Әкімшілік жазалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 12:44, реферат

Краткое описание

Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау. Егер адам ҚК-тің әртүрлі баптарында немесе бір бабының әртүрлі бөліктерінде көзделген екі немесе одан көп қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп танылып, олардың ешқайсысы бойынша сотталмаған болса, сот әр қылмыс үшін негізгі, ал керек жағдайда қосымша жаза тағайындап, олардың жиынтығы бойынша түпкілікті жазаны жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру жолымен немесе тағайындалған жазаларды толық немесе ішінара қосу жолымен белгілейді (ҚК-тің 58-бабының 1 бөлігі).

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әкімшілік жазалар.docx

— 62.20 Кб (Скачать документ)

Бала он төрт жасқа толғаннан  кейін немесе ол шетінеген жағдайда не жүктілігі үзілген жағдайда сот  сотталған әйелдің мінез-құлқына  қарай оны жазаны өтеуден босатуы  немесе неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыруы  немесе сотталған әйелді жазаны өтеу үшін тиісті мекемеге жіберу туралы шешім  қабылдауы мүмкін.(ҚР ҚК 72-бап).

Қылмыс жасағаннан кейін  оның өз іс-әрекетінің іс жүзіндегі  сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну  не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын психикасы бұзылу пайда болған адамды сот жазадан босатады, ал жазасын  өтеп жүрген адамды сот оны одан әрі өтеуден босатады. Мұндай адамдарға  сот ҚК-те көзделген медициналық  сипаттағы мәжбүрлеу шараларын  тағайындауы мүмкін.

Жазаны өтеуге кедергі  жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден  босатуы мүмкін немесе бұл жаза неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылуы  мүмкін. Бұл орайда жасалған қылмыстың  ауырлығы, сотталған адамның жеке басы, науқастың сипаты және басқа  мән-жайлар ескеріледі.(ҚР ҚК 73-бап).

Кішігірім және орташа ауырлықтағы  қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ  апат, отбасының еңбекке жарамды  жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы  немесе қайтыс болуы немесе басқа  да төтенше мән-жайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот жазадан  босатуы мүмкін.

Ауыр немесе аса ауыр қылмысы  үшін бас бостандығынан айыруға  сотталған адамның жазасын өтеуін сот жоғарыда аталған негіздер болған жағдайда үш айға дейін мерзімге кейінге  қалдыра алады.(ҚР ҚК 74-бап).

Қылмысы үшін сотталған адам, егер айыптау үкімі оның заңды  күшіне енген күнінен бастап есептегенде, мынадай мерзімдерде орындалмаған болса, жазаны өтеуден босатылады:

а)     кішігірім ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғанда – үш жыл;

б)    орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғанда – алты жыл;

в)     ауыр қылмысы үшін сотталғанда – он жыл;

г)     аса ауыр қылмысы үшін сотталғанда – он бес жыл.

Егер сотталған адам жазаны өтеуден жалтарса, ескіру мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескіру мерзімінің өтуі адам ұсталған немесе айыбын мойындап келген кезден басталады. Сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы кезіне қарай өткен  ескіру мерзімі есептелуге тиіс. Бұл  орайда айыптау үкімі егер, оның шығарылған уақытынан бастап жиырма бес жыл өтсе және ескіру мерзімі  жаңа қылмыс жасау арқылы үзілмеген  болса, орындалмауы керек.

Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға  сотталған адамға ескіру мерзімін қолдану  туралы мәселені сот шешеді. Егер сот  ескіру мерзімін қолдану мүмкін деп  таппаса, өлім жазасы өмір бойы бас  бостандығынан айыруға ауыстырылады, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру  жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан  айыруға ауыстырылады. Бейбітшілік  пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы  қылмыс жасағаны үшін сотталған адамға ескіру мерзімі қолданылмайды.(ҚР ҚК 75-бап).

Рақымшылық жасау туралы актіні адамдардың жеке айқындалмаған  тобы жөнінде ҚР Парламенті шығарады.

Қылмыс жасаған адамдар  рақымшылық жасау туралы актінің  негізінде қылмыстық жауаптылықтан  босатылуы мүмкін. Қылмыс жасғаны  үшін сотталған адамдар жазадан  босатылуы мүмкін не оларға тағайындалған  жаза қысқартылуы немесе жазаның  неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы  мүмкін. Жазасын өтеген немесе оны  одан әрі өтеуден босатылған адамдардан рақымшылық жасау туралы актімен  соттылығы алынып тасталуы мүмкін.

Ауыр немесе аса ауыр қылмыстар  жасаған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауіпті  немесе аса қауіпті қайталануы жағдайында жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау қолданылмайды.

Белгілі бір жеке адамға ол жөнінде айыптау үкімі заңды  күшіне енген жағдайда кешірім жасау  туралы актіні ҚР Президенті шығарады.

Қылмыс жасағаны үшін сотталған  адам кешірім жасау кезінде жазаны одан әрі өтеуден босатылуы мүмкін не оған тағайындалған жаза қысқартылуы  немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен  ауыстырылуы мүмкін. Жазасын өтеген адамнан кешірім жасау актісімен  соттылығы алынып тасталуы мүмкін.(ҚР ҚК 76-бап).

Кәмелетке толмағандар деп  қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге  толмаған адамдар танылады.

Қылмыс жасаған кәмелетке  толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкін не оларға тәрбиелік әсері бар  мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.(ҚР ҚК 78-бап).

Кәмелетке толмағандарға  тағайындалатын жаза түрлері:

а)     айыппұл;

б)    белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в)     қоғамдық жұмыстарға тарту;

г)     түзеу жұмыстары;

г-1) бас бостандығын шектеу;

д)    ҚР-ң 2004 жылғы 9 желтоқсандағы №10-III Заңымен 79 баптың 1 тармағының д) тармақшасы алып тасталды.

е)     бас бостандығынан айыру болып табылады.

Айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі  болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл  оннан бес жүз АЕК-ке дейінгі  мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екі аптадан алты айға дейінгі кезеңдегі мөлшерінде тағайындалады.

Кәмелетке толмағандарға  белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан екі  жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.

Қоғамдық жұмыстарға тарту  қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа  дейінгі мерзімге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан  келетін жұмысты орындауы болып  табылады және ол оны оқудан немесе негізгі жұмысынан бос уақытында  атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрін орындаудың ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал он алтыдан  он сегіз жасқа дейінгі адамдар  үшін күніне үш сағаттан аспауы керек.

Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға бір  жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.

Кәмелетке толмағандарға  бас бостандығын шектеу бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.

Кәмелетке толмағандарға  бас бостандығынан айыру он жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін немесе қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстардың біреуі ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені  үшін – он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейін ауыр емес қылмысты және он төрт жастан он алты жасқа дейін  орташа ауыр қылмысты бірінші рет  жасаған адамдарға бас бостандығынан  айыру тағайындалмайды.

Кәмелетке толмай сотталған  адамдар бас ботандығынан айыруды:

а)     бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар – жалпы режимдегі тәрбиелеу колонияларында;

б)    бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар – күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында өтейді.

Қоғамдық қауіптілік сипатына және дәрежесіне, кінәлі адамның жеке басына және басқа да мән-жайларға қарай  сот қабылданған шешімнің себебін  көрсете отырып, еркек жынысты  кәмелетке толмай сотталған адамның  бас бостандығынан айыруды жалпы  режимдегі тәрбиелеу колониясында өтеуін тағайындауы мүмкін.

Сот жазаны орындаушы органға  кәмелетке толмай сотталған адаммен  қарым-қатынас кезінде оның жеке басының белгілі бір ерекшеліктерін ескеру туралы нұсқау беруі мүмкін.(ҚР ҚК 79-бап).

Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде ҚК-ң 52-бабында  көзделген мән-жайлардан басқа, оның өмірі мен тәрбиесінің жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының  өзге де ерекшеліктері, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалы ескеріледі.

Кәмелетке толмаған жас жеңілдететін мән-жай ретінде басқа да жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлармен  жиынтықта ескеріледі.(ҚР ҚК 80-бап).

Кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе бірінші рет орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кәмелетке  толмаған адамды, егер оны қылмыстық  жауаптылыққа тартпай-ақ түзеуге болады деп белгіленсе, сот оны қылмыстық  жауаптылықтан босатуы мүмкін. Бұл  ретте оған ҚК-ң 82-бабында көзделген  тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу  шаралары қолданылуы мүмкін.

Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы  қылмыс жасағаны үшін бірінші рет  сотталған  кәмелетке толмаған адамды, егер оны түзеуге ҚК-ң 82-бабында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп танылса, сот оны жазадан босатуы мүмкін.(ҚР ҚК 81-бап).

Сот кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік әсері бар мынадай  мәжбүрлеу шараларын тағайындауы  мүмкін:

а)     ескерту;

б)    ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;

в)     келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу;

г)     бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу;

д)    кәмелетке толмағандарға арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыру.

Кәмелетке толмаған адамға бір мезгілде тәрбиелік әсері  бар бірнеше тәрбиелеу шаралары тағайындалуы мүмкін.(ҚР ҚК 82-бап).

Ескерту кәмелетке толмаған адамға оның әрекетімен келтірілген  зиянды түсіндіруден және ҚК-те көзделген  қылмыстарды қайталап жасаудың зардаптарын  түсіндіруден тұрады.

Қадағалауға беру ата-аналарына  немесе олардың орнындағы адамдарға  не мамандандырылған мемлекеттік органға  кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік  әсер ету және оның мінез-құлқын бақылау  жөнінде міндеттер жүктеуден  тұрады.

Келтірілген зиянды қалпына  келтіру міндеті кәмелетке толмаған адамның мүліктік жағдайын және оның тиісті еңбек дағдысы болуын есепке ала отырып жүктеледі.

Кәмелетке толмаған адамның  бос уақытын шектеу және оның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу, белгілі  бір орындарға баруға, бос уақыттың белгілі бір нысанын, оның ішінде механикалық көлік құрамын басқаруға  байланысты нысанын пайдалануға  тыйым салуды, тәуліктің белгілі  бір уақытынан кейін үйден  тыс жерде болуын, мамандандырылған мемлекеттік органның рұқсатынсыз  басқа жерлерге баруын шектеуді көздеуі  мүмкін. Кәмелетке толмаған адамға білім беру мекемесіне қайта оралу, оқуын жалғастыру немесе аяқтау, не мамандандырылған мемлекеттік органның көмегімен жұмысқа орналасу талабы да қойылуы мүмкін. Осы тізбе толық  болып табылмайды.

Алты айдан екі жылға  дейінгі мерзімге арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесінде  орналастыруды сот кәмелетке  толмай қасақана орташа ауырлықтағы  қылмыс жасаған адамға тағайындалуы мүмкін. Аталған мекемелерде болу адамның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ түзетуді қамтамасыз етуші  мамандандырылған мемлекеттік органның қорытындысы негізінде сот кәмелетке  толмаған адам өзінің түзелуі үшін бұдан әрі бұл щараны қолдануды  қажет етпейді деген тұжырымға  келсе, мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

Кәмелеттік жасқа толмағандарға  арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу  мекемесінде болуды алты айдан екі  жылға дейінгі мерзім біткеннен  кейін ұзартуға тек кәмелетке  толмаған адамның жалпы білім  беретін немесе кәсіптік даярлығын  аяқтау қажет болған жағдайда ғана жол беріледі, бірақ ол кәмелетке  толғанға дейінгісінен аспауы керек.

Кәмелетке толмаған адамның  арнаулы тәрбие және емдеу-тәрбиелеу  мекемесінде болуының тәртібі мен  ережелері заңдармен белгіленеді.(ҚР ҚК 83-бап).

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату кәмелетке  толмаған жаста қылмыс жасап бас  бостандығынан айыруға немесе түзету жұмыстарына сотталған адамдарға:

а)     кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін;

б)    ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жазаның кемінде үштен бірін;

в)     адам өміріне қол сұғумен ұштаспаған аса ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде жартысын;

г)     адам өміріне қол сұғумен ұштасқан аса ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жазаның кемінде үштен екісін нақты өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.(ҚР ҚК 84-бап).

ҚК-ң 69 және 75-баптарында көзделген  ескіру мерзімі кәмелетке толмағандарды  қылмыстық жауаптылықтан немесе оның жазасын өтеуінен босату кезінде  тең жартысына қысқартылады.(ҚР ҚК 85-бап).

Он сегіз жасқа толғанға дейін қылмыс жасаған адамдар  үшін ҚК-ң 77-бабында көзделген соттылықты жою мерзімдері қысқартылады және тиісінше:

а)     бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңіл түрлерін өтегеннен кейін төрт айға;

б)    кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейін бір жылға;

в)     ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейін үш жылға тең болады.(ҚР ҚК 86-бап).

Он сегіз бен жиырма жас аралығындағы қылмыс жасаған  адамдарға жасаған әрекетінің сипатын  және жеке басын ескере отырып, сот  ерекше жағдайларда, оларға кәмелетке  толмағандарға арналған арнаулы  тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды қоспағанда, осы бөлімнің ережелерін қолдана алады.(ҚР ҚК 87-бап)

бостандығын шектеу немесе 30 жыл мерзімге бас бостандығынан  айыру тағайындалады. Бұл жағдайда сот бұрынғы үкім бойынша жазаның  өтелмеген бөлігін жаңа үкім бойынша  тағайындалған жазаға сіңіру принципін  қолдануға мәжбүр болады (бұл принципті  қолдану заңда көзделмесе де).

Қосуға болмайтын жазалар, оның ішінде қосымша жазалар дербес орындалады (ҚК-тің 61-бабы). Қылмыстың  қайталануы болған жағдайда сот жазаны үкімдер жиынтығы бойынша тағайындай отырып, жаза тағайындаудың ҚК-тің 59-бабында  белгіленген ережесін сақтауға тиіс. Бұл ережелер жаңа үкім бойынша тағайындалған  жазаның түрін, мерзімін және мөлшерін анықтауға қатысты. Мысалы, егер бұзақылық  үшін жаза өтеп жатқан адам ҚК-тің 181-бабының 1 бөлігі бойынша қорқытып алушылық жасаса, онда жасаған екінші қылмысы  үшін сот тек 1 жыл 6 айдан 3 жылға  дейінгі аралықта бас бостандығынан  айыруды ғана тағайындай алады.

Информация о работе Әкімшілік жазалар