Халықаралық жеке құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2014 в 08:30, реферат

Краткое описание

Халықаралық жеке құқық дегенде кең ауқымды бір мемлекеттің аумағында ғана орын алмайтын ақаматтық –құқықтық қатынастар туралы айтуға болады. Қайсыбір мемлекет азаматтары арасындағы мүліктік және оларға байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастарды айтпастан бұрын, бұл мемлекеттер арасындағы сыртқы саяси қатынастарды да қозғап өту керек.

Содержание

Халықаралық жеке құқық түсінінгі, ерекшелітері мен мақсаты.
Халықаралық жеке құқықтың құқық жүйесінде алатын орны.
Халықаралық жеке құқықтың құқық саласы ретіндегі мәні
Пайданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

жансерик халықаралық жеке құқық.doc

— 140.50 Кб (Скачать документ)

                                   Халықаралық жеке құқық                 

 

Мазмұны:

  1. Халықаралық жеке құқық түсінінгі, ерекшелітері мен мақсаты.
  2. Халықаралық жеке құқықтың құқық жүйесінде алатын орны.
  3. Халықаралық жеке құқықтың құқық саласы ретіндегі мәні
  4. Пайданылған әдебиеттер

Халықаралық жеке құқық  дегенде кең ауқымды бір мемлекеттің  аумағында ғана орын алмайтын ақаматтық  –құқықтық қатынастар туралы айтуға болады. Қайсыбір мемлекет азаматтары арасындағы мүліктік және оларға байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастарды айтпастан бұрын, бұл  мемлекеттер арасындағы сыртқы саяси қатынастарды да қозғап өту керек.

Халықаралық жеке құқықтың мазмұны  мен пәні

Халықаралық жеке құқық бұл шетел  элементінің қатысуымен болатын  қатынастарды реттейді.

1. Шетелдік болып табылатын субьектінің қатысуымен болатын мүліктік қатынастар. Бұл шетел мемлекетінің азаматы, шетел мемлекетінің заңды тұлғасы немесе тіпті шетелдік мемлекеттің өзі де болуы мүмкін. Мысалы, қазақстандық өнер кәсіп орны ағылшындық фирмамен тауар партиясын сату туралы шарт жасайды. Мұндай жағдайда шетелдік элемент болып ағылшындық фирма болып табылады.

2. Тиісті қатынастардан пайда  болатын обьект шетел аумағында  болатын болса мысалы, мұрагерлік  мүлік.

3. Заңды факт шетел аумағында  орын алу керек мысалы, зиян келтіру, шарт жасасу, өлім т.б

Шетел элементі бар азаматтық –  құқықтық қатынастарды реттеудің басты  ерекшелігі – көп жағдайда халқаралық жеке құқық мәселелерін шешуде тікелей  ереже және қолданылатын ереже жоқ. Бұл ережелер тек қай заңнама  қолданылуы керек екендігін көздейді. Мұндай сипаттағы ережелер колезиялық деп аталады. Заң тұрғысынан алғанда колезиялық нормалар халқаралық жеке құқық құрамына кіретін аса күрделі нормаларды білдіреді.

Мемлекеттер қолданылатын осындай  нормалардың жиынтығы колезиялық құқықты құрайды.

Халықаралық жеке құқықтың, қоғамдық қатынастарының екі белгісін шығарып  айтуға болады.

Олар: 1 халқаралық 2 азаматтық –  құқықтық болып табылады. Тек қана осы екі белгінің бір кезде  кездесуі ғана қоғамдық қатынастардың  құрамынан халқаралық жеке құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды бөліп қарастыруға болады мысалы, қазақстан азаматының өлімінен кейін оның қазақстандағы мұрасы ашылады және оған сәйкес мұрагерлері анықталады.

Бұнда азаматтық құқықтық қатынастар туындайды. Егер осы мұра басқа бір мемлекет аумағында ашылса немесе мұрагерлер шетелдік азаматтар болып шықса, онда бұл халқаралық жеке құқықтың көмегіне жүгінетін қатынас болып табылады.

Яғни халқаралық жеке құқықтың пәні болып – халқаралық, азаматтық құқықтық қатынастар болып  табылады.

Қорыта айтқанда

1. Халықаралық жеке  құқық кең ауқымда алғанда  халқаралық құқыққа жатады.

2. Халықаралық жеке  құқық мемлекеттің ішкі заңнамасының  құрамына кіреді.

3. Халықаралық жеке  құқық құқықтың кешенді саласы  болып табылады.

Халықаралық жария құқық  барлық мемлекеттерге тән құқықтың аясында өмір сүретін болса, халқаралық жеке құқық бұл жекелеген мемлекеттердің құқық жүйесінде өмір сүреді, мысалы, қазақстандық халқаралық жеке құқық, ресейлік халқаралық жеке құқық, италияның халқаралық жеке құқық.  

 

Халықаралық  жеке құқықтың мақсаты- әр түрлі елдердің фирмалары мен ұйымдрының арасындағы іскерлік байланыстарды құқықтық реттеу болып табылады.

Халықаралық жеке құқық  үшін басты маңызды болып табылатын  нәрсе – халықаралық қатынастар гуманизациялануы болып табылады. Барлық мемлекеттердің – халықаралық қатынас реттеуіне қатысушыларының назарына адам, оның жай күйі, құқықтары мен бостандықтары болуы тиіс.

Мемлекеттердің өзара байланыстылығы әр түрлі салалардағы өзара ықпалдастық  тұтастарынан да көрінеді.

Мемлекеттер арасындағы қауымдастық туралы мәселелерді шешуі кезінде құқықтық және оның әдістері мен құрылымдарының орны ерекше болып  келеді.

Халықаралық жеке құқықтың спецификалық ерекшелігі осы мемлекеттердің арасындағы, құқық жүйелерінің арасындағы айырмашылықты сақтай отырып, коллизиялық деп аталатын нормалардың көмегімен қай мемлекеттің құқығы тиісті жағдайларда қолданылатындығын анықтауға бағытталған.

Халықаралық жеке құқықта шетелдіктердің жеке мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары туралы, олардың еңбек, отбасы және басқа салалардағы құқықтары туралы сөз болады. Осы аталған құқықтарға кепіл болу халықаралық жеке құқықта басты орынға қойылады, әсіресе, бұл аралас (шетелдің қытсуымен) некелерге, отбасылардың  түрлі мемлекет азаматтарынан құтылуына байланысты болып табылады. Халықаралық жеке құқық нормалары Қазақстандағы шетел азаматтарының  құқықтық жағдайын және біздің азаматтардың шетел мемлекетіндегі жағдайын анықтайды.

Халықаралық жеке құқытың реттеу пәні халықаралық өмірде пайда болатын  азаматтық-құқықтық сипаттағы түрлі қатынастар болып табылады.

Халықаралық жеке құқық халықаралық  жария құқықпен тығыз байланысты. Халықаралық жеке құқық  өз бетінше, тәуелсіз құқық жүйесі болып табылады.Үстемдік етіп тұрған концепцияға (тұжырымдамаға) сүйенсек халықаралық жеке құқық болып табылады.Халықаралық жария құқық пен халықаралық жеке құқықтың нормалары бір ғана мақсат үшін – әр түрлі саладағы халықаралық қауымдастықты дамытудың құқтық алғышарттарын дайындау қызметін атқаруда, Бұл екеуінің арасыдағы ортақ мүдде осы жердегі  халықаралық қатынастар туралы ойлар бұл ұғымдардың кең мағынада, яғни екі немесе одан да көп мемлекеттердің қатысуымен, бір мемлекет аумағынан  тыс туындайтын қатынастар туралы болып отыр. Дегенмен, халықаралық жеке құқық жария құқықтық  емес, жеке құқықтық қатынастарды реттейді.Бұл реттегі халықаралық дегеніміз шетел элементімен күрделендірілген қатынасты білдіріп түрады.

Сонымен, халықаралық жеке құқық  — бұл шетел элементімен күрделендірілген, жеке құқықтық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің унификацияланған жеке құқықтық және колезиялық құқықтық нормаларының жүйесі болып табылады.

Халықаралық сипатка  ие азаматтық-құқықтық қатынастарды (мүліктік және солармен байланысқан мүліктік емес қатынастар, сондай-ақ отбасылық-құқықтық, еңбек және іс жүргізушілік реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл кұқық бұзушылықтарға шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік занды тұлғалар мен мемлекеттер қатысады; қарастырылатын катынастар екі немесе бірнеше мемлекеттердің аумағымен байланысты, мұндай кұқық қатынастарының нысаны — шетелдегі зат болып саналады. Халықаралық жеке құқығың нысандары, мемлекеттермен бірге, жеке және занды тұлғалар болып табылатындықтан, халықаралық жеке құқық, халықаралық жұртшылық. Құқықтан басқаша болатынын ескеру қажет. Әйтсе де не отандық, не шетелдік әдебиеттерде, әлі күнге дейін бірауыздан қабылданған халықаралық жеке құқықтың анықтамасы кездеспейді.

Халқаралық жеке құқықтың түсінігі, мақсаты, халықаралық жеке құқықтың халықаралық жария құқықтан айырмашылығы

Халқаралық жеке құқық ол шетел элементінің қатысуынан болатын азаматтық құқықтық қатынастарды ретттейтін нормалар жиынтығы. халқаралық жеке құқықтың мақсаты- әр түрлі елдердің фирмаларымен ұйымдардың арасындағы іскерлік байланыстарды құқықтық реттеу болып табылады. Халқаралық құқықтағы сияқты, халқаралық жеке құқықта да жалпы қоғамдық мүдде мен жеке тұлғалардың мудделері толығымен ескерлуге жатады.

Халқаралық жеке құқық  шетелдіктердің жеке мүліктік және мүлікті  емес құқықтары туралы, олардың еңбек, отбасы және басқа салалардағы құқықтары туралы мәселелер қарастырылады. Халқаралық жеке құқық нормалары қазақстандағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайын және біздің азаматтарымыздың шетел мемлекетіндегі құқықтық жағдайын анықтайды. Халқаралық жеке құқықтың реттеу пәні халқаралық өмірде пайда болатын азаматтардың құқтық сипаттағы түрлі қатынастар болып табылады. Халқаралық жеке құқықтық өз бетіндік, тәуелсіз құқық болып табылады. Халқаралық жеке құқық жария құқықтық емес, жеке құқтық қатынастарды реттейді. Халқаралық жеке құқық халқаралық жария құқықтан ең бірінші айырмашылығы олардың реттейтін қатынастарының мазмұнының әр түрлілігінде. Халқаралық жария құқықта мемлекеттер арасысындағы саяси қарым қатынастар, бейбітшілікпен халқаралық қауіпсіздігі, мемлекеттің егемендігі мәселелеріндегі, мемлекет ісіне араласпау, қарусыздану сияқты мәселелер қарастырылады, ал халқаралық жеке құқық жария құқықтық емес, жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Мысалы, ең біріншіден мүліктік қатынастар мәселен, авторлық пен патенттік құқық саласысда, яғни олар халықаралық жеке құқықтан реттеу аясында жататын қатынастар болып табылады.

Екіншіден халқаралық жария  құқықтан халықаралық жеке құқық  тек өзінің реттеу пәні мен ғана емес, сол қатынастардың субьектілеріменде  ерекшеленеді. Мемлекеттер халқаралық жария құқықтыңнегізгі субьектілері болып табылады, онымен қатар, халқаралық ұйымдармен өз тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші ұлттарда осы топқа жатқызылады . Ал халқаралық жеке құқықа қатысушылар мемлекет ғана емес, ең басты қатысушылары жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар болып табылады. Жеке тұлғалар бұлар азаматттар, ал заңды тұлғалар бұл мемлекеттік ұймдар, және фирмалар, өндірістер, ғылыми зерттеу және басқа да ұйымдар. Халқаралық жеке құқық өзге құқық салалпрына қарағанда бертін пайда болды. Оның негізін қалаушы американдық зерттеуші Жозеф Сторн аталды. 1834 жылы оның « Заңдар палезиясының камементарий деген» кітабында алғаш рет халқаралық жеке құқық термині қолданылған болатын, халқаралық жеке құқық келесі сипатта болды.

1. Жеке сипатта – мемлекет деңгейінде емес, жеке құқықтық сипатта болды

2. Халықаралық сипатта – бір мемлекет көлемінде емес бір неше мемлекеттер арасында болады.

Халықаралық жеке құқықты  халқаралық жария құқықтан ерекшелейтін

3. Үшінші белгісін  атап өтуге болады. Ол оның  қайнар көздерінде.

Халықаралық шарттар  халқаралық жария құқықта қатынастарды реттеудің негізгі қайнар көзі болып  табылады. Халқаралық жеке құқықта  да, халықаралық шарттардың алатын орны, ерекше бірақ олардың ережелері  кейбір мемлекеттердің заңнамасына  сәйкес келсе, кейбір мемлекеттің заңнамасына сәйкес келмейді.

Халықаралық жеке құқық  мызды орында ішкі сипаттағы заңнама, сот және арбитраж тәжірибесі алады

Халықаралық жеке құқықтың түсінігі мен мәнін айқндып болғаннан  кейін біз тағы бір сұрақты  қарастыруымыз қажет.Юұл сұрақ бізге халықаралық жеке құқықты құық саласы ретінде айқындап, онық құқық жүйесінде алаты орны қандай деген сұраққа жауап беред.

Халықаралық құқықтың халықаралық  жария құқықпен тығыз байланысты екендігі даусыз, бірақ бұл тұста  ол жеке құқықпен – мемлекеттің ішкі қзаңнамасымен де тығыз байланыста болып табылады.

Халықаралық жеке құқықтың халықаралық құқықпен тығыз байланыста болуына қарамастан, ол ішкі құқық  жүйесіне кіреді. Бұл құқықтық реттеу пәнінен – жеке құқықтық қатынастардың мазмұнынан келіп шығады. Бұл қатынастар барлқ кезде мемлекеттің бастамасында болып табылатын  субъектілер жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың арасында болғандықтан жеке құқықтық реттеуге көп ұшырайды. Халықаралық құқықтық реттеу жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың арасындағы жеке қатынастарды реттеуге бағытталмағандығын білеміз.

Ішкі құқық жүйесінде  азаматтық құқықтың бір бөлігі болып  табылмайды. Ол осы жүйеде өзіне  тән реттеу әдісі мен өзіндік  пәні бар болып табылады.

Бұл құқықтың аты халықаралық  жеке құқық деген сөзбен байланысты болғанмен, ұлттық-құқықтық табиғатқа ие болып табылады. Халықаарлық жария құқық барлық мемлекеттердге тән құқықтың аясында өмір сүретін болса, халықаралқ жеке құқық бұл жекелеген мемлекеттердің құқықтық жүйесінде өмір сүреді.

Халықаралық жеке құқықтың құқық саласы ретіндегі мәні

 

Халықаралық жеке құқықты  құқықтың  бір саласы ретінде басқа саладан айыра білу керек.

Құқық жүйесіне байланысты бірқатар мәселелерді айтсақ,  халықаралық жеке құқық басқа құқық салаларымен, атап айтқанда, азаматтық құқықпен ұқсас болып келеді. Жалпы бөлімде, халықаралық жеке құқықтың принциптері мен негізгі бастамаларына байланысты жалпы ережелер де шоғырланған.Бұлардың қатарына коллизиялық ережелердің қызмет етуі, шетелдік құқықты қолдануды шектеу мәселелері, сыртқы мәселелер мен ішкі заңнаманың арақатынасы, шетел азаматтары мен заңды тұлғаларына ерекше құқықтық режимді белгілеу сияқты ережелерді жатқызуға болады. Халықаралық жеке құқықтың ерекше бөлімі, әдеттегідей, негізгі институттардан тұрады: азаматтардың азаматтық құқықтық жағдайлары , мемлекеттердің ерекше құқықтық қатынасқа түсуші ретіндегі ерекшеліктері, меншік құқығы, мәмілелер, түрлі сипаттағы шарттар, зиян келтіру салдарынан пайда болатын міндеттемелер, интеллектуалдық меншік құқығымен байланысты нормалар, мұрагерлік, отбасы- некелік, сонымен қатар, еңбектік қатынастар. Халықаралық жеке құқық жүйесінде халықаралық арбитраж туралы мәселе ерекше бөліп қарастырылады. Оны халықаралық жеке құқықтың құқықтық саласына енгізу бірқатар қиындықтар туғызады.Бұл тұрғыда көбіне айтылатыны халықаралық арбитраж халықаралық жеке құқықтық аясында қалып қоймай, сонымен қатар халықаралық процестіңс сұрағы болып табылады.

Дегенмен, халықаралық  коммерциялық арбитражды халықаралық  жеке құқықтың аясына жатқыған кезде  оның мақсаты мен қолданылуын еске алсақ жетерліктей болатын сияқты.

Оны азаматтық процеске қосудың  қажеттігі жок, себебі ұлттық құқықтың бұл саласы сот мекемелерінің қызметін реттейді, ал арбитраж болса, қоғамдық аралық соттарды білдіреді.

Осыған орай халықаралық поцесті  халықаралық жеке құқықтң құрамына енгізген дұрыс па деген сұрақ туындайды.

Құқық ғылымында бұл тұрғыда  біркелкі ойдың жоқ екендігін  айта кетейік. Бұл жердегі басты  мәселе-шетел элемент материалдық  құқықтық салдармен қатар процессуалдық  құқықтық салдар туғызуы мүмкін бе деген сұраққа жауаптың табылмауы.

Информация о работе Халықаралық жеке құқық