Әкімшілік жазалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 12:44, реферат

Краткое описание

Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау. Егер адам ҚК-тің әртүрлі баптарында немесе бір бабының әртүрлі бөліктерінде көзделген екі немесе одан көп қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп танылып, олардың ешқайсысы бойынша сотталмаған болса, сот әр қылмыс үшін негізгі, ал керек жағдайда қосымша жаза тағайындап, олардың жиынтығы бойынша түпкілікті жазаны жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру жолымен немесе тағайындалған жазаларды толық немесе ішінара қосу жолымен белгілейді (ҚК-тің 58-бабының 1 бөлігі).

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әкімшілік жазалар.docx

— 62.20 Кб (Скачать документ)

Қадағалауға беру ата-аналарына  немесе олардың орнындағы адамдарға  не мамандандырылған мемлекеттік органға  кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік  әсер ету және оның мінез-құлқын бақылау  жөнінде міндеттер жүктеуден  тұрады.

Келтірілген зиянды қалпына  келтіру міндеті кәмелетке толмаған адамның мүліктік жағдайын және оның тиісті еңбек дағдысы болуын есепке ала отырып жүктеледі.

Кәмелетке толмаған адамның  бос уақытын шектеу және оның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу, белгілі  бір орындарға баруға, бос уақыттың белгілі бір нысанын, оның ішінде механикалық көлік құрамын басқаруға  байланысты нысанын пайдалануға  тыйым салуды, тәуліктің белгілі  бір уақытынан кейін үйден  тыс жерде болуын, мамандандырылған мемлекеттік органның рұқсатынсыз  басқа жерлерге баруын шектеуді көздеуі  мүмкін. Кәмелетке толмаған адамға білім беру мекемесіне қайта оралу, оқуын жалғастыру немесе аяқтау, не мамандандырылған мемлекеттік органның көмегімен жұмысқа орналасу талабы да қойылуы мүмкін. Осы тізбе толық  болып табылмайды.

Алты айдан екі жылға  дейінгі мерзімге арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесінде  орналастыруды сот кәмелетке  толмай қасақана орташа ауырлықтағы  қылмыс жасаған адамға тағайындалуы мүмкін. Аталған мекемелерде болу адамның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ түзетуді қамтамасыз етуші  мамандандырылған мемлекеттік органның қорытындысы негізінде сот кәмелетке  толмаған адам өзінің түзелуі үшін бұдан әрі бұл щараны қолдануды  қажет етпейді деген тұжырымға  келсе, мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

Кәмелеттік жасқа толмағандарға  арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу  мекемесінде болуды алты айдан екі  жылға дейінгі мерзім біткеннен  кейін ұзартуға тек кәмелетке  толмаған адамның жалпы білім  беретін немесе кәсіптік даярлығын  аяқтау қажет болған жағдайда ғана жол беріледі, бірақ ол кәмелетке  толғанға дейінгісінен аспауы керек.

Кәмелетке толмаған адамның  арнаулы тәрбие және емдеу-тәрбиелеу  мекемесінде болуының тәртібі мен  ережелері заңдармен белгіленеді.(ҚР ҚК 83-бап).

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату кәмелетке  толмаған жаста қылмыс жасап бас  бостандығынан айыруға немесе түзету жұмыстарына сотталған адамдарға:

а)     кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін;

б)    ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жазаның кемінде үштен бірін;

в)     адам өміріне қол сұғумен ұштаспаған аса ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде жартысын;

г)     адам өміріне қол сұғумен ұштасқан аса ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жазаның кемінде үштен екісін нақты өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.(ҚР ҚК 84-бап).

ҚК-ң 69 және 75-баптарында көзделген  ескіру мерзімі кәмелетке толмағандарды  қылмыстық жауаптылықтан немесе оның жазасын өтеуінен босату кезінде  тең жартысына қысқартылады.(ҚР ҚК 85-бап).

Он сегіз жасқа толғанға дейін қылмыс жасаған адамдар  үшін ҚК-ң 77-бабында көзделген соттылықты жою мерзімдері қысқартылады және тиісінше:

а)     бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңіл түрлерін өтегеннен кейін төрт айға;

б)    кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейін бір жылға;

в)     ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейін үш жылға тең болады.(ҚР ҚК 86-бап).

Он сегіз бен жиырма жас аралығындағы қылмыс жасаған  адамдарға жасаған әрекетінің сипатын  және жеке басын ескере отырып, сот  ерекше жағдайларда, оларға кәмелетке  толмағандарға арналған арнаулы  тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды қоспағанда, осы бөлімнің ережелерін қолдана алады.(ҚР ҚК 87-бап)


Информация о работе Әкімшілік жазалар