Халықаралық жеке құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 07:56, реферат

Краткое описание

Халықаралық жеке құқық – құқықтық нормалар ішіндегі өте күрделі кешен, яғни ол азаматтық құқықтық қарым-қатынастарды реттеп отыратын халықаралық сипаттағы ұғым. Халықаралық сипаттамағы қарым-қатынасушылар қатарына шетелдіктер, шетелдің заңды тұлғалары, шетел мемлекеттері т.б. кіреді. Олар бір немесе бірнеше мемлекет аумағымен байланыста. Қазіргі уақытта азаматтық – құқықтық байланысқа мүліктік емес, сонымен қатар мүліктік емес қатынастар отбасылық, еңбектік, процессуалды құқықтық нормалардың реттелуі кіреді. Сонымен, халықаралық жеке құқық — бұл шетел элементімен күрделендірілген, жеке құқықтық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің унификацияланған жеке құқықтық және колезиялық құқықтық нормаларының жүйесі болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Халықаралық жеке құқық.docx

— 41.99 Кб (Скачать документ)

Халықаралық жеке құқық – құқықтық нормалар ішіндегі өте күрделі кешен, яғни ол азаматтық құқықтық қарым-қатынастарды реттеп отыратын халықаралық сипаттағы ұғым. Халықаралық сипаттамағы қарым-қатынасушылар қатарына шетелдіктер, шетелдің заңды тұлғалары, шетел мемлекеттері т.б. кіреді. Олар бір немесе бірнеше мемлекет аумағымен байланыста. Қазіргі уақытта азаматтық – құқықтық байланысқа мүліктік емес, сонымен қатар мүліктік емес қатынастар отбасылық, еңбектік, процессуалды құқықтық нормалардың реттелуі кіреді.   Сонымен, халықаралық жеке құқық — бұл шетел элементімен күрделендірілген, жеке құқықтық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің унификацияланған жеке құқықтық және колезиялық құқықтық нормаларының жүйесі болып табылады.

Халықаралық жеке құқықтың мақсаты әр түрлі елдердің фирмалары  мен ұйымдарының арасындағы іскерлік байланыстарды құқықтық реттеу болып  табылады.

Халықаралық жеке құқық халықаралық  жария құқықпен тығыз байланысты. Халықаралық жеке құқық  өз бетінше, тәуелсіз құқық жүйесі болып табылады.Халықаралық  жария құқық пен халықаралық  жеке құқықтың нормалары бір ғана мақсат үшін – әр түрлі саладағы халықаралық қауымдастықты дамытудың  құқықтық алғышарттарын дайындау қызметін атқаруда, Бұл екеуінің арасындағы ортақ мүдде осы жердегі  халықаралық қатынастар туралы ойлар бұл ұғымдардың кең мағынада, яғни екі немесе одан да көп мемлекеттердің қатысуымен, бір мемлекет аумағынан  тыс туындайтын қатынастар туралы болып отыр. Хал. Жеке құқық пен жария құқықтың айырмашылығы олардың реттейтін қатынастарының әртүрлігінде. Хал. Жария құқықта мемлекеттер арасындағы саяси қарым- қатынастар, бейбітшілік пен хал. қауіпсіздік, мемлекеттің егемендігі мәселелері қарастырылады. Ал хал. жеке құқықта мүліктік қатынастар мәселен авторлық және патенттік құқық саласындағы қатынастар қарастыралады.

Халқаралық жеке құқықтың жүйесі

Халқаралық жеке құқық  – құқықтың бір саласы ретінде  басқа құқық  салаларынан ерекшеленеді. Халықаралық жеке құқық  2 бөлімнен тұрады 

1. жалпы; 2. ерекше;

Жалпы бөлімде халқаралық жеке құқықтың  принциптерімен  негізгі бастамаларына  байланысты  жалпы ережелер  қаралады. Бұлардың қатарына коллизиялық ережелердің қызмет етуі, шетелдік құқықты қолдануды шектеу мәселелері, сыртқы  мәселелермен  ішкі заңнаманың  ара – қатынасы, шетел азаматтары мен заңды тұлғаларына  ерекше құқықтық  режимді  белгілеу  сияқты  ережелерді жатқызуға болады.

Халқаралық жеке құқықтың  ерекше бөлімі  негізгі институттарынан  тұрады. Азаматтардың  азаматтық құқықтық  жағдайы, мемлекеттердің ерекше құқықтық қатынасқа түсүші  ретіндегі  ерекшеліктері,  меншік құқығы, мәмілелер, түрлі сипаттағы шарттар, зиян келтіру салдарынан  пайда  болатын міндеттемелер, интеллектуалдық  меншік құқығымен байланы нормалар, мұрагерлік, отбасы, неке сонымен қатар  еңбек қатынастары.

Халқаралық жеке құқық  жүйесінде халқаралық арбитраж туралы мәселе  ерекше  бөліп қарастырылады. 

Халықаралық жеке құқықтың реттеу пәні халықаралық өмірде пайда болатын азаматтық-құқықтық сипаттағы түрлі қатынастар болып табылады.Халықаралық жария құқық пен халықаралық жеке құқықтың нормалары бір ғана мақсат үшін – әр түрлі саладағы халықаралық қауымдастықты дамытудың құқыктық алғышарттарын дайындау қызметін атқаруда. Бұл екеуінің арасындағы ортақ мүдде: – осы жердегі халықаралық қатынастар туралы ойлар бұл ұғымдардың кен мағынада, яғни екі немесе одан да көп мемлекеттердің қатысуымен болатын, бір мемлекет аумағынан тыс туыңдайтын қатынастар туралы болып отыр. Дегенмен, халыкаралық жеке құқық жария құқықтық емес, жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл реттегі халықаралық дегеніміз шетел элементі мен күрделеңдірілген қатынасты білдіріп тұрады. Халықаралық жеке құқықтың халықаралық жария құқықтан ең бірінші айырмашылығы – олардың реттейтін қатынастарының мазмұнының әртүрлігіңде. Халықаралық жария құқықта мемлекеттер арасыңдағы саяси қарым-қатынастар, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік, мемлекеттің егемеңдігі мәселелері, мемлекет ісіне араласпау, қарусыздану сияқты мәселелер қарастырылады. Халықаралық жария құқықта халықаралық сауда, экономикалық әрекеттесу сияқты сауалдардың кең етек алуы халықаралық экономикалық құқықтың туыңдауына әкеліп соқтырады. Дегенмен, олармен реттелетін қатынастар азаматтық – құқықтық емес, мемлекетаралық сипатқа ие болып табылады. Ал халықаралық жеке құқыққа келер болсақ, оның реттеу аясы халықаралық қатынастағы нақ осы жеке құқық саласында көрініс табады

Заңды тұлғаның жеке заңы

Заңды тұлғаның жеке заңы - занды тұлға құрылған елдің құқығы, осы заңды тұлғаның жеке заңы болып саналады.

Занды тұлғаның азаматтық  құқық қабілеттілігі осы заңды  тұлғаның заңымен анықталады.

Шетел құқығы бойынша заңды  тұлға болып табылмайтын шетел  ұйымдарының азаматтық құқық  кабілеттілігі, ұйым құрылған елдің  құқығы бойынша анықталады.

Заңды тұлғаның өз атауы  жазылған мөрі болады. Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан  айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы  оның қалай аталатынын және ұйымдық  құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі.

Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс  істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып танылады. Заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекенжайы жазылып  көрсетіледі.

Заңды тұлға заң құжаттары  мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып  өзіне міндеттер қабылдайды. Заңды  тұлға органдарының түрлері тағайындалу  немесе сайлану тәртібі және олардың  өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.

Заңды тұлғаға қатысты  халықаралық жеке құқық теориясында 2 ұғым қолданылады:

1. Заңды тұлғаның жеке  мәртебесі 

2. Заңды тұлғаның ұлттылығы. 

 Заңды тұлғаның жеке  мәртебесі дегеніміз – ол заңды  тұлғалардың құқықтық жағдайын  анықтау. 

 Заңды тұлғаның ұлттылығы  дегеніміз – ол белгілі бір  заңды тұлғаның, белгілі бір мемлекетпен  байланысын білдіреді. 

Заңды тұлғаның азаматтық  құқық қабілеттілігі де осы заңды  тұлғаның жеке заңымен реттеледі.

 Заңды тұлға дегеніміз  – меншік, шаруашылық жүргізу  немесе жедел басқару құқығындағы  оқшау мүлкі бар және сол  мүлікпен өз міндеттері бойынша  жауап беретін, өз атынан мүліктік  және мүліктік емес құқықтар  мен міндеттерге ие болып, оларды  жүзеге асыра алатын, сотта талапкер  және жауапкер бола алатын  ұйым.

Жария тәртіптегі ескертпе- шетел құқығы оны қолдану ҚР құқықтық тәртібінің негіздеріне (ҚР жария тәртібіне) қайшы келерлік жағдайларда қолданылмайды. Бұл жағдайларда ҚР құқығы қолданылады.

Шетел құқығын қолданудан бас тартуды тиісті шет мемлекеттің  саяси немесе экономикалық жүйесінің  ҚР саяси немесе экономикалық жүйесінен  айырмашылығына ғана негіздеуге болмайды.

Шетел құқығының  мазмұнын анықтау және қолдану мәселелері

Шетел құқығын қолданған  кезде сот оның нормаларының мазмұнын олардың ресми түсіндірілуіне қолданылу  практикасына және тиісті шет мемлекеттегі доктринаға сәйкес анықтайды.

Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау мақсатында сот  жәрдем және түсінік алу үшін ҚР Әділет министрлігіне және ҚР өзге де құзіретті органдары мен мекемелеріне соның ішінде шетелдерде орналасқандарына белгіленген тәртіппен жүгінуі  не сарапшылар тартуы мүмкін.

Іске қатысушы тұлғалар өз талаптарын немесе қарсылықтарын негіздеуге сілтеме жасаған шетел құқығы нормаларының мазмұнын растайтын құжаттар табыс етуге және осы нормалардың  мазмұнын анықтауда сотқа өзге де түрде жәрдемдесуге құқылы.

Шетелдік құқық нормаларының мазмұны орынды мерзімдерде анықталмаса  ҚР құқығы қолданылады.

Мемлекет хал  жеке құқықтың субьектісі ретінде

Мемлекет — белгілі  бір аумаққа иелік етіп, сол  жердегі халықтың еркін дамуына  мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан  туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы  саяси билікті ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Мемлекет түрлері

Мемлекем құрылымы бойынша  келесі түрлерге бөлінеді:

Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік  бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға  жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік  биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан  т.б. осы түрге жатады.

Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық  бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс  түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында  тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын  жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.

Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси  тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік  құрылымдардың бірігіп одақтық  жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация  мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары  болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.

Мемлекет басқаруы бойынша

Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.

Республикалық басқару —  парламенттік және президенттік болып  екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған  партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент  жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады  және олырды қабылдайды. Премьер-министр  де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп  жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық  басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға  болады. Президенттік жүйеде президентті  және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік  арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару  үлгісі ретінде АҚШты келтіруге  болады

ҚР аумағындағы  шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы

Қазақстан Республикасындағы  шетелдiктердiң құқықтық жағдайы 

туралы заңдар 1995 жылғы 19 маусымдағы

 Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және соған сәйкес шетелдiктердiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, олардың Қазақстан Республикасына келуiнiң, аумағында болуының, жүрiп-тұруының және Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiн айқындайды.

 Қазақстан Республикасындағы  шетелдiктердiң құқықтық жағдайы  туралы заңдар осы Заңнан және  Қазақстан Республикасының басқа  да заң  актiлерiнен тұрады.

 Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады.

 Егер Қазақстан Республикасы  ратификациялаған халықаралық шартта  осы Заңдағыдан өзгеше ережелер  белгiленсе, онда халықаралық  шарттың ережелерi қолданылады. 

 Қазақстан Республикасының  азаматтары емес және өзiнiң  басқа мемлекеттiк азаматтығына  қатысты екендiгiнiң дәлелi бар  адамдар Қазақстан Республикасындағы  шетелдiктер болып танылады.

 Қазақстан Республикасының  азаматтары емес және өзiнiң  басқа мемлекеттiң азаматтығына  қатысты екендiгiнiң дәлелi жоқ  адамдар азаматтығы жоқ адамдар  болып танылады. 

Қазақстан Республикасындағы  шетелдiктердiң құқықтық

жағдайының принциптерi

Қазақстан Республикасындағы  шетелдiктер барлық құқықтар мен бостандықтарға ие, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының  Конституциясында, заңдары мен халықаралық  шарттарында белгiленген мiндеттердiң  бәрi жүктеледi. Қазақстан Республикасының  заңдары мен халықаралық шарттарында  қарастырылған жағдайлар бұған  жатпайды.

 Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, қай нәсiлге және ұлтқа жататындығына, жынысына, бiлiмiне, тiлiне, дiнге көзқарасына, шұғылданатын қызметi мен оның сипатына қарамастан заңның алдында бiрдей болады.

 Шетелдiктердiң өздерiнiң құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы Қазақстан Республикасының мүдделерiне, оның азаматтары мен басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс және мұны олардың Қазақстан Республикасының заңдарына белгiленген мiндеттерiн орындауынан бөлiп алуға болмайды

Еңбек қызметi және демалыс

Информация о работе Халықаралық жеке құқық