Халықаралық жеке құқықтың түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 20:21, лекция

Краткое описание

Халықаралық жеке құқықтың даму тарихы.
Халықаралық жеке құқықтың пәні: негізгі белгілері.
Халықаралық жеке құқықтың құқық жүйесіндегі орны.

Прикрепленные файлы: 1 файл

8 Сборник лекций Туризмдегі бух.есептің ерекшеліктері.doc

— 484.00 Кб (Скачать документ)

Сөйтіп, өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау қағидалары түбірімен өзгерген, демек, жаңа қатынастар бүтіндей өзгеше құқықтық базаны қалыптастыруды талап етті.

1992 жылы Ұлттық Патенттік  ведомство патенттеудің бірегей жүйесін қалыптастырды және оның құқықтық реттелуін Қазақстан Республикасының Патент Заңында бекітті. Бұл жүйені кейіннен Орталық Азия, Кавказдың көптеген тәуелсіз мемлекеттері және Украина да қолдады.

Бұл патенттеу жүйесі бойынша қарапайым тіркеу мен  сраптама элементтері бірігеді. Біздің жүйенің келімдік және тіркелімдік сипаты патенттің формальды сараптама жүргізгеннен кейін берілетіндігінде көрінеді. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 22-бабы формальды сарптама кезінде қажетті дәлелдемелердің болуы, оларға қойылатын негізгі талаптардың сақталуы және өтінім берілген ұсыныстың құқықтық қорғау берілетін объектілерге жататындығы тексерілетіндігін бекітеді.

Патент мәні бойынша  сараптама жүргізілгеннен кейін  беріледі. Оның жүргізілу барысында  өтінім берілген шешімнің патентке қаблеттігі талаптарына сәйкестігі анықталады.

Өнертабыс пен өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент пен патент және пайдалы модельге патент «қорғау  құжаты» түсінігімен бірігеді.

Қазақстан бір өнертабысқа  екі қорғау құжаты – заңды сарап қорытындысы бойынша алдын ала патент пен өнертабыс немесе өнеркәсіптік үлгі сараптамасы қорытындысы бойынша патент берілуі мүмкін екені жөнінде соны жүйе жасады.

Бұл екі қорғау құжатының  аумақтық  (тек Қазақстан Республикасы) және уақытша әрекет ету шегі бар. Өнертабысқа алдын ала өтінімнің патент ведомтвосына берліген күннен бастап Қазақстан Республикасы аумағында бес жыл бойы, патент иесінің өтініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ үш жылдан аспауы керек.

Өнеркәсіптік үлгіге алдын ала берілетін патент өтінімнің патент ведомствосына берліген күннен бастап бес жыл әрекет етеді. Өнеркәсіптік үлгіге патент – он жыл бойы күшін сақтайды, патент иесінің өтініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ бес жылдан аспауы керек.

Өнеркәсіптік үлгіге алдын ала берілетін патент –  он жыл бойы күшін сақтайды, патент иесінің өтініші бойынша бұл  мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ бес жылдан аспауы керек.

Патент – patent – мына мән-жайларды:

1) аталған техникалық шешімнің өнертабыс екендігін;

2) авторы болып белгілі бір тұлға екендігін;

3) аталған тұлға немесе оның мқрагері осы өнертабысқа айрықша құқық иеленетіндігін куәландыратын құжат. Патент оны берген ведомство мемлекеті аумағында әрекет етеді. Шетел құқығы бойынша, лицензия немесе патент алу туралы келісімге қол жеткізілген кезде, иесіне сыйақы төлей отырып, патентті қол жеткізілген кезде, иесіне сыйақы төлей отырып, патентті мемлекет немесе оның еркі бойынша белгілі бір ұйымның қолданылуына мәжбүрлеп сатып алынуы мүмкін. Көптеген елдерде көзделген патент иесінің құқықтарын қорғау шараларының бірі ұқсас өнертабыс көрінетін бұйымдарды енгізуге жаза қолдану болып табылады (өтемақы, келтірілген зиянды жою туралы талап арыз қою т.б.). патент беру әр елде оның патент құқығы нормаларына сәйкес жүргізіледі. Өнертабысқа келесі талаптар қойылады: «өнертапқыштық денгей», «прогрессивтілігі», «қолданылуға жарамдылығы» және міндетті түрде жаңалығы. Кейбір елдерде жаңалығын бұл жағдайлардың қайда болғанына байланыссыз мемлекет ішінде немесе шетелдерде жариялануы мен қолданылуы бұзады, тежейді. Екінші рет басқа мемлекеттерде өнертабыс жаңалығын өз мемлекетінде де, шетел елінде де жариялау мен қолдану бұзады. Ал өзге мемлекеттерде өз мемлектінің аумақтық сипаты ғана болмау үшін халықаралық келісімдер жасасу қолданылады.

Патенттеу мақсаты –  сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.

Патенттің негізгі қызметі  – жаңалқты еңгізетін тұлғаға  монополины қаматамасыз ету болып табылады.

Патенттік қорғау келесі аспектілермен сипатталады:

Аталған объектілердің  барлығы біздің мемлекетімзде қолдагылады.

Патентке негізделген  құқықтар мемлекеттің берген құқықтары болып есептеледі.

Бұндай қатынастар өзаралықпен  анықталады. Мемлекет беріп отырған  құқықтарға жауап ретінде патент иесі мемлекет пен қоғамға танлмай  қалуы мүмкін болған өнертабыс ашады. Осындай өзаралық патентті шарт ретінде  қарасытруға мүмкіндік береді. Оның талаптары қорғау құжатында емес, патент заңнамасында сипатталғандай болады.

Патенттің монополия  және өнеркәсіп меншігінің объектісі  ретінде түсінігі аса кең тараған. Патент иеленуші өзінің өнертабысын  пайдалануына айрықша құққты иеленеді., аталған монополиялық ұқсастық меншік иесінің өз құқықтарымен сипатталады. Құқығы жоқ тұлғаның бұл оюъектіні пайдалануы заңсыз деп есептеледі.

Патент берілетін  интеллектуалдық меншіктің негізгі  объектілері 

Өнертабыстар

Өнертабыс түсінігі мен  объектілері.

Белгілі бір өнертабыс негізі болған шығармашылықтың денгейін бағалау қажет болғандықтан, өнертабыс түсінігінің объективтік анқтамасын беру мүмкін емес. Сондықтан,  Қазақстан Республикасының Патент Заңында бұл түсініктің анықтамасы берілмеген, тек оған қойылатын талаптар көрсетлген:

- жаңалығы;

- өнертапқыштық денгейдің  болуы;

- өнеркәсіпте қолдануға  болатын техникалық шешімнің  болуы.

Егер өнертабыс осы  аталған талаптарға сай болса, оған Қазақстан Республикасы

Патент Заңының 6-бабына сәйкес қорғау қамтамасыз етіледі. Алайда, өнертабысты мәселесінің шығармашылық-техникалық  шешімі ретінде анықталатын құбылыс ретінде қарастыру заңды. «Техникалық шешім» термині техниканың әр түрлі салаларындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету құралы ретінде, сонымен қатар, мысалы, жаңа музыкалық аспап жасау арқылы өнер; спорт көмекші құралдарын жасау арқылы медицина және т.б. салаларда кең мағынада қолданылады. Осылай ауруды емдеу әдістері техниканың жалпы түсінігіне жатпайды. Бұған қарамастан, емдеудің терапиялық әдістері емедеу құралдарын нақты белгіленген мөлшерде, белгілі бір уақыт ішінде, белгілі бір кезектілікпен және т.б. қолданды меңзейтіндіктен, бұл арқылы емдеу техникасы анықталады. Бұл мағынада емдеу тәсілдері техникалық шешім ретінде қарастырылады. Осылай, өнертабыс арқылы техника, ауыл шаруашылық, мәдениет, білім бер алаларындағы әр түрлі мәселелер өз шешімін табады, бірақ бұл жерде өзге (экономикалық, әкімшілік, ұйымдастырушылық т.б.) техникалық әдістер мен құралдар қолданылмауы тиіс.

Әрбір өнертабыс белгілі  бір объектіні, яғни қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыра алатын техникалық құралды сипаттайды. Өнертабыс объектілерінің түрлері қойылған мақсатқа жету үшін техникалық шешімдерде көрсетілген құралдарға тәуелді анықталады.

Құрылғы, әдіс, зат, микроорганизмдердің, өсімдіктер мен хайуанаттар клеткаларының тегі, сондай-ақ бұрыннан белгілі құрылғы, әдісті, затты текті жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектілері бола алады.

Өнертабыс объектілерін нақтылау патент иесінің құқықтары  көлемін анықтау  заңмен қорғалатын өнертабыстың пайдаланылуын бақылау мүмкіндігі үшін құққтық маңызы зор.

Құрылғы - өнертабыс объектісі  ретінде. Өнертабыс объектілері  ретінде құрылғыларға конструкторлар мен бұйымдар жатады. Кеңістікте орналасқан бір-бірімен тығыз байланыстағы элементтер жүйесі құрылғы болып танылады. Бұл машиналар – мысалы, «Қар жинаушы машина»; құрылғылар – «Магниттік өріс көрсеткіші»; механизмдер – «Шарнир механизмы».

Жетілдірілген құрал, мысалы, «геологиялық балға», «қозғалатын пышақ» немесе қандай болмасын құрал, мысалы, «теміржол вагонының жедедіткіш құралы», «мотоцикл рамасына қатысты рульды ұстап тұратын гидравликалық  құрал» объект – құрылғы санатына жатқызылуы мүмкін.

Құрылғы болып көлік  құралдары, жабдық, құрылыстар, сонымен  қатар, әр түрлі бұйымдар танылады –  мысалы, «әмбебаптық оқу партасы». Электр сызбалары да құрылғының бір түрі болып табылады.

Патенттік қоргғалуға құрылғының өзі ғана емес, олардың бөлек элементтері  де: түйіндері, бөлшектері т.б. жатады.

Құрылғы өнертабыс объектісі ретінде келесі конструктивтік белгілермен сипатталады:

Бұл олардың кең таралуын анықтайды.

Тәсіл өнертабыс объектісі  ретінде. Өнертабыс объектісі ретінде тәсілдерге материалдық объектілер көмегімен материалдық объектілерге әрекет ету үрдістері жатады. Тәсіл – белгілі бір тәртіппен немесе белгілі бір ережелерде сақтау арқылы орындалатын әдістер жиынтығы.

Материалдық объектілерге әрекет ету үрдістері ретінде  тәсілдерді былай бөлуге болады:

- өнім (бұйымдар, заттар  т.б.) өндіруге бағытталған әдістер, мысалы, «құрылыс материалын жасау тәсілі», «ацетилен алу әдісі»;

- белгілі бір өнім  алмай материалдық заттардың  жағдайының өзгеруіне бағытталған  әдістер «тасымалдау, реттеу, өндеу  т.б.). Мысалы, «жер өндеу тәсілі»,  «электромагниттік клапанды басқару әдісі»;

- нәтижесінде материалдық  дүние заттарының жағдайы анықталатын  әдістер (бақылау, өлшеу, болжамдау  т.б.). Мысалы, «аса таза кварц шыққан  жерін іздестіру әдісі».

Өнімдер алу әдісіне  берілген қорғау құжаттарының күші тікелей  осы әдіспен алынған өнімге де таралады.

Патенттер аурудың алдын  алу, болжамдау және емдеу әдістеріне де беріледі мысалы, «тістер кариесін алдын алу әдісі», қан қысымын  болжамдау әдісі».

Тапсырмалар:

1. Халықаралық мәдени  ынтымақтастық және авторлық  құықты халықаралық қорғау

2. Бүкіләлемдік Интеллектуалдық  меншік Ұйымын бекіткен 1967 ж. 14 сәуірдегі  Стокгольм Конвенциясы

3. Авторлық құқық туралы 1952 ж. Бүкіләлемдік Конвенция,  оның сипаттамасы

4. 1886 ж. Берн Конвенциясы

5. 1971 ж. Париж Конвенциясы

 

 

11-лекция. Халықаралық жеке құқықтағы неке-отбасы қатынастары.

Лекция жоспары:

  1. Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық сұрақтар.
  2. Некеге отыру және некені тоқтату
  3. Ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы құқықтық қатынастар.
  4. Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу, қамқоршылық пен қорғаншылық институттары.

1. Отбасы құқығы  саласындағы коллизиялық сұрақтар  

Қазақстан Республикасының  отбасы және неке заңында, сондай-ақ, халықаралық  жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормаларда отбасы құқығы, некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып табылады.

Халықаралық жеке құқықтағы  отбасы және неке қатынастарын реттейтін  нормалар қатарына балалар құқықтарын қорғау  және халықаралық бала асырап алу туралы 1993 жылғы 29 мамырдағы Халықаралық Конвенция, Адам құқықтары туралы Жалпыға бірдей Декларация, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды қорғау туралы Халықаралық пакт, Азаматтық, отбасылық және қылмысытық істер бойынша құқықтық қатынстар және құқықтық көмек туралы 1993 жылғы 1 қаңтардағы Минск Конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңымен 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификацияланған Шет елден алимент өндіріп алу туралы 1962 жылғы 5 қыркүйектегі Конвенция, Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы 1966 жылғы халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтары туралы пактінің факультативты протоколы, Бала құқығы туралы 1959 жылғы халықаралық Декларация, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1959 жылғы балалар құқығы туралы Конвенциясы, балаларды халықаралық ұрдау және азаматтық туралы Коненциялар жатады. Қазсқтан осында көптеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады.

Отбасы – қоғамның ең басты ұясы, Сондықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім-кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және қорғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар заматтардың кемелденуіне және қоғамның мүдделеріне байланысты туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау қажет. Отбасы құқығы бойынша неке – бұл ерлі-зайыптылар арасндағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды тұғызатын, отбасын құру мақсатым


Информация о работе Халықаралық жеке құқықтың түсінігі