәрбиелеу;
  • Үлкендерге құрмет көрсетуге, туыстық қарым-қатынасты бағалауға үйрету;
  • Зұлымдыққа қарсы тұра білуге, немқұрайдылықты жоюға тәрбиелеу;
  • Үсті-басын ұқыпты ұстауға, ұқыптылыққа, мәдениетті сөйлеуге, қоғамдық орындарда ұстамды болуға, мәдениеттілікке, қонақжайлылық көрсете білуге тәрбиелеу;
  • Ой және дене еңбегін ажырата білуге, қоғамдық-пайдалы еңбектің мәнін түсіне білуге, мектепте алған біліктерін өмірде қолдана білуге, әрбір істе жауаптылықты сезінуге үйрету;
  • Еңбек үрдісінде бастысы - жұмыс орнын таза ұстауға, жұмыс   аспаптарына   ұқыптылықпен   қарауға,   ұжымда ынтымақты болуға, кәсіптің ұлттық түрін, соның ішінде зергерлік өнерді игеру мүмкіндігін жасауды үйрету;
  • Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу және қоғамдық меншікті жеке меншіктіктен ажырата білуге баулу;
  • Буды,  ауаны және  еліміздің  кеңістігіндегі  космостық тазалықты сақтауға қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.

Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық және экономикалық мәдениетін қалыптастыруда табиғатты қорғауға, жерді, суды және т.б. өз заттарын ұқыпты пайдалануға, ұжымдық, еңбексүйгіштік, ұқыптылық, тәртіптілік, мүдделік сезімдері мен қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Әр оқушының өз әлсіздігі болады және әрқайсысынан өзіне тән жақсы сапаларды да табуға болады, мысалы жинақтылық немесе басқалармен қарым-қатынас жасай білу. Оқушының мінез-құлқының  жақсы жақтарына сүйене отырып, оның өз күшімен мүмкіндігіне сенімін арттыру керек.

Бастауыш сынып оқушыларының бойында табиғатты қорғаудың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру орынды және оларға адамның еңбекке қабілеті табиғатқа байланысты болуының мәнін, адамның табиғатты өз қызметінде пайдалануы туралы түсіндіру қажет.

Қоғамдық пайдалы еңбектің қажеттілігін сынып ұжымының істеріне қатысудың өркениетті, демократиялық қоғамдағы өмірін білудің қажеттілігін түсіндіріп тәрбиелеу орынды.

Адамгершілік тәрбиесі үрдісінде ерте кезден бері қалыптасып келе жатқан құрмет көрсетушілік, адалдық және ұждандық, кішіпейілділік пен мейірімділік, қарапайымдылық және басқа да маңызды адамдық сапалар ұстанымын оқушылардың игеруін қамтамасыз ету қажет. Ата-аналар мен үлкендер отбасындағы балалар тәрбиесіне, өзара достық қарым-қатынасқа, сондай-ақ аса маңызды іске қоғамдық орындардың қатысуына көңіл бөлу керек.

Оқушыларға экологиялық тәрбие беруде табиғат әсемділігін түсіну арқылы адамдықтың жақсы сапаларын қалыптастыруда үлкендерге көмек көрсету жүзеге асырылады.

Рухани-адамгершілік тәрбиесі еңбекке дұрыс көзқарас қалыптастыруды да қарастырады. Сондықтан мұғалімнің басты міндеттерінің бірі оқушылардың бойына адам еңбегін құрметтей білуді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсіне білуді дарыту болып  табылады.

Бастауыш сынып оқушыларын кез келгсн жұмысты тиянақты дер кезінде орындай білуге, басталған істі ақырына дейін жеткізе  білуге, еңбек мәдениетінің қарапайым элементтеріне, ұжымда еңбек ете білуге, жұмыс орнын таза ұстауға, еңбек құралдарын  дұрыс пайдалана білуге үйрету керек.

Бастауыш сынып оқушыларында қоғамдық-пайдалы еңбекке қатысуға, өзінің еңбегімен басқаларға пайда келтіруге ынтасын тәрбиелеу, сонымен бірге өздігінен бастама жасай білу қабілетін қалыптастырған орынды.

Оқушыларды бірінші күннен бастап жеке басының 
заттарына (киімге, оқу құрал-жабдықтарына, ойыншықтарға, көрнекі құралдарға, кітапхана кітаптарына, бәрі ойнайтын ойыншықтарға, әлдекімнің еңбегімен жасалынғанның бәріне ұқыптылық көзқарасқа тәрбиелеу қажет.

Экономикалық тәрбие оқушылардың бойында жинақылықты, ұқыптылықты, сапалы өнім даярлай білуді қалыптастыруды және дамытуды қарастырады. Оларға қазіргі, нарықтық дәуір жағдайларында экономикалық тәрбиенің ерекше маңызға ие болатынын жан-жақты түсіндіру қажет.

Бастауыш сыныптан бастап нарықтық экономикалық табыс, жалгерлік пен жалға алудың еңбек процесінде қоғамға пайдалылығы, жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорынның арасындағы айырмашылық, товар ақша айырбастау сияқты ұғымдарға үйрету қарастырылады.

Бастауыш сынып оқушыларын күн режимін сақтау арқылы уақытты үнемдей білуге; еңбек сабағында және оқудан тыс кезде жасалатын заттарға жұмсалатын материалдарды үнемді пайдалана білуге; өздері шығарған өнімдерден пайда ала білуге және ақау жібермеуге, жеке және   мемлекеттік   меншік   арқылы   алынған   табыстың салмағын айыра білугс үйрету қажет. Ақшаны тиімді жұмсай білу арқылы тиыннан теңге құралатынын түсіндірген жөн. Еңбек сабақтарында немесе қызметтің басқа түрлерінде есеп жұмыстарының  дағдыларын игеруге мүмкіндік жасау керек.

Оқушыларды әсемдікке тәрбиелеуде мынадай міндеттерді басшылыққа алу қажет.

Әсемдікті сезіне білу, түстерді заттардың сыртқы кескінін ажырата білуге және оны графика немесе сөз арқылы бере білуге, табиғаттың сұлулығын көре білуге тәрбиелеу.

Өнер туындыларын қабылдай білуді және оның мәдени құндылығын қорғай білуді қалыптастыру.

Ұлттық өнерге сүйіспеншілікті, киімді кие білуді, сыртқы пішіннің әсем болуына мән беруді, сол сияқты адамдардың мінез-құлқындағы белгілерін талғай білуді үйретіп тәрбиелеу.

Бастауыш сынып оқушылары көркем шығармалардан бастапқы адамгершілік және эстетикалық ұғымдарды, сондай-ақ, табиғаттағы, адамдық қызмет жөне өнер туралы ұғымдарды игеруі керек. Оқушылармен мәнерлеп оқуға, сурет салуға, музыкаға және биге қызығушылығын тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүйесін жүргізу, сондай-ақ мектепке жақын орналасқан мәдени ескерткіштерімен және басқа да тарихи-этнографиялық құндылықтармен таныстыру қажет. Ұлттық түр өлшемдерін қалыптастыруда эстетикалық тәрбиенің (сыртқы түр киім үлгісі, ою-өрнек және т.б.) маңызы зор.

Бастауыш сынып оқушыларын дене мәдениетіне тәрбиелеуде мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделеді.

Тазалықты, күнделікті еңбекте және әскерде қызмет етуге даярлықта қиындықтарды жеңе білуде денені шынықтырудың маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.

 Бастауыш сынып оқушыларына  адамның денсаулығы үшін күн  режимін орындаудың мәнін түсіндіру, спортқа қызығушылықты арттыру  қажет. Тәрбиеші балаларды өзінің  сыртқы түріне қарай білуге  үйретуі керек. Денсаулық пен  жеке бас гигиенасының ережелерін сақтау мен организмді шынықтыру арасында тікелей байланыс бар екенін үнемі түсіндіріп отыру қажет.

 Жеке    басты    қалыптастыруда    ұзақ    мерзімді    педагогикалық    әсер туғызатын әдістер тиімді деп саналады. Оған ұзақ мерзімді жаттықтыру ісі, оқытудың әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке  басының үлгісі енеді. Бұл мәселе жөнінде (мәселе жеке бастың үлгісі туралы болып отыр) қазіргі  кезде жиі айтылып жүрген педагогикалық авантюризмнің ғылыми  негізсіздігін, оның тіпті педагогиканы     жетік   білмейтін    тәрбие ісінде   мамандығы шамалы адамдардың өзінше ойлап тапқан «жаңалығы» деп қарауымыз керек, себебі идеялсыз жеке бастың қалыптасуы мүмкін емес. Оқушы үшін шынайы ұстаз-педагог идеял болуы керек.

Сендіру - жеке тұлғаның санасын қалыптастыратын тәрбиенің ең маңызды әдісі. Әсіресе бұл әдісті талдауда Н.К.Крупская ерекше еңбек етті. Еңбекті ұйымдастыруда, әр түрлі қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік жұмыстарға деген балалардың сана-сезімін олардың әлеуметтік көзқарасынан бөліп алып қарауға болмайды. Осы негізде Н.К.Крупская балалардың өмірі мен еңбегін ұйымдастыру ісін олардың адамгершілік жолындағы даму ісімен, қоғамға пайдалы іске саналы түрде қатынасуымен тығыз байланыста қарастырды. Н.К.Крупская «балалармсн тек құрғақ сөйлесу керек емес, олардың істеп отырған ісіне сенімін арттыру керек» дейді.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың әдістемелік негіздері