Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудың әдіс – тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2014 в 11:48, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде іскерлік әлемдегі жоғарғы тұрақтылық, коммуникациялық – ақпараттық деңгейлердің өсуі, еңбек рыногында және тұрмыста үздіксіз технологияларын жасау бір келкі бірыңғай ақпараттық аймақтың қалыптасуы, информатикалық мамандарды даярлау құрамының өсу деңгейі қажетті талаптардың мінез-құлқына сәйкес келеді, компьютерлік білім берудің сапасын көтеру рыногтық шарттың өзектік мәселесі информатикалық салада кәсіптік қорларды дәлелдеу саласында жүзеге асады.

Содержание

Кіріспе...............................................................................3
І. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ
КӘСІПТІК ҚҰЗЫРЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ..................................................................... 5

1.1. Информатика пәні бойынша құзырлықты қалыптастыру
негіздері......................................................................................................
1.2. Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастыру мәселелері......12
1.3. Информатика мамандығы студенттерінің құзырлықтарын
қалыптастыру құралдары..........................................................................19
ІІ. СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІПТІК ҚҰЗЫРЛЫҚТАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАР.......30
2.1. Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудың
әдіс - тәсілдері............................................................................................
2.2. Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы
бақылау әдістері .......................................................................................48
Қорытынды................................................................................................54

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................55

Қосымша....................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Студенттердің-кәсіптік-құзырлықтарын-қалыптастырудың-әдіс-–-тәсілдері2009.doc

— 478.00 Кб (Скачать документ)

     Іс - әрекеттің   орындаушылық  қызметін  қарастырайық. Н.Д.Гордеева  оны  «Егер  іс - әрекет  нақты  көрсетілген  сыртқы  формаға  ие  болса,  оны  орындаушы,  кең  мағынада  заттық  деп  атайды.  Егер  іс - әрекет  бұл  көрініске  ие  болмаса  психикалық  немесе  когнитивті  деп  аталады»  деп  анықтайды.

    Е.И.Машбиц  алдын – ала П.Я.Гальперинге сілтеме жасай отырып:  «Орындаушы  бөлім объектінің  түрленуін қамтамассыз етеді (бір күйден  екінші  күйге ауысу,  бір объектіні басқасына орналастыру және т.б.) » деп жазады.  Мұндай  түрленудің  сипаты  белгілі бір іс - әрекеттерге сәйкес  келетін объектілер  арасындағы  қатынастармен көрінеді. 

     Бағыттаушы  бөлім  орталық  болып  табылады,  және  осы  іс - әрекеттің  табыстылығын  қамтамассыз  етеді.

    Әдетте  іс - әрекет  туралы  айтушылар  оны  орындау  жағдайы  туралы  айтады,  және  орындаудың  өзі  шешуші  кезеңде  субъектінің  осы  іс - әрекет   жағдайында  бағыттауға  тәуелді  екенін  естен  шығарып  жатады.  Бұл  қатынастар  үнемі  заттық  болғандықтан  математикалық  грамматикалық,  физикалық  және  тағы  да  басқа  қатынастарда  болады. 

     Қалыптасқан  педагогикалық  заңдылықтар  бойынша  студенттердің  ақпараттықкоммуникациялық  технологиялар  негізінде  кәсіби  құзырлықтарын  қалыптастыру  барысындағы  жұмыстар  нәтижесі  бірыңғай  дидактикалық  талаптарына  сәйкес  жүргізіледі.  Олар:  сабақ  үстінде  тиімді  эмоционалды  жағдай  жасау,  студенттердің  педагогикалық  мәселелерді  шешуде  шығармашылық  ыңғай  дамыту;  барлық  оқыту  жұмысы  түрлеріне  мақсат  қойуды  ерекшелей  білу, атап  айтсақ  дәріс,  зертханалық  жұмыстар,  практикалық  және  семинарлық  сабақтар,  мектептегі  педагогикалық  практикалар  және  т.б.

    Студенттерді  оқытудағы  мәселелердің  құрамын  төмендегідей  етіп  қарастыруға  болады:

   - педагогикалық үдерістерді қалыпты өтуін қамтамассыз ету;

   - ақпараттықкоммуникациялық  технологияларды  пайдалану,  олардың  сенімді  жұмыс  істеуін  қамтамассыз  ету;

   - оқытудың  техналогиялық үдерісі мен оны жетілдіруді басқару;

    - ақпараттықкоммуникациялық  технологиялар  негізінде  кәсіби  құзырлықтарын  қалыптастыру  мәселесі;

    - ақпараттар  мен ақпараттықкоммуникациялық  технологияларды  пайдаланудың  ережелері  мен  нормаларын,  талаптарын  сақтаумен  байланысты  мәселелер;

     - ақпараттықкоммуникациялық  технологияларды,  информатикадан  алған  білім,  білік  және  дағдыларын  педагогикалық  қызметте  қолдану  мәселесі;

    - жоғарғы  оқу  орнындағы  дайындықтың  нақтылы,  кәсіби  іс - әрекеттерге  сәйкес  болмауы.

     Оқу  үдерісіндегі  ақпараттықкоммуникациялық  технологиялар  құралдарының  мүмкіншіліктері  барған  сайын  арта  түсуде.  Ақпараттық – коммуникациялық   құралдары  деп компьютерлердің негізінде қызмет  атқаратын және  сонымен қатар хабарларды  таратуды  жаңа  құралдары мен жүйелері,  хабарларды  жинақтау  мен олардың қорын жасау,  сақтау  мен өңдеу,  оларды  жан – жаққа тарату,  одан  қолды компьютерлік  жүйелердің  хабарлар  қорына  енуді  қамтамассыз  ете  алатын  бағдарламалық,  ақпаратты  және  технологиялық  құралдар  мен  құрылымдарды  айтамыз.

     Ақпараттықкоммуникациялық  технологиядағы  жоғарыда  атап  өткен  мүмкіндіктер  пайдалану  білім  беруді  төмендегідей  жаңа  түрлерін  кеңінен  пайдалануға  мүмкіншіліктер  тудырады:

    - интерактивтік ( өте белсенді )  сұхбат (диалог) – ол  қолданушының  компьютермен  қарым – қатынасы  арқылы  жүзеге  асырылады. Бұл арада сұхбат  текстік бұйрықтар  жауап  арқылы  қарқынды  түрде  жүзеге  асып  отырады  ( мысалы, сұрақтарды  «керекті»  сөздерді  қолдану  еркін  түрде  бере  беруге  болады );

    - нақты объектілерді  басқару;

    - экранда көрініс тапқан  түрлі объектілердің,  құбылыстардың, үдерістердің  үлгілерін  басқару;

    - оқу үдерісінің  нәтижелеріне  автоматтық  бақылау ( өзіндік бақылау)  жасау және  бақылаудың  нәтижелері  бойынша тестілеу,  түзетулер енгізу.

     Жоғарыда  атап  өтілген  білім  беру  қызметінің  түрлері,  біріншіден,   студенттердің  ой - өрісін  кеңейтуге  бағытталған  әдістемелерді  жасауға  мүмкіндік  береді; екіншіден,   қазіргі  адамдар  үшін  өте  қажетті  тиімді  шешімдер  қабылдай  алу  немесе  қиын  жағдайлардан  шығудың  жолдарын  таба  білу  сияқты  коммуникативтік  қабілеттерді  қалыптастырып,  дамытуға  мүмкіндік  береді.

     Осылайша сипатталған ақпараттықкоммуникациялық  технологиялардың  негізінде  қалыптасқан  білім  беру  құралдарының  жаңа  түрлерінің  мүмкіншіліктері  және  олардың  бүгінгі  таңдағы  педагогика  ғылымы  саласында  жүзеге  асырылуының  түрлі  жолдары  бар.

      Атап  айтқанда:

     - білім беретін бағдарламалық құралдар,  ал олардың әдістемелік қызметі төмендегідей  болып келеді: игерілген білім мөлшерін  хабардар  ету,  студенттердің  білім алу немесе  тәжірибелік қызмет  түрлері мен өзіндік қабілеттер  қалыптастыру  және  кері  байланыстар арқылы  айқындалған оқу материалдарын игерудің  қажетті дәрежесін қамтамассыз ете білу;

      - оқу  материалдарын  игерудің  дәрежесін  бақылауға  өзін - өзі  бақылауға  арналған  бағдарламалар;

      - студенттердің хабарларды  белгілі бір жүйеге  келтіру қабілеті  мен тәжірбиесін қалыптастыруға  арналған  ақпараттық – ізденіс бағдарламалар жүйесі  мен ақпараттық – анықтамалық бағдарламалық құралдар;

      - оның  басты құрылымдық  және  функционалдық сипаттамаларын  оқып – білу  нақтылығының  белгілі бір аспектісін  қамтитын  имитациялық бағдарламалық құралдар (жүйелер);

      - объектінің,  құбылыстардың, үдерістің  немесе  белгілі  бір  жағдайдың  (нақты  және «виртуальды» )  үлгілерін жасауға арналған  моделдік  бағдарламалық құралдар;

      - оқу материалдарын көрнекілік  жағынан білуді қамтамассыз ететін  көрсетілетін  (демонстрациялық)  оқу  құралдары;

      - түрлі оқу жағдайларына ( мысалы,  студенттердің дұрыс шешім қабылдай  білу  немесе  іс - әрекеттің тиімді  стратегиясын  тайдай  білу  қабілеттерін  қалыптастыру  мақсатында )  арналған  ойын  түріндегі  бағдарламалық  құралдар;

       - демалыс кезінде қолданыс  табатын бағдарламалық құралдар. Бағдарламалық құралдардың білім берудегі  дидактикалық  мүмкіндіктерінің  өсуіне  тоқталайық.

      Бағдарламалық құралдар мазмұнының  ғылымилығы  - сол

бағдарлама  құралдарының  тікелей  көмегі  арқылы  нақты ғылыми мәліметтер  алуды  көздейтіндігімен  сипатталады. Мұндай  жағдайда  үлгілер  жасау  мүмкіндігі,  зерттелетін  объектілерді,  құбылыстарды,  үдерістерді (нақтылармен  бірге   «виртуалдықтарды»  да)  имитациялау – зерттелетін үдерістердің  заңдылықтарын өз  беттерімен  аша білуді  көрсететін  ғылыми  жұмыстардың өтуін қамтамассыз етуге дәнекер бола  алады. Түсініктілік  жағдайында  берілген  бағдарламалық оқу материалдары,  оқу үдерісін  ұйымдастырудың  формалары  мен  әдістері  студенттердің  дайындық  дәрежесіне  де,  мамандық  ерекшеліктеріне де  сәйкес  келуі қажет. Бейімделушілік  болса мүмкіндігінше студенттердің әрбірімен жеке  жұмыс істей білуді,  ұсынылған оқу материалын  қабылдаудағы  студенттердің  біліктілік  қабілеттер болса мүмкіндігінше студенттердің әрбірімен жеке жұмыс істей білуді, ұсынылған оқу материалын қабылдаудағы студенттердің біліктілік қабілеттерін үнемі ескеріп отыруды қажет етеді.

      Оқудың жүйелілігі мен реттілігі бағдарламалық құралдарды қолдана отырып, ойдағыдай білім алу мен белгілі бір тәжірибеге ие болу барысында реттілік пен сабақтастық алгоритмін игеру мақсатында студенттердің ұғымдар, фактілер жүйесі мен білім алу тәсілдерін логикалық байланыста игере білуді көздейді.

      Оқудың зерделілігі және студент қызметінің белсенділігі мен өзіндік сипаты білім берудің нақты мақсаттары мен міндеттерін дұрыс түсіне білу жағдайына сәйкес келетін білім алуға байланысты хабарлар алуды өзіндік әрекеттер бағдарламалары құралдарымен қамтамасыз етуді көздейді. Студент қызметінің жандануы бұл арада экранда көрініс тапқан жағдайды өз бетімен басқара білуімен тығыз байланысты болып келеді: оқу қызметінің режимін таңдау өзіндік шешім қабылдау керек болған жағдайдағы іс-әрекеттердің көпнұсқалылығы.

      Оқу нәтижелерін игерудің нақтылығы бағдарламалық құралдардың көмегіне сүйене отырып, студенттердің оқу материалының мазмұнын, ішкі логикасы мен құрылымдық саналы түрде игеруді мақсат етеді. Ал бұл мақсат өзін-өзі бақылау, өзін-өзі түзету және бақылауды кері байланыстар негізінде қамтамасыз ету арқылы жүзеге асады.

     Студенттің интеллектуалдық потенциалын дамыту оның ой –санасының дамуын жан - жақты қамтамасыз етуді көздейді: күрделі жағдайлар туындаған кездерде тиімді дұрыс шешімдер немесе нұсқалық шешімдер қабылдай алу қабілетін қалыптастыру; студенттің хабарларды өңдей білу қабілетін қалыптастыру.

     Бағдарламалық құралдармен жұмыс істеуде суггестивтік (ағылшынның suggest деген сөзінен алынған, ұсыныс жасау, кеңес беру деген мағынаны білдіреді) кері байланыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі - бағдарламаның студенттің әрекетіне беретін жауабын қамтамасыз етуді көздейді. Атап айтқанда: бағдарлама бойынша жасалатын жұмыстың логикалық жағынан аяқталған әрбір кезеңіндегі оқу үдерісінің нәтижелері бойынша белгілі болған қателіктерді болжауды бақылау кезіндегі байланыстарды жүзеге асырады және ұсынылған жорамалды құптауға немесе оны жоққа шығаруға байланысты бүдан әрі іс-әрекет жасауға болатындығы жайында бағдарламалық кеңес алуға мүмкіндік туады.

      Студенттердің кәсіптік құзырлылығын қалыптастырудағы негізгі құрал оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясы. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар соңғы жылдары қарқынды даму үстінде, алайда педагогика теориясы мен практикасындағы алатын орны, басқа іргелі қатар анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет  4- Студенттердің ақпараттықкоммуникациялық технологиялар  негізінде кәсіптік құзырлылықтарын қалыптастырудың   кескіні        

 

    Сонымен, ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығын қалыптастырудың мәні мынада:

    Біріншіден, басқа оқу орындарындағы курстармен салыстырғанда мұнда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың барлық түрлерін жеткілікті деңгейде меңгеруге уақыт бөлінген.

    Екіншіден, кәсіптік технологиясы бойынша «компьютерлік сауаттылық» пәнінің мазмұны информатика  мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығын қалыптастыру талабына сәйкес іріктелген.            

    Үшіншіден, информатика мамандығы студенттеріне арналған кәсіптік технологиясы бойынша «компьютерлік сауаттылық» пәні оқытудағы практикалық мақсатты орындауға, яғни ақпараттықкоммуникациялық технологияларды әртүрлі салаларда еркін пайдалана алатындай мамандар дайындауына мүмкіндік береді.

    Ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылығын қалыптастыруға тиісті біліктіліктер мен дағдылар жүйесінің құрылымында ақпараттық-коммуникациялық біліктіліктер мен дағдыларға (АКБД) байланысты буындар бар.

    Мұндай буындардың құрамын көрсетіп, оларды қалыптастыруға қажетті оқу-ұйымдастырушылық шараларды, оқу-әдістемелік және бағдарламалық-әдістемелік құралдарды анықтау едәуір деңгейдегі психологиялық-педагогикалық мәселе болып табылады. Біз, әрі бағыттағы ғылыми зерттеуімізде М.Ә. Құдайқұловтың, З.А. Решетованың, Е.З. Смирнованың ұсынған әдістерін басшылыққа алдық.

    Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде информатика мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылықтарын қалыптастыруға тиісті АКБД жүйесі құрылымының негізгі бөліктерін төмендегіше анықтадық:

             - қарапайым формулалар бойынша есептеулер жүргізу;

    -негізгі және қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды (мәтіндік және кестелік процессорлар, мәліметтер қорын басқару жүйелері, Интернет желісі және т.б.) пайдалана білу;

    - ақпараттық  моделдеу;

    -ақпараттықкоммуникациялық–ұйымдастырушылық біліктіліктер;

    - өздігінше ақпараттық-коммуникациялық білімін жетілдіру.

    АКБД жүйесіндегі әрбір сапаны қалыптастыру оқу үдерісіне ақпараттықкоммуникациялық технологияларды енгізу, оқу-әдістемелік құралдарды мазмұны ғылыми эксперименттік жұмыс нәтижесінде анықталады. Мамандар дайындау және бірқатар жаңа әдістемелерді енгізу арқылы орындалады.

    Сонымен, ақпараттықкоммуникациялық технологиялар негізінде информатиака мамандығы студенттерінің кәсіптік құзырлылықтарын қалыптастыруды қамтамассыз ететін дидактикалық шарттар болып, оқытуда пайдаланылатын ақпараттықкоммуникациялық технологиялар материалдарын сұрыптап таңдау;

Информация о работе Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудың әдіс – тәсілдері