Әкімшілік құқық бұзушылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 10:28, лекция

Краткое описание

Сот тәжірибесіне келетін болсақ, соттарда жиі кедесетін әкімшілік істер ол: жеке адамға қол сұғатын және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар, шетел азаматтарына қатысты әкімшілік істер, жол-көлік оқиғасы бойынша көлікте, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылық, кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық, салық салу, кеден істері, сауда және қаржы саласындағы, сәулет-құрылыс қызметі саласындағы және т.б. саладағы әкімшілік істер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

құұқық.docx

— 21.49 Кб (Скачать документ)

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жазалар:

  • ескерту жасау;
  • әкімшілік айыппұл салу;
  • әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алу;
  • әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей жасау объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;
  • арнаулы құқықтан айыру; лицензиядан айыру, т.б.;
  • жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
  • заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
  • әкімшілік қамауға алу;
  • шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ, адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру.[1]

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың толық тізбесі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексте қамтылған. 
 
Егер жеке немесе заңды тұлға құқық бұзушылық жасаса немесе мұндай құқық бұзушылық нәтижесінде жәбірленуші болып танылса, лауазымды тұлға бұл туралы хаттама жасайды. Бұл ретте құқық бұзушыға құқығы мен міндеттерін түсіндіруге міндетті. Құқық бұзушының хаттамамен танысуға және оған қол қоюға құқығы бар, лауазымды тұлға құқық бұзушының талабы бойынша оған хаттама көшірмесін ұсынуы тиіс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер судья хаттама және басқа да құжаттар алған күннен бастап он бес күн мерзімде қаралады. Істі қарауға әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адам, жәбірленуші, олардың өкілдері, қорғаушы, прокурор, сондай-ақ мүдделеріне іс қатысты болатын басқа да тұлғалар қатысады. Жауапкершілікке тартылатын істің жағдайы туралы түсінік беруге, дәлелдер келтіруге, қолдаухат білдіруге құқығы бар. Қарағаннан кейін судья не әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығара алады, не іс бойынша іс жүргізуді тоқтата алады. 
 
Сот тәжірибесіне келетін болсақ, соттарда жиі кедесетін әкімшілік істер ол: жеке адамға қол сұғатын және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар, шетел азаматтарына қатысты әкімшілік істер, жол-көлік оқиғасы бойынша көлікте, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылық, кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық, салық салу, кеден істері, сауда және қаржы саласындағы, сәулет-құрылыс қызметі саласындағы және т.б. саладағы әкімшілік істер. 
 
Жалпы әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз- ол жеке адамның құқыққа қарсы, кінәлі іс әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. Егер құқық бұзушылық өзінің сипаты бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, онда әкімшілік жауаптылық туындайды. Әкімшілік құқық бұзушылық- абайсызда немесе қасақана жасалуы мүмкін. 
 
Әкімшілік жауаптылыққа он алты жасқа толған жеке адам және заңды тұлға тартылуы мүмкін. 
 
Әкімшілік жаза- әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады. 
 
Әкмішілік жазалардың түрлеріне келетін болсақ, жеке адамға әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін қолданылатын жазалар ол: 
 
1/ ескерту жасау, 2/ әкімшілік айыппұл салу, 3/ әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты немесе алынған мүлікті тәркілеу, 4/ лицензияны тоқтата тұру, 5/ заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау, 6/ әкімшілік қамауға алу, 7/ шетелдік адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру және т.б. жазалар. 
 
Әкімшілік жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. 
 
Бір әкімшілік құқық бұзушылық үшін негізгі және қосымша жаза қолданылуы мүмкін /7тарау/. Жеке адамға жаза қолданған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және аурылататын мән-жайлар ескеріледі. 
 
Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға кәнілі адамның өкінуі, залалды өз еркімен өтеуі, әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы, жүкті әйелдің немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы, әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау жатады. 
 
Ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ол- біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасауы, мас күйінде жасауы, адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылықты жасауы және т.б. 
 
Әрбір істің өзіндік ерекшеліктерімен қатар іс бойынша анықталған мән-жайларға сәйкес, әкімшілік жаза қолданумен қатар әкімшілік жауаптылықтан және жазадан босату да көзделген. 
 
Мысалы 67 бапқа сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықты бірінші рет жасаған адамды егер ол адам келтірілген залалды өз еркімен өтесе немесе өзге де жолмен ретке келтірсе ол адамды жауаптылықтан босатуға болады. 
 
Бұдан басқа, әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген зиян елеусіз болған жағдайда, ол адамды ескерту жасаумен шектеліп, әкімшілік жауаптылықтан босатуға болады /68 бап/. Елеусіз жағжай дегеніміз- ол санкцияның әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген зиянның мөлшерінен асып кететін жағдай. 
 
Сонымен қатар, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатуға болады, және де құқық бұзушының науқастығына байланысты, тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты да жауаптылықтан босатылады. 
 
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған адам әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бір жылдың ішінде осы жазаға ұшырады деп есептелінеді. 
 
Кәмелетке толмағандардың жауаптылығы он алты жасқа толған, бірақ он сегіз жасқа толмаған адамдардан басталады. Оларға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмауға және он айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. Кәмелетке толмаған адамға жаза қолданған кезде оның өмір сүру және тәрбилену жағдайлары, психикалық даму деңгейі ескеріледі. Әкімшілік құқық бұзушылықты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған адамға заңдарда көзделген тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкімшілік жауаптылықтан немесе тағайындалған жазаны орындаудан босатуы мүмкін. /заңды түсіндіру, ата-аналарының қадағалауына беру т.б./ 
 
ӘҚБт ҚРК-нің 55 бабында қамауға алу жазасы көзделген және осы баптың 3 бөлігіне сәйкес, жүкті әйелдерге және он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, он сегіз жасқа толмаған адамдарға, 1 және 2 топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегіз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге әкімшілік қамауға алу жазасын қолдануға тиым салынған. 
 
Үстіміздегі жылдың 18 қаңтарынан бастап, ӘҚБт ҚРК-не өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, кейбір баптар бойынша қырық бес тәулікке дейінге мерзімге қамауға алу және 200-500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу жазасы көзделген. /468-1/ 
 
Денсаулыққа абайсызда орта дәрежедегі зиян келтіру /79-3/ туралы істер бойынша айлық есептік көрсеткіштің 50-150 дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе он бес тәулікке қамауға алу және денсаулыққа қасақана жеңіл түрде зиян келтіргені үшін 79-3 б 2 б 
 
/ айлық есептік көрсеткіштің 50-300 айыппұл салу немесе 45 тәулік мерзімге қамауға алу жазасы көзделген. 320 бап бойынша есірткі құралдарын сату мақсатынсыз көп мөлшерде заңсыз иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтағаны үшін айлық есептік көрсткіштің 200 дейінге мөлшерінде айыппұл салу немесе 45 тәулікке қамауға алу жазасы көзделген. 
 
Қазіргі кезде жоғарыда көрсетілген санаттағы істер әкімшілік сотымен қаралып, бұл жөнінде өз шешімін табуда. Бұдан басқа, сотпен тек сот актілері қабылданып қана қоймай, қабылданған қаулылардың орындалуы да қадағалауында.


Информация о работе Әкімшілік құқық бұзушылық