Халықаралық жеке құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 07:56, реферат

Краткое описание

Халықаралық жеке құқық – құқықтық нормалар ішіндегі өте күрделі кешен, яғни ол азаматтық құқықтық қарым-қатынастарды реттеп отыратын халықаралық сипаттағы ұғым. Халықаралық сипаттамағы қарым-қатынасушылар қатарына шетелдіктер, шетелдің заңды тұлғалары, шетел мемлекеттері т.б. кіреді. Олар бір немесе бірнеше мемлекет аумағымен байланыста. Қазіргі уақытта азаматтық – құқықтық байланысқа мүліктік емес, сонымен қатар мүліктік емес қатынастар отбасылық, еңбектік, процессуалды құқықтық нормалардың реттелуі кіреді. Сонымен, халықаралық жеке құқық — бұл шетел элементімен күрделендірілген, жеке құқықтық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің унификацияланған жеке құқықтық және колезиялық құқықтық нормаларының жүйесі болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Халықаралық жеке құқық.docx

— 41.99 Кб (Скачать документ)

Заңды тұлға халықаралық  жеке құқықтың субьектісі ретінде

Заңды тұлғаға қатысты  халықаралық жеке құқық теориясында 2 ұғым қолданылады:

1. Заңды тұлғаның жеке  мәртебесі 

2. Заңды тұлғаның ұлттылығы. 

 Заңды тұлғаның жеке  мәртебесі дегеніміз – ол заңды  тұлғалардың құқықтық жағдайын  анықтау. 

 Заңды тұлғаның ұлттылығы  дегеніміз – ол белгілі бір  заңды тұлғаның, белгілі бір мемлекетпен  байланысын білдіреді. 

 Заңды тұлғаның ұлттылығы  жөнінде халықаралық жеке құқықта  4 доктрина қалыптасқан. 

1. Инкорпорация – заңды  тұлға қай мемлекетте тіркелсе, онда, сол мемлекеттің заңы қолданылады.  Яғни, заңды тұлғаның жеке жерінің  заңы қолданылады. 

2. Отаршылдық немесе тұрақтылық  доктринасы – заңды тұлғаның  басты органы қай мемлекетте  орналасса, сол мемлекеттің заңы  қолданылады. Яғни, оның әкімшілік  органы орналасқан жерінің заңы  қолданылады. 

3. Қызмет ету немесе  шаруашылық жүргізу доктринасы. Заңды тұлға қай мемлекетте  нақты жұмыс істесе, сол мемлекеттің  заңы қолданылады. 

4. Бақылау доктринасы  – бір мемлекетте орналасқан  кәсіпорынның құрылтайшысы қай  мемлекеттің тұлғасы болса, сол  мемлекеттің заңы саналады.

 Қазақстан заңы бойынша,  заңды тұлға құрылған елдің  құқығы осы заңды тұлға заңы  болып саналады.

 Заңды тұлғаның азаматтық  құқық қабілеттілігі де осы  заңды тұлғаның жеке заңымен  реттеледі. 

 Заңды тұлға дегеніміз  – меншік, шаруашылық жүргізу  немесе жедел басқару құқығындағы  оқшау мүлкі бар және сол  мүлікпен өз міндеттері бойынша  жауап беретін, өз атынан мүліктік  және мүліктік емес құқықтар  мен міндеттерге ие болып, оларды  жүзеге асыра алатын, сотта талапкер  және жауапкер бола алатын  ұйым.

Халықаралық жеке құқықтағы заңды тұлға туралы ілімдердің жалпы мәселелері

Меншік,  шаруашылық  жүргізу  немесе  жедел басқару құқығындағы  оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен  өз міндеттемелері  бойынша  жауап  беретін,  өз  атынан  мүліктік  және мүліктік емес жеке құқықтар мен  міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер  бола  алатын ұйым заңды  тұлға  деп  танылады.

Заңды  тұлғаның дербес балансы  немесе  сметасы болуы  тиіс.

Заңды  тұлғаның өз атауы  жазылған  мөрі болады.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексі Заңды тұлғаны  екіге бөледі:

Коммерциялық;

Коммерциялық емес.

Өз қызметінің мақсаты  ретінде табысын  келтіруді  көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай  мақсат ретінде пайда  келтіре  алмайтын және  алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) заңды тұлға  бола алады.

Коммерциялық  ұйым  болып  табылатын заңды тұлға мемлекеттік  кәсіпорын, шаруашылық  серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік  кооператив  нысандарында ғана  құрылуы  мүмкін.

Заңды тұлғаға қатысты  халықаралық жеке құқық теориясында 2 ұғым қолданылады:

1. Заңды тұлғаның жеке  мәртебесі 

2. Заңды тұлғаның ұлттылығы. 

 Заңды тұлғаның жеке  мәртебесі дегеніміз – ол заңды  тұлғалардың құқықтық жағдайын  анықтау. 

 Заңды тұлғаның ұлттылығы  дегеніміз – ол белгілі бір  заңды тұлғаның, белгілі бір мемлекетпен  байланысын білдіреді.

Заңды тұлғаның ұлттылығы  жөнінде халықаралық жеке құқықта 4 доктрина қалыптасқан.

1. Инкорпорация – заңды  тұлға қай мемлекетте тіркелсе, онда, сол мемлекеттің заңы қолданылады.  Яғни, заңды тұлғаның жеке жерінің  заңы қолданылады. 

2. Отаршылдық немесе тұрақтылық  доктринасы – заңды тұлғаның  басты органы қай мемлекетте  орналасса, сол мемлекеттің заңы  қолданылады. Яғни, оның әкімшілік  органы орналасқан жерінің заңы  қолданылады. 

3. Қызмет ету немесе  шаруашылық жүргізу доктринасы. Заңды тұлға қай мемлекетте  нақты жұмыс істесе, сол мемлекеттің  заңы қолданылады. 

4. Бақылау доктринасы  – бір мемлекетте орналасқан  кәсіпорынның құрылтайшысы қай  мемлекеттің тұлғасы болса, сол  мемлекеттің заңы саналады

Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері. Халықаралық  шарттар

Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері болып: хал. шарттар, ішкі заңнамалар, әдет ғұрыптар, хал. жиналыстардың қорытынды актілері табылады.

Хал. шарттар 

Халықаралық шарт – бұл мемлекеттер арасындағы немесе халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасындағы жазбаша немесе ауызша нысанда жасалған және халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісім.

Халықаралық шарт адамның  негізгі құқығы мен бостандығын  қорғауда, мемлекеттердің және халықаралық  құқықтың  субъектілерінің,  басқа  да субъектілердің заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде маңызды  рөл атқарады.

Халықаралық келісімшарт  құқығының қайнар көздері:

  1. 1969ж. халықаралық келісімшарт құқығы туралы Вена Конвенциясы;
  2. 1986ж. мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар арасындағы келісімшарт құқығы туралы Вена Конвенциясы

Осы құжаттар халықаралық  шарттарды жасасу, орындау және әрекетін тоқтату тәртібін реттейді.

Халықаралық  шарттардың түрлері:

  1. субъектілерінің сипаты бойынша:
  • мемлекет аралық;
  • үкімет аралық;
  • ведомство аралық.
  1. Субъектілердің саны бойынша:

-екі жақты;

-көп жақты;

3) нысаны бойынша:

- ауызша;

- жазбаша.

4) әрекет ету  уақыты  бойынша:

а) мерзімді;

б) мерзімсіз;

Халықаралық шарттар жазбаша  және ауызша нысанда жасалуы мүмкін. 1969ж. және 1986ж. келісімшарт құқығы туралы Вена Конвенциясы тек жазбаша  шарттарды жасасу, орындау, тоқтату  тәртібін белгілейді

Келісімшарттың  депозитарийі халықаралық келісімшарттың түп нұсқасын сақтайды және осы шартқа қатысты нақты функцияларды атқарады, атап айтқанда: ратификациялық грамоталарды, қосылу туралы құжаттарды қабылдайды, келісімшарттың түп нұсқасын куәландырылған көшірмесін дайындайды; келісімшартқа қатысты құжаттардың келіп түскендігін хабарлайды, ескертулер туралы құжаттарды қабылдайды, көпжақты келісімшарттардың күшіне ену мерзімі туралы келісімшартқа отырған мемлекеттерді хабардар етеді; ескертулердің (түсіндірме сөздердің - оговорка) алуынуы туралы хабардар етеді; келісімшартты БҰҰ Хатшылығында тіркейді.

Халықаралық шарттарға енгізілетін  ескертулер. Ескерту  - бұл шартқа қол қояр алдында, ратификациялауда, бекітуде, қабылдауда, оған қосылған кезде мемлекеттің осы келісімшарттың нақты жағдайларын белгілеген мемлекетке қолданылуының заңды әрекетін алып тастауға немесе өзгертілуін білдіретін мемлекеттің біржақты мәлімдемесі.

Ескертудің заңды салдары  оны жасаған мемлекетпен және келісімшарттың басқа да қатысушылар  арасындағы қатынасьарда келісімшарттың жағдайларын өзгертеді.

Ескерту мынадай жағдайларда  жасалмайды:

  1. егер де осы ескертуге келісімшартта тыйым салынған болса;
  2. ескерту келісімшарт бойынша рұқсат етілгендердің санына кірмейтін болса;
  3. егер ескерту келісімшарттың объектісіне және мақсатына қайшы келетін болса;

Ескертуді жасаған мемлекет ескертуді кез келген уақытта  алуына болады.

Халықаралық шарттардың қағидалары

Өзіне жүктелген міндеттемелерді  адал орындау

Туындаған дауларды бейбіт түрде реттеу

Ынтымақтасу

Адам құқықтары мен  бостандықтарын құрметтеу 

Халықтардың тең құқығы

Өзін өзі басқару қағидалары

 

 

 


Информация о работе Халықаралық жеке құқық