Халықаралық жеке құқықтың түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 20:21, лекция

Краткое описание

Халықаралық жеке құқықтың даму тарихы.
Халықаралық жеке құқықтың пәні: негізгі белгілері.
Халықаралық жеке құқықтың құқық жүйесіндегі орны.

Прикрепленные файлы: 1 файл

8 Сборник лекций Туризмдегі бух.есептің ерекшеліктері.doc

— 484.00 Кб (Скачать документ)

1. заңды иелену;

2. заңсыз иелену;

Пайдалану құқығы дегеніміз- мүлікті пайдалану кезінде табыс табу, кіріс көру, өнім алу болып табылады.

Билік ету мүліктің немесе меншіктің тағырын шешу.

Барлық мемлекеттерде  меншік құқыының 2 негізгі бегісі бар.

1. Меншік құқығы абсолюттік құқық, яғни меншік иесінің еркімен жүзеге асады оған ешкім қол сұқпауға міндетті.

2. Меншіктегі мүлікке деген құқықтың меншік артынан жүріп отыруы. Егер ҚР-ның заң актілерінде өзгеше көзделмесе, меншік құқыымен басқада қозғалмайтын және қозалатын  мүлікке заттық құқықтар осы мүлік орналасқан елдің құқығы бойынша анықталады.

Мүлікке заттық құқықтардың  пайда боуы және тоқтатылуы, егер ҚР-ң  заң актілерінде өзгеше көздемесе, негіз болған іс әрекет немесе өзге де мән-жайлар орын алған кезде сол  мүлік болған елдің құқы бойынша  анықталады.

Мемлекеттік тіркеуге тиісті көлік құралдары мен өзгеде мүлікке  заттық құқық осы көлік құрлдары немесе мүлік мемлекеттік тізімге  енгізілген елдің құқығы бойынша  анықталады.

Меншік құқығы мен  өзге заттық құқықтарды қорғау арыз берушінің  таңдауы бойынша мүлік тұрған елдің құқығы қолданылады. Қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы мен өзгеде заттық құқықтарды осы мүлік тұрған елдің құқығы қолданылады. ҚР-ң мемлекеттік тізіміне енгізілген мүлікке қатысты ҚР-ң құқығы қолданылады.  

3. Заттық құқықтың  пайда болуы мен тоқтатылуы.

«Мүлiкке заттық құқығының  пайда болуы мен тоқтатылуы, шарттың  пәнi болып табылатын, егер тараптардың  келiсiмiнде өзгеше көзделмеген жағдайда, шарт жасалған жердiң заңымен анықталады». Яғни бұл тараптардың ерiктi автономды  қағидасы негiзiнде қабылданғанды бiлдiредi. Егер де шартта тараптар осы мәселенi шешпесе, онда коллизиялық lex loci contractus қағидасы өз әрекетiн жүзеге асыра бастайды.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексiнiң 1108-бабына сәйкес, мүлiкке заттық құқығының пайда  болуы мен тоқтатылуы,  егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, заттық құқықтың пайда болуы не тоқтатылуы үшін негiз болған iс-әрекет немесе өзге де мән-жайлар орын алған кезде сол мүлiк болған елдiң құқығы бойынша анықталады.

Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, мәмiленiң нысаны болып табылатын мүлiкке заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы, елдiң осы мәмiле бағындырылған құқығы бойынша анықталады.

Алыну мерзiмiнiң ескiру салдарынан мүлiкке меншiк құқығының  пайда болуы аяқталған алу мерзiмiнiң ескiрген кезiнде болған елдiң құқығымен анықталады.

 Меншiк құқығы меншiк иесi  өз мүлкiн басқа адамдарға берген, меншiк иесi меншiк құқығынан  бас тартқан, мүлiк қираған  немесе жойылған және заң құжаттарында  көзделген өзге де реттерде мүлiкке меншiк құқығынан айрылған жағдайда тоқтатылады.

Мүлiктi меншiк иесiнен ықтиярсыз  алып қоюға жол берiлмейдi,  бұған  мына негiздер:

меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша  мүлiкке өндiрiлiп алынған ақы  айналымға түскен;

заң құжаттарына сәйкес белгiлi бiр адамға тиесiлi бола алмайтын мүлiктi ықтиярсыз иелiктен айырған;

реквизицияланған;

тәркiлеген;

жер учаскесiн алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айырған;

күтiмсiз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер;

және тағы да өзге реттер кiрмейдi.

Азамат немесе заңды тұлға өзiне тиесiлi мүлiкке меншiк құқығынан  бас тарта алады, бұл жөнiнде  ол жариялайды, не бұл мүлiкке қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетiнсiз  өзiнiң мүлiктi иеленуден, пайдаланудан және оған билiк етуден шеттейтiн айқын дәлелдейтiн басқа да әрекеттер жасайды.

Меншiк құқығынан бас  тарту осы мүлiкке басқа тұлға  меншiк құқығын алған кезге  дейiн тиiстi мүлiкке қатысты меншiк  иесiнiң құқықтары мен мiндеттерiн  тоқтатуға әкелiп соқтырмайды.2

Меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша мүлiктен ақы өндiрiп алу, егер шартта өзгеше көзделмесе, сот  тәртiбiмен жүргiзiледi.

Ақы өндiрiп алынатын мүлiкке  меншiк иесiнiң меншiк құқығы заңдарда көзделген тәртiп бойынша меншiк  құқығы көшетiн адамның алып қойылған мүлiкке меншiк құқығы пайда болған кезден бастап тоқтатылады.

Егер заң құжаттарымен жол берiлген негiздер бойынша заң  құжаттарына сәйкес адамның өзiне тиесiлi бола алмайтын мүлiк оның меншiгiнде  болып шықса, бұл мүлiктi меншiк  иесi, егер заң құжаттарында өзге мерзiмдер белгiленбесе, осы мүлiкке меншiк құқығы пайда болған кезден бастап бiр жыл iшiнде иелiктен айыруға тиiс. Егер меншiк иесi мүлiктi көрсетiлген мерзiмде иелiктен айырмаса, ол сот шешiмiмен иелiктен ықтиярсыз айырылуға тиiс, бұл орайда меншiк иесiне мүлiктi иелiктен айыру жөнiндегi шығындары шегерiлiп, оның құны өтеледi.

Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның меншiгiнде заң  құжаттарымен жол берiлген негiздер бойынша сатып алуға арнайы рұқсат қажет етiлетiн зат азаматтың  немесе заңды тұлғаның меншiгiнде болып шықса, ал меншiк иесiне оны беруден бас тартылса, бұл зат осы меншiк иесiне тиесiлi бола алмайтын мүлiк үшін белгiленген тәртiп бойынша иелiктен айыруға тиiс.

Дүлей апаттар, авариялар, жұқпалы аурулар, iндеттер және төтенше  сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте мүлiк қоғам мүддесi үшін мемлекеттiк органдар шешiмi бойынша заң құжаттарында белгiленген тәртiп пен жағдайларда меншiк иесiнен оған мүлiктiң құны төлене отырып алып қойылуы мүмкiн (реквизиция).

Меншiк иесiне реквизицияланған мүлiктiң құны өтелген бағаны оны сот тәртiбiмен даулауына болады.

Мүлiктi реквизицияланған адам реквизиция жүргiзуге байланысты жағдайлар тоқтатылған кезде  сақталған мүлiктi өзiне қайтарып берудi сот арқылы талап етуге құқылы.

Заң құжаттарында көзделген  реттерде мүлiк меншiк иесiнен жасаған қылмысты немесе өзге де құқық бұзушылығы үшін санкция түрiнде сот тәртiбiмен тегiн алынуы мүмкiн (тәркiлеу).

Мемлекеттiк органның меншiк иесiнен мүлiктi алып қоюға  тiкелей бағытталмаған шешiмiне, соның iшiнде меншiк иесiне тиесiлi үй, өзге де қора-қопсы, құрылыстар немесе өсiмдiктер бар жер учаскесiн алып қою туралы шешiмiне байланысты қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығының заң құжаттарымен белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана меншiк иесiне құны тең мүлiк берiп және өзге де келтiрiлген залалдарын өтей отырып немесе меншiк құқығының тоқтатылуынан келтiрiлген залалдарын толық көлемiнде өтей отырып тоқтатылуына жол берiледi.

Меншiк иесi меншiк құқығын  тоқтатуға әкелiп соқтыратын шешiммен келiспеген жағдайда оны дау сот  тәртiбiмен шешiлгенге дейiн жүзеге асыруға болмайды. Дауды қарау кезiнде меншiк иесiне келтiрiлген залалдарды өтеудiң барлық мәселелерi де шешiледi.

Осы ережелер мемлекеттiк  органның мүлiк орналасқан тау баурайларын, су айдыны учаскелерiн және басқа  учаскелердi алып қою туралы шешiмiне байланысты тиiсiнше қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығы тоқтатылған кезде қолданылады.

Заңдарға сәйкес ерекше бағалы әрi мемлекет қорғайтын мәдени және тарихи қазыналарға жатқызылған  заттардың меншiк иесi бұл қазыналарды  күтiп ұстамай, бұл олардың өз мәнiн жоғалту қатерiн төндiрген реттерде мұндай қазыналарды мемлекет меншiк иесiнен сот шешiмi бойынша сатып алу немесе жария саудаға салып сату арқылы алуы мүмкiн.

Мәдени қазыналар сатып  алынған кезде меншiк иесiне –  тараптардың келiсуiмен, ал дау туған ретте сот белгiлеген мөлшерде олардың құны өтеледi. Жария саудаға салып сатқан кезде меншiк иесi сатудан түскен сома сауданы өткiзу шығындары шегерiлiп берiледi.

Меншiк құқығы тоқтатылған  кезде мүлiк оның нарықтық құны негiзге  алына отырып бағаланады.

 

Тапсырма:

1.                            Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша талқылауға дайындалу.

2.                            Тақырып бойынша глоссарий дайындау: ұлттандыру

3.                            Өзіндік  бақылау сұрақтарына жауап беру:

1.           Меншік құқығының қайшылық мәселелері

2.     Қазақстан  заңнамасындағы меншік құқығына қатысты қайшылық нормалар

3.     Шетелдік инвестициялардың құқықтық реттелуі

4.     Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестициялардың  құқықтық режимі

5.     ҚР меншігінің шет елдердегі құқықтық жағдайы

6.     Мемлекеттің меншік иммунитеті ұғымы

Пайдаланатын  әдебиеттер:

1.Кудашкина  В.К. Актуальные вопросы международного  частного права. –М.: 2004

  1. Сулейменов М.К. Международное частное право. Алматы, 1996
  2. Минков А.М. Международная охрана интеллектуальной собственности. Питер, 2001

 

 

 

 

7-дәріс. Сыртқы экономикалық мәмілелері.

Дәріс жоспары:

 

1-сұрақ. Сыртқы  экономикалық мәмліленің жалпы  сипаттамасы 

2-сұрақ. Сыртқы  экономикалық мәміленің коллизиялық  ережелері және оларды жою шаралары

Сыртқы экономикалық мәміле бұл халықаралық құқықтағы  ең күрделі, ауқымды және маңызды  тақырыптардың бірі болып табылады. Себебі, бұл кәсіпкерлік құқық  аясында жүргізіледі және мемлекеттің  экономикалық дамуына үлкен үлес қосады.  Сыртқы экономикалық қызметтің ішіне мемлекеттердің сыртқы сауда қызметі, халықаралық инвестициялық, валюталық және қаржы, несие операциялары, өндірістік кооператив және өзге де қызмет түрлері кіреді.  Сыртқы сауда қызметі ҚР-ң заңнамасы бойынша кәсіпкерлік қызметі ретінде танылады және ол халықаралық тауар, қызмет, интеллектуалдық қызмет нәтижелерін және оларға деген меншік құқықтары алмасу түрінде жүзеге асырылады.

Сыртқы сауда қызметінің субъектілері ретінде оның Қазақстандық және шетелдік қатысушылары танылады. Сыртқы сауда қызметінің қазақстандық қатысушыларына ҚР-ның заңдары негізінде құрылған және сол жерде тұрақты қызмет атқаратын жеке тұлғалар да жатады. Ал шетелдік қатысушылар ретінде шетел мемлекетінде тіркеліп құрылған және құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бар шетел мемлекетінің құқығымен анықталатын шетел азаматтары және құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі тұрғылықты жері бойынша анықталатын азаматтығы жоқ тұлғалар танылады.

Сыртқы экономикалық мәмілеге қатысты коллизиялық нормалар негізінен сыртқы саудаға қатысты зерттеледі. 

Сыртқы экономикалық мәміле дегеніміз – бір тарабы шетел азаматы немесе шетел заңды  тұлғасы болып табылатын және тауарларды шекарадан алып өтуге, немесе әкетуге байланысты мәмілелерді  айтамыз.

Яғни, 1) тараптардың бірі шетел азаматы немесе шетел заңды тұлғасы болып табылады және басқа мемлекетте орналасуы керек.

2) мәміленің пәні сыртқы  саудаға байланысты операциялар  болып табылады. Мысалы: тауар жеткізу,  мүлік жалдау, жүк тасымалдау  т.б.

Сыртқы экономикалық мәмілелерді ішкі мәмілелерден ажырата білу ерекшеліктері мыналар:

1. Тараптардың коммерциялық кәсіпорындары міндетті түрде екі мемлекетте орналасуы керек.

2. Олардың екі құқықтық жүйесі болуы керек.

3. Сатып алу – сату шартына байланысты тауарлар бір мемлекеттен екінші мемлекетке ауысқан жағдайда олар міндетті түрде шекараны кесіп өтуі керек.

4. Тараптар арасында  дау туындаған жағдайда тараптардың  өздері келісім бойынша қай  елде, қандай процедура бойынша  және қандай тілде қарастыруға  болатынын өздері шешеді.

2-сұрақ. Сыртқы  экономикалық мәміленің коллизиялық  ережелері және оларды жою  шаралары

Халықаралық жеке құқықтың субъектілерінің құқықтары мен  міндеттерін анықтайтын және тікелей  реттейтін материалдық-құқықтық нормалардан  ерекшелігі коллизиялық норма осы қатынасқа байланысты қай мемлекеттің құқығын қолдану керек екендігін көрсетеді.

ҚР АК-нің 1112-бабы тараптардың  сыртқы экономикалық мәміледегі құқықтары  мен міндеттерін тараптардың  келісімімен таңдалған елдің  құқығына бағынады деп көрсетілген.

Сыртқы экономикалық мәмілеге байланысты тараптардың құқықтары  мен міндеттері бағынатын құқықты  анықтау ҚР-ның заңнамасында тараптардың  еркіндігі қағидасына негізделеді (лекс волунтатис).

 ҚР заңы мұны  нақтылап, толықтырып көрсетеді,  яғни тараптардың өздерінің бекітілген мәмілелеріне қолданылатын құқықты өздері шарт жасап жатқанда немесе одан кейін өзара келісімдері негізінде таңдап алуға құқылы делінген. Бірақ ҚР-ң заңы бойынша шарттардың кейбір түрлеріне қолданылатын құқықты тараптардың таңдап алуына жол берілмейді, яғни, императивтік нормалар бекітілген. Ол ҚР АК-нің 1113-бабының 2 және 3 тармақтарында көзделген: 

1. Нысанасы қозғалмайтын зат болып табылатын шарт бойынша, құқықтар мен міндеттерге сол мүлік тұрған елдің құқығы, ал, ҚР мемлекеттік тізімге енгізілген мүлікке қатысты ҚР-ң заңы қолданылады.

2. Бірлескен қызмет немесе құрылыс мердігерлігі туралы шартта, қызметі жүзеге асырылатын немесе шартта көзделген нәтижелер жасалынатын елдің құқығы қолданылады.

3. Конкурстық сауда – саттық (аукцион, тендр) қорытындылары бойынша сол елдің құқығы қолданылады.

Информация о работе Халықаралық жеке құқықтың түсінігі