Халықаралық жеке құқықтың түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 20:21, лекция

Краткое описание

Халықаралық жеке құқықтың даму тарихы.
Халықаралық жеке құқықтың пәні: негізгі белгілері.
Халықаралық жеке құқықтың құқық жүйесіндегі орны.

Прикрепленные файлы: 1 файл

8 Сборник лекций Туризмдегі бух.есептің ерекшеліктері.doc

— 484.00 Кб (Скачать документ)

ҚР- да шетелдік азаматтардың әрекет қабілеттілігі  оның жеке заңы арқылы анықтау қағидасына 3 шектеу бар:

1. ҚР-ның аумағында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың мәміле жасау мәмілесі, яғни шетелдік азамат Қазақстанда сатып алу-сату, кепіл, айырбастау және басқа да келісім шарттар жасасқаннан кейін өз жеке заңына сілтей отырып яғни жеке заң бойынша тиісті жасқа толмауына байланысты жасалған келісім-шарттардың дұрыстығы мен заңдылығына дауласа алмауы.

2. ҚР-сы аумағында шетел азаматының зиян келтіру салдарынан туған жауапкершілігінің азаматтық әрекет қабілеттілігін Қазақстандық құқықпен анықтайды.

3. ҚР-дағы шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың әрекет қабілеттілігін шектеу, оларды хабар ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп тануды ҚР- ның заңнамасымен жүзеге асырады.   

3 Қазақстан Республикасында  шетел заңды тұлғаларының құқықтық  жағдайы   

Заңды тұлғаға қатысты халықаралық  жеке құқық теориясында 2 ұғым қолданылады:

1. Заңды тұлғаның жеке  мәртебесі 

2. Заңды тұлғаның ұлттылығы. 

Заңды тұлғаның жеке мәртебесі  дегеніміз – ол заңды тұлғалардың  құқықтық жағдайын анықтау.

Заңды тұлғаның ұлттылығы  дегеніміз – ол белгілі бір  заңды тұлғаның, белгілі бір мемлекетпен байланысын білдіреді.

Қазақстан заңы бойынша, заңды тұлға құрылған елдің құқығы осы заңды тұлға заңы болып  саналады.

Заңды тұлғаның азаматтық  құқық қабілеттілігі де осы заңды  тұлғаның жеке заңымен реттеледі.

Заңды тұлға дегеніміз  – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.  

Қазақстан республикасындағы  заңды тұлғаның құқықтық жағдайы  ішкі заңмен және халықаралық шарттармен реттеледі.

Шетел заңды тұлғасы  болып, шетел мемлекетінің заңына сәйкес, ҚР аумағынан тыс жерде құрылған заңды тұлға саналады.

Қазақстан аумағындағы шетел заңды келесі нысандарда әрекет етеді.

1. Шетел кәсіпорындары.

2. Бірлескен кәсіпорындар

3. Филиалдар

Шетел кәсіпорындары  – ол ҚР-ң заңына сәйкес, ҚР-ң аумағында  шетелдіктердің қатысуымен құрылып, әрекет ететін заңды тұлға.

Бірлескен кәсіпорындар – ҚР-ң заңына сәйкес, ҚР құрылып әрекет ететін, шетелдіктердің және ҚР-ы азаматтарының қатысуымен құрылатын заңды тұлға.

Филиалдар дегеніміз  – ҚР аумағында, шетел заңды тұлғаларының филиалы ретінде тіркеліп әрекетететін және оның қызметін атқаратын шетел заңды тұлғасының бөлімшесі.

Тапсырма:

1.                            Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша талқылауға дайындалу.

2.                            Тақырып бойынша глоссарий дайындау: шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлға, босқындар, мемлекет иммунитеті, консорциум

3.                            Өзіндік  бақылау сұрақтарына жауап беру:

1.           Шетел азаматтарының әрекет қабілеттігі мәселелері

2.           Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы. Оларды реттейтін заңдық актілер

3.           Халықаралық жеке құқықтың субъектісі ретіндегі мемлекеттің құқықтық мәртебесі.

4.           Мемлекет иммунитетінің ұғымы және түрлері   

Пайдаланатын  әдебиеттер:

1.Ерпылева  Н.Ю. Международное частное право:  Учебник. – М.: ТК Велби, Изд.проспект, 2004

  1. Кудашкина В.К. Актуальные вопросы международного частного права. –М.: 2004
  2. Сулейменов М.К. Международное частное право. Алматы, 1996

 

 

 

6-дәріс. Халықаралық жеке құқықтағы заттық құқықтар.

Дәріс жоспары:

1. Халықаралық жеке құқықтағы заттық құқықтың коллизиялық мәселелерi

2. Халықаралық жеке құқықтағы меншік құқығының ұғымы

3. Заттық құқықтың пайда болуы мен тоқтатылуы.

1. Халықаралық  жеке құқықтағы заттық құқықтың  коллизиялық мәселелерi

Көптеген мемлекеттердiң  заңнамаларында қозғалмайтын мүлiк  құқығы мен қозғалатын мүлiк құқығының арасындағы айырмашылықтар жүргiзедi. Қозғалмайтын мүлiк қатынастарындағы заңнамаларында, осы мемлекеттердiң сот практикасы мен доктринасында, қозғалмайтын мүлiктiң меншiк құқығына сәйкес қағидасын ұстанады және мүлiктiң орналасқан жерiнiң заңымен реттеледi. Бұл заң қозғалмайтын мүлiкке деген меншiк құқығының мазмұнын және мүлiкке құқықтың нысаны мен шарттарын өтуiн анықтайды.

Қозғалатын мүлiктiң  ережесi едәуiр күрделi болып келедi. Бұған әдетте: ақша, бағалы қағаздар, көлiк құралдары, жеке заттар т.б. құқық талаптары жатады. Осы санаттағы қатынастар кез-келген мемлекеттердiң мүлiктерi заттың орналасқан жердiң заңының қағидасы жөнiндегi мәнi бойынша мәселелерi әртүрлi шешiледi. Алайда, қозғалатын мүлiктiң режимi қатынастарында, жоғары да көрсетiлген қағида бойынша шешушi маңызға ие.

Бiрiншiден, жалпы танылған болып есептелiнедi, егер кез-келген мемлекетте зат заңды түрде сол  мемлекеттiң заңы бойынша меншiк  белгiлi бiр тұлғаға өтсе, онда заттың орналасқан жердiң өзгеруi, берiлген заттың меншiк құқығы сол меншiк иесiмен сақталынады. Сонымен, шетелде иеленген затқа меншiк құқығы танылады.

Екiншiден, егер  меншiк  иелену құқығының ауқымдылығы заттың орналасқан жердiң заңымен белгiленсе, жалпы танылған болып есептелiнедi. Осыдан келiп, заттың бiр мемлекеттен басқа мемлекетке өтуi (әсiресе қозғалатын мүлiкпен болған кезде), сәйкесiнше меншiк иелену құқығының мазмұны да өзгередi. Осыдан заттың белгiлi бiр мемлекетке өтуiне дейiн, меншiк иеленушiнiң қандай құқықтарға ие екенi ешқандай маңызы жоқ. Затқа деген меншiк құқығы, мысалы шетелдiктiң өзiнiң туған жерiнде иеленген болып танылса, бiрақ бұл құқықтың мазмұны оның мемлекет азаматтығының заңымен емес, заттың орналасқан жердiң заңы бойынша анықталады.

Халықаралық жеке құқықтың доктриналарында әртүрлi көзқарастар бар, яғни қандай заң меншiк құқығының ауысуын реттейдi, егер заттың орналасқан жерi басқа  мемлекетте пайда болса. Бiр  мемлекеттердiң доктринасында заттың орналасқан жердiң заңын қолдану туралы айтылса, басқа мемлекеттерде меншiк иеленушiнiң жеке заңын қолдануды қалайды.

Ұлыбританияда және АҚШ-та ұзақ уақыт бойы, қозғалатын мүлiк  құқығына, меншiк иеленушiнiң жеке заңының қағидасына сәйкес анықталынады. Дайси курсында жеке заңның қағидасынан  заттың орналасқан жердiң қағидасына ауысуына көңiл бөлген.

Францияның заңы бойынша  меншiк құқығының қозғалатын мүлiкке  ауысуы заттың орналасқан жердiң заңымен  анықталады; сол кезеңде мұрагерлiк  құқықта мүлiктiң ауысуы мұра ретi бойынша,  жиi болып, мұра қалдырушының жеке заңы бойынша анықталады. Алайда, жеке заңның қағидасы қазiргi заманғы доктринада жалпы ереже ретiнде ерекше түрде қарастырылады. Бұл қағида тек бөлек мемлекеттердiң заңнамаларында (Аргентина, Бразилия) сақталуын жалғастырады.

Сонымен, ереже ретiнде, lex rei sitae қағидасы жалпы қандай заттар меншiк құқығының объектiсi бола алады, меншiк иеленушiнiң құқықтары мен мiндеттерiнiң көлемi мен мазмұны және әсiресе жиiрек меншiк құқығының пайда болуы, ауысуы мен тоқтатылуын анықтайды.

Сонымен қатар, меншiк  құқығының қатынастарынан шығатын  коллизиялық мәселелер жеке халықаралық келiсiмдерiмен де реттелiнедi.

«1958 жылғы Халықаралық  сатып алу-сату туралы» Гаага  Конвенциясы, «1948 жылғы Әуе кемесiнде  халықаралық құқықты тану туралы»  Женева Конвенциясы, 1928 жылғы Бустаманте Кодексi т.б.

1958 жылғы Гаага Конвенциясында меншiк құқығының мәселесi шешiлген. Бұл Конвенцияда, меншiк құқығының ауысуы және  заттың, тауардың кездейсоқ жойылуы кезiнде, бұл зат немесе тауар орналасқан жердiң заңы қолданылады деп жазылған.

1948 жылғы Женева Конвенциясында  айтылғандай, меншiктiң мәселелерi әуе кемесi тiркелiнген мемлекеттiң заңымен шешiледi. Орталық және Латын Америка мемлекеттерi арасындағы қатынастарды реттейтiн Бустаманте Кодексiнде, меншiк құқығының қағидаларының  шешiлуi заттың орналасқан жерi болып табылады. Қозғалатын және қозғалмайтын мүлiктiң орналасқан жердiң заңымен, сонымен қатар осы мүлiкке қатысты ескiру мерзiмi туралы мәселенi реттейдi.

Бұл қағида көптеген мемлекеттердiң  меншiк мәселесiн реттейтiн заңнамаларын анықтаушы болып табылады. ФРГ  мен Швейцарияда билiк ету ескiру қажеттiлiгi он жылға белгiленген; бұл мерзiм бiткеннен кейiн ерiктi иеленушi бұл заттың иесi болады, яғни бұл егер сол не басқа зат ФРГ немесе Швейцарияда орналасқан болып, басқа мемлекеттiң жеке тұлға не, заңды тұлғалары сол затты талап етсе, сот сәйкесiнше, Германия немесе Швейцарияның азаматтық заңнамасын қолданады және Кодекстерде белгiленген билiк етудiң ескiру шегiне басшылық етедi.

Қазақстан Республикасында  меншiк құқығы зат қай мемлекетте орналасқан  жердiң заңы бойынша  анықталады. Сондай-ақ затқа деген меншiк құқығы пайда болған, оның орналасқан жердiң заңымен тоқтатылмайды, өйткенi зат бiр жерден екiншi жерге ауысатын болып табылады.

Сол немесе басқа мемлекеттердiң  үкiметiмен шетел мемлекеттерiнiң  азаматтары концессиялық шартқа отырған кезде, қатынастарды ескеру қажет. Қазақстанның тарихында революцияға дейiнгi уақытта және Кеңес Үкiметi кезеңiнде бiрнеше концессиялық шарттар жасалынған. Кеңестiк кезеңде, Кеңес Үкiметiмен жасасқан концессиялық шарттар құқықтық тұрғыда емес, бұзылған және шетел концессионерлерi мемлекеттен кетуге мәжбүр болды.

Концессиялық шарттар  халықаралық болып аталуы немесе аталмауы мүмкiн. Осыған байланысты, шартқа қол қойған мемлекет шартты бұзбауы  керек, егер де мұндай шарттың тоқтатылуы жариялық сипатпен болса, онда мемлекет концессионерге барлық шығындарын және осыған байланысты жiберiлген пайдаларын да өтеуге мiндеттi.

Мемлекеттiк тiркелуге  тиiстi  көлiк құралдары мен  өзге де мүлiкке заттық құқық осы  көлiк құралдары немесе мүлiк мемлекеттiк  тiзiлiмге енгiзiлген елдiң құқығы бойынша анықталады.

Халықаралық практикада ерекше күрделi жағдайлар, бұл жолдағы  тауар шарттың пәнi болып табылса. Мысалы, тауар теңiз немесе темiр  жол арқылы тасымалданса, ал тараптар заттың жолда келе жатқан кезiнде  оған меншiк құқығының ауысуы туралы шарт жасаса, онда қандай құқықты қолдану керек: тауарды жiберген елдiң, тауарды тағайындаған немесе заттың орналасқан кез-келген межелi пунктiнде? Бұл жағдайда заң затты жiберген жердiң заңын қолданады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң 1110-бабына сәйкес, мәмiле бойынша жолда келе жатқан қозғалатын мүлiкке меншiк құқығы және басқа да заттық құқықтар, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, осы мүлiк жөнелтiлген елдiң құқығымен анықталады.

Меншiк  құқығы  мен  өзге  де  заттық  құқықтарды қорғауға   арыз   берушiнiң   таңдауы   бойынша мүлiк тұрған елдiң құқығы  немесе сот елiнiң құқығы  қолданылады .

Қозғалмайтын мүлiкке  меншiк құқығы мен өзге де заттық  құқықтарды  қорғауға  осы мүлiк  тұрған елдiң құқығы қолданылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген мүлiкке қатысты Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.

 

2. Халықаралық  жеке құқықтағы меншік құқығының  ұғымы  

 

Әр құқық жүйесінде  меншік құқығы ол негізгі орталық  институт болып табыады. Сондықтан әр мемлекеттің конституциясында меншік құқығының мәртебесі бекітілген. Мысалы, Ресей мен Франция заңы бойынша меншік құқыы дегеніміз- ол заңмен танылып қорғалатын белгілі бір мүлікті иелену, пайдаану, билік ету болып табылады. Меншік құқыына байланысты колезиялық (мәселеерді, сұрақтарды) шешуде заттың орналасу жерінің заңы Лекс рай ситае негізгі қағида ретінде танылады. Бұл ереже бір мемлекетте, белгілі бір затқа меншік құқығын анықтауда көмек көрсетеді. Меншік жөніндегі мәселелер халықаралық шарттармен қозғалады. Ол 1958 халықаралық сатып алу сату жөніндегі конвенция 1948ж әуе кемелеріне деген құқықты халықарлық тану жөніндегі  Женева Конвенциясы Гетементе кодексі яғни, меншік жөніндегі мәселер осы халықаралық шарттармен, конвенциялармен шешім тапқан. Женева конвенциясында меншік құқыына байланысты заттардың абайсызда немесе қасақанада жайылу тәуекелі кезінде оның араласқан жерінің заңдарын қолдану бекітіледі. Сатылатын тауарға деген меншік мәселелері 1988 ж “Тауарларды сатып алу сату”туралы БҰҰ Бас Асамблеясының  шешіміне негізделеді. Латын америка мемлекеттерінің ара қатынастарын реттейтін Вустаманте кодексінде жазылған меншік құқы мәселелерін шешуде бастапқы қағида заттың орналасу жерінің заңы болып табылады. Гермения мен Шветция заңы бойынша затты адал шиеленуші 10 жылдан кейін оған меншік иесі бола алады. Бұл Гермения Азаматтық Кодексінің 937-бабы Шветция Азаматтық Кодексінің 728-бабы бекітілген. Сондықтан Германиямен Шветциядағы орналасқан мүлікке ие болам деген тұлғлар олардың заңдарында бекітілген 10 жыл ұзақ уақыт иелену мерзімімен басшылыққа алады. Қазақстан заңы бойынша барлық заттар жылжитын және жылжымайтын болып бөлінеді. Бұл қағида өте маңызды. Өйткені бұл заттардың жіктелуі белгілі бір мемлекет заңын қолдануды қамтамасыз етеді. Мысалы, Қазақстанда жылжымайтын мүліктер басқа мемлекеттерде жылжитын мүлікке жатқызылуы мүмкін. 

Қазақстан заңы бойынша  меншік құқығы дегеніміз - ол заңмен танылып  қорғалатын белгілі бір мүлікте (не затты) иелену, айдалану және басқару  болы табылады. Меншік құқығының белгілеріне: 

Иелену құқыы дегеніміз - заң жүзінде қатамасыз етілген мүлікке иелік ету құқығы боып табылады. Иеленудің түрлері:  

Информация о работе Халықаралық жеке құқықтың түсінігі