Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2014 в 15:40, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасында бағалы қағаздарға мүліктік құқығын көрсететін куәлігі бар, көрсетілген немесе берілген жағдайда ол күшіне енетін, өзіндік формасы мен реквизиттері бар құжат, ол құжат тек ғана заңды тұлғаларға жатады. Классикалық түсінік бойынша романо-германдық модель біздің экономикалық дәстүрімізге сай бізге тиімсіз болды. Ағылшын-американдық әдісте мүліктік және міндеттемелік құқықтарды бірге қарастырады. АҚШ-та бағалы қағаздарды иеленушілердің құқықтары мен бостандықтарына қолайлы жағдайлар жасалған. Бұл жүйе бізге өте тиімді, АҚШ-тың экономикалық әдістеріне, талданып, зерттеліп біздің заңдар қабылданған [3, 6 б].

Прикрепленные файлы: 1 файл

баяндама.docx

— 21.85 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

БАЯНДАМА

 

Тақырыбы:Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары

 

 

 

 

 

                                                                      Тексерген:

                                                      Орындаған:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары

Қазақстан Республикасында бағалы қағаздарға мүліктік құқығын көрсететін куәлігі бар, көрсетілген  немесе берілген жағдайда ол күшіне енетін, өзіндік формасы мен реквизиттері бар құжат, ол құжат тек ғана заңды тұлғаларға жатады. Классикалық түсінік бойынша романо-германдық модель біздің экономикалық дәстүрімізге сай бізге тиімсіз болды. Ағылшын-американдық әдісте мүліктік және міндеттемелік құқықтарды бірге қарастырады. АҚШ-та бағалы қағаздарды иеленушілердің құқықтары мен бостандықтарына қолайлы жағдайлар жасалған. Бұл жүйе бізге өте тиімді, АҚШ-тың экономикалық әдістеріне, талданып, зерттеліп біздің заңдар қабылданған [3, 6 б].

Бағалы қағаздардың инфрақұрылымы – бұл бағалы қағаздарды шығаратын, сататын және сатып алатын субъектілер арасындағы қатынастарда қызмет атқаратын қатысушылар жиынтығы. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары әр мемлекетте әртүрлі жиынтықтан тұрады. ҚР бағалы қағаздар рыногының қатысушыларын келесідей топқа бөлеміз:

- эмитенттер (бағалы қағаздарды шығарушылар – мемлекет, кәсіпорындар, банктер);

- инвесторлар (бағалы қағаздарды сатып алушылар);

- кәсіби қатысушылар (бағалы қағаздар рыногының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар- брокер, дилер, кастодиан, депозитарий т.б.).

Қазақстан Республикасында бағалы қағаздардың қатарына акциялар және облигациялар жатады. Бағалы қағаздар – бұл акциялар, облигациялар,  және басқа бұған жататын заңдарға сәйкес белгіленген мүлікке құқық беретін куәландыратын құнды қағаздар. Барлық мүліктік деңгейге сай өзіндік бағалы қағаздары болады. Өз кезегінде бағалы қағаздар сатылады, сатып алынады, кепіл ретінде біреуге меншікке берілетін қағаз. Бағалы қағаздар ол қолма-қолсыз ақшалай құжат, мүлікті иеленушінің мүліктің құндылығы бойынша үлесін көрсететін  куәлік. Бағалы қағазда мүліктік құқық ол қолма-қол ақшаны қарызға беру және қарыз арқылы әртүрлі кәсіпорындар ашу, сатып алу-сату, мүлікті кепілге қоюды көрсетеді. Бағалы қағаз арқылы иемденушілер өзінің үлестік жарнасына қарай табыс алуына құқық беретін құжат. Бағалы қағаз ол ерекше товар, ол нарықта мүліктік қатынастар жүйесін көрсетуші құрал. Бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға, біреуге берге, сақтап қоюға, мұрагерлікке қалдыруға, ауыстыруға және т.б. келісімдерге келуіне болады. Олардың өзіне тән ерекшеліктері бар оны ақша ретінде тек ғана төлем құралдары және есеп айырысу ретінде қолдануға болады.

Қазақстан Республикасының салық кодексіне сай бағалы қағаздар: акциялар, ұзақ мерзімді бағалы қағаздар, өндірістік бағалы қағаздар және басқа да нысандардың мүліктік құқығы болып бөлінеді. Өндірістік бағалы қағаздар - ол өндірістік бағалы қағаздардың базалық активтікке қатынасын куәландыратын құқығы. Өндірістік бағалы қағаздарға: опциондар, своптар, форварттар, фьючерстер, депозитарлық кепілдеме, варранттар және т.б. бағалы қағаздар жатады.

Қазақстан Республикасында  акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызметі, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін; акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзыретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін; оның лауазымды адамдарының өкілеттігін, сайлану тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.

Акция - ол мерзімсіз бағалы қағаз, акционерлік қоғамның мүлкіне салынған салымды куәландырады және сол акционерлік қоғамға түскен  бір бөлік кіріске құқық береді және сол кірістен қажетті тобына сай дивиденд алуға, сонымен бірге кәсіпорынды өзінің қосқан үлесіне сай басқаруға құқық беретін құнды қағаз. Инвестор кәсіпорынға салған үлесі үшін кәсіпорынның міндеттемесіне жауап бермейді. Акциялар бөлінбейді, екі тұлға акционер ретінде дауыс бермейді, «бір акция - бір дауыс». Акциялардың түрлері: жай және артықшылықты акциялар.

Қаржылық рынок жүйесінде банк, қор рыногы, сақтандыру, зейнетақы жүйесін қамту, қор жүйесіне халықты тарту және қор жүйесін  ақпараттандыру принциптері маңызды болады. Ең бастысы - бағалы қағаздар рыногы жүйесінің тиімділігі, ол макроэкономикалық жүйеде, жекешелендіру үлестері, кәсіпорынды тиімді сапамен дамыту, инфляцияны төмендету т.б. жетістіктері. Халықты қаржылық сауаттылыққа үйрету мемлекет үшін өте маңызды, онда инвестиция өсіп, табыстың молаюы, қаржы қорларына жеке тұлғаларды тартып, жеке тұлғалар өз жеке меншігі үлесі бар кәсіпорынның өсіп өнуіне қаржы салып, сандыққа тыққан запастарын қор биржалары арқылы стратегиялық маңызды жене түрлі кәсіпорындардың өркендеуіне   акцияны сатып алу арқылы құяды. Халық сол құйған акциядан үлесі бойынша түскен табыстан дивиденд алады, кепілдік ретінде құйған ақшасын акция ретінде өз үлесіне иеленеді. Мемлекет үшін тиімділігі, мемлекет ақша – несие саясатын реттеу  мүмкіндігіне ие болады, инфляцияның азаюына алып келеді, айналымдағы ақша массаларын мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын айналымға шығару арқылы реттейді. Ол да түсінікті, бағалы қағаздар операциясы дамып, қолма-қол ақша бірлігін құнды қағаздар ауыстыра алады. Бүгінгі күнге дейін жеке тұлғалардың банкке депозит салуы тұрақты түрде өсіп келеді. Карточка операциясының қызметіне халықтар ақпараттандыру арқылы үйренді, онымен жалақы алу, қаржыларды аудару мен әртүрлі көрсетілген қызметтерге төлемдер төлейді. Жеке тұлғалар ақпарат көздері арқылы бір және одан көп карточкаларды өз қажеттілігіне байланысты қолдана бастады. Өкінішке орай биылғы жылы АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыс Қазақстан Республикасына өз зардаптарын тигізіп, көптеген құрылыс кәсіпорындарын құлдыратып жіберді. Коммерциялық банктер сыртқы қарыздарын өтеу мақсатымен ипотекалық және кейбір жерде заңды тұлғаларға тұтынушылық несиелерін беруін тоқтатты. Әлемде қор нарықтарында көптеген кәсіпорындардың бағалы қағаздары төмендеп кетті, себебі бағалы қағаздарға деген сұраныс азайды. Инфляция деңгейі өсіп, қаржылық кәсіпорындар құлдырап қалды, бірақ мемлекет бұл жағдайларға жол бермеді. Қаржы циклын білмеуі мен ақпарат көздерінің болмауынан азаматтар бұл құбылыстарға өз алаңдаушылығын білдіріп, осы құлдырауды  дұрыс түсінбей отыр. «Қаржылық сауатсыздық - бұл қоғам мен мемлекеттің кедейлігін көрсететін көрсеткіш деңгейі» деген В. Холодов сөзі әруақытта есте болғаны дұрыс. Себебі көптеген дамыған мемлекеттердің азаматтары өз еліндегі  бағалы қағаздар жүйесі және әртүрлі қаржылық операциялар мен өз заңдары жөнінде жақсы ақпараттандырылған (Мысалы: АҚШ, Еуро Одақ елдері), ал керісінше өте кедей мемлекеттердің халықтары өте сауатсыз келеді (Африка елдері). Дағдарыс - уақытша экономикалық циклдік құбылыс. Қаржылық сауаттылығының төмендігінен және ақпаратпен қамтамасыз етілмегендіктен несие алушы жеке тұлға несие аларда құрылған келісім-шарттарға оқымай қол қояды, банкке салым депозит салуға келгенде, сол банктің қаржылық беделін біле бермейді. Банктің беделін білу тек жарнамамен шектелмейді, себебі банктер газеттер мен журналдарға,баспа сөз құралдарына өзінің бухгалтерлік балансы мен қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жариялап тұрады. Сақтандыру полистерін өз қажеттілігіне заңда және ережелерде көрсетілгендей, қаржысын өтеп ала бермейді, зейнетақы қорларына қанша жарна түсіп жатқанын біле бермейді. Ал, ең бастысы қазіргі кезде дамып келе жатқан бағалы қағаздармен операция жүргізу жүйесін халықтың басым көпшілігіне беймәлім хабарда. 21 - ғасыр бағалы қағаздардың дәуірі және ақпараттандыру жүйесі дами бастаған кезең. Бағалы қағаздарды дамытудың негізгі мақсатын түсіндірсек: орта және ірі кәсіпорындар акционерлік қоғам ретінде құрылып, өз акциясын нарыққа шығарып сатады, сатқан акциясының ақшасын өз айналымына салады, сөйтіп капиталын толтырады. Акцияны иемденген азамат сол кәсіпорынның үлесін иемденеді,  кәсіпорын қызметінен түскен пайда иемденуші үлесіне сай дивиденд ретінде түсіп отырады. Кәсіпорындар өзінің бағалы қағаздарының жариялануын ақпарат  арқылы жүзеге асырады. 

Қазақстан Республикасы Еуразия материгінің ортасында орналасқан тұрақты дамушы мемлекет. Алматы қаласы - Қазақстанның бас қаржы орталығы. Әлемдік деңгейде белгілі Гонконг, Дубай, Сингапур, Дублин сияқты қаржы орталықтары 70-ші жылдары өз қызметтерін бастады. Мысалы, Нью-Йорк пен Лондон қалалары бүкіл әлемдегі қаржы орталығы атанды. Жас қаржы орталықтары (Гонконг, Дубай, Сингапур) кеден және салық  жүйесін инвесторларға қолайлы жасау арқылы және т.б. жолдармен дамыды. Жаңа заманда қаржы жүйесінде бағалы қағаздармен жұмыс жүргізу менталитеті қалыптасып келеді,бұл соған сай ақпараттандыруды қажет етеді. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі отандық қаржы  институттарының орталығы болып табылатын Алматы қаласында өңірлік қаржы орталығын құру туралы шешім қабылдады [4, 11 б].

2006 жылы Қазақстан Республикасы  Алматы қаласының Өңірлік қаржы  орталығының қызметін реттеу  агенттігі (бұдан әрі - АӨҚО ҚРА) Қазақстан  Республикасының Президентіне тікелей  бағынатын және есеп беретін, Алматы қаласының өңірлік қаржы  орталығының  жұмыс істеуін мемлекеттік  реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік  орган болып құрылды. АӨҚО ҚРА-тің  функциялары, қаржы орталығының  мәртебесі, қатысушылары және элементтері  анықталған. Басты мақсат шетелдік  инвесторларға және кәсіпкерлерге  АӨҚО–ның қызметін, салық жеңілдіктерін, арнайы сауда алаңын таныстыру, түсіндіру болды. Шетелдіктерге  Қазақстан  Республикасына келуге  және бірлесе жұмыс істеуге  ұсыныстар жасады. Қаржы орталығында  жұмыс істеу мақсатында институционалды  инвесторлар мен брокерлік ұйымдар  кәсіпқой  қатысушылар мен эмитенттерді  ақпарат арқылы жарнамамен тарта  бастады.

Компаниялар қаржыландырудың анағұрлым жоғары мөлшерін қажет етеді, мұны отандық капитал рыногы қамтамасыз ете алады. Өткен жылдары, бұл компаниялар негізінен борыштық қаржыландыруды тартуға мүдделі еді. Соңғы жылдары инвестициялық талаптарды қанағаттандыру, және нарықтық капитализацияны айқындау мақсатында акцияларды бұқаралық орналастыру арқылы қосымша қаражатты тарту үрдісі орын алды. Екінші жағынан, қызметінің төмен транспаренттігімен, аздаған акционерлер иелігіндегі меншіктің жоғары шоғырлануымен сипатталатын, өздері туралы ақпаратты жариялап таратуға ниетсіз компаниялар бар. Мұндай компаниялар бағалы қағаздар рыногына капитал тартуға мүдделі емес, өйткені ақпаратты жариялау және корпоративті басқару талаптары қойылады. Бұл инвестициялық қызметтерін мемлекет реттейтін консервативті инвесторлар қатарына жататын қазақстандық институционалды инвесторлардың қатысуына басты кедергі болып табылады. Сонымен бірге, қызметін жоғары тәуекелге бағыттаған, отандық бағалы қағаздар рыногында инвестициялардың жоғары тәуекелділігін қажет ететін инвесторлар тобын таба алмайтын компаниялардың үшінші тобы бар. Ел экономикасының ағымдағы жағдайы және даму сатысы, меншіктік құрылымы (стратегиялық және шет ел акционерлері бар компаниялардың басымдылығы), Қазақстан компаниялары қызметінің салалық ерекшелігі, сонымен бірге жекешелендіруді іске асырудың қолданылған механизмдері бағалы қағаздар рыногының дамуына тікелей әсер етті, бұл еркін айналымдағы акционерлік қоғамдардың акцияларының аз үлесінен, жеке тұлғалардың компанияның акционерлік капиталына қатысуының төмендігінен, борышқорлық бағалы қағаздар рыногының доминантты дамуынан және мемлекеттік бағалы қағаздар үлесінің азаюынан көрініс тапты. Қаржы орталығын институционалды дамыту бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын дамыту мәселелерін шет ел қатысушыларының жұмысы үшін қаржы орталығы тартымдылығын көтеру мақсатында шешуге, халықаралық стандарттарды есепке ала отырып жұмыс әдістерін жетілдіруге жәрдемдеседі. Қаржы орталығының тартымдылығын ұлғайту халықаралық стандарттарға сай арнайы сауда алаңын құрусыз мүмкін болмайды.

2009-2011 жылдарға арналған  Стратегиялық жоспарды жүзеге  асыру шеңберінде АӨҚО ҚРА  қаржы құралдарын ендіруге және  ақпараттандыруға қатысты нақты  жұмыстар жүргізуде. Осы бағытта  АӨҚО ҚРА аталған жылдың маусым  айында күшіне енген жаңа листинг  ережелерін жасап шығарды. Жаңа  листинг талаптарына сәйкес, айналымға  жіберілген мемлекеттік емес  бағалы қағаздар спектрі акциялар  және борыштық бағалы қағаздар  секілді екі негізгі топтарға  бөлінді. Сонымен қатар ұсынылатын  қаржы құралдарының қатары артты (пайлық инвестициялық қорлар, индекстік  қорлар, туынды бағалы қағаздар, борыштық бағалы қағаздар). Отандық  және шетелдік инвесторлар үшін  инвестициялаудың аса кең мүмкіндіктері  пайда болды. Бағалы қағаздардың  жаңа түрлерінің айналымға жіберілмегені  инвесторларға БҚР-ғы операцияларға  қатысты тәуекелдерді хеджирлеуге  мүмкіндік береді.

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары