Арамшөптермен күресу әдістерін топтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2014 в 09:38, доклад

Краткое описание

БАҒДАРЛАУ, ориентация (франц. orіentatіon — шығысқа қарай бағыттау, лат. orіens — шығыс сөзінен алынған) — 1) бақылаушының өзі тұрған жерін айналасына, көкжиек тұстарына және жер бедері элементтерінің кейбір өзгешеліктеріне қарап анықтауы. Бағдаулау компас немесе карта көмегімен, аэрофото-түсірім мен жергілікті белгілерге, Күнге, Айға, жұлдыздарға қарап, сондай-ақ жарық, радио және дыбыс толқындары бойынша да жүргізіледі; 2) ғарыштық аппараттың геометриялық осьтерінің аспан денелеріне (Күн, Ай, жұлдыздар), сондай-ақ, магнит немесе ауырлық өрісінің күш сызықтарына қатысты анықталатын орны; 3) күрделі геом. фигуралар үшін түзудегі бағыт ұғымын жалпылап алу.

Содержание

Сызықтарға жалпы түсінік
Сызықтық өлшемдер
Меридиандар жақындасуы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Меридиандар жақындасуы.docx

— 27.25 Кб (Скачать документ)

               Жоспар

  1. Сызықтарға жалпы түсінік
  2. Сызықтық өлшемдер
  3. Меридиандар жақындасуы

 

БАҒДАРЛАУ, ориентация (франц. orіentatіon — шығысқа қарай бағыттау, лат. orіens — шығыс сөзінен алынған) — 1) бақылаушының өзі тұрған жерін айналасына, көкжиек тұстарына және жер бедері элементтерінің кейбір өзгешеліктеріне қарап анықтауы. Бағдаулау компас немесе карта көмегімен, аэрофото-түсірім мен жергілікті белгілерге, Күнге, Айға, жұлдыздарға қарап, сондай-ақ жарық, радио және дыбыс толқындары бойынша да жүргізіледі; 2) ғарыштық аппараттың геометриялық осьтерінің аспан денелеріне (Күн, Ай, жұлдыздар), сондай-ақ, магнит немесе ауырлық өрісінің күш сызықтарына қатысты анықталатын орны; 3) күрделі геом. фигуралар үшін түзудегі бағыт ұғымын жалпылап алу. Нүкте түзу бойымен қарама-қарсы екі бағытта қозғала алады. Мыс., горизонталь түзудің бойындағы қозғалыс солдан оңға қарай не оңнан солға қарай бағытталады. Осы сияқты әрбір тұйық қисық сызықты сағат тілінің бағытымен (1-, 2-сурет) не сағат тіліне қарсы бағытпен (3-сурет) Бағдаулауға болады. Жазықтықта жатқан, өзін-өзі қиып өтпейтін бірнеше тұйық қисық сызық үшін де белгілі бір Бағдарлауды таңдап алуға болады. Егер осындай қисық сызықтардың бәрі сағат тілінің (не оған қарама-қарсы) бағытымен бағдарланса, онда барлық жазықтық сағат тілінің бағытымен (не оған қарама-қарсы) бағдарланады делінеді. Әр түрлі беттің бағдарлануы (мыс., сфера бетінің, эллипсоид бетінің, т.б.) жазықтықтың бағдарлануы сияқты анықталады. Бірақ кез келген бетті (мыс., Мебиус жапырағы) Бағдарлауға болмайды. Бағдарлау ұғымын кеңістікке де енгізуге болады. Егер кеңістіктің бір бөлігін шектейтін тұйық беттің бөлігі сырттан қарағанда сағат тілінің бағытына қарама-қарсы (не оның бағытымен) бағдарланса, онда бұл бет оң жаққа (сол жаққа) қарай бағдарланған делінеді. Оң және сол координаталар жүйелері де Бағдаулау ұғымына байланысты шыққан; 4) Ірі масштабты карта мен компасты пайдалана отырып, айналаны бағдарлауға негізделген спорттық жарыс түрі. Бағдаулау спорты 19 ғасырдыңсоңында пайда болған. Оның жүгіріп келе жатып Бағдарлау, шаңғымен келе жатып Бағдарлау, т.б. түрлері бар. Бағдарлау спортының халықар. федерациясы (ІОҒ) 1961 жылы құрылған. Оған 40 мемлекет мүше. Дүниежүзілік (1966 жылдан) және еуропалық (1962 жылдан) чемпионаттар өткізіліп тұрады. Қазақстанда Бағдарлау спортынан тұңғыш жарыс 1963 жылы ұйымдастырылды. Республика бойынша қысқы және жазғы чемпионаттар өткізіліп тұрады.

Меридиан (лат. meridianus — жарым күндік, тал түс)

1) Географиялық (жер) меридиан, жер шарының полюстері арқылы экваторды тура көлденең кесіп өтетін сызық. Меридианның бірі шартты түрде бастапқы (бірінші, нәлдік) болып алынады да, одан бойлықтың шығысқа (шығыс бойлығы) және батысқа (батыс бойлығы) қарай есебі жүргізіледі. Халықаралық келісім-шарт бәйынша бастапқы меридиан Гринвичтегі (Ұлыбритания) обсерватория арқылы өтетін меридиан деп қабылданды. Меридиан көлденең сызықтармен бірге градустық торды құрайды. Ол жер бетіндегі нүктенің орнын анықтау үшін қажет.

2) Жердің магниттік меридианы; жердің магниттік өрісінің күш сызығының жер бетіндегі проекциясы болып табылатын және берілген нүктеден өтетін сызық. Магниттік меридиан арқылы өтетін тік жазықтык магниттік меридианның жазықтығы деп аталады. Жер бетінің кез келген нүктесіндегі магниттік жазықтық пен географиялық меридиан жазықтығы арасындағы бүрыш магнитті бүрылу деп аталады.

3) Геомагниттік меридиан; жер бетін жазықтықпен кесу сызығы. Жер бетінің кез келген нүктесі және оңтүстік және солтүстік геомагниттік полюстерді қосып түрған түзу сызық арқылы өтетін сызық.

4) Аспан меридианы; аспан сферасының зенит пен оңтүстік және солтүстік полюстер арқылы өтетін, үлкен шеңбері.

Геодезиялық белгі — геодезиялық пункт центрінің үстіне орналасқан, ағаштан немесе металдан жасалған құрылғы. Геодезиялық Белгі пунктті көздейтін объект ретінде және сол пунктте бұрыштық және сызықтық өлшеулер жасау үшін қолданылады. Аспапты жер үстінде орналастырған жағдайда Геодезиялық Белгі пирамида түрінде, ал таулы жерлерде тастан қалаған тур түрінде жасалынып, көздеу нысанасы ретінде пайдаланылады. Аспап орналастырылатын алаңшамен жабдықталуына байланысты Геодезиялық Белгі қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Геодезиялық өлшеулерді негізінен үш түрге белуге болады:

-сызықтық-жер бетіндегі нүктелердің арақашықтықтарын анықтау;

-бұрыштық-горизонталь және вертикаль бұрыштардың мәндерін анықтау;

-биіктік (нивелирлеу)-жекелеген нүктелер арасындағы биіктік айырымдарын аныктау.

Сызықтық және биіктік өлшеулерде (арақашықтық, биіктік, биік айырым) үзындық өлшеу бірлігіне метр (м) алынады. Метрдің ұзындығына шамамен Париж арқылы өтетін меридиан ұзындығының 1:40000000 бөлігі алынған. Осының негізінде платина-иридий қорытпасынан метрдің эталоны жасалынды, ол «архив метрі» деп аталды. Кейінгі кездегі жүргізілген дәлдігі жоғары өлшеулер негізінде «архивтік метрдің» ұзындығы бастапқы анықталғаннан 0,21 мм-ге қысқа екендігі анықгалды. Сөйтіп, 1899 жылы 90% платина мен 100% иридий қорытпасынан метрдің халықаралық жаңа 31 эталоны жасалынды. Ресей оның 11 және 28 көмірлі екеуіне ие болды. №28 метрлік эталон Лениградтағы Д.И.Менделеев атындағы ғылыми-зерттеу институтында сақтаулы.

Ұзындық өлшеу жұмыстары дәлдігінің артуы мен метрлік эталон жаңғыртудың қажеттігіне байланысты, метрдің жарық толқынының ұзындығына негізделген табиғи этапонына көшу мақсаты көзделді. Өлшеуіштер мен таразылар жөніндегі XI - Бас конференция 1960 метрдің халықаралык бірліктер жүйесінің негізіне «метр-криптон-86 атомының, вакуумдегі шығару ұзындығына тең ұзындық» деген жаңа анықтама қабылдады. Сөйтіп, 68 жылдың 12 қаңтарында Кеңестер үкіметінің стандарты бойынша мемлекеттік тұрақты шама жаңа метрлік эталон болып бекітілді.

Ал, қашықтық өлшеуіш сымдар мен рулеткалардың ұзындықтарының дәлдігін аныктап тұру үшін, ұзындығы мемлекеттік эталонмен салыстырылған үш метрлік арнайы белгілер (компараторлар) дайындалған. Еліміздің көптеген калаларында орнатылған осындай компараторлардың бірі-№541 Мәскеудің геодезия, аэрофототүсірістер және картография иженерлік институтындағы белгілі компаратор. Бір метрде (м) 100 см. немесе 1000 мм. бар. Бұрыштарды өлшеудің бірлігіне градус алынған, ол тік бұрыштың 1/90 бөлігіне тең. Толық шеңбер 360°-тан тұрады, бір градуста-60 / минут, бір минутта - 60 //секунд бар. Бұрыштардың мәндерін радиандық өлшеммен көрсетуге болады. Радиан-радиусқа тең шеңбер доғасына тірелген центрлік бұрыш. Үзындығы 2πR доға 2π радианнан тұрады. Демек, радианның градустык, минуттық, секундтық мәндері р=57,3°; р=3438/; р=206265" тен. Аудандар өлшемінің бірлігі шаршы метр (м): 10000 м2=1 гектар (га); 1000000 м2=100га= 1 км². Уақыт, салмак және температура өлшем бірліктеріне секунд, халықаралык килограмм және Цельсия шкаласы бойынша градус алынған.

Атмосфера ауасының жер бетіне және ондағы барлық заттарға түсетін қысым атмосферапық қысым деп аталады. Атмосфералық қысым мм-мен көрсетілген сынап бағанасының биіктігімен өлшенеді. Нормальдық атмосфералық қысым деп, деңгейінен есептегенде 45° географиялық ендік бойындағы биіктігі 760 мм-ге ген болғаны. Халықаралық бірліктер жүйесі атмосфералық қысым өлшемінің бірлігі паскаль (Па) деп қабылдады, 1 мм сын.баг. =133.322 Па.

Геодезиялык өлшеулер тура және жанама болып келеді. Егер шама аспаптың көмегімен тікелей анықталса, оны тура өлшеу деп атайды. Егер шама есептеулер арқылы анықталса, онда ол өлшемдердің шама тәсілі болып есептеледі. Геодезиялык жұмыстар далалық және өңдеу жұмыстары болып бөлінеді. Далалық жұмыстарда әр түрлі өлшеулер жүргізіледі, ал өндеу жұмыстары: есептеу мен графикалық процестерден тұрады. Далалық өлшеулерге пландар мен карталар жасауда немесе арнайы мақсаттарда барлау траншеялары мен құрылыстарын бөлу, трассалар салуда) жер бетінде жүргізілетін геодезиялық өлшеулер жатады. Өлшеулер кезінде қолданылатын аспаптарға:

-арақашықтықтарды өлшеуге арналған  өлшеу ленталары, сымдар, рулеткалар, оптикалық кашыктык өлшеуіштер, жарық сәулелі қашықтық өлшеуіштер, т.б;

-бұрыштарды өлшеуге арналған  теодолиттер, буссольдар, гониометрлер және т.б;

-вертикаль биіктіктерді өлшеуге арналған нивелирлер, рейкалар, барометр-анероид, т.б. жатады.

Геодезиялык жұмыстардың нәтижелері арнайы журналдарга жазылады да, дала жағдайында тексеріліп, түсірілетін объектінің схемалық сызбалары жасалынады. Ол сызбаларды сұлба (арбис) деп атайды.

Жер бетінің әрқилы физика-географиялық жағдайлары жүргізілетін геодезиялық өлшеулер дәлдігіне әсерін тигізеді. Сондықтан да қоршаған ортаның зиянды әсерін жою немесе әлсірету өлшеу жұмыстары кезінде пайдаланатын аспаптарды, өлшеу әдістерін және жұмыс жүргізу тәртібін дұрыс таңдауға тікелей байланысты.

Есептеу процесі өлшеу нәтижелерін бір жүйеге келтіріп, математикалық өндеуден және оларды пайдалануға неғұрлым жарамды түрге келтіруден тұрады. Есептеулерді жеңілдетіп, қажет нәтижелерді тез табуға және есептеулердің дұрыстығына көз жеткізу үшін, барлық есептеулер белгілі бір схемалар (ведомостер) бойынша жүргізіледі. Геодезиялық өлшеулердің әртүріне лайықты арнайы есептеу схемалары таңдалынып алынады. Есептеу жұмыстарын жеңілдету үшін әртүрлі қосымша қүрал-жабдықтар: кестелер, графиктер, электрондық есептеу машиналары, т.б. қолданылады.

Графикалық, процесс өлшеу мен есептеу нәтижелерін белгілі шартты белгілерді сақтай отырып, сызба түріне келтіру. Алынған жазбалар жүргізілген геодезиялық немесе маркшейдерліқ жұмыстардың түпкі өнімі болып саналады. Кейінгі әртүрлі инженерлік жобалау, есептеу және жобадан жергілікті жерге көшіру жұмыстары алынган осы сызбалар негізінде жүргізіледі. Сондықтан, сызбалар мұқият тексеріліп, өте дәл мәліметтер нәтижесінде жасалынуы қажет. Сонымен катар, графикалық жағынан сапасы өте жоғМасштабтар мен олардың дәлдігі.

Жер беті мен оның шағын аймақтары қағаз бетіне белгілі бір масштаб аркылы кішірейтіліп кескінделеді. Масштаб дегеніміз пландағы, картадағы сызықтың (кесіндінің) өзіне сәйкес жер бетіндегі ұзындыгының горизонталь проекциясына қатынасы. Масштаб сандық, сызықтық жэне көлденең болып бірнеше түрге бөлінеді.

Егер план 1:1000 масштабында жасалса, онда жер бетіндегі ұзындығы 1000 см-лік аракашықтық планға 1 см-лік кесінде түрінде кескінделген болады. Мұндай масштаб сандық масштаб делінеді. Мына төмендегі бірнеше сандық масштабтар 1:1000; 1:2000; 1:5000; 1:10000, т.б. ірісінен үсақтарына қарай қатармен жазылады. Масштаб ірі болса, ол планда арнаулы деректер толық көрсетіледі. Әр планның мақсатына лайықты өзіне сәйкес масштабы болады. Егер сандык масштаб белгілі болса, сызықтың ұзындығын қағаз бетіне не керісінше, пландағы кесінді арқылы оның жер бетіндегі ұзындығын анықтауға болады. Бірінші мысал: жер бетіндегі сызықтық проекциясы 275 м-ге тең делік. 1:5000 сандық масштабта бұл қашықтық планға 275 : 5000,00. 055м5, 5 см-ге тең кесінді болып кескінделеді. Екінші мысал: 1: 2000 масштабы пландағы кесінді ұзындығы 6,5 см болса, онда жер бетіндегі ұзындығы 6,5 х 2000 1 3000 см 130м. Іс жүзінде бұл есептерді қолдану ыңғайсыз болғандықтан, сандық масштабтың орнына сызықтық, көбінесе көлденең масштаб қолданалады. Сандық масштабтың қағаз бетінде график түрінде бейнелеуін-сызықтық масштаб дейді.

Сызықтық масштаб бір түзудің бойын масштаб негізі деп аталатын біріне-бірі тең бірнеше кесінділерге бөлгеннен шығады. Масштаб негізгі әдетте 1 см-ге тең болып келеді . Сол жақтағы шеткі негіз тең 10 бөлікке бөлінеді де, оның оң жақ үшы 0- деп белгіленеді. Сандық масштабтың да кемшілігі бар, ол сызықтық масштабпен пайдаланғанда, оның 0-ден сол жақтағы негізінің үсақ бөлшектерінің аралығын көз мөлшермен бағалаудан тұрады. Сондықтан өте үлкен дәлдікті қажет ететін өлшеулер үшін көбіне көлденең масштаб қолданылады. 1:5000 масштабына сэйкес келетін көлденең масштаб 11 -суретте көрсетілген.

 

Түзу сызық жоғарыдағыдай «масштаб негізін» 2см-ге тең етіліп, бірнеше бөліктерге бөлінеді. Оң жақтағы 0, 2, 4, 6, 8 нүктелерінен перпендикуляр тұрғызылып, олар төменге түзу сызықтан бастап, әрқайсысы 2 не 3 мм-ге тең 10 бөлікке бөлінеді. Бөлінген нүктелер арқылы бастапқы түзу сызыққа параллель сызықтар жүргізіледі. Сол жақтағы масштаб негізінің төменгі және жоғарғы қабырғалары «10- ға бөлініп, масштабтың кіші негізі» алынады. Олар суреттегідей қиғаш сызыкгармен қосылады. Осылай сызылған көлденең масштабтың ең кіші бөлігі «bо» кесіндісі «ВО'» -ның 1/10 не, яғни 0,2 мм-ге тең. 0,2 мм-ге сәйкес келетін жер бетіндегі горизонталь ұзындықты көлденең масштабтың дәлдігі дейді. Масштаб дәлдігі мына формуламен анықталады:

 

t = cb =А' О=a/m*n

 

мұндағы а-масштаб негізі 2см; «-масштаб негізі бөліктерінің саны; m-масштаб биіктігі бөліктерінің саны. Мысалы: 1:1000; 1:2000; 1:5000 масштабтарының графиктік дәлдіктері 0,2; 0,4; 1,0 м тең болып келеді. Мұндай көлденең масштабтар топографиялық транспортирлер мен металдан жасалған сызғыштарға қондырылады. Оларды масштабтық сызғыштар дейді. ары болуга тиіс. Географиялық солтүстік бағыт пен геомагнитті өріс кернеулігінің жазық бағыттағы түрбөлшегі аралығындағы бұрыш магниттік ауытқу деп аталады. Географиялық ендік көрсеткіштері өскен сайын магниттік ауытқу мөлшері де өсіп отырады.

 

Барлық Магниттік меридиан, күрделі қисық сызықтар түрінде Жердің оңтүстік және солтүстік магниттік полюсіне жиналады. Бақылаушы (құрал) орны арқылы өтетін және геомагнит өрісінің осы нүктедегі кернеулік векторы болатын вертикаль жазықтықты Магниттік меридиан жазықтығы деп атайды. Магниттік меридиан мен географиялық меридиан жазықтықтары аралығындағы бұрыш, яғни дәл осы маңдағы жер беті нүктесі магниттік бұрылу деп аталады. Жердің Магниттік меридианымен қатар геомагниттік меридиан ұғымы да жиі қолданылады. Ол жер бетінің қарастырылатын нүктесі арқылы өтетін жазықтық пен солтүстік және оңтүстік геомагнит полюстерін қосатын түзу сызықтың жер бетіндегі қиылысу сызығы болып табылады.


Информация о работе Арамшөптермен күресу әдістерін топтау