Халықаралық инвестициялық клиамат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2015 в 16:30, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның инвестициялық қызметінің еліміздің экономикасы дамуындағы функциялар мен жүргізетін операцияларын, ол қандай саясатты, құралдарды, шараларды қолдану арқылы өз қызметін атқаратынын зерттеп, алдағы жылдардағы бағыттарын болжап, соңғы жылдардағы негізгі көрсеткіштерге анализ беру. Мақсатпен байланысты осы жұмыстың орындалуында келесі міндеттерін бөлуге болады:
- инвестиция, инвестициялық қызмет, шетел инвестициялары, инвестор терминдеріне айқындылық беру;
- инвестициялық климатқа әсер етуші факторларды талқылау;
- шетел инвестициясын тарту мәселелерін қарастыру;
- ең алғаш рет ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптаса бастауы;
- инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен іске асыру кедергілері жайында көптеген мәселелер талқыланатын болады.

Содержание

Кіріспе 3
2 Инвестицияның теория негізі және оның саясаты туралы түсінік 5
1.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері 5
1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат 8
1.3 ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар 10
3 Халықаралық инвестициялық климатқа талдау жасау 14
2.1 Қытайдың инвестициялық климатына сипаттама 14
2.2 Инвестициялық тәуекелділікті есептеу кезеңдері мен түрлері 18
2.3 Тәжікістанның инвестициялық климатына талдау жасау 24
4 Инвестициялық климаттың тәукелділігін төмендету жолдары 28
Қорытынды 32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 34

Прикрепленные файлы: 1 файл

халықаралық инвестициялық климат.doc

— 264.50 Кб (Скачать документ)

Статикалық әдістерге тау-кен жабдықты, кен қазбаларды жүргізу тәсілін, желдету, кұрғату және басқа да осыларға ұқсас міндет шешімдері салыстыру мен бағалау жатуы мүмкін.

  • Динамикалык есептер мына келесі белгілермен сипатталады:
  • Жұмыстардың жылдық көлемі мен шығындардың біркалыптылыксыздығы;
  • Тауар өніміне жыл бойы бағалардың өзгеруімен;
  • Жұмыс көлемінің, пайдалы кен байлық сапасының, сондай-ақ бағалардың өзгеруінің салдарынан пайданың өзгеруімен;
  • Өндіру, кен - дайындау және ашу жұмыстарына шығындардың әр түрлі уақытта жұмсалуымен;

Күрделі шығындарды тек кәсіпорынды салу кезінде ғана емес, сондай-ақ тағы кен орнын пайдалану уақытында жұмсау керектігімен. Пайымдау негізін таңдау койылған мәселенің міндет артуымен, яғни инвестициялық жоба алдына қойылған мақсатпен, бағалау кезеңінің ұзақтығымен байланысты.

Инвестициялық жобалардың 1-ші және 2-ші деңгейлеріндегі объектілерге экономикалық критерийлер ретінде пайдалылықты, табыстылықты, инвестициялардың тиімділігін және олардын мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштер қабылдануы мүмкін.

Инвестициялық жобалардың 3-ші және 4-ші деңгейіндегі объектілеріне критерийлер ретінде шығындардың, өзіндік құнның ең аз мөлшерін және өтелімділік мерзімін азайту көрсеткіштерін пайдалану болады.

Бір орталықтан жоспарлау, жабдықтау және тегін қаржыландыру кезінде министрліктердің ірі кәсіпорындардың көбі күрделі жұмсалымның, материалдык - техникалық жабдықтаудың ең үлкен мелшеріне тікелей өте құштар болғанда, меншікті келтірілген шығындар деген көрсеткіш (Сі + ЕКі —> mіn) нағыз экономикалық тиімді нұсқаны анықтауға көп мүмкіндік туғызған жоқ.

Бірақ технологиялық жабдық түрін тандау кезінде мына формуланы пайдалануға болады:

Сі +rКі —> mіn,

Мұнда Сі- нұсқалар бойынша ағымадағы (өндірістік) шығындар, өнімнің өзіндік құны;

Кі - нұсқалар бойынша күрделі жұмсалымдар мэні;

r - проценттік ставка (мөлшерлеме), дисконт нормасы.

Қай жағдай болса да ағымдағы шығындарды (өндірістік шығындар) да өнімнің өзіндік құнын да күрделі жұмсалымды да инвестициялық жобаның бастапқы немесе аяқтау кезеңіне келтіруге болады.

Болашақтағы шығындарды, пайданы, кен орнының бағалығын бастапқы мезетке мына формуланы пайдаланып келтіруге болады

Зл=3б / (1+к)еб

мұндағы Зл - болашақ экономикалык көрсеткіштердің қазіргі уакытқа келтірілген мәні; 
Зб - болашақтағы экономикалық көрсеткіштердің мәні;

r - дисконт мөлшерлемесі (ставкасы); 
(1+к) - дисконттау коэффициенті (kq), I - шығындар мен нәтижелердің алыстығы.

Кез келген өткен жылдардың шығындары мен нэтижелерін бағалау мезетке келтіру үшін мына формуланы пайдаланады:

Зк = Зө(1 + r)t = Зө * кq

Техникалық - экономикалық есептер мына келесі жұмыстарды кұрады:

  • Жоба жасау алдындағы зерттеу;
  • Инвестициялық мүмкіндіктердің техникалық-экономикалық зерттеу;
  • Инвестициялық жобалар немесе техникалық - экономикалық негіздеу, бизнес-жоспар;
  • Экономикалық есептерді орындау және объекті жаңадан салу мен пайдалану кезінде түзетулер енгізу.

Техникалық-экономикалық есептердің қажеттілігі мен бағалауы басы артық (бос) қаражаттарды жұмсауының ең жақсы нұсқасын негіздеу мен тандау кезінде керек немесе әр түрлі инвесторлардың шарттар жағдайлар нұсқаларын бағалау, кұрылысты ұйымдастыру үшін несие алу, жабық сатып алу үшін керек.

Жоба жасау алдындағы зерттеулер мыналарды кірістіреді:

  • кен орнын барлау және өндіруге арналған өтінімді негіздеу;
  • жер бөліп беру жобаны негіздеу;
  • болашақ жобаның коршаған ортаға тигізетін әсеріне экономикалық баға беру.

Кен орнын қазу тәсілін, технологиясын, негізгі жабдықтар түрлерін таңдауын алдын ала негіздеу.

Тэхникалық - экономикалық есептер жуықтау болса да тез, ең аз мерзімде нұсқалардың көп санына экономикалық салыстыру жасап олардың ішінен 2-3 нұсқасын инвестициялық жобаның келесі кезеңінде тікелей жете салыстыруға тандауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздеу техникалық шешімдерге экономикалық бағалауды, маркетингтік зерттеуді, баға нарығын, инвестициялық мүмкіндіктерді (несие, оны етеу мерзімі, проценттік мөлшерлеме) зерттеуді алдын ала қарастырады.

Экономикалык есептер инвестициялык жобалардың техникалық-экономикалық негіздеу сатысында болашақ кәсіпорын қызметтін 3 түрі бойынша бағалау кезеңінің әр жылындағы табыстар мен шығындарды жете аныктауды карастырады: 

     - инвестициялык;

  • операциялық (өндірістік) жэне каржылык.

Сонан соң осы есептер негізінде әр нұсқаның коммерциялық тиімділігі де жете зерттелінеді. яғни ақша ағындары (Саsh flow).

Жобаның қандай түрі болмасын және олардын техникалық, технологиялық, қаржылық, салалық және аумақтық ерекшеліктеріне карамастан инвестициялық жобалар тиімділігін бағалау негізінде мына келесі принциптер жатыр:

  • жобаның барлық өміршендік кезеңі бойы қарап талқылау;
  • барлық ақша ағындарын үлгілеу;
  • әр түрлі жобалар нұсқаларын салыстыру талаптарының салыстырымдылығы;
  • он нәтижелік пен барынша жоғары тиімділік принципі;
  • уақыт факторын есепке алу;
  • алдағы шығындар мен кірістерді ғана есепке алу;
  • инвестиция жобалардың барлық аса манызды салдарын есепке алу;
  • жобаға әр түрлі қатысушылардың түгелін есепке алу;
  • инвестициялық жобалардың тиімділігіне айналмалы капиталдың қажеттілігінің әсерін есепке алу;
  • инфляцияның әсерін еске алу;
  • сандық нысанда белгісіздік пен тәуекелдіктің әсерін есепке алу.

Инвестициялық жобаның тиімділігі есептік кезең бойында бағаланады, ол жоба басынан оның аяқталуына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Жобаның басы жобалау-іздестіру жұмыстарына қаражат жұмсаған күнінен бастап анықталады.

Есептік кезең қадамдарға, уакыттың бөліктеріне бөлінеді, сол уақыт ішінде каржы көрсеткіштерді бағалау үшін пайдаланылатын деректер жиналады.

Есеп қадамдары олардың нөмірлерімен (0,1,2,...) айқындалады.

Инвестициялық жоба, басқа да қаржы операция сиякты, табыс алумен және шығындар жасаумен байланысты болғандықпен ақша ағындарын (нақты ақша ағындарын) туғызады.

Ақша ағыны (СF) - ақша каражатының түсуі мен жұмсалуы.

Әр қадамында ақша ағынының мәні сипатталынады:

  • Түсімен - осы қадамдағы ақша түсуінің шамасымен;
  • Жұмсалуымен (жылыстаумен) - осы қадамдағы төлемдерге тең;
  • Сальдо (актив балансы, нәтиже) - түсім мен жұмсалу арасындағы айырма.

Ақша ағыны (СF) әдетте кәсіпорынның әр түрлі қызметтер ақша қаражатының қозғалысынан тұрады:

  1. инвестициялық қызметтен ақша ағыны Fu( t),
  2. операциялық қызметтен ақша ағыны F°(t)
  3. қаржы кызметтен ақша ағыны Fk (t).

Операциялық қызмет – кәсіпорынның, ұйымның табыс табу жөніндегі негізгі кызметі мен инвестициялық және қаржы кызметіне қатысты жоқ өзге де қызмет.

Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзімді активтер мен қаржы инвестицияларын сатып алу және сату.

Қаржы қызметі - меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен кұрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын кәсіпорын қызметі. 

Әр заңды тұлға ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруге тиіс. Онда мынадай ақпарат берілуі тиіс:

  1. ағымдагы есеп беру кезеңіндегі түсетін және талап етіп алынатын ақша қаражаттар туралы;
  2. есеп беру кезеңі бойынша кәсіпорыннның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтер туралы.

Операдиялық қызметке байланысты ақша қаражаттарының қозғалысыс тікелей немесе жанама әдістер арқылы анықталады.

Тікелей әдіс - ақша каражаттарының негізгі түрлерінің түсуі мен төленуін анықтайтын әдіс. Бұл әдіс әрбір ақша операциялары мен анықтамаларын қай қызметке жататынын зерделеуге негізделген.

Тікелей әдіс қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есептің әрбір бабындағы түзетумен түсіндіріледі. Мүндай жағдайда енім еткізуден алынған түсіммен бастап одан ағымдағы шығындарды. тауарлар сатып алу, несиелерге проценттер мен бюджетке төленетін телемдер жэне тағы баска төлемдер шегеріледі. Қорытындысына операциялык қызметке байланысты ақша қаражаттарды жағдайының сомасын шығарады.

Тікелей әдісті қолданған жағдайдағы операциялық кызметтің нәтижесінде туындайтын ақша каражатының ағынына жатады:

  • түсімдеріне - өнімдерді өткізуден алынған түсім; тауарлы-материалдық қорларды жеткізуден және  қызмет  көрсетуден  түскен   аванстар;  түрлі   сипатта  сыйақы  теленген  дивиденттер  мен 
    роялтилердін проценттері; басқа да және өткізуден тыс табыстар, басқа түсімдер:
  • жұмсалуына  жатады   -  өндірістік  шығындары;  тауарлы материалдық  қорларды  жеткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілген қызметгерге берілген аванстар; материалдар мен тауарлар 
    үшін жеткізушілер мен мердігерлерге төлемдер; жалақы бойынша төлемдер мен баска да төлемдер; бюджетпен,   әлеуметтік  сактандыру  органдарымен,   бюджеттін   тыс   қорлармен   есеп   айырысу; проценттерді төлеу; баска да төлемдер.

Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен сату, өтелген несиелерді беру мен алу болып табылады.

Инвестициялық қызметтердің нәтижесінде пайда болған ақша каражаттары қозғалысының мысалы:

1) ақша каражаттардың түсуі:

  • негізгі кұралдарды, басқа да ұзақ мерзімді активтерді және материалды емес актвитерді сатудан түскен түсімдер:
  • қаржылык инвестицияларды өткізуден;
  • басқа занды тұлғаларға берілген несиелерді алу;
  • басқа түсімдер.

2) ақша қаражаттарын алу (отто):

  • күрделі жұмсалымдар;
  • негізгі құралдарды, басқа ұзақ мерзімді активтерді және материалды емес актвитерді сатып алу;
  • қаржылық инвестицияларды сатып алу;
  • басқа занды тұлғаларға несие беру;
  • басқа да төлемдер болып табылады.

Инвестициялық қызметтер бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерді қосатын бөлімінде бейнеленеді. Оған тағы да бухгалтерлік баланстың ағымдагы активтер деген бөлімінде бейнеленетін каржылық инвестицияларға әсер ететін операциялар жатады. Инвестициялық қызметтер акцияларды және негізгі құралдар мен басқаларды сатудан түскен табыстар мен шығындар қаржы - шаруашылық қызметтердің нәтижелері туралы есепке бейнеленіп табылады.

Қаржылық қызметтерден түскен ақша ағынының түсіміне мыналар жатады:

  • меншікті капитал жұмсаудан;
  • сырттан тартылған қаражаттарды жұмсаудан (жәрдем қаражат, демеу қаржы қарыз каражаттар);
  • акцияларды және басқа да құнды қағаздарды шығарудан;
  • банктен ұзақ және қыска мерзімді несиелерді алу.

Қаржылық қызметтің ақша каражаттарының жұмсалуына мыналар жатады:

  • банктік кредитті өтеу;
  • меншікті акцияларды сатып алу;
  • дивиденттерді төлеу;
  • баска төлемдер.

Ақша ағынымен қатар инвестициялық жобаларды балағанда қорланған акша ағыны пайдаланылады, оны сипаттайды:

  • қорланған түсім;
  • қорланған жұмсалу (жылыстау) және корланған сальдо (қорланған тиімділік).

Олар есептік кезеңінің әр қадамында берілген және барлық өткен қадамдарда сәйкес ақша ағындарының қосындысы болып табылады.

 

 

         2.3 Тәжікістанның инвестициялық климатына талдау жасау

 

Тәжікстан мен Қазақстан елдерінің жаңа мемлекеттік жағдайда дипломатиялық қарым-қатынас орнатқандарына биылғы 7 қаңтарда 15 жыл толды. Бұл жылдар аралығында ежелден қалыптасқан достық қарым-қатынастарымыз бен ынтымақтастығымыз бұрынғыдан да жарасым тауып, күн өткен сайын жаңа сипатқа ие бола түсті, өзара сенімнен бастау алған игі шараларды жан-жақты дамытуға айқара жол ашылды.Бүгінде біз Қазақстан мен Тәжікстан арасында құқықтық негізде құрылған әлеуметтік-экономикалық және саяси келісімдердің жүзеге аспай қалған бір де біреуі жоқ екендігін ашық айта аламыз. Мұның заңдық негізі бұдан 15 жыл бұрын қол қойылған мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомсвоаралық қатынастарды анықтайтын 75 құқықтық-нормативтік құжаттарда жатыр. Екі мемлекет тең құқықты халықаралық субъектілер ретінде қол қойған бұл құжаттар саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, тағы басқа салалардың бәрін оңтайлы үйлестіруге мүмкіндік берді. 
Кейінгі жылдары екі елдің арасындағы сауда-экономикалық қатынастар қарқынды дамып, халықаралық, аймақ¬аралық маңызға ие бола бастауына байланысты бұрынғы келісімдердің құқықтық базасын одан ары жетілдіре түсу қажеттігі туындап отыр. Сол себепті белгілі құрылымдар осы бағыттағы жұмыстарды қолға алуда. Онда қазақ-тәжік халықтарының бірі-бірімен жаңа заманға сай қарым-қатынастары, басқа да қажеттіліктері мен сұраныстары жан-жақты қарастырылатын болады. Екі ел ынтымақтастығының нығая түсуіне мемлекет басшыларының бір-бірімен жиі кездесулері мен өзіміз мүшелері болып табылатын халықаралық, аймақаралық ұйымдар аясындағы жүздесулердің маңызы ерекше екендігін атап көрсеткім келеді. Қазақстанмен ресми түрде дипломатиялық қатынас орнағанына бірнеше күн өте салысымен, 1993 жылы Тәжік мемлекетінің Президенті Эмомали Рахмонов Алматыға жұмыс сапарымен барып қайтты. Осы кездесуде екі мемлекет басшылары Э. Рахмонов пен Н.Назарбаев Тәжік Республикасы мен Қазақстан Республикалары арасындағы қарым-қатынасты жаңа кезеңге сай дамыту жөніндегі келісімдердің құқықтық базасын анықтайтын алғашқы құжаттарға қол қойды.. Ал 1995 жылы Тәжікстан Президентінің Қазақстан Республикасына жасаған екінші ресми сапарында екі елдің арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан ары тереңдете түсу жөніндегі үкіметаралық келісімдер дүниеге келді. Қарым-қатынастардағы жаңа серпін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2000 жылы Тәжікстанға жасаған алғашқы ресми сапарынан бастау алғанын ашық атқанымыз жөн.Душанбеде өткен бұл кездесуде сегіз құжатқа қол қойылды. Соның нәтижесінде екі ел арасындағы эконмикалық, саяси, ғылыми-техникалық байланыстар күшейіп, кеден, тағы бас¬қа салалардағы жұмыстардың алға басуына жол ашылды. Екі ел басшылары қол қойған Декларациядан кейін Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы бұған дейін де қалыптасқан саяси қарым-қатынастар көкжиегі одан сайын кеңейе түсті. 
Тәжікстан Президенті Э.Рахмоновтың 2006 жылдың мамырында Қазақстанға жасаған ресми сапары екі ел саясатындағы бетбұрысты сәт болды десек, артық айтқандығымыз емес. Бұл кездесу барысында инвестиция, білім, халықаралық көлік қатынастары, жастар саясаты, экономикалық қылмыстар жөнінде ақпараттар алмасу сияқты бірнеше келісімдерге қол қойылды. Екі ел басшылары бүгінгі күн талаптарына сай жан-жақты ынтымақтастықты дамыта бару жөнінде ресми мәлімдеме жасады. 2007 жылдың қыркүйегіндегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәжікстанға ресми сапары екі ел қарым-қатынастарын мүлдем жаңа сатыға көтерді. Бұл жолы мәдениет пен өнер, әуе жолдары, ауылшаруашылық кешендері, инвестиция және сауда мәселелеріне баса көңіл бөлінді. Кездесуде қол қойылған алты құжатта сонымен қатар су қуаттары, құрылыс, көлік және комуникация, тау-кен жұмыстары мен ауыл шаруашылық салалары да кеңінен қамтылды. Әсіресе, екі ел арасындағы кеілсімдерді жүзеге асыру мақсатында құрылған үкіметаралық комиссияның орны бөлек. Мұнда бұған дейін қол қойылған құжаттардағы көзделген мақсаттардың орындалуы тексеріліп, сараланып отырылды. Солардың ішінде саяси мәселелердің маңызы зор. Аймақтағы тыныштық пен интеграция, жалпы Орталық Азия елдеріндегі ынтымақтастықты күшейте беру қажеттігі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бұл тұрғыда Қазақстанның біздің елдегі бітімгершілік қызметін халық та, билік өкілдері де қоштап, қуаттайды. Себебі Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың біздегі қайшылықты жағдайларды бейбіт жолмен шешуге қосқан үлесі өте орасан. 1995 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында өткен тәжікаралық келіссөздердің бәріне Қазақстанның ресми өкілдері қатысып отырды. Істің нәтижелі аяқталуына бұл көп пайдасын тигізді. Тәуелсіздіктің алғашқы қиындықтарына тап болған сәтте Қазақстан бізге тек саяси тұрғыдан ғана емес, гуманитарлық, экономикалық, әскери техника түрінде де нақты көмектер берді. Оған тәжік-ауған шекерасындағы тыныштықты сақтау жолында ерлікпен қаза тапқан Ұжымдық бітімгершілік күштері сарбаздарына қойылған ескерткіштер куә. 
Қазақстан мен Тәжікстан халықаралық, әлемдік және аймақаралық маңызды мәселелерді бірлесе шешіп, бір бағытта әрекет ету мақсатында әр түрлі деңгейде басқосулар мен жиындар, пікір алмасулар өткізіп келеді және олардың бәрі өз нәтижесін беруде. Аймақта алаңдаушылық туғызып отырған жағдайлар аз емес. Осыған орай Қазақстан мен Тәжікстан қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты, әсіресе терроризм мен есірткі тасымалы, ұйымдасқан қылмыс пен экстремизмге қарсы күрес амалдарын күн сайын күшейтуде. Бұл екі ел БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕурАзЭҚ, ҰҚКҰ, ШЫҰ, АӨЫСШҚ сияқты халықаралық, аймақтық ұйымдар шеңберінде де біршама нәтижеге қол жеткізді. Экономика саласындағы байланыстарымыз да қарқынды дамуда. Сауда-экономика саласындағы көрсеткіштер кейінгі бес жылда төрт есеге өсіп, 2007 жылы ол 200 миллион долларды құрады. Бұл біздің сауда саласындағы басты серіктесіміз Қазақстан екендігін тағы да дәлелдейді. Экспорт пен импорт та қанатын кеңге жаюда. Бізге Қазақстаннан ет, химия өнеркәсібі заттары мен ағаш, минералды заттар әкелінсе, біз Қазақстанға мата, әр түрлі әшекейлі бұйымдар, тамақ өнімдері, тағы басқа қажеттіліктерді жөнелтудеміз. Мәселен 2007 жылдың 25-28 тамызы күндері Астанада Тәжікстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ашылды. Оның салтанатты ашылуына екі ел үкімет басшыларының қатысуы бұл шараның қаншалықты маңызды екендігін аңғартса керек. Осы күндері Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен екі елдің іскер адамдары мен бизнесмендер форумында көптеген келісімдер мен шарттарға қол қойылды. Бұл біздердің экспорт пен импорт¬қа шығаратын тауарларымыздың түрлерін бұрынғыдан да еселей түсті. Екі елдің инвестиция мен банкі саласындағы байланыстары тұрақтанды десе де болғандай. Қазақстан инвесторлары Тәжікстан жеріндегі инвестициялық жобаларға өз қаржыларын құюға қашан да даяр екендіктерін білдіруде. Қазіргі кезде оның көлемі 100 миллион долларды құрап отыр. Қазақстан инвесторларымен тау-кен өндірісі және энергетика саласын дамыту жөніндегі келісімдер нақтыланды. Тұрғын үй құрылысы жөніндегі жобалар жетілдірілу үстінде. Қазақстанның “ТұранӘлемБанк”, “Қазкоммерц¬банктері” Тәжікстанда өз өкілдіктерін ашып үлгерді. Осы арқылы олар біздің экономикамызға қаржыларын молынан құюға мүмкіндік алатыны сөзсіз. 
Қазақстан Президентінің Тәжікстанға кейінгі жасаған сапары кезінде екі елдің сауда қатынастары мен инвестиция саласын одан ары кеңейту мақсатында арнайы Меморандумға қол қойылды және жарғылық капиталы 100 миллион доллардан тұратын Инвестициялық қор құру жөнінде келісім жасалынды. Гуманитарлық саладағы байланыстарымыз да аз емес. Мәдениет, ғылым мен техника саласындағы жетістік¬теріміздің орны бөлек. 
2007 жылдың соңғы он күндігінде Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы күндері табыспен өтті. Астана мен Алматы қалаларының тұрғындарын біздің өнер саңлақтарымыз ән мен жырға бөледі, ал қылқалам шеберлеріміздің туындылары мен көркем сурет галереяларын тамашалауға келген көрермендер легі бір сәт те толастамады. Осы дәстүрдің жалғасы ретінде биыл Қазақстан күндері Тәжікстанда өтеді деп күтілуде. 
Қазіргі кезде Қазақстанның арнайы жоғары оқу орндарында Тәжістанның 180 азаматы білім алып жатыр. Олар ертең менеджмент, экономика, энергетика, байланыс, архитектура, информатика, ақпараттық жүйе, туризм, бизнес, тау-кен, мұнай-газ саласының білікті мамандары болып елге оралады. Сондай-ақ Қазақстанда тұратын тәжік ұлтының өкілдері жыл сайын Тәжікстандағы жоғары оқу орындарында білім алуға арнайы жолдамамен жіберіліп тұрады. Бұған дейін жасалған келісім негіздерінде екі елдің әр түрлі әскери оқу орындарында тәжік-қазақ сарбаздары дайындалып шығуда. 
Осының бәрі бұдан 15 жыл бұрын Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың ресми түрде жолға қойылған кезінен бастау алып, жүзеге асып жатқан игі шаралар екендігін баса айтқым келеді. Туысқан екі елдің бірлесе бағындырар биіктері әлі алда екендігі көңілімізге қуаныш ұялатады.

Информация о работе Халықаралық инвестициялық клиамат