Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудың әдіс – тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2014 в 11:48, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде іскерлік әлемдегі жоғарғы тұрақтылық, коммуникациялық – ақпараттық деңгейлердің өсуі, еңбек рыногында және тұрмыста үздіксіз технологияларын жасау бір келкі бірыңғай ақпараттық аймақтың қалыптасуы, информатикалық мамандарды даярлау құрамының өсу деңгейі қажетті талаптардың мінез-құлқына сәйкес келеді, компьютерлік білім берудің сапасын көтеру рыногтық шарттың өзектік мәселесі информатикалық салада кәсіптік қорларды дәлелдеу саласында жүзеге асады.

Содержание

Кіріспе...............................................................................3
І. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ
КӘСІПТІК ҚҰЗЫРЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ..................................................................... 5

1.1. Информатика пәні бойынша құзырлықты қалыптастыру
негіздері......................................................................................................
1.2. Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастыру мәселелері......12
1.3. Информатика мамандығы студенттерінің құзырлықтарын
қалыптастыру құралдары..........................................................................19
ІІ. СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІПТІК ҚҰЗЫРЛЫҚТАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАР.......30
2.1. Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудың
әдіс - тәсілдері............................................................................................
2.2. Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы
бақылау әдістері .......................................................................................48
Қорытынды................................................................................................54

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................55

Қосымша....................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Студенттердің-кәсіптік-құзырлықтарын-қалыптастырудың-әдіс-–-тәсілдері2009.doc

— 478.00 Кб (Скачать документ)

- өткен  материалды  қайталауға  арналған  арнайы  бағдарламалар  немесе 

  білімді  жүйелеу; 

- банктерден  және  деректер  базасында  жойылған  ақпараттарды  көруге 

  арналған   бағдарлама;

- білім  жүйесін  бақылауды  автоматтандыру  мәтіндер  дағдыларды  бағалау;

- база  кешендері   білімді  тексеру  және  оқытуды   біріктіру. 

  Оқу  процессінде  ақпараттық – технологияларды   қолдану  электрондық  оқулық  басқаларының  қайта өңдеудің  қолданылуы,  сонымен қатар оқу теориялық материалдар электрондық зертханалық жұмыстар, аудиторлық  өзіндік жұмыстар  кезінде,  әр  түрлі өзіндік жұмыстар  және  де  дистанциондық оқыту.  Ақпараттық – коммуникативті  қайта  өңдеу  тенденциясы  студенттердің  өзіндік  жұмыс  формалары  үлкен  қарастырылатын  жеке  тапсырмалар  пәндік  материалдар  түсінігі  оны  бақылау  мінез – құлқы,  қоғамның  даму  барысында  өзгерістерді  анықтау,  ақпараттық  процессті  белсенді  коммуникативті  қоғамды  қосу  МС:  электрондық  зертханалық  жұмыстар  курсы  сандық  әдістер  теориялық  материалды  қайталауға  ыңғайлы.  Бірақта  жеке  тапсырманы  орындау  анықталған  бағдарламалау   MATHCAD  немесе   MATLAB  қосымшалардың  арқасында  жүзеге  асады. 

  Студенттердің   өзіндік  жұмысты  орындау  барысында  ақпараттық – технологиялар  ақпараттық  құрылғыларды  қолдану  тиімділігі  әдістемелік  мінез – құлықтағы  тапсырмаларды  шешу, ақпараттық  жүйелерді қолдану тәсілдері.  Осыған  байланысты  оқытудың  ақпараттық  жүйесі қолданылады.  Нақты  оқыту  бағдарламасын  пайдалану  пән  мазмұнын  анықтау,  оқытудың  мақсаттары  мен  тапсырмалары  бағдарламалық  әдістемелік  кешендер.  Осылайша  білім  беру процессін  ұйымдастыру,  бағытталған құзырлықты  жүзеге  асыру,  қазіргі  заманғы  сәйкес  ақпараттық – технологияларды  қолдану  шешімі.  Олардың  кешендік  қолданылуы  барлық  білім  беру  процесс  формаларында  аудиторлық  және  аудиториядан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  тиімділігі.

 

1.3. Информатика   мамандығы   студенттерінің  құзырлықтарын

қалыптастыру  құралдары

 

Оқу құралдары оқу кабинеттерін жабдықтаудағы міндетті элементтер болып саналады, сол сияқты  әртүрлі типтегі және деңгейдегі мектептердің оқу­материалдық базасының негізгі сыңарларының негізгісі болып есептеледі. Информатика пәніне қатысты дәстүрлі оқу құралдарының ішіндегі жаңа технологиялық құралдар ретінде компьютерлік және ақпараттық құралдар, электрондық білім беру  басылымдары, сандық ақпарат құралдары қазіргі заманда кеңінен қолданылуда. Білім беру ресурстарының сандық құралдар жиынтығы мына адрестен табуға болады: http://school-cjllection.edu.ru

Білім берудің компьютерлік технологиялық  құралдарына төмендегі құралдар жатады:

  • интерактив ­ ағылшын тілінен аударғанда интерфейс арқылы өзара қарым­қатынас деген ұғымды білдіреді;
  • мультимедия ­ оқыту барысында айтатын ойды, белгілі бір процесті немесе объектіні дәстүрлі мәтіндік түрде емес, суреттер, графиктер, дыбыстық және суретті анимациялар, бейнекөріністер түрінде беру;
  • моделинг ­ материялық әлемнің фрагментін көзге көрінетіндей, түйсігімен сезетіндей етіп беру, мысалы, виртуалдық зертханадағы жұмыс, музейлерге бару, қалада серуендеу арқылы беру;
  • коммуникативтік ­ бұл тікелей байланысты болу,  ақпаратты жеткізудегі жылдамдық, процестің ағымын бақылау;
  • өнімділік ­ бұл адам баласының көп уақытын, күшін қажет ететін бірсарынды жұмыс түрлерін автоматтандыру.

 

http://www.it-n.ru “Шығармашылықпен айналысатын мұғалімдер» порталында сабақты тиімді өту үшін қажетті материалдар табуға болады.

  Тиімді оқу әдістемелері мен оқу құралдары оқушыларға сапалы білім беруде   көп көмегін тигізеді. Осы құралдардың көмегімен мұғалім сабақты ұйымдастыру түрлерін сәйкес таңдап, оқу­тәрбие процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыстың оң нәтижесін береді.

Оқытудың дәстүрлі формалары (лекциялар, семинарлар, зертханалық жұмыстар, өзіндік жұмыс, экскурсия) А.И. Бочкиннің  еңбектерінде, М.П.Лапчиктің, И.Г. Семакиннің, Е.К. Хеннердің (жаңа  ақпаратты түсіндіру  сабақтары, жетілдіру сабақтары, алған  білімді  бекіту және машықтану сабақтары, білімді, машықтықты тексеру сабақтары) еңбектерінде сипатталған.

Оқыту процесін ұйымдастырудың жаңа формалары А.В. Хуторскийдің еңбектерінде (Хуторский А.В. Современная дидактика: Учебник для вузов / А.В. Хуторский. ­ СПб: Питер, 2001, ­544) көрсетілген: жеке жұмыс жасау (репетиторлық, тьюторлық, менторлық, отбасылық оқыту, өзін­өзі жетілдіру); коллективтік­топтық жұмыс (сабақтар, лекциялар, семинарлар, конференциялар, олимпиадалар, экскурсиялар, іскерлік ойындар); жекешелік­коллективтік жұмыстар жүйесі( творчестволық апталықтар, ғылыми апталықтар, жобалар).

Оқушылардың  Интернет желісінде оқу ісін құру формасының тағы да бір түрі ­ оқытудың телекоммуникациялық жобасы. Бұл жобадағы ерекшелік ­ жобаға қатысатын барлық оқушылар бір­бірімен компьютерлік телекоммуникацияның көмегімен байланыста болып, ортақ мәселені шешуде іздену жұмыстарын, зерттеу жұмыстарын, творчестволық іс­әрекеттерін бірге жүргізеді.

Оқушылардың өзіндік жұмыс жасау  әдісі мектеп қабырғасында информатика пәнін оқуда өте тиімді. Мұғалімнен немесе басқа ақпарат көздерінен алған білімдерін  тәжірибе жүзінде мұғалімнің көмегісіз орындауы, оның оң нәтижесін көруі оқушы үшін үлкен табыс болып есептеледі және өз бетімен ақпараттық құралдарды пайдалана білуге машықтанады.

Информатика сабағында оқулықпен өзіндік жұмыс жасап үйрену де оқушылардың жүйелі түрде оқулықпен жеке жұмыс жасап машықтануына көмектеседі. Сабақ түсіндіру барысында оқушыларға оқулықтағы анықтамаларды оқып, түсінбеген жерлері болса сұрақ қоя білуге,  жаңа тақырып немесе бөлімнің ең негізгі өзекті мәселесін анықтай білуін талап етіп отыру қажет. Оқулықтағы тақырыпқа қатысты суреттер мен схемалар, кестелермен жұмыс жасауға үйрету қажет. Өзіндік жұмысқа тек жаттығуларды, тапсырмаларды беріп қана қоймай, оқулықтағы бүкіл параграфты өз бетінше оқып, үйренулерін талап ету қажет. Мәтінді оқып болған соң қойылатын тексеру сұрақтарынан кейін тұжырымдама­әңгіме құрылады, содан соң қосымша тексеру сұрақтары қойылады да, мұғалім оқушылар көмегімен сабақты қорытындылайды.

         Студенттерде   негізгі  қажетті   білімдерді  игерулері  және  ақпараттық коммуникациялық технологияларды  пайдаланудың  жеке  практикалық  тәжірибелері  жинақталып,  оларды  өз  қызметтерінде  қолдану  туралы  сәйкес  даярлығы  қалыптасуы  тиіс ( Сурет 3 ).  

 

 

Сурет – 3. Студенттерді  оқытуда  ақпараттық – коммуникациялық      технологияларды  пайдалану  дайындығын  қалыптастыру  құрылымы. 

 

          Оқыту  үдерісінде  ақпараттықкоммуникациялық  технологияларды  қолданудың  психалогиялық – педагогикалық  аспектілер  алуан  түрлі,   солардың  ішінде  дәстүрлі  оқытуды  нығайтатын  келесі  түрлерін  атап  өтуге  болады. 

         1. Ынталық аспект.  Компьютерлермен жұмыс істеу арқылы  студент кез – келген  оқу  тапсырмасының  шешімін  табу  үшін  оқытудың  ықпалды  жүйелерінің  көмегімен  қажетті  ақпаратты  алу  мүмкіндігіне  ие  болады. Компьютер  оқу  материалының  мазмұнын  ашу  арқылы  студенттердің  ынтасына  әсер  ете  алады.  Бұл  студенттің  оқуға  оң  қарым – қатынасын   қалыптастыруға   мүмкіндік  береді.

         2. Оқу үдерісінің  белсенділігін арттыру және  тұлғалық  ерекшеліктерді  ескеру.  Оқыту  үдерісінде  ақпараттықкоммуникациялық  технологияларды  қолдануда  интерактивті  сұхбаттасуды  іске  асыру,  оқу  әрекетінің  режимін  өз  бетінше  таңдау  мүмкіндігін  беру  арқылы  оқыту үдерісін  жеке  тұлғаға бағыттауға  және  саралауға мүмкіндік береді. Компьютердегі студенттің  дербес  жұмысы  бағдарламада  қарастырылған тапсырманы  оңтайлы шешуіне  жағдай  туғызады.

  3. Оқыту ақпаратын баяндау мүмкіндігін кеңейту. Ақпараттық -  коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  мүмкіндіктері  әрекеттің  нақты  көрінісін  ғана  емес,  нақты  жағдайда  байқалмайтын  үдерістерін  де  көрсету  мүмкіндігін  береді.  Студентке  баяндалатын  ақпарат  және  оқу  мүмкіндіктері  интерактивтік  компьютерлік  жүйелердің  дамуы  негізінде  тұрақты  кеңеюде:  ақпаратты  беру ( дыбыс,  мәтін, түс, көлем, анимация)  кешенін  пайдаланатын  мультимедиялық  технологиялар;  оқушының  танымдық  дамуы  шеңберін,  әлеуметтік  ортаның  шекараларын  кеңейтетін  телекоммуникациялар;  оқытуды  танымдық  тәжірибе  және  зерттеу  деңгейіне  дейін  көтеретін  жасанды  интеллект  жүйелері.

    4. Оқу әрекетінің  әдістері  мен формаларын  өзгерту. Оқу  пәндерін  оқытуды  жеңілдетуге,  оқу  әрекеті  мен  ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыруға  белгіленген ( мәтіндік, графикалық, музыкалық  редакторлар, электрондық  кестелер  және  т.б)  объектілі – бағдарланған  бағдарламалық  жүйелер  өз  бетінше  оқу үдерісін  ұйымдастыруды,  оқу  және  демонстрациялау  қондырғысы  ретіндегі  ақпараттық – коммуникациялық  технологиялардың  қызметін  пайдалануды  іске  асырады.  Сондай – ақ,  оқу  үдерісінде  оқу – ақпараттық,  тәжірибелік – зерттеу  әрекеттерін  ұйымдастыруға  мүмкіндік  беріп, ақпараттық – коммуникациялық  технологиялар  орталарымен  пәндік  және  өз  бетінше  оқу  әрекеттерін  жүргізуді  қамтамассыз  етеді.

       5. Студенттің  әрекеттерін  бақылау. Студентті  оқыту  дәстүрлі  формасын  қуаттайтын  оқу – ойын,  қарапайым  компьютерлік  жаттықтырушы, оқытушы  және  бақылаушы  бағдарламаларда  жұмыс  істеу  арқылы  басталады. Бұл  кезде  студенттер  негізгі  пайдаланушылық  және  өзіндік  жұмыс  дағдыларын  игеріп,  маңызды  пәндер  бойынша  білім  сапаларын  арттырады.

     Оқыту үдерісінде ақпараттықкоммуникациялық   технологияларды  пайдалану  келесі   мақсаттарға  бағытталады.

      - ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың  мүмкіндіктерін  іске  асыру  арқылы  оқыту  үдерісінің  ықпалдылығы  мен  сапасының  деңгейін  көтеру;

      -  танымдық  әрекеттердің  белсенділігін арттыратын  ынталарды қамтамассыз ету;

      -  қазіргі заманғы ақпарат өңдеу орталарын пайдалану негізінде пән аралық  байланысты  тереңдету.

     Жан – жақты  зерттеулер  жүргізуінің  нәтижесінде  К.М.Дурай-  Новакова  студенттердің  педагогикалық  қызметінің  кәсіптік  дайындық  жүйесін  дәлелдеді. 

    Студенттердің ақпараттықкоммуникациялық   дайындығының   қалыптастырылуының  маңыздылығы теориялық оқу және  дидактика,  тәрбие  теориясы  мен тәлімдік  жұмыс әдістемесі  бағытындағы зерттеу жұмыстарының  нәтижелері  арқылы  көрінуде.

    Аталған тұрғыда Р.Ж.Божбанова анықтап берген  құрылымдық  кешендер  мотивациялық,  когнативтік,  практикалық бағытта екенін  оңай  аңғарамыз.

     Ақпараттық – технологиялық  аспект  субъектінің  білім  мазмұнының  қайта  құрылуы  және  түсінушінің  танымдық  қызметінің  деңгейі  болса,  мотивациялық  аспект  субъектінің  орындалатын  қызметінің  мағыналарын  қабылдаудағы  жүргізетін  дайындық  жұмысы  мен  оқу  материалдарымен  танысудағы  тиімді  нұсқаудың  құрылуы. 

     Мұнда  жеке  тұлғаға  тән  психалогиялық  ерекшеліктердің  маңызы  зор.

     Ақпараттықкоммуникациялық  технологиялар  негізінде    информатика  мамандығы  студенттерінің  кәсіби  құзырлылығын  қалыптастыру  үшін  қажетті білім,  біліктерді  игерудегі психалогиялық жағынан жасалатын іс         - әрекеттеріне  байланысты  сыртқы  және  ішкі  әсерлерге келесі    айтылғандарды  жатқызуға  болады:

    - алға  қойылған  мәселені  шешуге байланысты  туындаған қиындықтар,  жаңалықтар,  шығармашылық  жетістіктер;

    - айналадағы  құбылыстарға  байланысты  іс - әрекеттер;

    - ақпараттықкоммуникациялық  технологиялардың  іс - әрекеттерді  жақсартуға  талпындыратын  ерекшеліктері  мен  оның  нәтижелері;

   - жемісті  нәтижелерге  жету  жолдары  немесе  басқа  да  нәтижелерге  жету  жетістіктері;

   - жетістіктерге қол жеткізуге ықтималдықтардың  көрінісі;

    - өз  дайындығын  өзі бағалай алуы;

   - күрделі мәселелерді шешу  барысында жинаған тәжірибелері;

   - өзінің  дайындық  жағдайын  басқару деңгейі;

   - алға  қойған  мақсатқа  жету  үшін  тиімді  бақылаулар  жүргізе  білуі  және  болашақ  ісі  бойынша  тиімді  шешімін  таба  білуі.

   Білім беру – бұл студентті дамыту,  атап  айтқанда  оның  ой  мүмкіншіліктерін  дамыту,  кез – келген  мәселені  шешуде  адамға  берілген  сезім  ақпараттарына  ғана  сүйенбей,  сонымен  қатар  адамның  бойында  оқу  үдерісінде  қалыптасатын  бүкіл  ойдың  аналитикалық  аппаратына  да  сүйенуді  қамтамассыз  ету.  Бұл  үдеріске  ақпараттықкоммуникациялық  техналогиялардың  үлесі  қаншалықты  болатындығы  талданды.

    Педагогика  және  психалогия  саласындағы  көптеген  мамандар  үшін  П.Я.Гальперин  есімі  оның  жетекшілігімен  жасалған  оқытудың  іс - әрекеттік  теориясымен  белгілі. П.Я.Гальперин  оқушылардың  ой - өрісін  дамытудың  сақталуы  тиіс  негізгі  жағдайларын  жасады.  Теорияның  шешуші  шарттары  ерекшеленіп,  ақпараттықкоммуникациялық  техналогияларды  зерттеудің  дәстүрлі  әдістемелерінің  біріне  оның  шарттарының  орындалуын  танимыз.

     Психалогия  мен педагогика  іс - әрекет  студенттер  әрекетінің  негізгі  бір  бөлігі  болып  табылады.  Педагогтың  тапсырмасы  студенттің  танымдық  әрекеттерінің  әр түрлеріне  кіретін  іс - әрекеттерді   ажырату  ғана  емес,  сонымен  қатар  олардың  құрылымын,  функционалдық  бөлімдерін, кезеңдері  мен  қалыптасу заңдылықтарын  түсіну.  Іс - әрекет  өзара  байланысты  элементтердің  бір  тұтас  жүйесін  көрсетеді.  Іс - әрекетті  жүзеге  асыру  барысында  бұл  элементтер  үш  негізгі  қызметті  қамтамассыз  етеді: орындаушы,  бағыттаушы  және  бақылаушы.

Информация о работе Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудың әдіс – тәсілдері