Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 15:28, курсовая работа

Краткое описание

Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория. Ақша адамдарға ежелден таныс. Бiрақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зеттей келiп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметтерiн, маңызын жан – жақты ашып, жауап бердi.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 . АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.1 Ақша туралы жалпы түсiнік.............................................................................4
1.2 Ақша атқаратын қызметтер түрлері..............................................................11
2. АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ МЕН АҚША АЙНАЛЫСЫ
2.1 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша жүйесінің ерекшеліктері.........................................................................................................15
2.2 Ақшаның айналыс құралы қызметi...............................................................18
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ
3.1 Қазақстан республикасының 1993 жылғы ақша реформасы......................21
3.2 ҚР ұлттық валютасының қалыптасу ерекшеліктері.....................................24
3.3 ҚР ұлттық валютасының перспективалық даму жолы................................27
3.4 Қазақстан Республикасының ұлттық банкі...................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кур. Қазақстан Республикасындағы ұлттық валюта жүйесі.doc

— 218.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

 

1 . АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ

1.1 Ақша туралы жалпы түсiнік.............................................................................4

1.2 Ақша атқаратын қызметтер  түрлері..............................................................11

 

2. АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ  МЕН АҚША АЙНАЛЫСЫ 

2.1 Қазақстан Республикасының ақша  жүйесі  және ақша жүйесінің  ерекшеліктері.........................................................................................................15

2.2 Ақшаның айналыс құралы қызметi...............................................................18

 

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ

3.1 Қазақстан республикасының 1993 жылғы ақша реформасы......................21

3.2 ҚР ұлттық валютасының  қалыптасу ерекшеліктері.....................................24

3.3 ҚР ұлттық валютасының  перспективалық даму жолы................................27

3.4 Қазақстан Республикасының ұлттық  банкі...................................................30

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................33

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

    Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория. Ақша адамдарға ежелден таныс. Бiрақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зеттей келiп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметтерiн, маңызын жан – жақты ашып, жауап бердi.

Ақша – тауар өндiрiстiң  өнiмi. Ол қоғам дамуының әрбiр сатысында  өндiрiс және айырбас процесiнде  адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғам экономикалық әр түрлi үлгiсiне өткенде ақшаның маңызы арта түседi. Орталықтанған – жоспарлы экономикалық ақшаның мәнi шектеулi болды. Ақша, негiзiнен есеп жүргiзу және бақылау құралы ретiнде қосалқы қызмет атқарды.  Жоғарғы басқару органдары әрбiр кәсiпорынның шығаратын өнiмiне натуралды және құн көрсеткiштерi түрiнде өнiмнiң көлемiне және түрiне жоспар бекiттi. Сол сияқты өнiм бағасын да орталық органдар бекiттi. Өндiрiлген өнiм тұтынушыларға келiсiм – шарт бойынша натуралыды өлшеммен бөлiндi.

   Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес.

   Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді. Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама рөлі тарихта алтынға бекітіледі. Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бұл, оның табиғи қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және таттанбайтындығына байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қоры сирек болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болады. Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория болып табылады.

    Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебi әр түрлi меншiк жағдайында (мемлекеттiк, кооперативтiк, жеке) жұмыс iстейтiн тауар өндiрушiлер өндiретiн және сататын өнiмнiң көлемiн, түрiн және бағасын бекiтуге дербестiк алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргiзуде төлем қабiлеттi сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескерiлiп, өнiмнiң шығару көлемi, түрi бағасы тағайындалады.

     Ақша нарықтық  экономикада ақша – несиелiк  реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуiн тежеу, инфляциялық процестердi жеңу және ұлттық жалпы өнiмдi ынталандыру бағытында қолданылуда. Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның тауар айырбастау процесiнен туындайтын, тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы әлеуметтiк – экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi.

 

1. АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ  АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ

 1.1 Ақша туралы жалпы түсiнік

 

   Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады.Ақша жүйесі –ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі XVI-XVII ғғ. капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.

   Дүние жүзінде әртүрлі ақша айналымының жүйелері бер, ол тарихи даму кезеңдерінің өткен және әр мемлекеттің заңымен бекітілген. Ақша айналымының басты компоненттері мынадай:

1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, франк,марка,  крона,йена және т. б.). Олар  арқылы тауарлар мен қызмет  көрсету бағалары белгіленеді.

2. несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі, олар қолма-қол айналымдағы заңды төлем құрамдары болып саналады.

3. Ақша эмиссиясы жүйесі яғни  айналымға ақша шығарудың заңды  түрде бекітілген тәртібі.

4. Ақша айналымын реттеп отыратын  мемлекеттік органдар.                                                                                                                  

 Ақша тауардан дами  отырып, тауар болып қала бередi, бiрақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.

   Ақша – жалпы бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi. Осыдан келiп ақшаның жаппай өктем күшi пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнiн К.Маркс “индивид өзiнiң қоғамдық билiгiн де, қоғаммен байланысын да өзiнiң қалтасына салып жүредi” деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрiнедi:

   Бiрiншiден,  тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектiң нәтижесi екенiн анықтау болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуi арқылы қоғамдық еңбектiң сапалық деңгейi айқындалып, сандық есебi жүргiзiледi.

    Екiншiден, әр адамның еңбектегi, яғни қоғамдық өнiмдегi үлесiн де ақша арқылы анықтауға болады. Себебi адамның қоғамдық еңбектегi үлесiн жалақы ретiнде алғанда ақша төлем құралы қызметiн атқарғаны.

    Үшiншiден, айырбас процесiнде ақшаның делдалдық етуiмен тауардың iшкi қайшылықтары да шешiледi. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкiл тауарлар тұтыну құндары түрiнде айырбас қатынасының бiр жағында тұрады да, ал екiншi жағында бүкiл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретiнде ақша қарсы тұрады.

    Ақша ерекше тауар ретінде жүруіне яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша құн өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің төмендегідей типтері кездеседі:

- Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары яғни толық құнды ақша ацналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады.

- Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.      

  Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.

  Толық құнды ақшалар-номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әртүрлі формада болған. Монета түріндегі формасы- бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы-аверс, артқа жағы-реверс және жаны гурт деп аталады.

    «Монета» сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады яғни сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен соғыста жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. «Монета» сөзі латынша «moneo»- «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын» дегенді білдіреді.

   Толық құнсыз ақшалар-номиналдық құны нақты құнынан яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

   Оларға мыналар жатады:

     -құнның металдық белгілері-арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т. б. монеталар;

    -құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінеді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.

    Қағаз ақшалар-бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.              Металл ақшалардың қағаз ақшаларға ауысуының себебі мынадай:

    -металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;

     -металл  ақшалардың мемлекеттік билік  органдарының жасаған әрекеті нәтижесінде яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;

     -бағалы  металдарды өндірудің қағаз ақшаларды  шығаруға қарағанда қымбаиқа  түсуі;

     -эмиссиондық  табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың нақты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;

     -бюджет  тапшылығын жабу мақсатында қағаз  ақшалардың шығарылуы. 

   Алғашқы қағаз ақшалар б. э. XII ғ.  Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары болған Солтүстік Америкада, 1762 ж. Австрияда және 1769 ж. Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия т. б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 ж. болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-92 ж.ж. және Қазақстандағы 1993 ж. ақша реформасы нәтижесінде айналымнан алынды.

   Қағаз ақшалар-бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты шығарылуымен түсіндіріледі.Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне:айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке дкген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.

  Несиелік ақшалар-тауар өндірісінің дамуымен яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге берілуімен байланысты пайда болған ақшалар. Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.Несиелек ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек.

    «Вексель» сөзі латынша bill note-міндеттемі шоты дегенді білдіреді.Вексель-белгілі бір соманы алдын-ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.    Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы.

 Жай вексель (соло)-вексельді ұстаушыға  вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен  негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

 Аудармалы вексель (тратта)- вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға төлеу туралы үшінші бір тұлғаға вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.Жай және аудармалы вексель-коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттерде вексельдімынадай түрлерге бөледі:қаржылық, қазыналық, достық,бронзалық.

  Қаржылық вексель-белгілі бір ақша сомасын қарызға  беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.

  Қазыналық вексель-бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.

 Достық вексель кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір-біріне беріледі.

 Бронзалық вексель нақты қамтамассыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.

 Банкнота (ағылшын сөзінде «bank-note» аударғанда «банк билеті»)- орталық банктың айналысқа шығарған әртүрлі номинальдағы ақша бірліктері. Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылығы бар:

  - мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса, ал банкнота дегеніміз-мерзімсіз қарыздық міндеттеме.

  - кепілдігіне қарай,  вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер  шығарады және оның жеке кепілдігі  болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

    Экономикалық әдебиеттерде банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және жай.

     Классикалық  банкнота-бұл банкнотаның алғашқы  пайда болған формасы ретінде  алтынға еркін алмастырылатын яғни алтынмен қамтамассыз етілген Орталық банктың билеті.Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:

   -жаратылысына  қарай- қағаз ақшалар ақшаның  айналыс құралы ретіндегі қызметінен  туындаса, ал банкнота ақшаның  төлем құралы қызметінен пайда болған;

  -эмиссиялау әдісі  бойынша-қағаз ақшаларды айналысқа  қазынашылық шығарса, ал банкнотаны  Орталық банк шығарады;

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тарихы