Кәсіптік оқыту әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 23:09, реферат

Краткое описание

Әдіс дегеніміз – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кәсіптік оқыту әдістері.docx

— 21.76 Кб (Скачать документ)

Кәсіптік оқыту әдістері

 

Кіріспе

  Әдіс дегеніміз – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.

Негізгі бөлім

Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі.

Әдістер белгілі  бір негіз бойынша топтарға бөлінеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.

  Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар.

  М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.

 И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.

Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі әртүрлі.

 Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады. Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін бола бермейді.

 Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.

 М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін і іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс.

Кәсіби оқыту әдістері

Кәсіби оқыту  әдістері – бұл арнайы жүйе және ол логикалы бірізділікпен іс-әрекет жасайтын инженер-педагог пен кәсіптік мектеп оқушысының бірлескен қимылы. Осы арқылы оқушылар кәсіптік біліи негіздерін меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық қабілеттерін дамытып, кәсіби шеберліктің қыр-сырын үйреніп, оның негіздерін қалыптастырады.

Оқыту үрдісін  қамтамасыз ету оқыту әдістері мен  оқу түрлері арқылы жүзеге асады. Тәсілдер жүйесі пәннің әдістік мазмұнын құрайды. Бұлардың жиынтығын оқыту әдістері деп жалпылыма айтып жүрміз. Оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты әр сабақтың белгілі бір міндеттер белгілеп, соған лайық қимыл-әрекет түрлерін қалыптастырамыз. Осыдан соң, оқу мен оқыту тәсілдерінің әрбір іс-әрекетін қамтамасыз ететін оқыту әдістерінің кешенді жүйесі пайда болады.

Оқытудың  теориялық және өндірістік әдістерінің  арасында белгілі бір дәрежеде айырмашылық бар. Егер оқытушы кәсіптік-техникалық пәндер циклі бойынша теориялық сабақ барысында мәліметтерді барлық оқушыларға бір мезгілде жеткізсе, ал өндірістік оқыту жағдайында сабақ топтарға, топшаларға, қажет болған жағдайда, жекелей де жүргізіледі. (Мысалы: автокөлік құралдарын жүргізуге үйретіп, балқыту, дәнекерлеу жұмыстары мен бөлшектерді жинау, құрастыру т.б.).

Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің деңгейіне байланысты оқыту әдістері мынадай екі топқа  бөлінеді:

Еске түсіру (репродуктивтік) арқылы.

Іздену (шығармашылық) арқылы.

Еске түсіру әдісі арқылы оқушы білімді дайын күйінде алады немесе практикалық жұмыстарды үлгіге қарап отырып, оқытушының не өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен игереді.

Іздену әдістері оқушыларды бірізділікпен, мақсатқа бағыттай отырып, оқу үрдісі кезінде түрлі деңгейдегі танымдық есептерді шығару арқылы жаңа білім мен дағды негіздерін белсенділікпен меңгеру болып табылады.

Ақпарат көздері  арқылы оқыту әдістерін түрлендіру қазіргі білім беру үрдісінде  басты мәнге ие болуда. Олар:

Сөйлеу әрекеті арқылы:

Әңгімелеу.

Түсіндіру.

Лекция.

Сұхбаттасу.

Оқулық мәтінімен жұиыс.

Нұсқа беру.

Көрнекілік:

Демонстрациялау.

Оқушының өзіндік бақылауы.

Практикалық:

Жаттығу.

Өндірістік-техникалық есептерді шешу.

Зертханалық-сарамандық жұмыстар.

Кәсіптік  оқытудың сан алуан әдістері бар. Сондықтан да оның жіктелуінде де көптеген пікірлері бар. Сол әдістердің жіктелуінің бірі – осы жоғарыда айтылған әдіс: оқушылардың танымдық іс-әрекеті бойынша жіктелуі.

Осыған мысал  ретінде Ресей ғалымдары И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткиндердің ұсынысы  бойынша кәсіптік оқытудың мына әдістері,  төменгі кестеде көрсетілген. Оның негізінде оқушылардың іс-әректінің тиімділігі алынып отыр.

Іс-әрекетінің тиімділігіне байланысты оқыту әдістерінің жіктелуі

1 Көрнекілікті пайдалану арқылы түсіндіру

Әңгіме, лекция, түсіндіру, нұсқа беру, көрсету.

2  Репродуктивтік

Жаттығу, тапсырма беру, лекция, демонстрациялау, бағыт беру.

3 Проблемалық

Әңгімелесу, проблемалық жағдай, ойын, көз жеткізу, жалпыламалау.

4 Өз бетінше іздену әдісі

Диспут, өзіндік, сарамандық, зертханалық  жұмыс, жарысу.

5 Іздену

Ізденуді модельдеу, жобалау, ақауларды  іздеу, жаңа фактілерді жинау.

 

 

 

 

Демек, оқыту  әдістерін жіктеуде көптеген пікірлер бар екенін білдік. Мысал ретінде  Ресей ғалымы Н.Е.Эргановтың проблемалық  әдіс негізінде жіктеген оның екі  түріне тоқтала кетейік.

Теориялық оқытудың әдістері

Монолог. Теориялық сабақ өткізуде оқытушының рөлі басым. Оқытушы ақпаратты ауызша жеткізеді, ал оқушылар болса атқарушы рөлінде болады, олардың іс-әрекеті берілген үлгі бойынша ұйымдастырылады.

Көрнекілік. Оқытушы оқу материалын демонстрациялау арқылы тәжірибе түрінде түсіндіреді. Оқушылардың іс-әрекеті репродуктивті.

Диалог. Оқытушы теориялық материалдарды диалог ретінде баяндайды.

Эвристикалық. Оқу материалы әңгімелесу арқылы беріліп, ол оқушыларға нұсқау ретінде жеткізіледі. Жаңа оқу материалын түсіндіруде прроблемалық сұрақтар қойылып, оны оқушылар оқытушы көмегімен шешеді.

5.Іздену. Оқытушы мен оқушының өзара іс-әрекеті іздену арқылы ұйымдастырылады.

6. Бағдарламалап. Оқу үрдісін бағдарламалаған оқу-әдістемелік құралдар көмегімен іске асырылады.

7. Алгоритмдік. Типтік есептер шығару барысында оқытушы оқушыларды белгілі бір жүйеде жасалған, алгоритм арқылы ұйымдастырады.

Өндірістік оқыту әдістері

Өндірістік  оқытудың (Н.Е. Эрганов бойынша) мынадай  түрлері бар:

еңбек әрекетін көрсету;

диалог;

жаттығу;

эвристикалық.

         Өндірістік оқытудың өзіне тән ерекше әдісі – нұсқа беру. Ол өндірістік оқыту кезінде еңбек қызметін атқару үшін іске асырылады. Нұсқаулар мен ұсыныстар беруі, еңбек қауіпсіздігі техникасын сақтау, өндірістік гигиена талаптарын орындауды үйрету жазбаша да, ауызша да беріледі.

Кіріспе нұсқау – оқушыларға белгілі бір жұмысты белсенді және саналы түрде атқару үшін жүргізілетін алғашқы дайындық.

Ағымдағы нұсқау - кіріспе нұсқаудан соң еңбек жаттығуларын орындауда жиі жіберілетін қателіктерді болдырмауға бағытталады.

Қорытынды нұсқау –шебердің жұмысты атқару кезінде істің санасы, дұрыс орындалуы және қателіктердің жалпы сипаттамасы қорытындылады.

Жазбаша нұсқау - өндірістік оқыту процесінде дидактикалық құндылыққа ие. Өйткені ол, түрлі ақпараттық мәліметтерді біріктіреді; сөздік, графикалы – сызбалы, мәтінге бақылау сұрақтарын енгізу, кесте толтыру т.б.

Қорытынды

  Әдіс (методос деген грек сөзінен туады—зерттеу немесе таным жолы) тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі. Мысалы, швейцар энциклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп түсінеді.

 Педагогакалық энциклопедия "Оқыту әдістері" — мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттер дамиды, — деп жазылған.

  Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері.

  Сонымен оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.


Информация о работе Кәсіптік оқыту әдістері