Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 20:07, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі — Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.docx

— 23.40 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі — Қазақстан Республикасының  орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің  жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық  банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты  Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:

мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;

төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

валюталық реттеуді және валюталық  бақылауды жүзеге асыру;

қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Ұлттық Банк өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай негізгі функцияларды орындайды:

Қазақстан Республикасында  мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді;

Қазақстан Республикасының  аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының  Yкіметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттік органдар үшін банк, қаржы жөніндегі кеңесші және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;

төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасында  валюталық реттеуді және валюталық  бақылауды жүзеге асырады;

Ұлттық Банктің алтын  валюта активтерін басқарады;

қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады.

Ұлттық банк «Қазақстан Республикасының  Ұлтгық банкі туралы» Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:

 • айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;

• Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;

• ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;

 • банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;

- Қазақстан Республикасында  ресми өлшерлемелерді өзгерту  арқылы банктік пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;

- Қазақстан Республикасында  информациялық процестерді ақша-несие реттеуі әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді;

- Қазақстан Республикасында  есеп айырысу тәртібін, жүйесін  және нысандарын аныктайды, қазақстандық  теңгемен банкаралық есеп айырысулардың  мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін  қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс  істеуін ұйымдастыруы тиіс;

- Қазақстан Республикасыңда  валюталық реттеу мен валюталық  бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;

 • банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;

- бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айңалысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;

- егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында бекіте алады;

- Ұлтгық банкіге жүктелген  функцияларды жүзеге асыруға  көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы;

- қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервтік қорларын құрады;

 • Қазақстан Республикасы  банктерінің жиынтық балансын  құрады және тұрақты түрде  жариялайды;

 • ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;

- ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқына ие;

 • Қазақстан Республикасындағы  банктер жүйесіне кадрларды дайындауға  қатысады;

 Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.

Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:

 Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.

 Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар мемлекеттік қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және өтеу мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.

 Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың құрылымын, теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді. Ұлттық банктің қолма-қол ақша қаражаттарын шығаратын, теңге мен тиынның қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді ұйымдастыратын айрықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.

 Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты (жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк – екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгіленген тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.

 Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министірлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы министірлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып, олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.

 Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін Қазақстан территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып, олардың орындалуын қадағалайды. Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және басқа есептің мерзімін, формасын, тізімін, тәртібін және әдісін бекітіп, сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шақырып бақылайды. Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін және басқа құжаттарын тексереді.

 Алтыншыдан, валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк шетел валютасындағы бағалы қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер деңгейіне шектеу қояды. Резиденттер үшін шетел валютасын және валютасындағы бағалы қағаздарды Қазақстанға аудару, әкелу, әкету және салып жіберу тәртібін белгілеп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын, тәртібін және жағдайын анықтап, шот ашуға рұқсат береді. Ұлттық валютаның шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді. Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта-қаржылық және несие-есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің есебін жүргізеді.

 Жетіншіден, елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бағалы металдарға және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлкеттік реттеу туралы» Заң күші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден (сатып алушылардан) Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады. Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің қоймасында сақтау үшін үкіметтік (бюджеттік) резервке алынған құндылықтарды қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды, өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып алу және сату операцияларын жүргізеді

Коммерциялық банктер

Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған  негізгі түрде ақша капиталдары  мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап  банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік  жүйенін негізгі звеносы.

Қазіргі коммерциялық банктер  — бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммердиялық банктер деп, бұл жерде Қазақстан  Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.

Коммерциялық банктер мынадай  белгілеріне байланысты жіктеледі:

1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:  Мемлекеттік ;акционерлік; жеке; пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік); аралас (шетел капиталының қатысуымен).

2. Операцияларының турлеріне қарай:     әмбебап, яғни экономиканың барлықсалаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер ;маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

3. Аумақтық белгісіне қарай:  халықаралық; мемлекетаралық ұлттық; аймақтық;

4. Салалық белгісіне қарай: өнеркәсіптік банктер; сауда банктері; ауыл шаруашылық банктері; құрылыс банктері; басқа.

5. Филиалдар санына қарай:    филиалсыз; көп филиалды.

Коммерциялық банктердің қызметін басқару құрылымы

Коммерциялық банктердің ұымдастырылу құрылымы банкті басқару  құрылымына және оның функционалдык  бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің  құрылымына бөлінеді.

Басқару органы пайда алу  мақсатында коммерциялык банктің қызметіне  тиімді жетекшілік етуді камтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы — акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл жиналыста мынадай міндетгер шешіледі:банктің жарғысына өзгерістер енгізу; банктің жарғылық капиталын өзгерту; банктің Кеңесін сайлау; банктің жылдық есебін бекіту; банктің табысын бөлу; банктің құрылымдық немесе еншілес белімшелерін құру және тарату.

Екінші басқару органы — банктің қадагалау кеңесі болып  табылады. Банктің бақылау кеңесі — банк қызметіне бақылау жасау  органы ретінде, келесідей міндеттерді шешеді: нормативтік актілерді бекітеді; Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәмілелерді бекітеді. Келесі басқару органы - бұл басқарма (Банк кеңесі). Басқарма (банк кеңесі) - атқарушы немесе өкілеггі орган, яғни ол банктің иелерінен, оның акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.

Ревизиялық комиссия —  банк қызметіне қаржылык есептің  дұрыстығы жағынан бақылау жасаушы орган болып табылады.Несивлік комитет — бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы орган.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі