Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудың әдіс – тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2014 в 11:48, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде іскерлік әлемдегі жоғарғы тұрақтылық, коммуникациялық – ақпараттық деңгейлердің өсуі, еңбек рыногында және тұрмыста үздіксіз технологияларын жасау бір келкі бірыңғай ақпараттық аймақтың қалыптасуы, информатикалық мамандарды даярлау құрамының өсу деңгейі қажетті талаптардың мінез-құлқына сәйкес келеді, компьютерлік білім берудің сапасын көтеру рыногтық шарттың өзектік мәселесі информатикалық салада кәсіптік қорларды дәлелдеу саласында жүзеге асады.

Содержание

Кіріспе...............................................................................3
І. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ
КӘСІПТІК ҚҰЗЫРЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ..................................................................... 5

1.1. Информатика пәні бойынша құзырлықты қалыптастыру
негіздері......................................................................................................
1.2. Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастыру мәселелері......12
1.3. Информатика мамандығы студенттерінің құзырлықтарын
қалыптастыру құралдары..........................................................................19
ІІ. СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІПТІК ҚҰЗЫРЛЫҚТАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАР.......30
2.1. Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудың
әдіс - тәсілдері............................................................................................
2.2. Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы
бақылау әдістері .......................................................................................48
Қорытынды................................................................................................54

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................55

Қосымша....................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Студенттердің-кәсіптік-құзырлықтарын-қалыптастырудың-әдіс-–-тәсілдері2009.doc

— 478.00 Кб (Скачать документ)

"Бағдарлама - студент"  жүйесі арқылы оқу аумағын  кеңейтуде, оқытушының анықталған  әдістемесін қолдануда компьютерді  пайдалану және кері байланысты  ұйымдастыру жүзеге асырылады.  Бұл студенттер топтарын басқару  мәcелесіндегі толық сәйкестікке жету жолындағы біртұтас жүйе екендігін көрсетеді.

Тест әдісінің бақылау  тәсілдерінен артықшылығы мынада: студенттің белгілі бір пәннен бағдарлама көлеміндегі  білімін жүйелі, толық бақылауға  мүмкіндік туады, негізгі ұғымдар  мен тұжырымдар туралы қандай біліктілігінің бар екендігін анықтауға болады. Студенттің ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік туады. Студент тестегі әрбір жауапты бір - бірімен салыстыра отырып талдау жасайды, ұқсастығын анықтайды, яғни белсенді ойлау үдерісі жүреді. Ең бастысы бүгінгі таңдағы педагогиканың алдындағы үлкен міндеттерінің бірі студент дербес, логикалық жүйелі ойлай білуге баулып, жеке тұлға ретінде дамуына жол ашылады. Дайын ұғымдарды қайтаталдау, тұжырымдау үдерісінің белсенді жүруі студенттің жан-жақты дамуының негізі болып шығады.

Тест жүргізу барысында  автоматтандырылған диалогтар жүйесін  қолдану ең тиімді әдіс. Білімді  компьютердің көмегімен тестілеудің  бір ерекешелігі, бақылаудың әртүрлі  сценарийін өзгертіп қолдану және әрбір  студентке өз бетінше дербес жұмыс істеуіне мүмкіндік беруде, уақыттың үнемделуінде.

Тестінің сапалылығы оны құру жүйесіне тәуелді және оған енетін тапсырмалардың күрделілігі  мен қиындығына байланысты. Дәлірек  айтқанда тестік тәсілді қолданғанда  студенттердің білімінің дәрежесі мен сапасын анықтаудың дәлдігі тестіде ұсынылатын тапсырмалардың саны мен орындауға берілетін уақытқа байланысты. Ал, тесттер тапсырмаларды күрделілігі мен қиындығына қарай бірнеше деңгейге бөлінеді. Әрбір деңгейдегі тестілер өздері берілу сипатына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.

Бірінші деңгейдегі тестілерге танып анықтау, айырып тану, арақатынасын анықтау және іріктеп тексеру  жатады. Кейде тестік тапсырмалар  жауаптарының берілуі сипатына байланысты жабық, ашық, сәйкестікке арналған және дұрыс жауабын тізбектей қоюға арналған тапсырмалар  ретінде  төртке  бөлінеді.

Қазақ  Мемлекеттік  Қыздар  Педагогика  Университетінде  студенттердің  білімін  тексеруде  автоматтандырылған  тестілеу  жүйесі  қолданылады. Осы  тест  арқылы  студенттердің   семестр  бойында  алған  білімдерітексеріледі.                                                                                                                                                                                                                                                                                    Қазіргі таңда білім беру технологияларында педагогикалық және психодиагностикалық тест жүргізу әдістерін кеңінен қолданатыны жалпыға мэлім. Осы ұғымдарға қысқаша тоқталып өтелік.

Психологиялық тест дегеніміз - жеке адамның белгілі бір психологиялық құндылығының даму деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін тест тапсырмаларының жүйесі. Психологиялық тест жүргізу - белгілі бір межелігі (шкаласы) бар бір үлгідегі тестерді псилогиялық диагностика әдісі.

Педагогикалық тест - бұл, қысқа мерзімді, салыстырмалы түрде техникалық озақ үлігідегі сынақ. Мұнда барлык сыналушылар (тестке қатысушылар) тең жағдайға ұқсас тапсырмаларды орындау барысында сандық есептеулермен беттесіп, сол сынға қатысушының белгілі бір дәрежеде даму сатысын белгілеу қызметін атқарады. Тест тапсырмасы сұрақ-жауап түрінде емес, сынға қатысушының берген жауабының дұрыс-бұрыстығына орай ақиқат немесе жалған пікір мақұлдатады. Педагогикалық тест жүргізу - бұл, арнайы жетілдірілген ғылыми ұтымды аттестациялық рәcім. Ол, адамның қол жеткізген жетістік деңгейлерін анағұрлым әділ бағалауға және оларды сандық тұрғыда көрсетуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

          Ұсынылып  отырған дипломдық жұмыс ақпараттық -коммуникациялық   технологиялар  негізінде  информатика  мамандығы  студенттерін  кәсіптік  құзырлығын  қалыптастыру  мәселесіне  арналады.

            Теориялық  зерттеулер  мен   педагогикалық  тәжірбиелік –  эксперименттік  жұмыстар  нәтижелері  бізге  мынандай  тұжырымдар  мен  ұсыныстар  жасауға  мүмкіндік  береді:

            1. Зерттеу  жұмысы  өз  мақсатына   жетті,  жобалаған  болжам  оң  нәтиже  көрсетті:  ұсынылған   оқыту  курсы  бойынша   студенттер  дәстүрлі  оқытуға   қосымша  ақпараттық – коммуникациялық   технологияларды  пайдалану  бойынша  жоғарғы  деңгейлі  білім,  білік  және  дағдыларды  меңгереді.

            2. Жоғарғы  оқу  орындарындағы   оқу  үдерісінде  студенттердің   кәсіптік  құзырлылығын   қалыптастыруда  ақпараттықкоммуникациялық  технологияларды  пайдаланудың  мүмкіндіктері  айқындалды. .

             3. Студенттер  оқу үдерісінде  ақпараттықкоммуникациялық  технологияларды  табысты  пайдалана  білу  білімдерін,  біліктіліктерін  және  дағдыларын  қалыптастыру  үшін  ақпараттықкоммуникациялық    технологиялардың  оқу  үдерісіндегі  рөлі  мен  мүмкіндіктері,  оларды  оқу  үдерісінде   пайдалану  тәсілдері  туралы  білімдерді  және  ақпараттық – коммуникациялық   технологиялармен   жұмыс  істеуге  қажетті  біліктіліктер  мен  дағдылар  жүйесін  игерулері  тиіс.

             4. Информатика мамандығы студенттерінің  кәсіптік  құзырлылығын қалыптастыруда ақпараттықкоммуникациялық  технологияларды  кеңінен  қолдану   бағыттарын  пайдалану  қажет. Өйткені,  ол  студенттердің  кәсіби  педагогикалық  білімін  тереңдетеді,  практикалық іскерліктер мен дағдыларды  қалыптастырады,  ғылыми – зерттеу жұмысына  бейімдеп,  ақпараттықкоммуникациялық   технологияны  пайдалану  дайындығын  белсенділендіреді,  педагогикалық  ойлау  қабілетін  дамытады. 

               Қарастырылып  отырған мәселе  күрделі,  әрі тың болғандықтан,  толығымен шешімін тапты деуге болмайды.  Келешекте ақпараттықкоммуникациялық  технологиялар  негізінде  информатика  мамандығы  студенттерінің  кәсіптік  құзырлылығын  қалыптастырудың  әдіс – тәсілдерін,  педагогикалық  мәселелерді  математикалық – компьютерлік  моделдеу  және т.б. проблемалар  дербес  зерттеуді  қажет  етеді.         

               Диплом  жұмысым  кіріспеден,  негізгі  бөлімнен,  қорытындыдан,  пайдаланылған  әдебиеттен  тұрады.

 

 

 

                Қолданылған  әдебиеттер  тізімі

 

        1.З.Қ.Дүйсекенова  Бәсекеге қабілетті, білімді және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен даму жолдары. // Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың ролі менмаңызы». Атырау қ. 2008ж. б. 28-30.

 

        2.Сағымбаева А.Е. Білімді тексерудің тестілік әдістемесі, // Информатика негіздері. №2. 2002. Б. 15-17.

 

        3.Сағымбаева А.Е. Тестілеудің программасының көмегімен оқушылардың білі мін бақылау. // Хабаршы. №2(6). 2002. – Б. 189 –191

 

        4.Хуторской А.В., Ключевые компетенции. Технология конструирования, Народное образование №5, 2003г.

 

        5. Равен Джон. Компетентность в современном обществе. Выявление, развитие и реализация. – М., 2002. (англ. 1984).

 

        6.С.Құдайбергенова. Құзырлылық нәтижеге бғытталған білім беру жүйесінің әдіснамалық негізі. // Білім технологиялары. Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал. Алматы қ., №2, 2006ж.

 

        7.Г.Марданова. Құзыретті тұлға – қоғам талабы. // Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың ролі менмаңызы». Атырау қ. 2008ж. б. 76-78




Информация о работе Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудың әдіс – тәсілдері