Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудың әдіс – тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2014 в 11:48, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде іскерлік әлемдегі жоғарғы тұрақтылық, коммуникациялық – ақпараттық деңгейлердің өсуі, еңбек рыногында және тұрмыста үздіксіз технологияларын жасау бір келкі бірыңғай ақпараттық аймақтың қалыптасуы, информатикалық мамандарды даярлау құрамының өсу деңгейі қажетті талаптардың мінез-құлқына сәйкес келеді, компьютерлік білім берудің сапасын көтеру рыногтық шарттың өзектік мәселесі информатикалық салада кәсіптік қорларды дәлелдеу саласында жүзеге асады.

Содержание

Кіріспе...............................................................................3
І. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ
КӘСІПТІК ҚҰЗЫРЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ..................................................................... 5

1.1. Информатика пәні бойынша құзырлықты қалыптастыру
негіздері......................................................................................................
1.2. Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастыру мәселелері......12
1.3. Информатика мамандығы студенттерінің құзырлықтарын
қалыптастыру құралдары..........................................................................19
ІІ. СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІПТІК ҚҰЗЫРЛЫҚТАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАР.......30
2.1. Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудың
әдіс - тәсілдері............................................................................................
2.2. Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы
бақылау әдістері .......................................................................................48
Қорытынды................................................................................................54

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................55

Қосымша....................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Студенттердің-кәсіптік-құзырлықтарын-қалыптастырудың-әдіс-–-тәсілдері2009.doc

— 478.00 Кб (Скачать документ)

Алайда, оның тұжырымдамалық жағдайларын дәйектеуге және жетілдіруге қолдануға болатын ғылыми идеялар әдебиетте бар. (Л.Д. Васильева, Н.Г. Витовская, А.В Вишнякова, О.Б. Зайцева, С.В. Зильберман, Н.В.Кисель, А.Н.Костиков, И.А.Кулантаева, Е.В Назначило, А.М.Оробитский және басқалар).

Ақпараттық  құзырлықтың құрылу мәселелерін білімнің әр сатыларында Е.В Иванова, А.О.ивонин, О.И.Кочурова, В.Ф.Кочурова, Н.Х.Насырова, Э.П.Семенюк, М.А.Холодный және тағы басқалар зерттеді.

А.В.Хуторский құзырлықтың  ұғымын жалпы білім берудің басты  мақсаты ретінде, жеке бас тәжірибесі мен әлеуметтік тәжірибесінің ұштасқан құрылымдық үлгісі негізінде, сондай-ақ, педагогикалық оқу орны студентінің негізгі іс-әрекеті түрінде, яғни оның әлеуметтік тәжірибені меңгеріп, бүгінгі заман қоғамында керекті дағдылар мен машықтанып, іс жүзінде әрекет ету тұрғысында қарастырады. Білім беру саласындағы негізгі құзырлықтар арасынан зерттеушілер, ақпараттық құзырлықты өздігінен ізденіс ептіліктерінің құрылу жүйесі іспетті көрсетіп, оның қажетті ақпараттарды сараптап, сұрыптауға, оларды жүйелестіруге, түрлендіріп қайта жасауға, табыстауға дағдылануына болатындығымен ерекшелейді.

Біз "педагогикалық  қызметтің кәсіби стандарты ретінде  өзінің бүтіндігі  мүмкіндігін және педагогикалық қызметтің табыстылығын анықтайтын қызметтік субъекттің (құзырлылық) сапасына қойылатын талаптар жүйесіне енеміз", онда негізгі басқарушы құжат келесі төрт сапада іске асырылуы тиіс:

1. Жоғары және арнайы орта педагогикалық білім берудің мазмұны мен рамаларын қайта құруға (модернизациялау, жаңарту, дамыту) негіз ретінде.

2. Мұғалім қызметін оның түрлі конкурстарда, әлеуметтік гранттық жобаларда және т.б. қатысуын эксперименттік  бағалау үшін негіз, яғни жақсы мұғалім бағасының мемлекеттік деңгейде мектептегі бағасынан айырмашылығы болмауы (мұғалім құзырлылығын басқарудың стратегиялық деңгейі).

3. Мұғалімнің кәсіби қызметінің (сапа, нәтижелік, ықпалдылық) 
табыстылығын бағалау үшін негіз (мұғалім құзырлылығын басқарудың тактикалық деңгейі).

4. Диплом алды білім беру жүйесін үздіксіз педагогикалық білім беру ресурсы   ретінде мақсатқа   бағдарлап жобанау   үшін   негіз   (білім   жетілдіру курстары, аймақтық, қалалық семинарлар және т.б.) мұғалім құзырлылығын басқарудың тактикалық деңгейі).

Мұғалімнің - құзырлылығын басқарудың тактикалық деңгейін   мектеп, әдістемелік орталықтар деңгейінде іске асыру, кәсіби қызмет сапасын бағалау технологиясы тұрғысынан "мөлдірлікті" талап етеді, басқаша айтқанда, әрбір мұғалім, аймақтық әдістемелік орталықтың әдіскері, әдістемелік орталық басқарушысы - мұғалім жұмысының сапасын басқарушы барлық субъектілер кәсіби білім беру стандартындағы әрбір сөзді бірдей деңгейде түсінулері тиіс.

Бұл:

- мұғалімнің кәсіпқойлылығының мониторингіне, оның жеке әдістемелік жұмысының бағыттары мен формаларын бөлуге;

          - жұмыс сапасы үшін үстемелер ақыларды анықтауға негіз болады. 
Демек,   бұл  құжаттардың  әрбір сөздерінің  мәнін  біртұтас түсінілуіне

ағымдағы психологиялық ахуал, әкімшілік пен мұғалім арасындағы сұхбат мүмкіндігі тәуелді.

Қазіргі кездегі педагогикалық ғылымда "педагогтың кәсіби құзырлылығы" түсінігі зерттеушілердің шешетін ғылыми міндеттеріне орай түрліше қарастырылады.

И.Я.Лернер, В.В.Краевский, А.В.Хуторский еңбектерінде әрбір  құзырды үш құраушының біртұтастығы ретінде қарастыру ұсынылады:

  • когнитивтік   құрашы (педагогикалық және арнайы пәндік білімнің болуы);
  • операциялық  -технологиялық құраушы (педагогикалық өзара іс-әрекеттің тәсілдерін, технологиясын, берілген пәнді оқыту әдістемелерін меңгеру);
  • тұлғалық құраушы (этикалық және әлеуметтік көзқарастар, маманның  тұлғалық ерекшеліктері).

Мұндай құрылым бүкіл  құзылар  тобын білімі, техникасы  және құндылықтары бойынша  байланыстырып, біріктіріледі. Мұғалімге, аймақтық  орталық әдіскеріне кез-келген құзырдың когнивтік құраушысының өсуі үшін арнайы әдебиетті оқуына, лекция курстарын тыңдауына болады. Операциялық - технологиялық құраушыны дамыту  үшін практикалық - бағдарланған семинарлар, әдістемелік оқулар, іскерлік ойындар және тренингтер циклін ұйымдастыруға тура келеді. Тұлғалық құраушының өсуі және дамуы үшін адекватты жағдай жасау қиынырақ.

Егер педагогикалық  кәсіби қызмет стандартында педагогтың базалық  құзырлардың саны анықталған болса, қажеттілік және жеткіліктілік принципінен әрбір құзырға когнитивтік, операциялық-технологиялық және тұлғалық құраушылар жазылады, әрбір құзыр құраушыға көрсеткіштер анықтайды:

          - міндетті деңгейге (жұмысқа қабылдауға қойылатын талаптар);

- көтермелеу деңгейі (жалақыға не үшін үстеме қосылады);

- шығармашылық деңгей (модельдеуге, конкурсқа қатысуға, гранттар                     алуға не үшін ұсынылады және т.б.).

Мұғалімнің құзырларын  оның қызметін бағалау критерийлері ретінде қабылдай отырып – біз  мұғалімнің жеке құзырлары мен ресурстарын  қалыптастыруға қажетті шарттарға  сүйеніп, оқу үдерісін басқарушы  маманның құзырлар жүйесін жобалай аламыз (Сурет 5).


 

Сурет 5. Құзырлылық тәсіл негізінде білім беру үдерісінің сапасын басқару моделі


 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 6. Қазіргі заманғы  мұғалім құзырларының қолданыстағы нұсқасы

 

Біздің 6-шы сурет пен 3 кестеде жасап, ұсынған мұғалім  құзырлары жүйесі моделінің нұсқасы құзырлардың мазмұндық жағын ғана емес, мұғалім құзырлығы моделіндегі байланыстардың да мағынасын анықтайды:

Барлық құзырлар барлық үш құрушының біртұтастығын бейнелейді: білім, дағдылар, мұғалімнің көзқарастары мен ұстанымы.

- кәсіпқойлықтың өсу бағыты орталықтан сыртқа қарай. Ал танымдық басқару – жаңа білімдерден сырттан  ішке қарай;

            - әрбір құзыр әрбір басқасымен білімдер жүйесі, жалпы технологиялар, біртұтас парадигма, идея, тұжырымдар арқылы бірігуі мүмкін. Бұл жүйдегі  барлық байланыстар талданса бұл сүлбе болжамдық функцияны іске асырады – зерттеудің жаңа бағыттарын және интеграцияланған жаңа технологияларды болжайды.

           Біздің көзқарасымызда бұл қажет жағдайда құзырлар мазмұны мен тобын эволюциялық жолмен кеңейтіп, нақтылауға  мүмкіндік беретін парадигманы инварианттық негізде бейнелейтін ашық жүйе.

 

Кесте 3. Мұғалім құзырлары  мазмұны (6-суретте бейнеленген құзырлардың қолданыстағы жүйесі бойынша)

 

Құзыр

Құзырлар мазмұны

Пәндік– әдіснамалық құзыр

когнитивтік құраушы (базалық ғылым бойынша білім жүйесі, оқытатын пәні бойынша бағдарлау; пән бойынша оқу үрдісінің ақпараттық – дидактикалық ресурстары туралы білімдер жүйесі); операциялық – технологиялық құраушы (пәндік дидактиканың топтық, жобалық, медиатехнологияларды қолдану; оқу пәндері орталарымен әрбір оқушыны дамытушы, әлеуметтендіруші технологияларды, тәсілдерді, әдістерді меңгеру; оқушыларды әлеуметтендіруші және дамытушы пән орталарымен, білім беру үдерісін ресурстармен қамтамассыз ете білу) 
тұлғалық, ұстанымдық-құндылық құраушы (пәндік білімдердің жалпы адами және өзіндік құлдылықтармен байланысын тану, ¥лт пен Отанның қарыштай дамуын қамтамассыз ету үдерісіндегі өзінің пән оқытушысы ретіндегі рөлі мен пән мазмұнын білу; оқушының оқу-танымдық іс - әрекетін ұйымдастырудағы ресурстық тәсілдің мәнін түсіну; қазіргі қоғам мүшесі үшін ақпараттық-технологиялық сауаттылықтың мәнін түсіну; оқушыларда Интернет ресурстарына, медиатехнологияларға ақпаратты тасымалдау ортасы ретіндегі қарым-қатынасты қалыптастыруға талпыну)

Психологиялық педагогикалық құзыр

когнитивтік құраушы (оқушының, ішкі оқу- танымдық ресурстарының табыстары туралы білімдер жүйесі, әрбір оқушының танымдық ерекшеліктері, мотавациялық-тұтынушылық және эмоционалдық-еріктік сапаларының дамуы туралы білімдер). операция технологиялық құраушы

(оқушының "танымдық құралдарының" дамуы деңгейін педагогикалық тәсілдермен анықтай білу, нақты білім беру үдерісін құрылымдау үшін әрбір окушының оқу-танымдық ерекшеліктері туралы білімдерді пайдалана білу)

тұлғалық, ұстанымдық-құндылық құраушы 
(оқушы мүмкіндіктерін бағалаудағы мұғалімнің оң 
ұстанымы: оқушының барлық "танымдық 
құралдары дамуы мүмкін, олардың барлығының іштей оң даму динамикасы болуы мүмкін шегі бар)

Қарым-қатынас құзыры

когнитивтік   құраушы   (қарым-қатынас   заңдары туралы білімдер);

операциялық-технологиялық  құраушы ("мұғалім - оқушы"      жүйесінде      нәтижелік      бағытталған бұзылмайтын   өзара  әрекет  пен   кәсіби   социумда қызметтестермен   ықпалды   қарым-қатынас   жасау тәсілдерін меңгеру); тұлғалық,      ұстанымдық-құндылық      құраушы

(қарым-қатынас құндылығын  тану, басқа адамның - оқушы, қызметтес ретіндегі тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп педагогикалық өзара әрекет етуге талпыну)

«Мұғалім- оқушы» басқарудағы

құзыр

когнитивтік құраушы  (кәсіпқойлықтың негізгі 
әрекеті ретінде басқару, педагогикалық тәжірибе 
жүргізу, өзін-өзі кәсіби жетілдіру, тәжірибені 
жалпылау және тарату, өзін-өзі презентациялау 
тәсілдері мен формалары туралы білімдер жүйесі) 
операциялық - технологиялық құраушы (ресурстарды педагогикалық талдауды іске асыра 
білу - оқу материалдарын құрылымдау, контингент 
ерекшеліктерін, сыныпты құрылғылармен жабдықтау мүмкіндіктерін ескеру, оқушы үшін мақсаттарды жобалау біліктілігі, оқу үдерісін қойылған мақсатқа орай жоспарлау біліктілігі, 
тақырыптық немесе аралық бақылау форматтары мен 
мазмұнын таңдау немесе сауатты жобалау; өз 
жұмысының нәтижесін талдау, кемшіліктерді білу, 
түзету және инновацияны ендіру бойынша пилоттық педагогикалық тәжірибені жоспарлай ұйымдастыра жүргізе және талдай білу – жаңа оқулық, жаңа бағдарлама, жаңа технологиялар және т.б. тұрақты кәсіби жетілу қабілеті, өзінің оң 
тәжірибесін педагогикалық қауымдастықта хабарлау 
қабілеті, өз тәжірибесін мақалалар жариялау, 
конференцияларға, семинарларға, кәсіби бірлестіктерде және т.б. қатысу арқылы талдау және жалпылау тәсілдерін меңгеру, кәсіби өсу үшін қажетті бағыттар мен әрекет формаларын таңдау 
біліктілігі); тұлғалық, ұстанымдық құндылық құраушы (басқарудың адамның танымдық таңдауына сүйенетін жетекші іс-әрекет ретіндегі мәнін тану, мұғалімнің жаңа бағдарламалар, технологиялар, жаңа элективтік курстар, жұмыс дәптерлерін жасап тәжірибеден өткізу арқылы өзінің шығармашылық потенциалын іске асыруға тілегі, таңдаудың еркіндігі    мен    өз    тандауына    жауапкершілік алудың біртұтастығы ретінде оқушылардың өзінің басқару іс-әрекетін түсінуін қалыптастыруға ұмтылу, мұғалімнің жоғары дәрежелі кәсіпқойлыққа жетуге 
талпынуы, өз мүмкіндіктерін максималды деңгейде 
іске асыру, мұғалімнің кәсіби табыстарын бөлісу мен 
өз жетістіктерін қызметтестерінің пайдалануына 
ұсынуға талпынуы, мұғалімнің осы біліктіліктердің 
өзінің кәсіби өсуі мен қызметтестерінің және жалпы 
педагогикалық қауымдастықтың кәсіби өсуіндегі 
ресурс ретіндегі мәнін түсінуі)


 

Қоғамның  ақпараттық сипат алуы, ақпараттар көлемінің ұлғаюы жоғары оқу  орындарындағы оқыту мазмұнына тың өзгерістер енгізу қажеттігін айқындап, студенттердің кәсіптік құзырлылықтарын қалыптастыруды ақпараттық- коммуникациялық технологиялар негізінде қарастыруға бағытталған ғылыми  реттеу жұмыстарын қажет етеді. Біздің  ойымызша, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылықтарының қалыптасуының сапалық өлшемі әртүрлі педагогикалық міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қабілеттілігі болуы тиіс.

Біздің еліміздегі білім  деңгейі білім беру үдерісіне  ақпараттық-коммуникациялық технологиядарды  ендірумен  тікелей  байланысты,  ал  білім беруді ақпараттандыру Қазақстанды ақпараттандырудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Оқу пәндерінің мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды жоғары оқу орынында оқыту принциптері құрайды. С.И.Архангельский: “Жоғары мектептегі оқу үдерісі, оның күйі, тарихи және қазіргі дамуы оқытудың аксиоматикалық прициптері мазмұнында оқыту теориясы үшін маңызды және қажетті мазмұндық қасиеттер бейнеленеді: практиканың, баға мен талдау критерийлерінің жалпылануы, оқыту жүйесінің даму жолдары. Оқыту принциптері оқыту үдерісі мен оның компоненттерін ұйымдастыруда, басқаруда, құру мен қалыптастыруда қажетті орталар болып табылады” деп қорытынды жасайды.

Ақпараттың-коммуникациялық технологияларға “оқыту мен практиканың басқа түрлерінде таралатын ішкі мазмұндық және қолданбалы болатын оқу пәннің екі жақты мәнге иелігі жоғары оқу орынындағы, яғни, ғылыми және оқу деп аталатын екі бастаманы біріктіретіндігі” туралы С.И.Архангельскийдің қорытындылары толықтай сәйкес келеді.

Қазіргі кезде оқыту  мазмұнына келесі талаптар қойылады.

  • оқытудың ғылымилығы,  оқытудың қазіргі заманғы ғылым дамуының алдыңғы сапасына сәйкес болуы;

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға оқыту әдістемесі аймағындағы зерттеулерді талдау оқыту әдістемесі мен оқыту мазмұнын қалыптастыру көптеген зерттеулерде үздіксіз байланысты және мақсат пен міндеттің тұтастығында қарастырылады.

Бірінші және екінші бағыттағы зерттеу жұмыстарының көпшілігі келесі мәселелерге бағдарланған: мектеп оқушыларын ақпараттық технологиялар аймағында дайындау (Е.А.Васенина, А.Г.Гейн, В.Г.Житомирский, А.П. Ершов В.А.Извозчиков, Е.А.Кашина, Т.А.Кувалдина, С.Лесневский, Н.В.Матеева,  Е.А.Ракитана, Н.В.Ходякова, Г.И.Шукина және т.б.), кейде салалық (И. И.Данилина), немесе педагогикалық жоғары оқу орындарындағы мұғалімдерге (М.М.Абдуразаков, Ю.С.Брановский, С.А.Зайцева, Л.Л.Каймина, В.А.Контун, Д.А.Колесов, Л.Ю.Кравченко, Г.Н.Некрасова, А.А.Патокин, К.А.Раджанов,  Ю.М. Сеничева, Г.П.Шишкин және т.б.)

Ақпараттықкоммуникациялық технологияларға оқытудың алдыңғы қатарлы идеялары мен әдістері анықталған шамада мамандарды жоғары мектепте дайындауда пайдалы болуы мүмкін, бірақ, түрлі салада мамандар дайындайтын жоғары оқу орынының алдында тұрған міндетті іске асыру және жоғары оқу орнында оқытуды ұйымдастыру ерекшелігі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде кәсіптік құзырлылықты қалыптастырудың тәсілдерін және осы мазмұнды іске асырудың формалары мен әдістерін іздеуді талап етеді.

"Информатика",. «Кәсіптік технологиясы бойынша  компьютерлік сауаттылық» пәндерінің мазмұнын мамандық бағытында анықтау, маманның дайындалу саласының  (А.А. Матееваның, Л.Ю.Монахованың, Л. В. Певзнердің, А. В.Смирновтың, С.B-Суматохиннің, И.В.Шевченконың зерттеулерінде) пәндік аймағына қатысты міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануына қатысты келтіріледі. Білім берудің жалпы тәсілін қалыптастыруда мамандыққа бағдарлау қолданыстағы: білім беру  стандарттарының  идеологиясынан  байқалатын  мамандардың  көптеген  кәсіби сипаттарын жасауда өз бейнесін тапты.

Қазіргі     кезде     ақпаратық-коммуникациялық     технологияларға     оқыту  әдістемесінде оқыту мақсаттары мен міндеттеріне тәуелді көптеген тәсілдер іске асырылуда. Бұл тәсілдердің негізгі бағыты - осы тәсілдердің біртұтас мәнін анықтайтын, әртүрлі атауларға (жүйелік, модулдік және т.с.с.) ие жүйелілік.

Модулдік тәсілдің сйпаттамалық белгілері және оны информатика курсында іске асыру мүмкіндіктері педагогикалық ортада кеңінен талқылануда.  М.Б.Лебедева мен Е.И.Соколова, информатика курсында құрылу технологиясы модулдік    тәсілге    негізделген    оқу    элементтерін    қолдану    әдістемесімен байланысты    мәселелерді    қарастырып,    оқу    әлементтерін    пайдаланудың артықшылықтары    сапасында   келесі   принциптерді    ықпалды    іске    асыру мүмкіндіктерін атап көрсетеді:

  • студенттердің жұмысын жекелендіру;
  • иілгіш оқу үдерісін ұйымдастыру;
  • оқыту барысындағы тұрақты кері байланыс;
  • оқу қызметін интенсификациялау.

Авторлар студенттердің  білім алу дайындығын оқу элеметтерімен (блоктармен) табысты жұмыс істеуге оңтайлы (оқушылардың басқа категорияларымен салыстырғанда) деп қорытындылайды.

Л.Л. Каймина  информатика курсын құруда модульдік тәсілді пайдалануды ұсынады. Мазмұндық және құрылымдық аспектілер минимальды көлемде нормативтік құжаттармен анықталғандығының негізінде, зерттеушіге информатика аймағында білім берудің минимальды компоненттерінің және мазмұнының міндетті минимумының кестесін құруға мүмкіндік беретін білімдер мен біліктіліктер талаптарын және осының негізінде оқу мазмұнының ірі блоктарын бөле отырып, информатика курсында модулдік интегративті әдістемелік жүйе құруды анықтайды

Информация о работе Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудың әдіс – тәсілдері