Әкімшілік құқық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2013 в 17:55, реферат

Краткое описание

Демократиялық мемлекетте мемлекеттік биліктің әкімшілік саласы қызметтің қалыптасуы және реті заң нормаларымен анық, айқын реттеуді қажет етеді. Әкімшілік заңнама мемлекеттік аппараттың ең ірі, ең белсенді жүйесі-атқару билігі тиімді қызмет етуінің құқықтық негізі болып табылады.
Әкімшілік құқық кез келген елдің құқықтық жүйесінің ең маңызды саласы болып табылады. Бұл құқық саласы азаматтар мен атқару билігінің өкілдерімен қатынастағы басқа биліксіз субъектілердің құқықтыры мен міндеттерін, мемлекеттік әкімшілік жүйесін, оның құрылымды бірліктерінің құзырлығы, олардың қызметінің қағидаларын, әдістерін, формаларын бекітеді.

Содержание

Кіріспе
I. Негізгі бөлім
1.1 Әкімшілік құқықтың жүйесі
1.2 Әкімшілік құқық - ҚР құқық жүйесінің жетекші құқық саласы ретінде
1.3 Әкімшілік құқық және басқару
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы.docx

— 39.75 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министірлігі

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік  университеті

 

 

 

 


 

 

 

 

 

Пән атауы: Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы

Тақырып: Әкімшілік құқық жүйесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы, 2013 жыл

Мазмұны

 

Кіріспе

I. Негізгі бөлім 

1.1 Әкімшілік құқықтың жүйесі

1.2    Әкімшілік құқық   - ҚР құқық жүйесінің жетекші құқық саласы ретінде

1.3 Әкімшілік құқық және басқару

 Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

         Демократиялық мемлекетте мемлекеттік биліктің әкімшілік саласы қызметтің қалыптасуы және реті заң нормаларымен анық, айқын реттеуді қажет етеді. Әкімшілік заңнама мемлекеттік аппараттың ең ірі, ең белсенді жүйесі-атқару билігі тиімді қызмет етуінің құқықтық негізі болып табылады.

         Әкімшілік құқық кез келген елдің құқықтық жүйесінің ең маңызды саласы болып табылады. Бұл құқық саласы азаматтар мен атқару билігінің өкілдерімен қатынастағы басқа биліксіз субъектілердің құқықтыры мен міндеттерін, мемлекеттік әкімшілік жүйесін, оның құрылымды бірліктерінің құзырлығы, олардың қызметінің қағидаларын, әдістерін, формаларын бекітеді.

         Егеменді қазақ мемлекетін құру, еліміздегі аса терең саяси, экономикалық, ұйымдастырушылық реформалар әкімшілік құқықтық нормалардың өзгеруіне әкеледі. Атқарушы билікті ұйымдастырудың және қызмет етуініңдемократиялық бастаулары бекітіледі, азаматтардың құқықтыры кеңейеді, қатынастар билігін реттеуде заңның ролі ілгері қарай жоғарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әкімшілік құқықтың жүйесі

         Әкімшілік құқықтың жүйесі -  бұл  салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар – құқықтық институттар бойынша  бөлінген  құқық нормаларының  ғылыми–ұйымдастырылған  жиынтығы – біртұтас  нормативті  құрылым.

        Әкімшілік  құқық бойынша  көптеген заң әдебиеттерінде әкімшілік құқық жүйесінің мынадай анықтамасы беріледі: ҚР  Әкімшілік құқығы -бір-бірімен тығыз байланысты  жекелеген әкімшілік-құқықтық институттар мен нормалардан тұратын жүйе.

         ҚР Әкімшілік құқығының жүйесі үш і бөлімнен тұрады:

- 1 бөлім - жалпы сипаттағы басқару қатынастарын реттейтін нормалар жүйесі; 1 бөлімге мыналар кіреді: ҚР Әкімшілік құқық курсына кіріспе, әкімшілік құқық субъектілері, мемлекеттік басқарудың әкімшілік - құқықтық нысандары мен әдістер, мемлекеттік басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету.

- 2 бөлім - басқару саласында  туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. 2 бөлімінде халық шаруашылығының негізгі салаларын: әлеуметтік-мәдени (өнер, білім, денсаулық сақтау және т.б.), әкімшілік -саяси (қорғаныс, ішкі істер, қауіпсіздік және т.б.) және әлеуметтік - экономика (сауда, қаржы, индустрия және т.б.) салаларын  басқаруды реттейтін нормалардың жиынтығынан тұрады.

- 3 бөлім - әкімшілік - юрисдикция қызметі саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. 3 бөлім мына жиынтықтардан тұрады:  әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық, әкімшілік процесс; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға өкілеттілігі бар органдар мен лауазымды тұлғалар және әкімшілік істердің қарастылығы; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу.

         ҚР Әкімшілік құқықғының бөлімі - бұл бірнеше әкімшілік - құқықтық институттарды қамтитын, яғни қоғамдық қатынастардың бір түрін реттейтін  нормалар жүйесі.

Әкімшілік құқық   - ҚР құқық жүйесінің жетекші  құқық саласы ретінде

         Жалпы, "администрация" - "әкімшілік"  (латынша "administratio" сөзінен алғанда) термині әкімшілік қызмет немесе басқару дегенді білдіреді. Ал "администрация" - "әкімшілік "  сөзі басқа да мағыналарда қолданылады, мысалы,  кәсіпорынның, мекеменің әкімшілігі туралы.  Осылай, әкімшілік - құқықтық реттеу  мемлекеттік қызметтің бір түрінің , атап айтқанда, мемлекеттік басқару шегінде шектелген, яғни әкімшілік құқық реттейтін қоғамдық қатынастар басқарушылық сипатта болады.

       Сонымен, әкімшілік құқық мемлекеттік басқару сферасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы болып табылады. Әкімшілік құқық Қазақстан Республикасының жетекші, негізгі саларының бірі, сондай-ақ Қазақстан Републикасының  құқық жүйесінің маңызды құрамды элементі  бола отырып, атқарушы биліктің  ерік-жігерін жүзеге асырудың әдеттегі нысаны ғана емес, одан да кең мағынадағы құбылыс болып табылады. Мамандар айтқандай, құқық қоғамның мәдени институты,  жалпы өркениеттік процестің тіршілік үшін маңызды құрамдас бөлігі болып табылады деп  белгілі заңгер-ғалым С.С. Алексеев айтқан.

Осы  құқықтанушы ғалым  құқықтың қоғам өміріндегі  тарихи миссиясы  тікелей  оның  маңызды талаптарынан бастау алады деген, атап айтқанда:

-  таптық, саяси күрес, этникалық, топтық және өзге де қақтығысулармен, жеке жанжалдармен туындаған өзекті  әлеуметтік жағдайларға азаматтық келісім, әртүрлі мүдделерді есепке алу,  өзара, үйлестірілген жол берушіліктер қағидаларына тұрғызылған тұрақты нормативті бастаулар енгізу;

-  жеке бас мәртебесін, мінез-құлық бостандығының берік және кепілдендірілген кеңістігі мен өлшемін қамтамасыз ету  және қорғау.

        Осы  талаптарды  толығымен әкімшілік құқыққа да жатқызуға болады.  Әкімшілік құқықты дамыту  проблемалары осы саланың әрекет ету  аясын адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің өзара байланыстыра отырып концепция әзірлеу болып табылады.

        Қоғамдық  санада әкімшілік құқық атқарушы биліктің  күш қолданушы құралы жөніндегі ұғымы қалыптасқан.  барлығы мемлекеттік  жүйенің, биліктің өмір сүруіне бағытталған болатын, әлеуметтік центризм тенденциясы  басым болып тұрған тоталитарлық қоғамда құқықтың өзі де тек бұқаралық оқу -ағартуды білдірді.  Осындай жүйеде Әкімшілік құқықтың жағдайы   ерекше  болды. Бұл әкімшілік құқықтың көмегімен мемлекетпен арадағы байлыныстың құралуы, оның органдары мен азаматтардың арасында,  қоғамдық  ұйымдар арасындағы байланыстардың құралыуында көрініс тапты.  Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін оның алдында мемлекеттік құрылымдар мен құқық жүйесін әрбір адам құқықтың толыққанды субъектісі бола алатын құқықтық, демократиялық, әлеуметтік мемлекет  талаптарына сай құру  міндеті тұрды.

        Ұлттық  құқық  жүйесі бұқаралық және  жеке  құқықтар облысына бөлетіндіктен, сөзсіз, әкімшілік құқықтың әрекеті бұқаралық мүдделер  аясында шектелуі тиіс. Әкімшілік құқық бұқаралық мүдделерге қызмет ете отырып, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының  заңды басымдылықтарын сақтайды, өйткені ҚР Конституциясында адамның құқықтарының  шексіз және оның иелігінен ажыратылмайтындығы  концепциясы бекітілген. Осыған сәйкес заңдардың мазмұны мен қолданылуын, заң шығарушы мен атқарушы биліктің қызметінің бағыты анықталуы тиіс.   Тек осылай ғана жеке адамның мемлекет қолында "құрылыс материалы" ретінде қарастырылған, іс жүзінде құқықсыз ретінде қарастырған кеңестік дәуірдегі практиканы жоюға мүмкіндік бар. Әкімшілік құқық  мемлекеттік билік аппараты заңның  мүддесінде қызмет етуі, оның орындалуы мен қолданылуын қамтамасыз етуді дегентұжырымға сүйенеді. Бұнымен заң шығарушы және атқарушы  билік  органдарында  бұқаралық билік прерогативасының болуына қарамастан, олардың заңға бағынатындығы атап көрсетіледі.

          Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша құқық саласы ретіндегі әкімшілік құқық   мемлекеттік басқаруды немесе атқарушы-бұйырушы қызметті жүзеге асыру  процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы.

Әкімшілік құқық  және басқару

                Әкімшілік құқықты оқуды бастамастан бұрын, оның "басқару" сияқты кең тараған әлеуметтік құбылыспен байланыстылығын қарастыру қажет. Латын сөзінен шыққан администрация - әкімшілік - басқару терминінің қоғамдық маңызды мақсаттарға жету үшін жасалынатын іс-әрекеттерді сипаттау үшін жан-жақты құрал болып табылатындығымен байланысты болып келеді. Кең мағынасында басқару қандайда біреуге немесе бір нәрсеге жетекшілік ету  дегенді білдіреді. Дәл осындай түсінікте қазіргі уақытта да қолданылады. Бірақта дәл осындай  ұйғарыммен шектеліп қана қоймай, оның  мән-маңызын, мазмұнын, мақсат - міндетін  ашып көрсету қажет.

        Әкімшілік  құқықтың пәнін мемлекеттік басқару сферасында қалыптасқан қоғамдық қатынастар құрайды, сондықтан мемлекеттік басқарудың  мәнін қарастырып өткен жөн.

Басқарылатын  жүйенің  бірнеше түрі бар:

1)     механикалық  – басқарылатын машиналар, технологиялық процестер;

2)     биологиялық   – тірі ағзалардағы   болып жатқан процестер;

3)     Әлеуметтік  – адамдар мен олардың ұжымдарының мінез-құлықтарын басқару.

Басқару- бұл нақты бір нәтижеге жету үшін жүзеге асырылатын, мақсатқа жетуге  көзделген екі немесе одан да  көп адамдардың, олардың бірлестіктерінің (қоғамдық ұйымдардың) келісімді әрекеттері. Басқару кез келген адамзат қоғамында болады, өйткені адамзат қоғамы өздігінен басқарыла алмайды, сондықтан алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін, барлық міндеттерді  үздіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету  басқаруда қажеттілік туындайды. Кез келген басқарудың мәні – мақсатты түрде реттеушілік ықпал ету, тәртіпке келтіру.

Өз мазмұны бойынша  басқару қоғамдық қатынастарды  ретке келтіруге, қоғамдық өмірдің әртүрлі құбылыстарын реттеу, адамдардың күшін бір бүтінге біріктіруге, ортақ өмір тәртібін орнатуға саяды.  Қоғамды басқару адамдарды басқару, адамдардың  әлеуметтік  қатынастарын басқару. Бұл қалыпты қоғам өмірі болып табылады. Адамдардың бірлескен қызметінің бір түрі болып  әлеуметтік басқару табылады.

Әлеуметтік басқару -бұл адамдарға қатысты мақсатқа сай және өкімді түрде адамдармен жүзеге асырылатын басқару, яғни қоғам істерін басқару.

Келісім мен жетекшілікті қажет ететін адамдардың біріккен қызметі болса, онда әрқашанда басқаруға қажеттілік туады. Сөйтіп, басқару адамдардың бірлескен қызметін ұйымдастыру. Адамдардың мінез-құлықтарын басқару үшін нақты  өктем өкілеттіліктер болуы керек.

Әлеуметтік басқару элементтері:

1) басқарудың мақсатын  анықтау;

2) нақты билігі немесе өктемдігі бар басқару субъектісі (басқарушы). Әлеуметтік басқару субъектісі - бұл мемлекеттік немесе қоғамдық органның  рөлінде қатысушы  адамдар ұжымы немесе лауазымды тұлға.  Оның өз еркіне басқарылатындардың мінез-құлқын бағындыратын қабілеті болады. Басқаруды жүзеге асыру үшін сәйкес өкілеттілік беріледі;

3) Басқару объектісі (басқарылатын адам );

4) Басқару бойынша қызмет (субъект пен объект арасындағы тура байланыстар);

5) Басқару  субъектісі мен объектісі жұмыс істейтін орта;

6) Басқарудағы адам факторлары (психика, эмоция, көңіл-күй);

7) Басқару  еңбегінің  нәтижелері (алдыға қойған мақсатқа жету).

 

 

 

Басқару процесі белгілі бір жүйеде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік басқарудың  мынадай түрлері бар:

1) мемлекеттік басқару (мемлекеттің істерін басқару);

2) Қоғамдық басқару (қоғамдық  бірлестіктердің, ұйымдардың істерін басқару).

Сонымен, әлеуметтік басқару - бұл адамдардың бірлескен қызметінің процесінде алдыға қойған мақсатқа жету үшін қажетті жағдайлар тудыратын ұйымдастыру қызмет жүзеге асыру. Оның маңызды міндеті  адамдардың  ынтымақтастығын қолдау, сүйемелдеу, нығайту және дамыту. Мемлекеттік басқарудың қоғамдық басқарудан айырмашылығын қарастырамыз.

Мемлекеттік басқару -  қоғамды дамытуда қоғамдық процестерді тікелей, практикалық ұйымдастыру бойынша  атқарушы және бұйырушы қызмет.

Мемлекеттік басқаруды мемлекеттік органдардың барлығы жүзеге асырады және  оған мыналар жатады:

- заңдарды орындау бойынша қызмет;

- әртүрлі объектілер мен адамдарды күнделікті басқару қызметі және бұл  солар үшін міндетті заң күшіндегі актілерді шығарумен байланысты болады.

Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері:

1) басқару қызметінің  атқарушы және бұйырушы сипатта болуы. Атқарушы - басқару органдарын құрайтын билік ;

2) басқарудың заңды - өктемдік  сипаты оның мемлекет атынан  іс асырылуын және қажетті өктемді өкілеттіліктер  берілетіндігін білдіреді. басқару объектісінің басқару субъектісіне  бағыныштылығ білдіреді, сондықтан да  басқару қатынастары өз сипаты бойынша  субординациялық, өктемді-бұйырушы болып табылады.

3)  басқарудың ұйымдастырушылық  сипатта болуы. Көптеген адамдардың еңбек ұжымдарының бірлескен қызметін үйлестіру, алдыға қойған мақсатқа жетуді басқару аппараты мен оның звеносын ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету осының көмегімен жүзеге асырылады.

Информация о работе Әкімшілік құқық жүйесі