«Қазақстан тарихы» оқу пәнінің жұмыс бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 14:37, реферат

Краткое описание

Қазақстан тарихы» пәні бойынша бұл оқу жұмыс бағдарламасы 0701000 - «Геологиялық суретке түсіру, ПҚК іздеу мен барлау», 0702000 - «ПҚК барлаудың техникасы мен технологиясы», 0704000 – «Пайдалы қазба кенорындарын барлау мен іздеудің геофизикалық әдістері» мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімнің Мемлекеттік стандартының негізінде, оны гуманитарлық білімнің негізгі және ортақ мақсатын – рухани-адамгершіл, еркін, өзін-өзі дамытатын тұлға ретінде адамның қалыптасуына, оның әлеуметтенуіне қолдауды жүзеге асыру үшін пайдалану мақсатында жасалды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ОПОРНЫЙ КОНСПЕКТ ПО ИСТ.КАЗ-НА НА КАЗ.ЯЗ..doc

— 896.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым  министрлігі

Семей геологиялық барлау колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

0701000 - «Геологиялық суретке түсіру, ПҚК іздеу мен барлау»

0702000 - «ПҚК барлаудың техникасы мен технологиясы»

1305000 - «Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпараттық жүйелер»

1514000 - «Экология жер қойнауын пайдалану саласында табиғи ресурстарды тиімді қолдану»

0704000  –  «Пайдалы қазба кенорындарын барлау мен іздеудің геофизикалық әдістері» мамандықтарына арналған

Қазақстан тарихы пәні бойынша

Базалық (тірек) конспектілері

 

Оқытушы Сарсембин А.М. жасаған

Әлеуметтік-экономикалық пәндеп ПЦК отырысында қаралды

№ 4 хаттама

2010ж. «15» желтоқсаны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей қ.

Пәнге арналған сағаттардың  жалпы саны – 72 сағат

Соның ішінде:

I семестр - 0

II семестр - 0

III семестр – 72 сағат.

IV семестр - 0

V семестр - 0

VI семестр - 0

VII семестр - 0

VIII семестр - 0

Міндетті бақылау жұмыстарының саны I семестрде __2 (екі)

Қорытынды бақылау - МБЖ сынақ, емтихан 
МАЗМҰНЫ

№ р/с

Бөлімдер мен тақырыптардың  атауы

Бет

I

II

III

1

Жұмыс бағдарламасы

4

2

Оқу пәнінің мазмұны

6

 

3

4

I бөлім Көне замандағы Қазақстан.

  • Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс
  • Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары
  • Тайпалық одақтар және көне мемлекеттік бірлестіктер

6

2

2

2

 

44

II бөлім Орта ғасырлардағы Қазақстан

14

  • Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер
  • X – XIII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы мемлекеттер.
  • Моңғол шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақстан
  • Қазақ хандығының құрылуы
  • XVI – XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы.

4

4

2

2

2

\

55

III бөлім Ресей империясының құрамындағы Қазақстан

20

  • Қазақ жерлерінің Ресейге қосыла бастауы
  • XVIII ғасырдағы және XIX ғасырдың ортасындағы қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
  • Отарлау саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы.
  • XIX ғасырдың екінші жартысындағы әкімшілік реформалар. Қазақстан – ресей империясының отары.
  • ХХ ғасырлың басындағы Қазақстан

2

2

8

4

4

 

66

IV бөлім Кеңес өкіметі кезіндегі Қазақстан

14

  • Азаматтық қарама-қарсылық жылдарындағы Қазақстан (1917 – 1921жж.)
  • Тоталитарлы жүйенінің кұшеюі кезеңіндегі Қазақстан
  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан (1941 – 1945жж.) және соғыстан кейінгі уақыт
  • 50-ші жылдардағы – 80-ші жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстан
  • КСРО дағдарысы мен ыдырауы кезеңіндегі Қазақстан

2

6

2

2

2

7

77

V бөлім Тәуелсіз Қазақстан

8

  • Мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу
  • Нарықтық экономика жолындағы Қазақстан
  • Қазақстанның саяси-құқықтық құрылымының қалыптасуы
  • Қорытынды жалпылау. Қазақстан және әлемдік қауымдастық

2

2

2

2

8

Бақылау сұрақтары

 

9

Курс бойынша әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан тарихы» оқу пәнінің  жұмыс бағдарламасы

1. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша бұл оқу жұмыс бағдарламасы 0701000 - «Геологиялық суретке түсіру, ПҚК іздеу мен барлау», 0702000 - «ПҚК барлаудың техникасы мен технологиясы»,  0704000  – «Пайдалы қазба кенорындарын барлау мен іздеудің геофизикалық әдістері» мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімнің Мемлекеттік стандартының негізінде, оны гуманитарлық білімнің негізгі және ортақ мақсатын – рухани-адамгершіл, еркін, өзін-өзі дамытатын тұлға ретінде адамның қалыптасуына, оның әлеуметтенуіне қолдауды жүзеге асыру үшін пайдалану мақсатында жасалды.

Бұл мақсатқа жету келесі міндеттерді шешуді көздейді:

-көне заманнан бүгінгі күнге дейін Қазақстан тарихының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының негізгі кезеңдері туралы білімдердің сенімдірек жиынтығымен білім алушыларды қамтамасыз ету;

- білім алушылардың мамандануын есепке алып, оларды негізінен кең мағынадағы әлеуметтік саяси отандық тарихқа - әлеуметтік топтар мен қозғалыстардың сипаттамасынан тарихи қайраткерлердің бейнесіне дейін бағдарлау; күрделі тарихи үрдістің арқауын бақылап, ХХ ғасырдың елеулі оқиғаларына ерекше назар аудару;

- тарихтың көпқырлылығы мен қайшылығын диалектикалық түсіну, тарихшылдық тұрғысынан өткен мен қазіргі кезеңнің құбылыстарына деген көзқарасты білім алушыларда қалыптастыру;

- «Адам-қоғам-табиғат» жүйесінде көзқарастар мен құндылық бағдарларының қалыптасуына, гуманизмді, патриотизмді, бейбітшілік пен отандық ұлтаралық келісімге ұмтылысына қолдау көрсету.

Оқу жұмыс бағдарламасы білім алушыларда болашақ маманға қажетті базалық, кәсіптік және арнайы құзыреттіліктерді  қалыптастыруды көздейді.

2. Пәнаралық байланыстар: дүниежүзілік тарихпен, мәдениеттанумен, саясаттанумен, әлеуметтанумен, қоғамтанумен ықпалдастық.

Сабақтардың формаларын ұйымдастыру: сабақ-диалог, дәріс, семинар, аралас сабақ, «дөңгелеу үстел», сабақ-викторина және т.б.

ОТҚ: тақырыптық карталар, плакаттар, иллюстрациялар, бейнефильмдер, электронды оқулықтар, оқу және оқу-тарихи құралдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Стандартта жоспарланған оқыту нәтижелері

Оқу жұмыс бағдарламасында  жоспарланған нәтижелер

Білімдер:

- көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері мен сатылары;

- негізгі тарихи фактілер, күндер, атаулар, елеулі оқиғалар, Қазақстанның тарихи және осы заманғы қайраткерлерінің аттары.

- оқиғалар дамуының тарихи арқауының мазмұнын оқи алуды, карталармен, шартты белгілермен жұмыс жасай алуды, жауаптың формасын таңдауды, тезистер мен жауаптардың конспектілерін құру дағдыларына ие болуды меңгеру керек;

- грамотной речью и  уметь вести диалоги, выделять  главное в тексте, выражать личное  отношение к изучаемому материалу.

Іскерліктер:

  • Тарихижәне осы заманғы дереккөздерді жан-жақты және сыншыл талдау;
  • Ұлттық мәдениет пен тарихқа қызығушылық пен құрметті дамыту.

 

- Қазақстан тарихының көпқырлылығын, күрделілігі мен қайшылығын, оның тарихи жолының сатыларын, сонымен қатар кеңестік кезең мен қазіргі кезеңде оны қабылдаудың көпмағынылылығын білу керек.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОҚУ ПӘНІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

р/с

Бөлімдер мен  тақырыптардың атауы

Оқытудың күндізгі формасындағы оқу уақытының көлемі (сағат)

Орта буын маманы

   

0701000

0702000

1305000

1514000

0704000

   

Барлығы

Барлығы

Барлығы

Барлығы

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

1.1

Кіріспе. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

1 бөлім. Көне замандағы Қазақстан.

2

2

2

2

2

1.2

Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс

2

2

2

2

2

1.3

Қола дәуіріндегі Қазақстан  тайпалары

2

2

2

2

2

1.4

Тайпалық одақтар және көне мемлекеттік  бірлестіктер

2

2

4

2

2

 

Бөлім бойынша  барлығы

8

8

10

8

8

 

2 бөлім. Орта ғасырлардағы Қазақстан

         

2.1

Қазақстан территориясындағы ерте ортағысырлық мемлкеттер

4

4

4

4

4

2.2

X – XIII ғасырлардағы Қазақстан  территориясындағы мемлекеттер

4

4

4

4

4

2.3

Моңғол шапқыншылығы кезеңіндегі  Қазақстан

2

2

2

2

2

2.4

Қазақ хандығының құрылуы

2

2

2

2

2

2.5

XVI – XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы.

2

2

2

2

2

 

Бөлім бойынша барлығы

14

14

14

14

14

 

3 бөлім. Қазақстан Ресей империясының құрамында

         

3.1

Қазақ жерлерінің Ресейге қосыла бастауы

2

2

2

2

2

3.2

XVIII ғасырдағы және XIX ғасырдың ортасындағы  қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

2

2

2

2

2

3.3

Отарлау саясатына қарсы қахақ  халқының ұлт-азаттық қозғалысы.

8

8

8

8

8

3.4

XIX ғасырдың екінші жартысындағы  әкімшілік реформалар. Қазақстан – ресей империясының отары.

4

4

4

4

4

3.5

XX ғасырдың басындағы Қазақстан

4

4

6

6

4

 

Бөлім бойынша  барлығы

18

18

32

32

18

 

4 бөлім. Кеңес өкіметі кезіндегі Қазақстан

         

4.1

Азаматтық қарама-қарсылық жылдарындағы Қазақстан  (1917 – 1921гг.)

2

2

2

2

2

4.2

Тоталитарлы жүйенің күшеюі кезеңіндегі  Қазақстан

6

6

8

6

6

4.3

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы (1941-1945жж.) Қазақстан және соғыстан кейінгі  уақыт

2

2

2

2

2

4.4

50-ші жылдардағы – 80-ші жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстан

2

2

2

2

2

4.5

КСРО дағдарысы мен ыдырауы  кезеңіндегі Қазақстан

2

2

2

2

2

 

Бөлім бойынша барлығы

14

14

16

14

14

 

5 бөлім. Тәуелсіз Қазақстан

         

5.1

Мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу

2

2

2

2

2

5.2

Нарықтық экономика жолындағы  Қазақстан

2

2

2

2

2

5.3

Қазақстанның саяси-құқықтық құрылымының  қалыптасуы

2

2

2

2

2

5.4

Қорытынды жалпылау. Қазақстан және дүнеижүзілік қауымдастық

2

2

2

2

2

 

Бәлім бойынша барлығы

8

8

8

8

8

 

Барлығы:

64

64

70

66

64


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе: Тақырып 1.1.: Қазақстан Республикасының Конституциясы

 

Оқу материалының мазмұны

Кіріспе. 1995 ж. 30 тамызы – ҚР жаңа Конституциясының қабылдануы. Коснтитуция құрылымы. Негізгі қағидалары.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- тақырып бойынша білім қорын толтыруға білім алушылардың мотивациясын қалыптастыру.

Кәсіптік:

- ҚР Конституциясының құрылымы, негізгі қағидалары.

Арнайы:

- ҚР Конституциясының бөлімдері мен баптарында еркін бағдарлана алу, басқа елдердің Конституцияларымен салыстырулар жүргізу.

Тақырып аяқталған соң білім  алушы

- 1995 жылғы ҚР Конституциясының тараулары мен баптарын;

- Қазақстанның конституциялық құрылысының негіздерін;

- тарих ретроспективасын білу керек.

- 1993 және 1995 жылғы ҚР Конституциясын талдауды;

- тарих ретроспективасы бойынша дербес шешімдер жасауды меңгеру керек.

 

I бөлім  Көне замандағы Қазақстан

Тақырып 1.2.:  Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс

 

Оқу материалының мазмұны

Қазақстандағы көне тас ғасыры. Палеолит дәуірінің табиғаи жағдайлары мен  өмірдің сипаттамалары. Тас ғасырының  хронологиялық кезеңдері. Палеолит пен мезолиттегі шаруашылық, баспана  мен мәдениет.

Неолит. Тас индустриясының дамуы. Неолит дәуірінің тұрақтары, қоныстары мен археологиялық  ескерткіштері. Өндірістік шаруашылықтың  қалыптасуы: мал шаруашылығы мен  егін шаруашылығы.

 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- берілген тақырып бойынша қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;

- тақырып бойынша білім деңгейін жүйелі арттыру.

Кәсіптік:

- Қазақстандағы палеолиттің шежірелік кезеңдері, палеолиттің, мезолиттің және неолиттің табиғи жағдайларының сипаттамасы, шаруашылығы мен мәдениеті.

Арнайы:

- Қазақстан территориясындағы орта тас ғасыры кезеңдерінің ерекшеліктерін сипаттау, неолиттің тас индустриясының ерекшеліктерін ажырату.

Тақырып аяқталған соң  білім алушы:

  • Қазақстандағы палеолиттің шежірелік кезеңдерін, палеолиттің, мезолиттің және неолиттің табиғи жағдайларының сипаттамасын, шаруашылығы мен мәдениетін білу керек;
  • Қазақстан территориясындағы орта тас ғасыры кезеңдерінің ерекшеліктерін сипаттауды, неолиттің тас индустриясының ерекшеліктерін ажыратуды меңгеру керек.

 

Тақырып 1.3.: Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары

 

Оқу материалының мазмұны

Қола дәуірінің археологиялық  ескерткіштері, қоныстары, ескі молалары, құрбандық шалу орындары. Андронов мәдениеті және оның кезеңденуі. Орталық  Қазақстанның Андронов және Қарасу мәдениеті. Метталургияның дамуы. Қыш-құмыра кәсіпшілігі, үй кәсіптері. Андроновтықтардың шаруашылығы мен тұрмысы.

 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- тақырып бойынша білім қорын толтыруға білім алушылардың мотивациясын қалыптастыру.

Кәсіптік:

- Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің, Андронов, Қарасу және Беғазы-дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.

Арнайы:

- ерте және соңғы палеолит мәдениетін сипаттау.

Тақырып аяқталған соң  білім алушы:

  • Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің, Андронов, Қарасу және Беғазы-дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерін білу керек.
  • ертеу және соңғы қола мәдениетін сипаттауды меңгеру керек.

 

Тақырып 1.4.: Тайпалық одақтар және көне мемлекеттік бірлестіктер

 

Оқу материалының мазмұны

Сақ тайпаларының одағы. Сақтар туралы жазба көздері. Сақ тайпаларының қоныстану территориясы. Сақ тайпаларының көршілермен қарым-қатынасы. Шаруашылық, қоғамдық құрылым. Сақтардың өнері мен мифтері.

Үйсіндер мен қаңлылар. Шаруашылық және саяси өмір. Қоныстану  территориясы. Қоғамдық құрылыс. Үйсіндер мен қаңлылардың мүліктік теңсіздігі. Ғұн тайпалары. Ғұндардың этникалық сипаттамасы. Ғұндардың саяси және этникалық-әлеуметтік өмірі. Атилла. Дағдарыс және көне мемлекеттердің ыдырауы.

 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

- тақырып бойынша білім алушылардың қызығушылықтар аясын тұрақты кеңейту;

- міндеттерді қалыптастыру, ақпаратты тиімді бағалау;

- командада жұмыс жасау.

Кәсіптік:

- сақ тайпаларының одағы, сақтардың саяси тарихы, сақ шаруашылығы мен мәдениеті; үйсіндер мен қаңлылар қоныстануының территориясы, олардың шаруашылық және саяси өмірі; ғұн тайпалары, олардың саяси және этно-әлеуметтік өмірі.

Арнайы:

- картада бағдарлана алу, көне мемлекеттердің дағдарысы мен ыдырауы себептерін анықтау, тайпалық одақтар мен көне мемлекеттер арасында салыстырмалы талдау жүргізу.

Тақырып аяқталған соң білім алушы:

  • сақ тайпаларының одағын, сақтардың саяси тарихын, сақ шаруашылығы мен мәдениетін; үйсіндер мен қаңлылар қоныстануының территориясын, олардың шаруашылық және саяси өмірін; ғұн тайпаларын, олардың саяси және этно-әлеуметтік өмірін білу керек.
  • картада бағдарлана алуды, көне мемлекеттердің дағдарысы мен ыдырауы себептерін анықтауды, тайпалық одақтар мен көне мемлекеттер арасында салыстырмалы талдау жүргізуді меңгеру керек.

Информация о работе «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің жұмыс бағдарламасы