Қазақстан-2050 стратегиялық бағдарламасының басты бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 20:11, реферат

Краткое описание

Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміз әртүрлі кезеңдерден өтіп келеді. Әр кезеңнің алдымызға қойған өз мақсат-міндеттері болды. Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясын ұсына отырып, дамуымызды жаңа бір сатыға шығаратын ауқымды да үлкен құжатты жария етті. Құжаттың негізгі маңызды тезисі – Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатын айқындап беруінде. Бұл мақсат еліміздің жаңа бір деңгейге шыққандығын көрсетіп тұр. Егер бұған дейін біз негізінен әртүрлі дағдарыстардан, нарықтық экономиканың түрлі қиындықтарынан шығу жолдарын қарастырып келсек, бүгінгі таңда дамыған елдердің қатарына кіру міндетін еңсеруді мақсат етіп қойып отырмыз. Бұл – мемлекеттік саясаттың жаңа өлшемдерін белгілейтін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа мақсат. Сондықтан, «Қазақстан-2050» Стратегиясы еліміздің дамуының жаңа парадигмасын қалыптастырады деп айтуға толық негіз бар.

Содержание

1) Қазақстан-2050 стратегиялық бағдарламасының басты бағыттары. 2)Қазақстан-2050 стратегиялық бағытына жалпы шолу. 3) Қазақстан өңірдегі қауіпсіздік кепілілі. 4) Шекаралық аймақтарды дамыту және қауіпсіздік мәселері. 5) Осы бағдарламаны іске асыру барысындағы мемлекттік органдардың атқаратын қызметі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоспары.docx

— 37.42 Кб (Скачать документ)

Жоспары:                                                                                                    1) Қазақстан-2050 стратегиялық бағдарламасының басты бағыттары.                                                                                               2)Қазақстан-2050 стратегиялық бағытына жалпы шолу.                             3) Қазақстан өңірдегі қауіпсіздік кепілілі.                                                          4) Шекаралық аймақтарды дамыту және қауіпсіздік мәселері.            5) Осы бағдарламаны іске асыру барысындағы мемлекттік органдардың атқаратын қызметі.                                                                                                                                                                                                                                                            

 

 

 Қазақстан-2050» 

қалыптасқан мемлекеттің  жаңа саяси бағыты

 

1. Қуатты да табысты мемлекет

2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі

3. Түрлі әлеуметтік, этностық  және діни топтардың келісімі мен  татулығы

4. Ұлттық экономика. Халықаралық  еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз

5. Қоғамдық тұрақтылық  пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат

6. Әлемдік қоғамдастық таныған ел

7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз.                                                                                                                                         

ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері 

1. Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі

2. Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік

3. Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

4. Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы

5. Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік

6.Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы

7. Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция

8. Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық

9. Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз  құндылықтарының дағдарысы

10. Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі

 

Президентіміздің «Қазақстан-2050» Стратегиясы еліміз үшін аса маңызды құжат болып табылады. Осы құжаттың маңыздылығын айқындайтын негізгі үш мәселеге тоқталғанды жөн көріп отырмын. Біріншіден, ұзақ мерзімге арналған бұл стратегиямыз мемлекеттің дамуының жаңа парадигмасын қалыптастырады әрі соған жол ашады.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміз әртүрлі кезеңдерден өтіп келеді. Әр кезеңнің алдымызға қойған өз мақсат-міндеттері болды. Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясын ұсына отырып, дамуымызды жаңа бір сатыға шығаратын ауқымды да үлкен құжатты жария етті. Құжаттың негізгі маңызды тезисі – Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатын айқындап беруінде. Бұл мақсат еліміздің жаңа бір деңгейге шыққандығын көрсетіп тұр. Егер бұған дейін біз негізінен әртүрлі дағдарыстардан, нарықтық экономиканың түрлі қиындықтарынан шығу жолдарын қарастырып келсек, бүгінгі таңда дамыған елдердің қатарына кіру міндетін еңсеруді мақсат етіп қойып отырмыз. Бұл – мемлекеттік саясаттың жаңа өлшемдерін белгілейтін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа мақсат. Сондықтан, «Қазақстан-2050» Стратегиясы еліміздің дамуының жаңа парадигмасын қалыптастырады деп айтуға толық негіз бар.

Стратегиядағы келесі бір ерекше атап өтетін мәселе, құжатта көрсетілген сыртқы саясаттағы, экономикадағы, әлеуметтік салалардағы мәселелердің барлығының оң шешілуі еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің күшеюіне тікелей әсер ететін болады. Сондықтан, «Қазақстан-2050» Стратегиясын ХХІ ғасырда еліміздің тәуелсіздігін, мемлекеттілігін одан әрі нығайтуға тікелей бағытталған құжат деп қарауымыз керек.

Үшінші мәселе, стратегиямызды жария ету арқылы біз әлемдік қоғамдастыққа алдағы онжылдықтарда қандай жолмен жүретінімізді көрсетіп отырмыз. Жаһандану заманында әр мемлекеттің дамуы  ішкі жағдайға ғана байланысты емес. Жаһандану заманында кез келген мемлекет өзінің мүмкіндігін жіберіп алмай, әлемдік экономикаға кірігуі қажет. Кез келген елдің дамуы өзге дамыған және дамушы мемлекеттермен ынтымақтастық орнатуына тығыз байланысты болады. Бұл өзге мемлекеттермен экономикалық қатынастарды дамыту, инвестициялар тарту, олардың озық үлгідегі технологияларын пайдалану үшін қажет. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осы мақсатқа жұмыс істейтін болады. Өйткені, Қазақстан экономикасы ашық, экономикасы инновациялық, демократиялық жүйесі бар, ішкі жағдайы тұрақты мемлекет ретінде дамиды деп жарияладық. Бұл өз кезегінде алдағы уақытта да Қазақстанға деген басқа мемлекеттердің сенімін арттыра отырып, қарым-қатынастардың нығая түсуіне ықпал ететін болады. Стратегия сонысымен де құнды. 

«Қазақстан-2050» Стратегиясынан туындайтын, алдағы уақытта атқарылуы тиіс міндеттер бар. Біріншіден, Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде өзара қарым-қатынастардың дұрыс пішінін қалыптастыру. Негізінен Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік құрылып, жұмыс істеп жатқаны мәлім. Бұл – экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы. Себебі, Қазақстан осы кеңістік арқылы ғана әлемдік экономиканың алпауыттарына төтеп бере алады. Сондай-ақ, кеңістікті қалыптастырудағы басты мақсат – қатысушы мемлекеттер экономикаларының тұрақты және тиімді дамуы үшін жағдай жасау, халықтың әл-ауқатын арттыру.

Бұл жерде нақтылап айтатын бір мәселе, Беларусь, Қазақстан және Ресей арасындағы интеграциялық жоба тек қана экономикалық сипатқа ие. Сонымен қатар, бұл үдеріс мемлекеттердің егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтірмеуі керек. Бұл жөнінде Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Еуразиялық одақты мен әу бастан-ақ мемлекеттердің теңдік, бір-бірінің ішкі ісіне араласпаушылық, егемендік пен мемлекеттік шекаралардың қол сұғылмастығын құрметтеу қағидаттары негізіндегі бірлестік ретінде көрдім», деген еді. Сондықтан, алдағы уақытта осы құрылымдар деңгейінде атқарылатын жұмыстар қатысушы мемлекеттердің егемендігін сақтай отырып, сыйластық пен тепе-теңдік қағидаттарына негізделуі тиіс.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру тұрғысындағы келесі маңызды міндет – Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту. Бұл ретте бүгінгі таңда алдымызға нақты міндеттер қоюымыз қажет. Кең ауқымды интеграция – ол болашақтағы перспективалы міндет. Қазіргі кезде елдеріміздің даму деңгейлері әртүрлі, олар әртүрлі модельдерге негізделген. Көптеген проблемалық мәселелер де бар. Сондықтан, алдағы жылдарда Орталық Азияда өңірлік ынтымақтастықты бірқатар нақты бағыттар бойынша дамытуды қолға алу қажет. Өңірдегі елдер арасындағы өзара сауда-саттықта түрлі шектеулерге жол бермеу мәселесі қарастырылып, өзара тиімді инвестициялар үшін жағдай жасалуы тиіс. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мен су-энергетика ресурстары салаларындағы ынтымақтастықты нығайту керек. Яғни, бүгінгі таңда Орталық Азия өңірінде қол жеткізуге болатын және өзекті бағыттарды нақты түсінгеніміз абзал.

Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын үшінші маңызды міндет – өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері. Бұл жердегі үлкен мәселенің бірі – Ауғанстандағы жағдай. Бүгінгі таңда Ауғанстан Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің басты әрі ұзақ мерзімді факторларының бірі болып табылады. Бұл елдегі экономикалық ахуал мен халықтың әлеуметтік жағдайы дұрысталмайынша, тұрақтылыққа қол жеткізу қиын. Сондықтан Ауғанстанмен ынтымақтастықты арттыра түскеніміз абзал. Орталық Азия елдерінің кейбіреулері онсыз да өздері көмек пен сыртқы қолдауды қажет етіп отырғанын түсінеміз. Алайда, заман талабына сай, өңірдегі елдер Ауғанстанмен өзара іс-қимылды жандандыруға, осы елге көмек көрсету көлемін ұлғайта түсуге тиіс. Қазақстан бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінгі таңда елімізде 300-ден астам ауғандық жас оқып жатыр. Біз барлық қажетті құжаттарды ратификацияладық. Бұл – өте маңызды көмек. Ауғанстан жастары ауыл шаруашылығы, медицина, инженерлік және басқа да бейбіт мамандықтарды меңгеретін болады. Сонымен қатар, Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек берушілердің бірі болып табылады. Біз оларға бидай береміз, сондай-ақ жол, аурухана мен мектеп салып жатырмыз. Осылайша, Қазақстан Ауғанстанға мүмкіндігінше қолдау көрсетуде. Мемлекетіміз қаржылай қолдау көрсету міндеттемесін де алды. Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік күштерін дамыту жөніндегі арнайы қорға 2 млн. доллар аударылатын болады.

Мұндай қадамдар Өзбекстан  тарапынан да жүйелі түрде жүргізілуі тиіс, оның мүмкіндіктері бар. Қырғызстан мен Тәжікстанның да қандай да бір қадамдар жасауына болар еді. Жалпы алғанда, халықаралық коалицияның негізгі күштерінің бұл елден 2014 жылы шығарылуын ескере отырып, біз Ауғанстанды ынтымақтастыққа, өңірдегі елдермен үнқатысуға шақырып, әртүрлі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды дамыта бергеніміз абзал.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру тұрғысынан сыртқы саясаттағы келесі маңызды міндет – еліміздің экономикалық дипломатиясын күшейту. Қазақстан инновациялық қағидаттар мен қазіргі заманғы технологияларға негізделген экономиканы құруға ұмтылуда. Ал мұндай технологиялар Батыстағы мемлекеттер мен кейбір Азия елдеріне тиесілі екені мәлім. Сол себепті Елбасы Жолдауда нақты атап көрсеткендей, осы инновациялық әзірлемелерді Қазақстанға әкелу үшін, сондай-ақ, осы салаларға инвестициялар тарту үшін экономикалық дипломатиямызды күшейтуіміз керек. Ол үшін ЭКСПО-2017 жақсы мүмкіндік бермек. Сондықтан, экономикамыздың инновациялық бағытын дамыту үшін ЭКСПО-ның тиімділігі мен зор мүмкіндіктерін мейлінше дұрыс пайдалануымыз қажет.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру шеңберінде сыртқы саясат саласындағы бесінші міндет – әлемдік саяси және экономикалық үдерістерде негізгі рөл атқаратын елдермен өзара стратегиялық қарым-қатынаста болу. Біз АҚШ-пен, Еуропалық Одақпен, Қытаймен және G20-ға мүше басқа да елдермен өзара стратегиялық қарым-қатынаста болуымыз керек. Егер біз әлемнің дамыған елдерінің бірі болғымыз келсе, әлемнің дамыған мемлекеттерімен өзара белсенді іс-қимыл жасасуымыз, яғни олармен бірге жұмыс істеп, бірлескен жобаларды және бірлескен бастамаларды іске асыруымыз қажет. Қазақстан халықаралық ұйымдар қызметіне белсене араласуға тиіс. Бұл міндет те Мемлекет басшысының Жолдауында көрініс тапқан.

2014 жылы Ауғанстаннан ондағы халықаралық коалиция күштері шығарылады. Бірақ онда арнайы бір құрылымдар қалдырылады. Ерте ме, кеш пе, халықаралық коалиция күштері түптің түбінде ел үшін жауапкершілікті ауғандықтардың өз қолына беретіні басы ашық мәселе еді ғой. Бұл елдің болашағы ауғандықтардың өздеріне байланысты. Сондықтан, мұның бәрі заңды үдерістер. Халықаралық коалиция күштері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін жағдай күрт шиеленісуі немесе шектен шығуы мүмкін деп айтуға да болмайтын шығар. Өйткені, Ауғанстан әлемдік қоғамдастықтың назарынан тыс қалмайды деп сенеміз. Батыс мемлекеттері Ауғанстаннан кетіп қалады деген сөз жоқ. Олар өз саясатындағы екпінді өзгертуді қарастыруда. Ауғанстанға қолдау көрсетудің, ең алдымен, экономикалық саладағы қолдаудың басқадай құралдары мен тетіктері пысықталып жатыр.

Қазақстан өз тарапынан Біріккен Ұлттар Ұйымының тетіктерін тиімді пайдалануға шақыра отырып, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес алаңы арқылы өңірлік сенім шараларын нығайту жөніндегі нақты ұсыныстар жасады. Бүгінгі таңда Қазақстан Ыстамбұл үдерісі шеңберіндегі бірқатар, атап айтқанда, есірткіге қарсы күрес, өңірлік инфрақұрылым жөніндегі, білім саласындағы бастамаларға қатысушы болып табылады. Сәуір айында Алматыда өтетін кездесуде Ауғанстанға қатысты бірқатар жаңа ұсыныстар болады деп ойлаймын. Сондай-ақ, ол бастамалардың барлығы осы елдегі жағдайды реттеу мен қалпына келтіру мақсатына жұмыс істейді деген сенімдемін.

 Иә, соңғы жылдары Орталық Азиядағы мемлекеттердің, оның ішінде Өзбекстан мен Қырғызстанның, Тәжікстан мен Өзбекстанның арасында түрлі келіспеушіліктер болғаны рас. Шекара, газ бен су ресурстары, еңбек мигранттары, сауда-саттық төңірегінде түрлі даулы мәселелер дегендей.

Орталық Азия елдері – ежелден көршілес, тегі бір, тілі бір, діні бір бауырлас мемлекеттер. Қазіргі кезде олардың арасындағы ынтымақтастыққа сызат түсуін қалайтын, соған ықпал етіп отырған қандай да бір топтар немесе күштер де бар шығар. Алайда, тарихы ортақ, «ауылы аралас, қойы қоралас» бұл мемлекеттер орын алған кез келген дау-дамайды ушықтырмай, салиқалы үнқатысу мен тиімді келіссөздер арқылы шешуі қажет деп есептейміз. Сонымен қатар, Орталық Азиядағы көршілес тәжік, өзбек және қырғыз ағайындар достық пен ынтымақтастық қағидаттарын басшылыққа алып, аймақтық жауапкершілікті сезіне отырып, өңірдегі қауіпсіздікті сақтау ісіне және алдағы уақытта өзара бірлестікті нығайтуға сүбелі үлестерін қосады деп сенеміз.

Қазақстан барлық көршілерімен мемлекеттік шекарасын айқындауды толық аяқтап, бірізді саясат жүргізіп келе жатыр. Бірақ, Орталық Азиядағы осы көршілес елдер арасында түрлі кикілжіңдер туындаған жағдайда оңтүстіктегі шекарамызға алаңдайтынымыз анық. Сондықтан да Қазақстанның сыртқы саясатта ұстанған негізгі мақсатының бірі – Орталық Азия елдерінде өңірлік ынтымақтастықтың нығаюын қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында нақ осы мәселе атап көрсетілген. 

25-26 ақпанда Алматыда өткен Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздерге Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі (Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция) мен Германияның, сондай-ақ, Иран мен Еуропалық Одақтың өкілдері қатысты. Осы келіссөздердің негізгі тақырыбы Иранның уранды байыту жұмыстарын тоқтатпай отыруы болды. Бұл келіссөздердің біршама үзілістен кейін қазақ жерінде өтуі кездейсоқтық емес. Ең алдымен, бұл – Қазақстанның және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ядролық қауіпсіздік пен қарусыздануды қамтамасыз етудегі орасан зор үлесін халықаралық қоғамдастықтың мойындап отырғанын дәлелдейді.

Еліміздің осындай күрделі әрі өзекті мәселе бойынша келіссөздер өткізу алаңы ретінде таңдап алынуы халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанды өзіне үлкен жауапкершілік жүктеуге қабілетті, өзекті халықаралық проблемаларды шешуге әрдайым белсене атсалысушы тарап ретінде қабылдауының дәлелі деп білеміз. Алматыда өткен келіссөздерге қатысушылар қазақстандық тарапқа осы іс-шараның өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап, өз алғыстарын білдірді.

Ал осы келіссөздердің мазмұндық жағына тоқталатын болсақ, тараптар өзара түсіністікке деген ұмтылыстарын айқын танытты. Бұл проблеманы бірден шешудің мүмкін емес екеніне, әлі де талай келіссөздер жүргізілетініне тараптар түсіністікпен қарауда. Ең маңыздысы, олар осы мәселені дөңгелек үстел басында өзара тиімді шешімдер қабылдау арқылы еңсеруге ынталы екендігін көрсетті. Жалпы алғанда, Алматыда өткен келіссөздерге қатысушылар Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі мәселелерді дипломатиялық жолмен шешуге мүдделі екенін танытты деп толық сеніммен айтуға болады. Сондай-ақ, осы келіссөздер жаһандық және аймақтық қауіпсіздікке оң ықпалын тигізсін деп тілейік.

Информация о работе Қазақстан-2050 стратегиялық бағдарламасының басты бағыттары