Халықаралық жеке құқықтың түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 20:21, лекция

Краткое описание

Халықаралық жеке құқықтың даму тарихы.
Халықаралық жеке құқықтың пәні: негізгі белгілері.
Халықаралық жеке құқықтың құқық жүйесіндегі орны.

Прикрепленные файлы: 1 файл

8 Сборник лекций Туризмдегі бух.есептің ерекшеліктері.doc

— 484.00 Кб (Скачать документ)

 Экспортты несиелеу 50-жылдардан басталды. Оған сату  нарығындағы күрестің шиеленісуі  ықпал етті. Сыртқы сауда операцияларын  қаржыландыруға арналған жеке  капиталдардың ұлтгық нарығында  шетелдік ұзақ мерзімді займдарды орналастыру несие беру құралының көзі регінде соғысқа дейінгі ролін қалпына келтіре алды. Бұл негізінен, соғыс жылдарындағы инвесторлардың мұндай

 операцияларға деген  сенімсіздігінің өсуіне себеп  болды. Дамушы елдердің экономикалық  және саяси тұрақсыздығы инвесторларды ондай бағалы қағаздарды сатып алудан бас тартуға итермеледі. Мұндай займдарға кредитор-елдердің үкіметінен және сауда-өнеркәсіп тарапынан қолдау болмады, сондықтан да оларды алушыларға сол елдің тауарларын сатып алуға мүмкіндік туғызды.

 Сыртқы сауда операцияларын  қаржыландырудағы қажет-тілік халықаралық  коммерциялық несие берудің басқа  да формалары есебінен қанағаттандырылды:

- шетелдік сатып алушыларға  тауарларын шығара-

 тын өндірушіге  тікелей берілетін фирмалық несиелер;

- экспортталатын бұйымдар  мен көрсетілетін

 қызметтерді жабдықтаушылары  мен сатып

 алушыларына берілетін  банктік несиелер;

 • әр түрлі мемлекетаралық  келісімдер шегінде берілетін

 несиелер.

 

Халықаралық валюта несие  қатынастары бөлу, айырбастау, тұтыну салаларына жатады. Өндіріс салаларынан еркін және төлем балансында көрініс тапқан, халықаралық экономикалық қатынастардың барлық формаларының  аяқталғандығын білдіреді. Сонымен бір мезгілде олар салыстырмалы түрде дербес болып саналады, ұлттық экономика мен халықаралық экономикалық  қатынастардың бүкіл жүйесіне кері әсерін тигізеді.

 

 Әлемдік валюта  жүйесі, ұлттық экономиканың өзара  тәуелділігінің күшеюімен әлемдік  шаруашылық байланыстарымен келісілген, ақша- экономикалық қатынастарының  жиынтығын білдіреді. Халықаралық еңбек бөлінісі, тауарлы өндіріс пен әртүрлі елдер арасындағы  сыртқа сауда оның базасы болып саналады.

 

 Әлемдік валюта  жүйесінің құрамды элементтері:

 Халықаралық төлем  құралдарының белгілі бір жиыны  (ұлттық, шетелдік және ұжымдық  халықаралық валюта);

 Валюта бағамы және  валюта өлшемі (паритеті) мен еркін  айналым жасаушылығын қоса алғандағы,  валюта айырбастау тәртібі;

 Халықаралық айналымды  валюта-төлем құралдарымен қамтамасыз  етудің тетігі (механизмі);

 Халықаралық есеп  айырысу формалары мен валюта және алтынның халықаралық нарығының тәртібін ретке және жүйеге келтіру;

 Валюта қатынастарының  тәртібін реттеуші, мемлекетаралық  институттардың мәртебесі;

 Әлем шаруашылығының  сыртқы экономикалық қызметімен  байланысты халықаралық есеп  айырысу мен несие операцияларын жүзеге асырушы халықаралық және ұлттық банк мекемелерінің жүйесі.

 

 Әлемдік валюта  жүйесіндегі барлық төлем мен  есеп айырысу операциялары, аталмыш  ұлттық валюта ақша бірлігінің  бағасы басқа ел валюталарының  ақша бірлігінде көрінетін валюта бағамдарының  негізінде жасалады.

 

 Алғашқы беттегі  валюта бағамы (курсы) алтын мен  және оның құнымен, ұлттық валютаның  алтын құрамымен, валюталарды  пайдалану арасындағы қарама-қайшылық  тереңдей түседі. 60-шы жылдардың  ортасында доллар стандарты, капиталистік әлемдегі Батыс Еуропа мен Жапонияның пайдасына өзгеруші күштер арақатынасының сәйкес келушілігін доғарды, әлем экономикасындағы тұрақсыздық империалистік шилініс  факторына айналды.

 

 Бреттон-Вуд жүйесіндегі  құрылымдық дағдарыс 1971-1973 жылдары  оның барлық қағидаларының үзілуіне алып келді: доллардың алтынға бөлшектенуі тоқтатылды, алтынның ресми бағасы алынып тасталды, белгіленген бағамдар  тәртібі еркін айналыстағы бағамдармен ауыстырылды.

 

 Жаңа әлемдік валюта  жүйесі, алтынның демонитизациялануына  белгілеген және валюталардың алтын өлшемдерін жойған, алтындоллар стандартының күйреуі 1976 жылғы Ямай  келісімімен заңдастырылды. “Қарыз алудың арнайы құқығы” валюта жүйесі негізінде жарияланды. Әрбір ел, валюта бағамының тәртібін өздерінің қараулары бойынша таңдау құқығын алды. Валюта бағамдарының әртүрлі тәртіптеріндегі валюталар жүйесі қалыптасты. 1979 жылдан бастап әлемдік валюта жүйесі шеңберіндегі аймақтық деңгейде, өзінің есеп айырысу бірлігі – ЕВРО енгізілді. Толыққанды ұжымдық халықаралық валюта болып саналатын ЕВРО Еуропалық валюта жүйесі (ЕВЖ) қызметін жүргізеді. Доллардың өктемдігінен “Ортақ нарықты” қорғау, Еуропалық валюта жүйесінің (ЕВЖ) негізгі мақсаты болып саналады.

2. Мемлекеттік валюта  ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:

экономиканың мемлекеттік секторының — кәсіпорындардың, ұйымдардың, компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың және т.т. өнімін, тауарларын және қызметін экспортқа шыеарудан түскен түсім -ақшадан;

тауарлар мен жүктердің кеден  шекарасы арқылы қозғалысы жөніндегі операцияларды дайындау кезіндегі шетел валютасындағы кеден баждарынан, басқа төлемдерінен;

келісімшарттардың, мәмілелердің, контракттардың шетелдік қатынасушылары төлейтін салықтардан, бонустардан, роялтилерден түсетін түсімдерден;

валюталық заңды бұзғаны үшін шетелдік валютада төленген айыппұлдар мен өсімнен;

шетел банктерінде және басқа қаржы ұйымдарына депозиттерді орналастырудан түсетін түсімдерден, сондай-ақ шетелдердегі мүлік пен активтерді пайдаланудан алынған табыстардан;

шетел мемлекеттерінің, банктерінің, халықаралық және мем-лекетаралық қаржы ұйымдарының кредиттері мен қарыздарынан;

валютадағы гранттар мен тегін  көмек түріндегі түсімдерден.

        Мемлекеттің  валюта ресурстары былайша пайдаланылады:

1) Ұлттық банк: "валюталық басқыншылықтарды — елдегі тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарларымен анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін;

2)  Қаржы министірлігі: қарыздар  туралы келісімшартпен белгіленген уақытта сыртқы берешекті өтеу графигі бойынша жабу үшін; халықаралық ұйымдардағы мүшелік үшін жарналар төлеу; елшіліктердің, консулдықтардың, өкілдіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржылаңдыру үшін;

3) Үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді — тауарлар мен көпшілік қолды бұйымдарды импорттау жөніндегі орталықтандырылған сатып алуды қанағаттандыру үшін;

4)  Басқарудың жергілікті органдары  — коммуналдық шаруашылықтың,  өңдірістік емес сфераның қажеттіліктерін,  аймақтардың жергілікті инфрақүрылымын дамытуды, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.

Меншіктің барлық нысандары компанияларының, фирмаларының және ұйымдарының валюта ресурстарының негізгі көзі экспортталатын өнімнен алынған валюталық түсім-ақша болып табылады. Бұрын валюталық түсім-ақшаның бір бөлігін кәсіпорын салықтар мен кеден баждарын төлегеннен кейін Ұлттық банкке оның белгілейтін бағамы бойынша сатуға, ал бір бөлігін уәкілетті банктер арқылы Ұлттық банк белгілейтін тәртіпке сәйкес ішкі валюта рыногінде сатуға міндетті болатын. Қазіргі кезде заң жүзінде белгіленген салықтар мен баждарды төлегеннен кейін қалған валюта занды тұлғалардың қарамағында қалады және иегердің немесе құрылтайшының қарап шешуі бойынша жұмсалады.

Экспорттық өнім өндірмейтін шаруашылық жургізуші субъектілер және валютаға мұқтаждары оны валюта рыноктерінде ұлттық валютаны айырбастау жолымен сатып алады. Осылайша барлық ұйымдық-құқықтық түрлердің шаруашылық органдары валюта қорларын көбейте алады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта ресурстарын қалыптастырудың келесі көзі — банктердің валюта кредиттері. Өнім өндірумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын, басымдық сипаты бар, саланы, аймақты, жалпыұлттық шаруашылықты дамыту тұрғысынан маңызды немесе дамудың тиісті бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын компаниялар, фирмалар үшін шетел банктерінен алынған кредиттерді елдің үкіметі кепілдендіре алады; Қазақстанда мұндай практика коммерциялық есеп қағидатын дамыту қажеттігімен және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану үшін жауаптылықтың оларды пайдалаушыларға ауысуымен байланысты бірте-бірте шектеліп келеді. Өндірістің осыған ұқсас бағыттарын

қаржыландыру үшін валюта қаражаттары  компанияларға, фирмаларға үкімет шешімімен  орталықтандырылған валюта ресурстарынан  бөлінуі мүмкін.

Үлестік негіздерде әрекет ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін (акционерлік, бірлескен, кооеративтік) валюта ресурстарын толықтыруға осы шаруашылық құрылымдары қатысушыларының валютадағы қосымша салымдары есебінен жетуге болады.

Валюта қаражаттары түсімдерінің мүмкін болатын келісім-шарттарды, арбитраж органдары белгілеген контраютар бойынша міндеттемелерді, басқа елдердің сақтық органдары тарапынан болатын валютадағы сақтық өтемдерді орындамағаны үшін алынатын компенсациялар болып табылады.

 

 

 

10 дәріс. Халықаралық жеке құқықтағы интеллектуалдық меншік.

Дәріс жоспары:

1992 жылы 24 шілдеде Қазақстан  Республикасының алғашқы патент Заңы қабылданады.

Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді патенттік қорғаудың  жаңа нысанына көшкеннен кейін Қазақстан  Республикасындағы патент иеленушілер  осы объектілерді пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттің берген құқықтық кепілдігі ретінде алды. Монополиялық құқықты иеленуші тұлғаларда үшінші тұлғалардың құқықтарын және заңнаманың нормаларын бұзбай патенттік құқық объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды.

Құқықтық реформаларды жүргізу барысында мемлекетіміз 1994 жылы экономикалық құқықтық қатынастарды реттеудің негізі болып табылатын қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін бекітті. Азаматтық заңнамадағы «интеллектуалдық меншікті» құқықтың жеке объектісі ретінде қарастыру, теориялық жағынан осы саланың жетілуін қажет етті. Кодекс арқылы интеллектуалдық меншік объектілерінің иелеріне «ерекше құқық» бекітілді. Қазақстан Республикасының үкіметі арыз берушіге ыңғайлы, тұтынушыға қолайлы, жаңалықты дамтатындай, яғни мағынасы жағынан жай рәсімдеу төлемі арзан, сараптамалық және мәліметтерді іздестіру қызметінің сапалы, патенттік жүйесін қалыптастыруға мемлекетіміздің құрылуының алғашқы күндерінен ақ жағдай жасауда.

Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген жағдайлардың тек кейбіреуі  ғана көрініс алуда. Ал, патенттік  органға түсіп жатқан арыздардың саны жылдан-жылға көбеюде. Мысалы, 1992-2001 жылдар аралығында өндірістік меншік объектілеріне патент алу үшін 17388 арыз берілген. Қазіргі кезде ұлттық және шетелдік патент иеленушілердің қолына 12014 өндірістік меншік объектілеріне алдын ала патент пен патент бар.

1. Патенттердің саны  көбейген сайын пайда табұға  талпынған патент иеленушілердің  де саны көбеюде. Кеңес социалистік  республикалар одағы кезінде  өндірістік меншік объектілерінің  иесі болып көбінесе мемлекет  болып табылғандықтан авторлар мен патент иеленушілердің құқықтарын жетілдіруге еш шаралар қолданылмаған.

Ендеше санаткерлік  меншік дегеніміз не? Бұл сауалға  халықаралық, сонымен қатар, еліміздің  заңнамаларынан да толық қамтылған  жауап алуға болады. Қазақстан  Республикасы қатысушы болып табылатын бүкілдүниежүзілік интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымы (БИМҰ) Конвенциясының 2-бабында «Интеллектуалдық меншіктің» әдеби, көркем және ғылыми шығармаларға, әртістердің орындаушылық қызметіне, дыбыс жазу, радио және теледидар хабарларына, адами қызметтің барлық саласындағы өнертабыстар мен ғылыми жаналықтарға, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалар, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулар мен коммерциялық көрсеткіштерге, қара ниетті бәсекелестікке қарсы қорғану, сондай-ақ өндрістік, ғылыми, әдеби және көркемөнер салаларындағы интеллектуалдық қызметке қатсты өзге де барлық құқықтарды қамтитыны атап көрсетілген. ҚР АК-нің 961-бабында жүйелендірілген тізілім берілген.

Қазақстанның социалистік  жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы санаткерлік еңбек нәтижелерін қорғау және құқықтық қатынастарды реформалауды талап етті. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті тұрмысқа «интеллектуалдық меншік», «өнеркәсіптік меншік», «патент», «патент иеленуші», «айрықша құқық» ұғымдары енді.

Егер өзгерістердің  мәніне қысқаша тоқталар болсақ, кеңестік кезеңдегі авторлық куәлік орнына өнеркәсіп меншігі объектілерін қорғау жөніндегі бүкіл әлем таныған патент жүйесі келді. Кеңестік өнертабыс құқығының негізгі ерекшелігі - өнертабушы автор өз құқығын, көбінесе, авторлық куәлікпен рәсімдейтін, кейбіреулері Мәскеуде, бүкіл Кеңес Одағы бойынша жалғыз Мемкомөнертабыс патент ведомствосында жарияланатын, сонан кейін кез келген адам аз сыйақы төлеу арқылы өнертабысты өз иелігіне жаратып жататын.

Енді құқық иеленушінің  келісімінсіз ешбір жан өнертабысты, пайдалы модельды немесе тауао таңбасын пайдалана алмайды. Құқық иеленушінің рұқсаты, көбінесе, сыйақы төлеу және лицензиялық шарт жасасу жолымен ғана пайдалану жолға қойылған. Бұл құқық «айрықша құқық» деп аталады. Және ол ҚР АК-нің 125, 964-баптарымен бекітілген.

Информация о работе Халықаралық жеке құқықтың түсінігі