Әкімшілік жазалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 12:44, реферат

Краткое описание

Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау. Егер адам ҚК-тің әртүрлі баптарында немесе бір бабының әртүрлі бөліктерінде көзделген екі немесе одан көп қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп танылып, олардың ешқайсысы бойынша сотталмаған болса, сот әр қылмыс үшін негізгі, ал керек жағдайда қосымша жаза тағайындап, олардың жиынтығы бойынша түпкілікті жазаны жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру жолымен немесе тағайындалған жазаларды толық немесе ішінара қосу жолымен белгілейді (ҚК-тің 58-бабының 1 бөлігі).

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әкімшілік жазалар.docx

— 62.20 Кб (Скачать документ)

Қылмысқа оқталғаны үшін жазаның мерзімі мен мөлшері  ҚК-тің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта ерекше қылмыс үшін көзделген  жазаның неғұрлым қатаң түрінің  ең жоғарғы мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауы керек (ҚК-тің 56-бабының 3 бөлігі). Қылмыстың     жоғарыда келтірілген түрлеріне оқталғанда ең қатаң жаза, тиісінше,  2 жыл 3 ай және  1 жыл 6 ай бас бостандығынан айырудан аспауға тиіс.

Қылмысқа дайындалғаны және қылмыс жасауға оқталғаны үшін өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан  айыру жазасы, тіптен бұл жаза шаралары айыпкерге қолданылатын ҚК-тегі баптардың  санкциясында көзделген болса да, тағайындалмайды.

Қатысып жасалған   қылмыс үшін әдетте   жаза тағайындаудың ерекшелігі сонда, заң соттың жоғарыда көрсетілгендермен қоса мына мән-жайларды ескеруін талап етеді: қылмыс жасауға адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежесін, осы қатысудың қылмыс  мақсатына жетудегі маңызын, оның келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен мөлшеріне ықпалын (ҚК-тің 57-бабы).

Бұл жағдайда қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының қоғамға қаншалықты қауіпті  екендігі және оларға тиісінше жаза тағайындау мүмкіндігі анықталады. Сонымен қатар, егер банданың алдына қойған мақсатқа жетуіне, сондай-ақ келтірілген немесе келуі мүмкін зиянның сипаты мен  мөлшеріне бандитизмді ұйымдастырушы  екі адамның әрқайсысының ықпалын  өзара салыстырсақ, айырмашылықты  көру қиын емес.

Топтасқан қылмысқа қатысушыларға  жаза тағайындау жөнінде ҚК-тің   57-бабында мынадай тағы бір міндеттеу бар: қатысушылардың біреуінің жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар тек сол   қатысушыға жаза тағайындау кезінде ғана ескеріледі. Мысалы, қылмысқа қатысушылардың біреуінің өз айыбын мойындап келуі сол қылмысқа катысушы басқа адамдарға жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілуге тиіс емес.

Қылмыстың қайталануы —  адамның сотталғаннан кейін қайта  қылмыс жасауы, оның қоғамға аса  қауіпті екендігінің белгісі, сондықтан  да заңда қылмыс қайталанған жағдайда жаза тағайындаудың арнайы ережесі  белгіленген (ҚК-тің 59-бабы). Оның мәні мынада: қылмыстардың қайталануы бойынша  жаза тағайындай отырып, сот бұрын  жасалған қылмыстардың санын, сипатын  және қоғамдық қауіптілік дәрежесін, оның   алдындағы жазаның түзетушілік ықпалының жеткіліксіздігіне себеп болған мән-жайларды, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың    сипаты мен    қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескеруге тиіс.

Қылмыстардың қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшін жазаның  мерзімі мен мөлшері, жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінің  ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің жартысынан төмен болмауға тиіс.

Қылмыстың қауіпті қайталануы жағдайында тағайындалатын жаза жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғарғы мерзімі мен  мөлшерінің үштен екісінен, ал қылмыстың  аса қауіпті қайталануы жағдайында — төрттен үшінен төмен болмауға тиіс (ҚК-тің 59-бабының 2 бөлігі). Мысалы, қасақана жасаған бұрынғы қылмысы  үшін сотты болған адам ҚК-тің 175-бабының 1 бөлігі бойынша сотталады. ҚК-тің  көрсетілген бөлігінің санкциясында балама ретінде берілген бес түрлі  жазаның сот айыпкерге ең қатаң  түрін — бас бостандығынан  айыруды тағайындай алады. Бұл жағдайда қылмыстың жәй қайталануы орын алғандықтан, ҚК-тің 59-бабының 2 бөлігіне сәйкес сот  айыпкерге 1 жыл 6 айдан 3 жылға дейінгі  мер-зімге бас бостандығынан айыруды  тағайындай алады. Егер сотгалғанның әрекетінде қылмыстардың қауіпті қайталану  нышаны болса — 2 жылдан 3 жылға дейінгі  мерзімге,   егер қылмыстардың     аса қауіпті қайталануы болса — 2 жыл  3 айдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алады.

Егер Қылмыстық кодекстің  Ерекше бөлімінің қолданылып отырған  нормасы соттылықтың болуын саралаушы  белгі ретінде қарастырса, мұндай қылмыстардың  қайталануында  сот жазаны ҚК-тің 59-бабының екінші бөлігінде   көзделген тәртіпті ескермей-ақ   тағайындайды,   яғни   сот   жаза тағайындаған кезде жазаның ең аз мөлшеріне қатысты ауқыммен шектелмейді. Бұл, мұндай жағдайларда қылмыстың қайталануы қылмыстық -заң нормаларында бұрыннан    ескерілгендігіне байланысты, сондықтан да жаза тағайындау кезінде оны қайта есепке алудың қажеті жоқ. Сонымен катар қылмыстардың қайталануы болып және ҚК-тің 55-бабында көзделген ерекше мән-жайлар орын алса, бұл жағдайда да жаза ҚК-тің 59-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіпті есепке алмай тағайындалады.    ҚК-тің 59-бабының бұл ережелеріне түсініктеме беру үшін мына мысалдарды қарастырайық.   Мысалы, айыпкер ҚК-тің 175-бабы 3 бөлігінің «в» тармағы бойынша бұрын екі  немесе одан көп соттылығы бар адам ретінде бұзақылық (кез-келген формасы) немесе корқытып алушылық үшін сотталды. Мұндай адамға жаза тағайындау кезінде ҚК-тің 2-бабында көрсетілген ережені ескереді (қылмыстардың қайталану белгісі бола тұрса да), яғни   мүлкін тәркілеп 3   жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алады.

Басқа мысал. Қылмыстардың қайталану  белгісі бар жағдайда адам ҚК-тің 175-бабының 1 бөлігі бойынша сотталуда. Бірақ сот іс материалдарында  ҚК-тің 55-бабында көрсетілген ерекше мән-жайлардың бар екендігін анықтады. Бұл жағдайда да сот айыпталушыға жазаны ҚК-тің 59-бабының 2 бөлігінде  көрсетілген ережелерді есепке алмай  тағайындайды, яғни ҚК-тің 175-бабының 1 бөлімінің санкциясында көзделген  жазалардың бас бостандығынан айыруға  қарағанда жеңілдеуін тағайындай алады. Егер бәрі бір бас бостандығынан  айыру жазасы тағайындалса, ол 6 айдан 3 жылға дейінгі мөлшерде болуға тиіс.

Шартты түрде соттау. Егер түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша  шектеу, бас бостандығынан айыру  немесе тәртіптік әскери бөлімде  ұстау жазасын тағайындағанда сот  сотталған адамның жазаны өтемей түзелуі мүмкін деген қорытындыға  келсе, ол тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығарады.

Шартты түрде соттау қолданылған  жағдайда сот жасалған қылмыстың  сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, айыптының жеке басын, соның ішінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескереді.

Шартты түрде соттау тағайындалған  кезде сот сотталған адам мінез-құлқымен өзінің түзелгенін дәлелдеуге тиіс сынақ  мерзімін белгілейді. Сынақ мерзімі  бір жылдан үш жылға дейінгі ұзақтықта  тағайындалады.

Шартты түрде соттау кезінде  жазаның мүлікті тәркілеуден  басқа қосымша түрлері қолданылуы мүмкін.

Шартты түрде сотталған  адамның мінез-құлқын бақылауды  оған уәкілдік берілген мамандандырылған мемлекеттік орган, ал әскери қызметшілер  жөнінде әскери бөлімдер мен мекемелердің командованиесі жүзеге асырады.

Қылмыстардың қауіпті  немесе аса қауіпті қайталануы жағдайында адамдарға шартты түрде соттау қолданылмайды.(ҚР ҚК 63-бап).

Егер шартты түрде соттылушы  сынақ мерзімі өткенге дейін  өзінің түзелгенін дәлелдесе, шартты түрде  сотталушының мінез-құлқына бақылау  жасауды жүзеге асыратын огранның ұсынысы  бойынша сот шартты түрде сотталудың күшін жою және сотталған адамнан  соттылықты алып тастау алып тастау туралы қаулы ете алады. Бұл орайда шартты түрде сотталудың ббелгіленген сынақ  мерзімінің кем дегенде жартысы  өткенн соң күші жойылуы мүмкін.

Егер шартты түрде сотталған  адам сол үшін өзіне әкімшілік  жаза салынған қоғамдық тәртіпті бұзса, сот сотталушының мінез-құлқына  бақылау жасауды жүзеге асыратын огранның ұсынысы бойынша сынақ мерзімін ұзарта алады, бірақ ол бір жылдан аспауы керек.

Шартты түрде сотталған  адам сынақ мерзімі ішінде қоғамдық тәртіпті үнемі және қасақана бұзған жағдайда, не шартты түрде сотталған  адам бақылаудан жасырынса, сот  сотталушының мінез-құлқына бақылау жасауды жүзеге асыратын огранның ұсынысы бойынша шартты түрде соттаудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы етеді.

Шартты түрде сотталған  адам сынақ мерзімі ішінде абайсызда  қылмыс жасаған не кішігірім ауырлықты  қасақана қылмыс жасаған жағдайда шартты түрде соттаудың күшін жою  немесе оны сақтау туралы мәселені сот жаңа қылмыс үшін жаза тағайындалған  кезде шешеді. Бұл жағдайда жаза ҚК-ң 60-бабында (үкімдердің жиынтығы бойынша  жаза тағайындау) көзделген ережелер бойынша тағайындалады.

Шартты түрде сотталған  адам сынақ мерзімі ішінде орташа ауырлықтағы қасақана қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда сот шартты түрде сотталудың күшін  жойып, оған ҚК-ң 60-бабында (үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау) көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды.(ҚР ҚК 64-бап).

Қылмыстық жауаптылықтан  және жазалаудан босату. Бірінші рет  кішігірім немесе орташа ауырлықтағы  қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға  жәрдемдессе, не қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе, қылмыстық  жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысты қоспағанда, қылмыс жасаған адам егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық  жасаған қылмыстарда болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық  жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды  анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы  мүмкін.(ҚР ҚК 65-бап).

Қоғамдық қауіпті қылмыстан  болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау  салдарынан қажетті қорғану шегінен  асқан адамды сот істің мән-жайын  ескере отырып,  қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.(ҚР ҚК 66-бап).

Ауыр емес қылмыс жасаған  немесе адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтірумен баланысты емес орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген  зиянның есесін толтырса, қылмыстық  жауаптылықтан босатуға жатады.

Орташа ауыр қылмыс жасаған  адам, егер ол жәбірленушімен татуласса  және жәбірленушіге келтірілген  зиянның есесін толтырса, қылмыстық  жауаптылықтан босатылуы мүмкін.(ҚР ҚК 67-бап).

Қылмыс белгілері бар  әрекет жасаған адамды, егер істі сот  қараған кезде жағдайдың өзгеруі  салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға  қауіпті емес деп танылса, сот  қылмыстық жауаптылықтан босатуы  мүмкін.

Бірінші рет кішігірім  немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған  адамды, егер ол адамның содан кейінгі  мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға  қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан  босатуы мүмкін.(ҚР ҚК 68-бап).

Егер қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады:

а)     кішігірім қылмыс жасағаннан кейін екі жыл;

б)    орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін бес жыл;

в)     ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл;

г)     аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін жиырма жыл.

Ескіру мерзімі қылмыс жасаған күннен бастап және сот үкімі  заңды күшіне енген кезге дейін  есептеледі.

Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарса, ескіру мерзімінің өтуі тоқтатылады. Бұл  ретте ескіру мерзімінің өтуі адамның  ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезінен бастап жаңартылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасаған  уақыттан бері жиырма бес жыл өтсе және ескіру тоқтатылмаса, адам қылмыстық  жауапқа тартылмауы керек.

Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам сәйкесінше он бес немесе жиырма жыл мерзімдері өткенге дейін жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескіру мерзімі тоқтатылады. Мұндай реттерде ескіру мерзімі жаңа қылмыс жасаған күннен қайта басталады. Ескіру мерзімі өткенге дейін  адам тағы да қылмыс жасаған өзге реттерде әрбір қылмыс бойынша ескіру мерзімі  дербес өтеді.

Жасаған қылмысы үшін ҚК бойынша өлім жазасы тағайындалуы мүмкін адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер ескіру мерзімінің бітуіне байланысты сот адамды қылмыстық  жауаптылықтан босату мүмкін деп  таппаса, өлім жазасын тағайындауға болмайды. Бұл ретте сот жиырма бес жылға дейін мерзімге бас  бостандығынан айыруды немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруды  тағайындайды.

Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасаған  адамдарға ескіру мерзімі қолданылмайды.(ҚР ҚК 69-бап).

Түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын  шектеу, тәртіптік әскери бөлімде  ұстау немесе бостандығынан айыру  жазасын өтеп жүрген және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін адамды сот құқық бұзбайтын мінез-құлқы, еңбекке адал қарағаны, көркемөнерпаздар ұйымдарының жұмысына және тәрбиелік  іс-шараларға белсенді қатысқаны, қылмысымен келтірген залалын өтеу жөнінде  шаралар қолданғаны үшін сот тағайындаған жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.

Жазадан шартты түрде –  мерзімінен бұрын босату сотталған  адам:

а)     кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін;

б)    ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын;

в)     аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.(ҚР ҚК 70-бап).

Кішігірім, орташа ауыр және ауыр қылмыс үшін бас бостандығынан  айыру жазасын өтеп жүрген адамға сот оның жазасын өтеу кезіндегі  мінез-құлқын ескере отырып, жазаның  өтелмей қалған бөлігін оның жеңіл  түрімен ауыстыра алады. Бұл орайда адам жазаның қосымша түрін өтеуден  толық немесе ішінара босатылуы  мүмкін.

Жазаның өтелмеген бөлігі, сотталған адам ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасағаны үшін жаза ммерзімінің  кем дегенде үштен бір бөлігін, ауыр қылмысы үшін немесе бас бостандығынан  айыру түріндегі жазаны өтеудун  шартты түрде мерзімінен ерте босатылған және жазаның өтелмей қалған бөлігі кезеңінде жаңа қылмыс жасаған адам жаза мерзімінің жартысын нақты өтегеннен  кейін жазаның неғұрлым жеңіл  түрімен ауыстырылуы мүмкін.(ҚР ҚК 71-бап).

Жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бес  жылдан астам мерзімге бас бостандығынан  айыруға сотталған әйелдерді  қоспағанда, сотталған жүкті әйелдерді  және он төрт жасқа толмаған баласы бар әйелдерді сот тиісінше бес  жылға дейінгі мерзімге жазасын  өтеуден босатуы мүмкін.

Информация о работе Әкімшілік жазалар