Халықаралық инвестициялық клиамат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2015 в 16:30, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның инвестициялық қызметінің еліміздің экономикасы дамуындағы функциялар мен жүргізетін операцияларын, ол қандай саясатты, құралдарды, шараларды қолдану арқылы өз қызметін атқаратынын зерттеп, алдағы жылдардағы бағыттарын болжап, соңғы жылдардағы негізгі көрсеткіштерге анализ беру. Мақсатпен байланысты осы жұмыстың орындалуында келесі міндеттерін бөлуге болады:
- инвестиция, инвестициялық қызмет, шетел инвестициялары, инвестор терминдеріне айқындылық беру;
- инвестициялық климатқа әсер етуші факторларды талқылау;
- шетел инвестициясын тарту мәселелерін қарастыру;
- ең алғаш рет ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптаса бастауы;
- инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен іске асыру кедергілері жайында көптеген мәселелер талқыланатын болады.

Содержание

Кіріспе 3
2 Инвестицияның теория негізі және оның саясаты туралы түсінік 5
1.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері 5
1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат 8
1.3 ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар 10
3 Халықаралық инвестициялық климатқа талдау жасау 14
2.1 Қытайдың инвестициялық климатына сипаттама 14
2.2 Инвестициялық тәуекелділікті есептеу кезеңдері мен түрлері 18
2.3 Тәжікістанның инвестициялық климатына талдау жасау 24
4 Инвестициялық климаттың тәукелділігін төмендету жолдары 28
Қорытынды 32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 34

Прикрепленные файлы: 1 файл

халықаралық инвестициялық климат.doc

— 264.50 Кб (Скачать документ)

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          3. Инвестициялық климаттың тәукелділігін төмендету жолдары

 

Инвестициялық тиімділік оған қатысушыларың қызығушылығына қолданыстан нәтижелер мен шығындардың қатынасын бейнелейтін, көрсеткіштер жүйесімен сипатталады.

Инвестициялық тиімділікті анықтаудағы нәтижелер мен шығындарды бағалау есептік кезең шегінде жүзеге асырылады және ұзақтығы инвестициялық қызметтің мерізімімен шектелген. Есептік бағалар тұрақты валюта несие –ақшалармен айқындалады.

Инвестициялық тиімділікті бағалаудағы біркелкі көрсеткіштердің өлшемі бастапқы кезеңдегі олардың құнына қатысты сәйкесінше келтіру (дисконттау) жолымен жүзеге асырылады.

Әркезеңдерде шығындар мен нәтижелер әсерін келтіру үшін капиталға инвестордың табыс нормалары үшін тең қатынастарда дисконт нормасын қолданады.

Жобаны жүзеге асыру есебінің уақытша қадамында орын алатын, нәтижелер, шығындар және әсерлер уақытын базистік кезеңге техникалық келтіруі άt, дисконттау коэффициентіне көбейту жолымен ыңғайлы өңделіп, тұрақты норма дисконты үшін E анықталады:

 

 

Бұндағы:

t – есептің қадам нөмірі (t=0,1,2,…T)

T – есептің жиегі

 

Инвестиция тиімділігін бағалау

Инвестициялық тиімділікті бағалауға бірнеше түрлі көрсеткіштер бар, олар:

  • таза дисконтталған табыс (ТДК) немесе инвестициялық портфелдің түрлі әлементтерін қолданудан интегралдық әсер;
  • элементтердің кіріс индексі (КИ);
  • элемент табысының ішкі нормасы (ТІН)
  • нақты инвестициялар үшін өтімділік мерзімі сонымен қатар қаржылық инвестициялар үшін өтеу мерзімі;
  • портфель элементінің түрлі өзгешелігін бейнелейтін және инвестициялық  тиімділікті бағалауға инвесторларға қажетті басқа көрсеткіштер.

Таза дисконтталған табыс (ТДТ) интегралдық шығындардан интегралдық нәтижелерді көтеруі ретінде немесе бастапқы қадамға келтірілген инвестициялық портфельдің элементтерін барлық кезең бойы қолданылған ағымдық әсерлер соммасымен анықталады. Егер есептік кезең аралығында инфляциялық бағаның өзгеруі болмаса немесе есеп тұрақты бағаларда жүргізілсе онда ТДТ шешімі дисконттық тұрақты норма үшін мына формуламен шығарылады:

 

 

Бұндағы:

Rt–  есептің  t қадамында жіктелген нәтижесі,

Шt– сол қадамда жүзеге асырылатын шығындар,

 Т – есептің шегі (объектіні  жоюда жүргізілетін, есептің қадам  нөмеріне тең).

 

Эt = (Rt - Шt) –  t қадамында беретін нәтиже.

 

Егер ТДТ инвестицияның нақты объекті бойнша оң болса, салым тиімді болып табылады және оны қабылдау мәселелері қарастырылуы мүмкін. ТДТ-ның нәтижесі үлкен болған сайын, инветиция құралындағы ивестициялау тиімдірек болып табылады. Егер инвестициялауда ТДТ теріс нәтиже берсе, онда инвестор шығынға ұшырайды, яғни сәйкесінше тиімсіз инвестициялық құрал болып табылады.

Табыс индексі құралға бастапқы салынған мөлшеріне келтірілген әсер сома қатынасын көрсетеді.

 

ИД =

 

Табыс индекісі мен ТДТ тығыз байланысқын. Ол да сол элементтерден құралады және оның мағынасы ТДТ мағынасымен байланысты: егер ТДТ оң болса, онда табыс индексі ТИ болады, ал теріс болса кері нәтиже береді. Сондықтан ТИ > 1 болса жоба тиімді, ал ТИ < 1 болса жоба тиімсіз болып саналады. 

Табыстың ішкі нормасы (ТІН) капитал орналастыруда келтірілген әсер көлемі келтірілген капитал салымына тең, дисконт нормасын (ЕІН) қарастырады.

Басқаша айтқанда ЕІН (ТІН) теңдіктің шешімі болып табылады:

 

 

Егер инвестициялық жобаның ТДТ есебі (Е) дисконттың кейбір қойылған нормасында тиімді немесе тиімсіз болатынына жауап берсе, онда жобаның ішкі дисконттық нормасы (ІДН) есеп үрдісінде анықталады және содан кейін салынға капиталға инвестор талап ететін табыс нормасымен салыстырылады.

 Өтемділік мерізімі- минималды  уақытта аралық (жобаны жүзеге  асырудан бастап) шегінде интегральдық  әсер болады және келешекте  теріс әсері болмайды. Басқаша  айтқанда жоба үшін – бұл  кезең ( айлар, кварталдар және жылдарда өтелетін) инвестициялық жобамен байланысты, бастапқы салымдар мен басқа да шығындардан бастап, оның жүзеге асырылуындағы  соммалық нәтижелермен жабылады, ал бағасы қағаздар үшін – бұл өту мерізімі, кейінірек осы қаржылық құрал жұмыс істейді.

Инвестициялық қызметің жүзеге асырылуына байланысты нәтижелер мен шығындарды дискоттауға немесе онсыз есептеп шығаруға болады. Сәйкесінше, екі түрлі өтемділік мерізімі шығады.

Инвестициялық тиімділік стратегиясының принциптері

Барлық қызметті көрсеткіштер және тиімділікті пайдалануды модельдеу мағыналар есебінінен шығатын инвестициялық шешімдерді қабылдау немесе қабылдамау шешімдерін қарастырады.

Іскерлік тәжірибеде инвестициялық құралдар келесі тәртіпте талданады:

  1. Құралдардың орташа жылдық рентабельділігі банктік пайыздың орташа ставкамен салыстырылады.
  2. Құралдарды инфляцияға байланысты тәуекелден сақтандыруға байланысты көз қарас салыстырылады.
  3. Инвестицияның өтемділік мерізімі салыстырылады.
  4. Талап етілетін инвестицияның мөлшері салыстырылады.
  5. Инвестициялық құралдар ақша түсімдерінің тұрақтылығына байланысты көз қараспен қарастырылады.
  6. Құралдардың рентабельділігі жалпы инвестициялық қызметтің жүзеге асырылуындағы барлық мерізіммен салыстырылады.
  7. Инвестиция рентабльділігі дисконттауды есепке алумен салыстырылады.    

Сонымен инвестициялық шешімдерді қабылдауда келесі критерилерді бөліп қарастыруға болады:

  1. Пайдалылы салыстырымның жоқтығы;
  2. Инфляциялық шығындардан минималды тәуекелдің болуы;
  3. Шығындар өтелімінің қысқа мерізімділігі;
  4. Инвестициялық соманың инвестициялық портфель құнына үлкен емес қатысы;
  5. Төлемдердің концентрацисын (тұрақтылығын) қамтамасыз ету;
  6. Дисконттаудың есепке алумен байланысты жоғары рентабельділік.

 

 

 

 

                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             

 

 

 

 

                                 

 

 

 

                           

 

 

                                    ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келе жалпы ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптасуы мен дамуы ел экономикасында үлкен маңызға ие. Бұл саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре отырып, елдің табиғи ресурстарын тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді және маңызды инновациялық үрдістерін ынталандыру, реттеу, ал жеке жағдайда жаңа енгізілімге тікелей қатысу өндірістің дамуы мен қоғамға маңызды өнім тұтынуға және қызмет көрсетуде үлкен маңызы бар. Өнімді инвестициялар жаңа жоғары пайдалы өнімді өндіруді болжайды және капиталдың қорлану қарқынын қалыптастырады. Технологиялық инвестициялар табиғи және сапалық ескірген техникаларды алмастыруға ынтагерлік білдіреді, қуаттылығын көбейту, өндіріс шығындарын азайту және нарықтағы өнімнің бәсекеге жарамдылығын арттыру. Меншікті инвестициялық қаржылардың көздері амортизация және бөлінбеген пайда болып саналады. Инвестицияның бұл көздерінің мүмкіндігі, сипаты, ауқымы және мемлекеттің экономикалық тактикасымен анықталады.

Сонымен қатар, бұл саясат республиканың экспорттық әлуетін арттыру, яғни шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік беруі қажет. Біз инвестициялық жағдайымызды жоғарғы қарқында дамыту үшін ең бірінші кезекте шетел тәжірибесін қолдануымыз керек. Соның ішінде АҚШ, Оңтүстік Шығыс Азия сияқты елдер. Сонымен қатар инвестициялық климатты жақсарту мен шетел және отандық инвесторларды эконмикаға тарту үшін мынандай шарттар бекітілген болатын: республика деңгейінде бақылау үшін арнайы банктік шоттарды амортизациялық шегерімдерді орналастыру бойынша талаптарды шешу, халық жинақтарын міндетті сақтандыру жүйесін бекіте отырып, халықтың банктік жүйеге сенімін арттыру шараларын жүргізу арқылы ішкі жинақ потенциалын жүзеге асыру; үкімет деңгейінде ұлттық мүддені сақтау, әрі қарайғы экономикалық даму мен ынтымақтастық үшін нақты секторды несиелеу аясында коммерциялық банктерге өзінің белсенділігін арттырудың жарамды тәсілдерін табу қажет;

Ішкі инвестициялардың өсуіне қарамастан, Қазақстан экономикасында шетел инвестициялары маңызды рөл алады, өйткені олардың негізгі бөлігі қолда бар қуаттарды қайта қалыпқа келтіруге емес, жаңаны құруға салынады. Бұл жағдайда шетел инвестициялары республика экономикасын ынталандыру бойынша қарастырылады, әсіресе кері тенденцияны кеңейту жағдайында негізгі бағыт ретінде. Шетел инвестицияларының ішкі инвестициялардың өсуі мен дамуының катализаторы болады. Әсіресе, бұл тура инвестицияларға қатысты, себебі олармен бірге Қазақстанға тек ақша емес, әлемдік нарықтарда компания-инвесторлармен жинақталған тәжірибе кіреді. Соңында, шетел инвестицияларының өсуі Қазақстанның әлемдік нарыққа енуінің және жергілікті өндірушілерге  “арзан” капиталға жолды оңайлату индикаторы болып табылады. Сонымен бұл курстық жұмыста инвестициялық қызметтің саясатын бағалап, тиімділігін зерттеп, жалпы еліміздегі және шет мемлекеттердің инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар мен инвестициялық қызметін талқыладым.

Қорыта келе, менің ойымша, болашақта да инвестициялық саясат ҚР-ның экономикасын әрі қарай дамытып, кәсіпорындарымыздың қарқынды деңгейде дамуына, бәсекеге төтеп беріп, дайын өнім шығаруға, халқымыздың тұрмыс-жағдайын одан әрі жақсарту мақсатында жоғары жетістіктерге жететініне сенімдімін.

  

 

 

 

 

 

 

                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1.Бөкенов.А.Ж, Ақанаева.Т.А. Корпоративтік  қаржы. – Қарағанды:  Изд.ҚРУ, 2005,189-191бет.

2.Ихданов.Ж.О, Орманбеков.Ә.О. Экономиканы  мемлекеттік реттеудің өзекті  мәселелері.- Алматы:экономика, 2002, 136-172 бет.

         3.Мамырова.М.К. Эффективности инвестиций в промышленном производстве: Монография.-Алматы: экономика, 2001

4.Мейірбеков.А.Қ, Әлімбеков.Қ.Ә   Кәсіпорын экономикасы:Оқу құралы-Алматы: Экономика,2003.

5.Инвестиция туралы заң. //Г.Орталық Қазақстан/ 18 қаңтар,2003 жыл

6.Назарбаев.Н.Ә.//Жаңа кезең-жаңа экономика//Г.Орталық Қазақстан,2005.4-қаңтар,2-5 бет.

7.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы- 2008

8.Назарбаев.Н.Ә.Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы – //Орталық Қазақстан / 2007 жыл 28-ақпан.

9. http://www.mfa.kz/index.php  // ҚР-ғы инвестициялық климат туралы

10.Оразалы.С.  Экономикалық басымдықтар және уақыт талабы  //Егемен Қазақстан,18 сәуір,2006 жыл,2 бет.

11. «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ сайты //  Қазақстан: жаңа инвестициялық климат

12.http://www.szh.kz// инвестициялық саясат түсінігі, мақсаты мен міндеттері

         13.Таубаев А.А., Қонақбаев А.Ғ., Қантарбаева Ж. Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу. Қарағанды 2007ж.

 

 


 



Информация о работе Халықаралық инвестициялық клиамат