Әкімшілік жауатылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 18:55, доклад

Краткое описание

Әкімшілік жауапкершілік – бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға өкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қолданатын әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік мәжбүрлеу.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт — ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

акимшилик Елеусизов Т.скк 203.pptx

— 996.65 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫ  ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

 

    •                                ТАҚЫРЫБЫ:Әкімшілік жауатылық

 

 

 

 

 

    •                                                                     ОРЫНДАҒАН:ЕЛЕУСІЗОВ Т.А
    • Әкімшілік жауапкершілік – бұл әкімшілік  құқық бұзушылық жасаған тұлғаға өкілетті органның (лауазымды тұлғаның)  қолданатын әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік  мәжбүрлеу.
    • Әкімшілік  құқық бұзушылық жасаған  кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауапкершілік  түрінде  мемлекеттік  мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті  сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде  мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт — ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған.

 

    • Әкімшілік жауапкершілікке мынадай белгілер тән:
    • 1) құқықтық тәртіпті бұзудан қорғау  құралы болып табылады;
    • 2) әкімшілік жауапкершілікті заңдар, заң күшіндегі  актілер немесе олардың әкімшілік  құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;
    • 3) әкімшілік жауапкершіліктің негізі — әкімшілік құқық бұзушылық;
    • 4) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған;

 

    • 5) әкімшілік жазаны  мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;
    • 6) әкімшілік жазаны қолданғанда бас бостандығынан айырлмайды және жұмыстан шығару негізі болып табылмайды;
    • 7) әкімшілік жауапкершілік шараларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша  реттейтін заңға сәйкес қолданады.

 

    • Әкімшілік жауаптылықты заңдық жауаптылықтың барлық түрлері үшін жалпы ортақ болатын кейбір  белгілері сипаттайды.
    • Біріншіден,бұл заңдылық пен құқықтың әділеттіліктің жалпы қағидаларына бағынатын құқықтық мәжбүрлеу.
    • Екіншіден,ол мемлекеттік мәжбүрлеу болып табылады,өйткені биліктік өкілеттіктер мемлекеттік билік органдары арқылы жүзеге асырылады.
    • Үшіншіден,ол құқық бұзушылар үшін құқықтық норманың санкциясында қаралған жағымсыз салдарлардың туындауына әкеп соқтырады.
    • Төртіншіден,әкімшілік жауаптылықтың шараларында әрекет пен бұзушыға мемлекет атынан берілетін қорытынды құқықтық баға болады.

 

    • Әкімшілік жауаптылықтың маңызды ерекшелігі,оны материалдық және процессуалдық құқықтық қатынастардың жиынтығы,яғни нақты құқық бұзушылық жасаудан туындыған материалды-деликтылық және құқық бұзушылық және оны жасағын тұлға туралы материалдар жинаудың,істі қараудың,заңды,дәлелденген және әділетті шешім шығарудың,оны орындауды қамтамасыз етудің қажеттілігімен байланысты әкімшілік-процессуалдық қатынастар ретінде қарауға болады.
    • Әкімшілік жауаптылықтың тағы бір ерекшілігі,оны іске асырған кезде материалдық және процессуалдық құқықтық қатынастар бір тұтастық құрып,қосылып кететіндей болтыны жиі кездеседі.

 

    • Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын  мынадай мән-жайлар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 38 — 43 бабарында қарастырылған:
    • 1) қажетті қорғану;
    • 2) қол сұғушылық жасаған адамды ұстау;
    • 3) аса қажеттілік;
    • 4) негізді тәуекел;
    • 5) күштеп немесе санаға әсер етіп мәжбүреу;
    • 6) бұйрықты немесе өкімді орындау;
    • 7) ақыл есінің кемдігі (33 бап).

 

    • Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып мыналар танылады (61 бап):
    • 1) кінәлі адамның өкінуі;
    • 2) кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарды бодырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірген зиянды жоюы;
    • 3) әкімшілік құқық бұзушылықты  күшті жан  толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;
    • 4) әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамдардың жасауы;
    • 5) әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы;
    • 6) әкімшілік құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтжесінде жасау;
    • 7) әкімшілік құқық бұзушылықты қажетті қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау кезінде жасау.

 

    • Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып мыналар танылады (62 бап):
    • 1) уәкілетті адамдардың талап етуіне қарамастан құқыққа қарсы мінез-құлықты жалғастыра беру;
    • 2) бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалауға ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстің 66 бабында көзделген мерзімі бітпеген адамның  біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауы;
    • 3) кәмелетке толмаған адамдарды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту;
    • 4)  кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкімшілік  жауаптылық туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартуы;
    • 5) ұлттық, нәсілдік және діни жек көрушілік немесе жауласушылық себебі бойынша, басқа  адамдардың  заңы әрекеті үшін кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында  әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
    • 6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіптік немесе қоғамлық борышын орындауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
    • 7) кінәлі адамның біле тұра жүкті әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғаныс  немесе дәрменсіз адамға не кінәліге тәуелді адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
    • 8) адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;
    • 9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
    • 10) маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық күйінде  әкімшілік құқық бұзушылық жасау.
    •  
    • Әкімшілік жауапкершіліктен босату.
    • Зиянның мардымсыз болуы. Егер жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың нәтижесінде аз зиян келтірілсе, онда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілді органәкімшілік жаза тағайындаудың орнына ауызша ескертумен шектелуі мүмкін.
    • Келтірілген залалды өз еркімен өтеу. Әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған тұлға, сотпен, органмен (лауазымды тұлғамен) әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы мүмкін, егер өз еркімен келтірілген залалды өтесе немесе өзге жолмен құқық бұзушылықтың нәтижесінде болған зиянды өтесе.
    • Өзге негіздер. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға әкімшілік жауапкершіліктен рақымшылық жасау актісінің шығуына, жағдайдың өзгеруіне, науқастануға, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатылады.
    •                        

 

 

ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Информация о работе Әкімшілік жауатылық