Халықаралық диабет күні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 10:30, реферат

Краткое описание

Бүгінде қант диабеті ауруының қарқынды өсуі әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының жаһандық проблемаларының біріне айналып отыр. Біздің ғаламшардың шамамен 200 миллион тұрғыны осы аурудың құрығына іліккен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының болжамына сәйкес, қант диабетімен ауыратындардың саны 2015 жылы 300 миллионға жетеді деген қауіп бар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

14 қараша.docx

— 21.21 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Елек орта мектебі

 

 

 

 

 

     Реферат

Тақырыбы:       Қант диабеті

 

 

 

 

 

 

 

                                                                      Орындаған:Ерсайынова М.

                                                                     Тексерген:

 

 

Ақтөбе 2013 жыл

14 қараша  — Халықаралық  диабет күні.

Бүгінде қант диабеті ауруының қарқынды өсуі  әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының жаһандық проблемаларының біріне айналып отыр. Біздің ғаламшардың шамамен 200 миллион тұрғыны осы аурудың құрығына іліккен. Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының болжамына сәйкес, қант диабетімен ауыратындардың саны 2015 жылы 300 миллионға жетеді деген қауіп бар.

Біздің елдегі жағдай да мәз емес. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша, 175 685 адам қант диабеті диагнозымен тіркелген. Бұл — ресми есеп.  Еліміздегі науқастардың нақты саны денсаулық сақтау мамандарының зерттеулеріне қарағанда 700 000-нан асып кетеді. Осындай қорқынышты санды халықаралық диабеттік федерациясының өкілдері қостап отыр.

Мамандардың пікірінше, бұл дертке шалдығу қаупі дәл қазір мейлінше арта түскен. Бұған басты себеп — адамдардың аз қимылдауы, шектен тыс салмақ қосуы, ұн өнімдерін көп пайдалану, майлы және қуырылған тамақтарға көбірек құмарлық, т.б.

Анықталмаған себеп

Қант диабетін алдын ала байқау мен емдеуге оны туғызатын себептердің нақты анықталмай отырғандығы кедергі болып отыр.

Диабеттің 1-типтік түрі инсулин өндіретін асқазан безінің  реакциялары бұзылған жағдайда пайда болады. Ауруды тудыратын бірнеше себеп бар: вирустар, жеткілікті түрде ана сүтін ембеу және баланы сиыр сүтімен ерте тамақтандыру, құрамында азотты заттардың, тамақ пен суда токсиндердің болуы. Мәселен, дамыған елдерде суды шектен тыс тазартқанда пайда болған кейбір антигендерге организмнің жеткілікті түрде қарсы тұра алмауы да диабет ауруына шалдығуға әкеп соғады екен. Дегенмен, 1-типті диабеттің туындауының түпкілікті себептері табылған жоқ.

 Ал мамандар  2-типтегі диабеттің таралуын тоқтатуға болады деп есептейді. Бұған дене салмағын азайту, физикалық жүктемені ұлғайту, дұрыс тамақтану ықпал етеді. Басқаша айтқанда, батыстық өмір салтын түбегейлі өзгерту керек. Диабеттің алдын алу үшін дене салмағын бақылау балалардың 25%-ы семіздіктен қасірет шегетін Египет, Мальта және АҚШ сияқты елдерде қолданылады.

Семіздік пен 2-типті диабеттің арасындағы тікелей байланыс әлі күнге дейін анықталмаса да, адам толық болған сайын оның инсулинге қажеттілігі арта түсетіндігі дәлелденген.

Созылмалы аурулар салдары

Диабет асқынып кетсе өте қауіпті. Созылмалы асқынулар негізінен диабет арқылы пайда болған макроқантамырларының зақымдануымен байланысты.

Жүрекке қан таситын тамырлардың аурулары диабетпен ауыратын 45 жастан жоғары адамдардың 20 пайызында  байқалады. Бұл аурудың даму қаупі басқаларына қарағанда 2-4 есеге артық. Диабеттің бұл түрі дамыған елдердегі науқастардың мүгедектігі мен өлімінің негізгі себебі болып отыр.  Диабетпен ауыратын адамдарда инсульттің даму қаупі 2-4 есеге жоғары және 2- типті диабеті бар адамдардың 15 пайызы  осыдан  қайтыс болады.

Сусамырдың ағзаға  тағы бір зияны — микроқантамырлары аурулары арқылы пайда болатын нефропатия ауруына шалдықтыруында. Бұл бүйректің жұмыс істеуін нашарлатады.  Соның салдарынан  асқынулар жиі болып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталып жатады.

Диабеттік ретинопатия — дамыған елдерде  соқырлық пен көздің көру қабілетінің нашарлауының негізгі проблемаларының бірі. Зерттеулер диабетпен ауырған адамдардың 2 пайызы 15 жылдан кейін  зағип болып қалатынын, ал науқастардың 10 пайызында  көздің көруінің елеулі нашарлауы пайда болатынын дәлелдеп отыр.

Нейропатия, басқа да микроқантамырлы асқынулар диабетпен ауыратын науқастардың  шамамен  70 пайызында кездеседі. Ол көбіне  ампутацияға алып келуі мүмкін. Яғни аяқтың, табанның және қолдың шеткері сенсорлық нейропатиясына кезіксе, онда сол жерді кесуге тура келеді.

 

Емдеудің жолы

Қант диабетін емдеудің негізі — диета сақтау. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, емдеудің медикаментті құралдарын қолданбастан тек диетотерапиямен ғана ауруды үш жылға дейін асқындырмай ұстауға болады. Бұдан әрі науқасқа қантты азайтатын дәрі-дәрмектер тағайындау қажет. Олардың көмегімен 2-типтік қант диабетімен ауыратындар бес жылға дейін қанттың орташа деңгейін ұстап тұра алады. Бұдан кейін дәрі-дәрмектер мен  инсулинге көшеді.

 Қант диабетінің қазіргі  заманғы терапиясының басты қағидасы аурудың басталған кезінен бастап, емдеуді қолға алу. Адам ағзасының қантты кәдеге жаратуын қалыпты жағдайға дейін жеткізіп және ұдайы осы деңгейде ұстап тұру қажет. Осы шарттарды сақтаған жағдайда ғана қант диабеті бар науқастың жұмысқа қабілеттілігін сақтауға, қатты асқынулардың алдын алуға болады. ДДСҰ әлемнің барлық мемлекеттерін осы қағиданы мүлтіксіз сақтауға бағыттап отыр.

Болжам мен баяндама

1997 жылы тек Америка Құрама Штаттарының өзінде ғана диабет пен оның салдарынан туындайтын ауруларды емдеуге арналған шығындар 44 миллиардтан астам долларды құраған. Кейбір елдерде диабетті емдеуге арналған шығындар денсаулық сақтауға арналған барлық шығындардың негізгі бөлігі болып табылады.

2025 жылы 45 жастан бастап 65 жасқа дейінгі адамдардың көпшілігі, яғни шамамен жұмысқа қабілетті жастағы 170 миллион ерлер мен әйелдердің диабетке шалдығатыны болжанып отырғандықтан, бұл шығындар маңызды фактор болып табылмақ.

ДДСҰ-ның сараптамалық кеңесі диабет проблемасымен 1979 жылы айналыса бастады, ал диабетті зерделеу жөніндегі алғашқы зерттеу тобы өз жұмысын 1985 жылы қолға алған. Осы топтың атқарған жұмысы туралы әрбір баяндама диабет туралы мамандандырылған әдебиетке айналды.

 

1989 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы «Диабеттің алдын алу және бақылау туралы» қарарды қабылдады, ол диабетті зерделеу мен емдеудегі бағдарламалық құжатқа айналды.

 Халықаралық диабеттік федерация жыл сайын 14 қарашаны Халықаралық диабет күні есебінде атап өтуге ұсыныс енгізді. Бұл күні зерттеулері инсулинді өндіруді жолға қоюға мүмкіндік берген  Фредерик Бантинг дүниеге келген. Ең алғашқы Халықаралық диабет күні 1991 жылы өтті, сол уақыттан бері жыл сайын ДДСҰ-мен бірлесіп өткізіліп отырады. Жыл өткен сайын көптеген елдер Халықаралық диабет күнін жұртшылыққа осы аурудың проблемалары туралы ақпараттандыру үшін пайдалануда.

 

 

Бір жылға — 3 миллиард теңге

 Қазіргі уақытта біздің  елімізде қант диабетінің салдарымен күресу үшін республикалық бюджеттен мол қаражат жұмсалып жатыр. Мысалы, 2010 жылы ауруға қарсы күрес жүргізу үшін республикалық бюджеттен 3 млрд. теңге бөлінген.

 Бүгінгі таңда Қазақстанда  қант диабетінен зардап шегетіндер инсулинмен 100 пайызға  қамтамасыз етілген.

 Бірақ, елімізде осы уақытқа дейін «Қант диабеті» мемлекеттік бағдарламасынан басқа «Қант диабетімен ауыратын балалар», «Диабет және жүктілік», «Асқынудың алдын алу», «Қант диабетінің алдын алу» сияқты кешенді бағдарламалар жоқ. Ал осы мәселелердің барлығы аса өзекті жайт болып отыр.

 ДАРК өкілдері эндокринолог-мамандардың  жетіспеушілігіне де баса назар аударады. Қант диабетінің диагностикасын көп жағдайда аурудың бүге-шүгесінен хабары жоқ терапевттер жасайды. Ал науқастарды нақты мамандар емдеуі қажет.

 Бұл  аурудың салдары шын мәнінде қорқынышты. Деректер бойынша 2010 жылы Қазақстанда 184 894 адам аяқты кесуге алып келетін «диабеттік табан» диагнозымен тіркелген. Көздің көру қабілеті жоғалуының басым пайызы қант диабеті салдарынан болады. Сусамыр жүрек-тамыр ауруларының қаупіне де  әсер етеді.

 

Қант диабеті – бұл жеке бір мемлекеттің проблемасы емес.

 

Бүкіл әлемде әрбір 10 секунд сайын қант диабетіне қатысты себептермен 1 адам өледі екен.

 

Жылына бұл аурудан 4 млн. адам қайтыс болады.

 Бұл апатпен тек бірігіп күресу керек.


Информация о работе Халықаралық диабет күні