Халықаралық инвестициялық клиамат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2015 в 16:30, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның инвестициялық қызметінің еліміздің экономикасы дамуындағы функциялар мен жүргізетін операцияларын, ол қандай саясатты, құралдарды, шараларды қолдану арқылы өз қызметін атқаратынын зерттеп, алдағы жылдардағы бағыттарын болжап, соңғы жылдардағы негізгі көрсеткіштерге анализ беру. Мақсатпен байланысты осы жұмыстың орындалуында келесі міндеттерін бөлуге болады:
- инвестиция, инвестициялық қызмет, шетел инвестициялары, инвестор терминдеріне айқындылық беру;
- инвестициялық климатқа әсер етуші факторларды талқылау;
- шетел инвестициясын тарту мәселелерін қарастыру;
- ең алғаш рет ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптаса бастауы;
- инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен іске асыру кедергілері жайында көптеген мәселелер талқыланатын болады.

Содержание

Кіріспе 3
2 Инвестицияның теория негізі және оның саясаты туралы түсінік 5
1.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері 5
1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат 8
1.3 ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар 10
3 Халықаралық инвестициялық климатқа талдау жасау 14
2.1 Қытайдың инвестициялық климатына сипаттама 14
2.2 Инвестициялық тәуекелділікті есептеу кезеңдері мен түрлері 18
2.3 Тәжікістанның инвестициялық климатына талдау жасау 24
4 Инвестициялық климаттың тәукелділігін төмендету жолдары 28
Қорытынды 32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 34

Прикрепленные файлы: 1 файл

халықаралық инвестициялық климат.doc

— 264.50 Кб (Скачать документ)

Қашаған кенiшiндегi шетелдiк компанияларға қатысты Қазақстанның қатаң ұстанымы батыс компанияларының Қазақстандағы инвестициялық ахуалды қабылдауына қалай әсер еттi деп ойлайсыз? Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстандағы инвестициялық климат өзгердi деп айтуға себеп жоқ. Егер бiздiң шетелдiк әрiптестерiмiздiң ойларында ондай күмәндi ойлар пайда болса – мен оны бiрiншi болып бiлер едiм. Себебi менiң қоластымда Президент жанындағы арнайы орган - Шетелдiк инвесторлар кеңесi жұмыс iстеп жатыр. Ал Қашағанға келер болсақ, ондағы проблема инвесторлар тарапынан кейбiр келiсiмшарт талаптарының бұзылуы, жобаның қымбаттауы және алғашқы мұнайды алу мерзiмiнiң ұзап кетуi салдарынан туындады, яғни онда бiздiң кiнәмiз жоқ. Қазақстан күрделi қаржылық шығындарға ұшырайтын болды. Қазақстандық тарап жасалған келiсiм-шарттың барлық тарауларын дәл мерзiмiнде орындағанын атап өткiм келедi. Және бiз өзiмiздiң экономикалық мүддемiздi қорғауға құқылымыз. Ия, бiздiң өкiлдерiмiз әдiлеттiк тең болуы үшiн, мүдделерiмiздi қатаң қорғады.

Баршамызды қанағаттандыратын шешiм табылды деп санаймын және бiз келiсiм-шартты бұзу шарасына барғамыз жоқ. Қол жеткiзiлген мәмiленiң нәтижесiнде Қазақстан мен консорциумның шетелдiк қатысушылары дос және серiктес болып қалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Халықаралық инвестициялық климатқа талдау жасау

 

2.1 Қытайдың инвестициялық  климатына сипаттама

 

         Қазақстан-Қытай қатынастарының қазіргі ахуалы мен келешегін бағалайтын болсақ

– Қазақстан-Қытай қатынастары 2005 жылдың жазында Астанада Президент Н.Ә.Назарбаев және Төраға Ху Цзиньтаомен бірлесіп бекіткен стратегиялық әріптестік бағыты бойынша тұрақты ілгерілеп келеді. Екі мемлекеттің арасында әртүрлі дәрежеде, сондай-ақ жоғары деңгейде тұрақты саяси кездесулердің, сұхбаттардың өткізілуі дәстүрге айналды. Өткен жылдың желтоқсанындағы Елбасының Қытайға сапары барысында маңызды бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды, олардың ішінде Қазақстан мен Қытайдың ХХІ ғасырдағы ынтымақтастық стратегиясы және Экономикалық ынтымақтастықты дамытудың тұжырымдамасы бар. Осы құжаттар екіжақты қарым-қатынастың болашақтағы негізін қалайды, онда әртүрлі бағыттағы ынтымақтастықтың нақты міндеттері мен оларды ұтымды шешу жолдары белгіленген.

Екіжақты әріптестіктің үйлестіруші органы, құрамына 10 салалық кіші комитет кіретін, Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясын қадағалайтын Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық жөніндегі комитетінің белсенді жұмыс атқарып жатқандығын атап өткім келеді. Осындай екі елдің салалық ведомстволары арасындағы ықпалдастықтың түрі өзекті мәселелерді уақтылы және жедел шешуге мүмкіндік беретінін уақыт көрсетті. Үстіміздегі жылдың қараша айында Астанада Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары, аталмыш Комитеттің қытай жағының тең төрағасы У И ханымның қатысуымен Комитеттің 4-отырысын өткізу жоспарланып отыр.

Екіжақты ықпалдастықтың толық жиынтығының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі сауда-экономикалық әріптестікті дамыту болып табылатыны сөзсіз. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы көлемі қарқынды өсіп келеді. Сауда айналымы 15 жыл бұрын 370 миллион АҚШ доллары көлемінде болса, ал 2006 жылы 8 миллиардтан асты. Нәтижесінде, бүгін Қазақстан Қытайдың Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы сауда саласындағы жетекші әріптестерінің ішінде екінші орынды алып отыр. Қолда бар деректер бойынша, 2007 жылдың бірінші жарты жылдығында осы көрсеткіш 5,9 млрд долларды құрады, бұл өткен жылғы бірінші жартыжылдыққа қарағанда 60,4 пайызға көп. Мұндай оңды үрдіс сақталып қалған жағдайда біз осы жылдың соңында бұған дейін 2010 жылға жоспарланған 10 млрд доллар көрсеткішіне қол жеткіземіз.  
Қазақстан-Қытай ықпалдастығының кейбір нәтижелерін бағалай отырып, төмендегідей мәселелерге тоқталу қажет. Қытаймен ынтымақтастықты сапалы жаңа кезеңге, шикізаттық емес саладағы кеңірек ықпалдастыққа көшу үшін бірнеше салалық бағыттағы жұмыстарды жандандыру керек. Бұл жерде Қазақстан мен Қытай арасында үстірт қарама-қайшылықтар жоқ болғанмен, табиғи экономикалық факторлармен ұштасқан объективті қиыншылықтар екенін ұмытпауымыз керек. Қазақстан – қытайлық өлшеммен қарағанда шағын ғана, экономикасы дамып келе жатқан және табиғи ресурстарға бай, индустриялану кезеңіне қадам басқан ел. Қазақстан үшін қазіргі заманғы Қытай секілді экономикалық алыптың шикізат шылауына айналуын болдырмау, оның алдын алу қиынға соқпақ. Алдағы уақытта Қазақстанның мемлекеттік және жекеменшік құрылымдарының жұмысы тең, өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарды қалыптастыруға бағытталуы керек.

Сарапшылар «қытайлық нарыққа қазақстандық компаниялар аз мөлшерде қатысады» деген пікірді жиі айтады?

 Рас, қытайлық нарыққа қазақстандық  компаниялардың аз мөлшерде қатысуы  бізді ойландырмай қоймайды. Қазақстанның  Индустрия және сауда министрлігінің деректері бойынша, біздің елімізде шамамен қытайлық капиталдың қатысуымен қызмет жасап отырған 4 мыңнан астам кәсіпорын бар, сонымен қатар соңғы 10-15 жылдың ішінде қытай тарапынан келген инвестицияның жалпы көлемі 8 миллиард АҚШ долларынан асты. Ал Қытайдағы қазақстандық капиталдың қатысуымен тіркелген бірлескен кәсіпорындардың саны 131 ғана, оның үстіне олардың басым бөлігі делдалдық қызмет көрсетумен ғана айналысады.  
Дегенмен соңғы кезде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық салаларында қалыптасқан «қиғаштықтарды» түзетуде Қытайдағы қазақстандық бизнестің жанданып келе жатқандығын айтқан жөн. Осы орайда, 2007 жылдың мамыр-маусым айларында «Казатомпром» және қытайлық Гуандун ядролық-энергетикалық корпорациясы арасындағы қытайлық АЭС-терді қазақстандық ядролық отынмен жабдықтау туралы келісімге, сонымен қатар қытайлық курорттық Санья қаласының мэриясы және «КазкоммерцИнвест» арасындағы қонақүйлер жүйесін салуға 1 млрд АҚШ долларын құю туралы меморандумға қол қойылғандығын атап өтуге болады.

 Қазақстан мен Қытай  арасындағы байланыс экономиканың  қандай салаларында қарқындырақ  дамып келеді?

Қазіргі кезеңде, әрине, Қытаймен байланыста негізгі рөлді энергетикалық ынтымақтастық алып отыр. Бұл әбден түсінікті, өйткені бүгінде Қытай өзінің мұнайдағы қажеттілігінің жартысын шетелдерден алып келеді.

Осы ретте Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры тиімді жұмыс жасауда. Екі мемлекеттің басшылары оның екінші кезеңі – Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырын салу туралы уағдаластыққа қол жеткізді, осы бағытта нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздің елімізде CNPC, Sіnopec және CІTІC сияқты жетекші қытайлық компаниялар белсенді жұмыс атқаруда. Соңғы деректер бойынша, бүгін бізде қытайлық компаниялардың қатысуымен өндірілетін мұнайдың көлемі 20 миллион тоннаны құрайды, оның ішіндегі таза қытайлық тараптың үлесі 13 миллион тоннаға тең.  
Тараптар қазір газ құбырын салу мәселелері бойынша нақтылы келіссөздерге кірісті. Құбырдың осы бөлігін келешекте Қытай, Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан арқылы өтетін газ құбырымен қосу мүмкіндігі де қарастырылуда. Жақын уақытта осы жобаның инвестициялық негіздемесінің дайындалуы аяқталады. Сонымен бірге, ҚХР-мен мұнай және газды қайта өңдеу, мұнай-химиялық, машина жасау салаларындағы ынтымақтастықтың үлкен болашағы бар. Екі елдің мұнай өнімдерін сатумен айналысатын бірлескен кәсіпорындарды құру саласындағы өзара ықпалдастықты кеңейтуіне мүмкіндігі жеткілікті. Электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастықтың да болашағы зор. Бұл жерде қытай тарапы Мойнақ ГЭС-ін салу жобасына қатысу, Екібастұз жылуэлектростанциясын және электр өткізу желілерін салу жөніндегі ірі жобалар бойынша келіссөздер жүргізуде.

 Қытай жағы біздің  энергоресурстарымызға көбірек  көңіл бөлетін сияқты.

 Өкінішке қарай, әзірше біздің  экономикалық байланыстарымыз көбіне  энергетикамен шектелуде. Сол себептен, мен жоғарыда айтып кеткендей, екіаралық сауданың құрылымы біз үшін қолайсыз, біз оларды, негізінен, шикізат – мұнаймен жабдықтасақ, ал олар бізге көбіне сапасы жақсы емес, көпшілік тұтынатын тауарларды әкеледі. Осыған орай біздің алдымызда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың құрылымын жақсарту және оны жаңа деңгейге – шикізаттық емес салалардағы инвестициялық жобаларды жоспарлы түрде жүзеге асыру бойынша дамыту міндеттері тұр. Инфрақұрылым, телекоммуникация, жоғары технологиялық өндіріс салалары, текстиль және азық-түлік өнеркәсібі сияқты салалардың перспективасы мол.  
Қытаймен өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамыту үшін кең мүмкіндіктер беретін көлік саласындағы ынтымақтастықты ерекше бөліп айтқым келеді. Мысал келтірсек, Достық-Алашанькоу теміржол станциясы арқылы өткен жүк айналымының көлемі 2006 жылы 19 пайызға өсіп, 13,1 млн тоннаға жетті. Екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді іске асыру перспективасы Цзинхэ-Құлжа (Ининь) және Қорғас-Жетіген теміржол тармағын салу жобасына көп байланысты. Тараптар Қазақстанда келер жылдарда 5 логистикалық орталық құру, Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралін салу жөніндегі жобаға қатысуы бойынша келіссөздер жүргізуде. Екі елдің арасында 22 тікелей халықаралық жолаушы және жүк-көлік жол бағыттары ашылған. Қытайға баратын қазақстандық туристер мен кәсіпкерлер санының өсу үрдісі сақталуда. Осы жылдың көктемінде сауда-экономикалық байланыстар мен туризмді одан әрі дамытуға қолайлы жағдай жасайтын қосымша әуе рейстері ашылды.

Бүгін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға ресми сапары басталды. Сапар барысында қандай мәселелерге басымдық берілуі мүмкін?

 Жалпы алғанда, біздің мемлекеттеріміздің  арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың кең бағыттары бар. Осы бағыт Төраға Ху Цзиньтаоның мемлекеттік сапары барысында да жаңа бағыттарға ойысары даусыз.  
Бұл сапар аймақтық деңгейдегі, сондай-ақ Қазақстандағы маңызды саяси уақиғалар аясында өткізіледі. Біріншіден, Бішкектегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінен және Ресейдің Челябинск облысындағы «Бейбітшілік миссиясы-2007» Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы антитеррорлық жаттығуларынан кейін ұйымдастырылып отыр. Екіншіден, Ху Цзиньтаоның Қазақстанға мемлекеттік сапары Қазақстанның саяси жүйесінің жаңа кескіндемесін біржолата бекітетін іс-шара – Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауымен түйісіп отыр. Еліміз үшін өте маңызды да жауапты сәтте Қытай басшысы сапары кездейсоқ жағдай емес екендігі түсінікті болар. Бұл – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың біздің елімізді жан-жақты экономикалық және саяси модернизациялау бағытына көрсетілген қолдаудың нақты бейнесі. Осыған орай, айта кету керек, Қытай сарапшыларының ойынша, Елбасының бастамасымен Қазақстанда қолға алынып жатқан конституциялық реформа біздің мемлекетіміздегі саяси тұрақтылықтың тағы бір кепіліне айналып отыр.

Жалпы, біз Қытай басшылығының елімізде өтіп жатқан саяси және экономикалық үдерістерге үлкен зейінмен қарайтынын білеміз. Ел басшыларының Астанадағы кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастықтың дамуы, сауда-экономикалық саласындағы маңызды мәселелері бойынша пікір алмасу өтеді, тиісті құжаттарға қол қою да жоспарланған. Сонымен қатар Қазақстан мен Қытайдың халықаралық сахнадағы, ең алдымен ШЫҰ, АӨСШК, БҰҰ, ОШАМҚ секілді ұйымдардың шеңберіндегі өзара ықпалдастығының кейбір аспектілері талқыланады.  
– Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының келешегі жайлы айтар болсам 
– Меніңше, құрылғанына алты жыл болған ШЫҰ аймақтық және дүниежүзілік саясаттың, Еуразиялық аймақты қауіпсіздікпен қамтамасыз ететін салмақты факторға айналғанына көпшілік куә. Бастапқыда әскери саладағы ынтымақтастықты нығайту келісімі негізінде шекаралық мәселелерді шешу үшін құрылған ұйым беделді халықаралық ұйым деңгейіне көтерілді. Ұйымдағы бақылаушы дәрежесін Моңғолия, Үндістан, Пәкстан, Иран иеленді, сондай-ақ Ұйым қызметіне Шри-Ланка, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы (ОШАМҚ) мен Еуропалық Одақ (ЕО) қызығушылық танытып отыр. 2006 жылы «шанхайлық алтылықтың» экономикалық қуаты 1,5 трлн АҚШ долларынан асып түсті. Оларда әлемдік жалпы ішкі өнімнің ширек бөлігі өңделеді. Бүгінгі таңда ШЫҰ өзіндік жалпы нарықты қалыптастыруда. Өткен жылы ұйымға мүше елдер арасындағы сауда айналымы шамамен 50 млрд АҚШ долларын құрады. Соңғы жылдары ШЫҰ-ға мүше барлық елдердің экономикалық өрлеуі тұрақты түрде 6-8%-ды құрап отыр және сарапшылардың пікірінше, мұндай қарқын алдағы 5-6 жыл ішінде сақталуы тиіс. Аталған форум үлкен өзгерістер жүріп жатқан халықаралық өмірге белсенді қатысуда. Меніңше, тиісті мемлекеттердің тарихи, ұлттық және мәдени-өркениетті ерекшеліктерін ескермейтін, біржақты әдістердің келешегі жоқ. Біздің Еуразия аймағымыз тең құқылы ынтымақтастық пен өзара тиімді, бір-бірінің мүдделерін құрметтеу рухында мемлекетаралық қарым-қатынас орнатуда үлгі көрсетіп келеді. Осы ойға қосымша айта кететін жағдай, ШЫҰ-ның ұйымшыл әрі құқықтық бастама негізінде шынайы көпжақтылық пен халықаралық қауіпсіздік сәулетінің қалыптасуына қосып жатқан үлесі зор. Аталмыш ұйымның бастамасы негізінде қалыптасқан шекара маңындағы қарулы күштер мен әскери қызметті бәсеңдету, достық қарым-қатынасты нығайту, тату көршілік пен ынтымақтастық шекарасын орнату сияқты қауіпсіздік тұжырымдамасы өте тиімді болып табылады. Бұл – қауіпсіздіктің жаңа түрінің көрінісі. Сарапшылардың пікірінше, оның үш жақты формуласы (қатер дәрежесінің кему реті бойынша) «терроризм, сепаратизм мен экстремизм» аймақтық және әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бүгінгі таңдағы сұранысына толығымен сай келеді. Сарапшылардың болжамы бойынша, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экономикалық болашағы өте зор. Әсіресе, жанармай, энергетика мен көлік саласындағы ынтымақтастықтың мүмкіндігі көп. Мысалы, Орталық Азиядан Қытайға газ құбырын жүргізу жобасының болашағы зор. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мұнай қоры жалпы әлемдік қордың 20 пайызын, ал табиғи газ қоры 50 пайызын құрап отыр.  

 

2.2 Инвестициялық тәуекелділікті есептеу кезеңдері мен түрлері

 

Инвестициялық тәуекел - күрделі жұмсалымның экономикалық мақсатка лайықтылынған, оның іске асыру көлемі мен мерзімін негіздеу, сондай-ақ инвестицияны іске қосуынын тәжірибелік амалын (әрекетін) жазу (суреттеу).

Бір сөзбен айтқанда инвестиция - табыс немесе пайда табу үшін ақшалай қаражаттарды жұмсау.

Оңтайлылық (оңтайландыру) - оңтайын, яғни белгілі бір техникалық-экономикалық міндеттер шешімнің межелі критерийлер мен айкындалган шектеулерден ең жақсы нұсқасын табу процесі.

Инвестициялық тәуекел келесі топтастыру белгілер негізінде ажыратылады:

  1. жобалау объектінің деңгейі бойынша;
  2. бағалау кезеңініңұзақтығы;
  3. жобаның нақтылығы (жуық немесе толық, жете);
  4. серпінділік (динамикалық);

     5) оңтайландыру критерийлері (пайымдау негізі).

Жобалау объектінің деңгейі жөнінде төрт деңгейде ажыратуға болады:

1-ші деңгей. Шаруашылық-технологиялық кешен (тау-кен байыту комбинаты, тау-кен-металлургия комбинаты). Ол негізгі өндірістік өндіру, байыту, балқыту процестерін кірістіреді;

2-ші деңгей. Шаруашылық - технологиялық кешеннің құрылымдық элементі (шахта, карьер, байыту фабрика, қайта өңдеу цехы);

3-ші деңгей. Тау-кен  кәсіпорыннын кұрылымдық элементі (аршу, шахтадагы ішкі көлігі. карьерлік көлік);

4-ші деңгей. Кен қызу  жөніндегі технологиялық процестер мен операциялар (бұрғылау, арттыру, тиеу, тасымалдау, қоймалау).

Бағалау кезеңінің ұзақтығы мынадай:

а) болашақ                                 - 15 - 20 жыл;

б) ұзақ уакытты (мерзімді)           - 5 - 15 жыл;

в) орта мерзімді                            - 2 - 5 жыл;

г) ағымдағы                                   - жыл, ай;

д) жедел                                         - тәулік, ауысым.

Оңтайлы міндеттер шешімін шығындардын әр түрлі уақытқа қатыстылығы, анықтаушы фактордың серпінділігіне, инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау мерзімімен байланысты мыналарға бөлуі мүмкін: серпінді және статикалық.

Статикалық міндеттер шешімім мына келесі шарттарга сай болуы калсет:

  • бағалау мерзімі бойында әр нұсқа жылдық және ағымдағы шығындар өзгеріссіз және азғантай өзгеруі (5-15 пайыз);
  • нұсқалар көлемдері мен өнім сапасы, бағалау және баска да анықтаушы параметрлер бойынша салыстырмалы түрге келтірілуі.

Информация о работе Халықаралық инвестициялық клиамат