Қазақстан-2050 стратегиялық бағдарламасының басты бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 20:11, реферат

Краткое описание

Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміз әртүрлі кезеңдерден өтіп келеді. Әр кезеңнің алдымызға қойған өз мақсат-міндеттері болды. Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясын ұсына отырып, дамуымызды жаңа бір сатыға шығаратын ауқымды да үлкен құжатты жария етті. Құжаттың негізгі маңызды тезисі – Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатын айқындап беруінде. Бұл мақсат еліміздің жаңа бір деңгейге шыққандығын көрсетіп тұр. Егер бұған дейін біз негізінен әртүрлі дағдарыстардан, нарықтық экономиканың түрлі қиындықтарынан шығу жолдарын қарастырып келсек, бүгінгі таңда дамыған елдердің қатарына кіру міндетін еңсеруді мақсат етіп қойып отырмыз. Бұл – мемлекеттік саясаттың жаңа өлшемдерін белгілейтін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа мақсат. Сондықтан, «Қазақстан-2050» Стратегиясы еліміздің дамуының жаңа парадигмасын қалыптастырады деп айтуға толық негіз бар.

Содержание

1) Қазақстан-2050 стратегиялық бағдарламасының басты бағыттары. 2)Қазақстан-2050 стратегиялық бағытына жалпы шолу. 3) Қазақстан өңірдегі қауіпсіздік кепілілі. 4) Шекаралық аймақтарды дамыту және қауіпсіздік мәселері. 5) Осы бағдарламаны іске асыру барысындағы мемлекттік органдардың атқаратын қызметі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоспары.docx

— 37.42 Кб (Скачать документ)

 Өткен жылы Парламент депутаттары «Мемлекеттік шекара туралы» заң жобасымен жұмыс істеу барысында шекара маңындағы елді мекендерді араладық, ондағы тұрғындармен кездесіп, әңгімелер өткіздік. Кездесулер барысында шекара маңындағы кейбір елді мекендер тұрғындарының, көбіне жастардың өзге өңірлерге көшіп кету жайттары жөнінде айтылды. Осының салдарынан шекара маңындағы елді мекендерде халық санының азаюы белең алуда. Мұндай жағдай барлық жерде емес, кейбір шекаралық аудандарда орын алып отырғанын атап өту керек.

Жасыратыны жоқ, кейбір аймақтарда шекаралық аудандар мен елді мекендердің инфрақұрылымы, таза ауыз сумен қамтылуы, сондай-ақ, олардағы көлік қатынасы мен жолдың сапасы көпшіліктің көңілінен шықпай отыр. Жұмыс орнының жоқтығы да үлкен проблема. Шекара маңындағы елді мекендерде өндіріс орындары мен мәдениет ошақтарының болмауы салдарынан жастар қалаларға кетіп жатыр. Ал шекаралық аймақтарда халық санының азаюы еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті бұл проблеманы ұзаққа созбай шешуіміз қажет.

Елбасының «Қазақстан-2050»  Стратегиясында шекаралық аймақтарды дамыту жөнінде Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойылған. Уақыт оздырмай, енді осыған байланысты жұмыстар қолға алынуға тиіс. Әсіресе, оларда өндіріс орындарын салып, іске қосудың және ауыл шаруашылығын дамытудың белгілі бір тетіктерін қарастырған жөн. Осы аталған мәселелер оң шешімін тапқан жағдайда шекаралық аудандарда халықты көптеп шоғырландыруға мүмкіндік туар еді. Яғни, мемлекеттің алдағы уақыттағы үлкен міндеті – шекаралық өңірлерді дамыту. Жаңа мемлекеттік құрылым – Өңірлік даму министрлігі құрылды. Министрліктің айналысатын шаруаларының бірі шекаралық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық проблемалары болатын шығар деген ниеттеміз.  

Шекара саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заң осыдан 20 жыл бұрын қабылданған болатын. Одан бері біраз уақыт өтті, жаңа үрдістер пайда болды. Осыған байланысты өткен жылы Парламент Мәжілісі шекара мәселелеріне байланысты Үкіметпен, Шекара қызметімен бірлесіп ауқымды жұмыстар атқарды. Осы жұмыстардың нәтижесінде «Мемлекеттік шекара туралы» жаңа Заң қабылданды. Биылғы жылдың қаңтар айында Елбасы заңға қол қойды. Бұл заң мемлекеттік шекарамыздағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады деп сенеміз.

Құжатта бірқатар маңызды мәселелер бар. Атап айтқанда, жаңа заңда «шекара қауіпсіздігі» мен «шекаралық саясат», мемлекеттік шекараны «межелеу» және «шегендеу», «Мемлекеттік шекараны қорғау» мен «мемлекеттік шекараны күзету» деген негізгі ұғымдар нақтыланып, қайта пысықталды. Осы заң жобасын қарау барысында депутаттар мемлекеттік шекараны өзгерту мүмкіндігін көздейтін нормаларды алып тастау туралы шешім қабылдады. Өйткені, мемлекеттік шекара – елдігіміздің негізі. Бұл шешім Конституцияның 2-бабына негізделді, онда «мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi» делінген. Елбасымыздың басшылығымен шекараны айқындаудың тарихи процесі аяқталды. Енді бұдан әрі ешкімнің де шекараны өзгерту мәселесін көтеруге құқығы жоқ.

Заңда Қазақстан Республикасының  шекаралық кеңістігінде қолданылатын режімдердің мазмұны нақты айқындалып, мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың өкілеттіктері нақтыланды. Сондай-ақ, заңда көзделген тағы бір жаңалық – Үкіметтің жанынан Мемлекеттік шекаралық комиссияны құру. Бұл комиссия Шекара қызметінің, әртүрлі мемлекеттік органдардың, әкімдердің, қоғамдық ұйымдардың осы бағыттағы жұмысын үйлестіріп отыратын болады.

Сонымен қатар, «Арқанкерген» бекетінде орын алған қайғылы оқиғаның қайталануын болдырмау мақсатында заңда шекараға қызметке алынатын контингенттің сапасын және ондағы тәртіпті арттыруға бағытталған ережелер көзделді. Атап айтқанда, заңға болашақта шекараға қызметке алынатын жастарды денсаулығы, моральдық-психологиялық қасиеттері жағынан дұрыс таңдап алуға мүмкіндік беретін баптар енгізілді. Бұл заң Қазақстанның мемлекеттік шекарасының қауіпсіздігіне, болашағына, түптеп келгенде, егемендігімізге жұмыс істейтін құжат болады.

 Парламенттік дипломатия – сыртқы саясаттың маңызды құралдарының біріне айналуда. Бүгінде әлемде парламенттік дипломатия өте қарқынды дамып келеді. Мәжілістегі біздің Комитет те осы бағытта тиісті жұмыстарды атқарып келеді. Парламент Мәжілісінің бесінші шақырылымы жұмысын бастағаннан бері 60 шетелдің парламентарийлерімен ынтымақтастық жөніндегі топтар құрылып, жұмыс істеп жатыр. Қазіргі кезде, сондай-ақ, Мәжіліс 14 халықаралық парламенттік ұйымдардың жұмысына қатысуда.

Жалпы, өткен жылдың ішінде Парламент Мәжілісінің депутаттары 384 халықаралық іс-шараға қатысты. Сондай-ақ, шетелдердің парламенттерімен екіжақты байланыстарды одан әрі нығайту бағытындағы жұмыстар жүргізілді. Депутаттар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Парламентаралық Ассамблеясының және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясының шеңберінде әзірленіп жатқан үлгілік заңдардың жобаларымен жұмыс істеуге қатысқанын атап өткен жөн.

Халықаралық және парламентаралық  ұйымдардың «алаңдары» Қазақстанның халықаралық аренадағы бастамаларын ілгерілету үшін тиімді пайдаланылуда. Мысал ретінде G-Global, «АТОМ» жобаларын атап көрсетуге болады.

Парламент Мәжілісі депутаттарының халықаралық қызметі әртүрлі  салалардағы заңнамалық қамтамасыз етуді зерделеу мен тәжірибе алмасуға, шетелдермен байланыстарды нығайтуға, қазақстандық бастамаларды ілгерілетуге және еліміздің халықаралық аренадағы оң имиджін арттыруға бағытталып отырғанын атап өту керек. Сонымен бірге, біз осы бағытта Сыртқы істер министрлігімен тығыз, қоян-қолтық жұмыс істеп келеміз.

Парламент Мәжілісінің депутаттары өткен жылы халықаралық мәселелер бойынша белсенді жұмыстар істеді деп айта аламын. Бұл жұмыстар биылғы жылы да жалғасын таппақ. Ал осы жұмыстардың негізгі мақсаты – Елбасының сыртқы саясат саласындағы тапсырмаларын іске асыру, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді нығайту ісіне сүбелі үлес қосу болып табылады.

                                                                                                                Пайдаланылған әдебиеттер:  Егемен Қазақстан газеті,  Дала мен қала газеті, Қостанай таңы газеті, Жас Алаш газеті, Айқын газеті, Казахстанская Правда.


Информация о работе Қазақстан-2050 стратегиялық бағдарламасының басты бағыттары