Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 15:28, курсовая работа

Краткое описание

Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория. Ақша адамдарға ежелден таныс. Бiрақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зеттей келiп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметтерiн, маңызын жан – жақты ашып, жауап бердi.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 . АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.1 Ақша туралы жалпы түсiнік.............................................................................4
1.2 Ақша атқаратын қызметтер түрлері..............................................................11
2. АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ МЕН АҚША АЙНАЛЫСЫ
2.1 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша жүйесінің ерекшеліктері.........................................................................................................15
2.2 Ақшаның айналыс құралы қызметi...............................................................18
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ
3.1 Қазақстан республикасының 1993 жылғы ақша реформасы......................21
3.2 ҚР ұлттық валютасының қалыптасу ерекшеліктері.....................................24
3.3 ҚР ұлттық валютасының перспективалық даму жолы................................27
3.4 Қазақстан Республикасының ұлттық банкі...................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кур. Қазақстан Республикасындағы ұлттық валюта жүйесі.doc

— 218.50 Кб (Скачать документ)

 

3.4 Қазақстан Республикасының ұлттық банкі

 

 Ұлттық банк валюта нарығын қолма-қол  шетлдік валюталар нарығын дамыту арқылы қадағалады. 1995 жылдан бастап банк жүйесін реформалау, яғни оның жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру жұмыстары басталды. Халық банктерге деген сенімін арттыру үшін 1999 жылы халықтың салымдарына кепіл беру қоры құрылды. Банктер арасындағы бәсекелестіктің дамуы қызмет көрсетудің сапасын арттырып, экономикаға берілетін несиелік ресурстарға төленетін төлемақының бағасын түсірді. Нәтижесінде елімізде кәсіпкерлер тобы қалыптасып, халықтың табысы едәуір артты. Осының арқасында тұтынушыларға несие беру ісі қарыштап дамыды.

   Ұлттық банктің негізгі міндеті – ұлттық валюта – теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылғын қамтамасыз етудің орындалуина баға беретін фактор – халық салымдарының доллардан теңгеге ауысуы. Бүгін де ұлттық валютамыз сыртқы экономикалық есептеуде де пайдаланылады.

   Жаңа талаптар Ұлттық банктің саясатындағы акценттерді ауыстыруға себеп болды. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық Банктің негізгі мақсаты ретінде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болды. Ұлттық банктің негізгі мақсаты ретінде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін жауапкершілікті күшейтеді және инфляциялық таргеттеу қағидаттары мен Еуропа Одағының стандарттарына Ұлттық банк жариялаған өтуді неғұрлым дәл көрсетеді.

   Ұлттық банк негізгі мақсатты орындау үшін мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу; төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру; қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау жөніндегі міндеттерді іске асырады.Қазіргі уақытта ақша- кредит саясатын жүзеге асыру айрықша назар болуді талап ететін бірқатар проблемалардың болуымен қатар жүреді. Оған экономиканың қызып кетуі, шетел капиталының жоғары ағыны, қаржы нарығындағы артық өтімділік, мемлекеттік бюджет шығыстарының өсуі, қаржы министрлігінің қарыз алуының қысқаруы, Ұлттық банк портфелінің шектеулілігі жатады.

Жоғарыда атап көрсетілген  проблемалар ақша – кредит саясатын біршама қатайту, бар күшті ақша – кредит саясаты құралдарын жетілдіруге, оның ішінде қысқа мерзімді ставкалардың реттеуші рөлін арттыру б-ша шаралар қабылдауға шоғылдандыру қажет – тігін тудырады.

Осыған байланысты Ұлттық банк өзіне ақша – кредит саясатының қаржы нарығына реттнуші ықпалын күшейту жөніндегі ісі шаралар тізбесін белгіледі.

 Ресми қайта қаржыландыру ставкасының реттеуші қасиеттерін күшейтуге ресми қайта қаржыландыру ставкасын кезкң-кезкңмен (тоқсан сайын) қайта құруды және белгілеуді практикаға енгізу бағытталды, мұның өзі қаржы нарығына қаржы саласында күтілетін үрдістер бойынша өзекті бағдар береді.

   Ұлттық банк жоғары экономикалық өсу жағдайында ақша-кредыт саясатын біршамакүшейтуге қадам жасады. Бұл жыл басынан бері ресми қайта қаржыландыру ставкасының бірте-бірте өс көрсеткішінен байқалады: 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап 7 %-7,5 % және 2005 жылғы 11 шілдеден бастап 8 % . Ұлттық банк ставкасының көтерілуі бірнеше себеп бойынша капитал келуінің күшеюі тұрғысынан айрықша проблемалар тудырмайды деп күтілуде.

   Артық өтімділік проблемасының өткірлігін азайту және банктердің өтімділігін неғұрлым икемді реттеу үшін ең төменгі резервтік талаптарды (ЕТРГ) қалыптастыру тетігіне өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістердің нәтижесіде екі деңгейдегі банктер резервтік талаптарды сырғымалы кесте бойынша орындайтын болады, мұның өзі оны есептеу мен уақытша шектеулерді сақтауды жеңілдетеді. Сонымен бір мезгілде ЕТРГ орындау қатайтылды, мұның өзі банктік сектордың шамадан тыс өтімділігін алып тастауға ықпал етеді.

   Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында валюталық режимді бұдан әрі ырықтандыру үшін қажетті алғышарт жасау бойынша жұмыс жалғасуда. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған валюталық режимді ырықтандыру бағдарламасы іске асырылуда.

Ұлттық банк айырбастау бағамына қатысты валюта бағамын  валюта бағамының қысқа мерзімді және алыпсатарлық ауытқулардың салдарынан әлсірету мақсатында ғана қалыптастыруға араласуды жүзеге асыра отырып, қандай да болмасын ұзақ уақытқа белгіленген дәлізді айқындамай еркін өзгермелі бағамы саясатын жүргізуді жалғастырады.

Төлем жүйелерін дамыту бағытындағы басымдықтар Төлем  жүйелерін қадағалау тұжырымдамасының жобасында ашып көрсетіледі, онда төлем жүйелерінің тиімділігі мен қауіпсізділігін арттыру жөніндегі шаралар көзделген.

   Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты және қызметі тұтастай алғанда баға тұрақтылығына қол жеткізуге бағытталған.

Банктер барлығы дерлік қатысушылары болып табылатын халықтың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) жүйесі жұмысының, сондай-ақ банктік  құпия жөніндегі заңнама нормаларын күшейту нәтидесінде депозиттік нарық жедел қарқынмен дамуда.

  Соңғы алты жылда банк жүйесіндегі депозиттер 3,8 есе өсіп, 1600 млрд. теңге (ЖІӨ-нің 23,3%-ы ) болды. Халықтың осы кезеңдегі салымда 531 млрд. теңгеге дейін 3,1 есе өсті.

  Ресурстық базаның қарқындап өсуі банктерде экономиканы белсенді кредиттеуге мүмкіндік береді. Сонғы алты жылда банктердің экономикаға кредиттері 2118 млрд. теңгеге дейін 5 есе өсті. (ЖІӨ-нің 35 %-ына жуық).

Кредиттік қызметтің  өсуімен бірге банктер кредиттеудің алуан түрлерін игеріп отыр. Олардың  ішінде тұтынушылық және ипотекалық кредиттеу, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының жүйесі бар.

 Ұлттық банк өз алдына орта мерзімдік кезеңге халықаралық стандарттарға одан әрі жақын келу жөнінде үлкен міндеттер қойды. Бұл: ақша-кредит саясатын жүргізу әдістері мен құралдарын әлемдік стандарттарға жақындастыру, күрделі операцияларды одан әрі ырықтандыру және теңгенің толық айырбасталымдығына көшу, тәуекелдерді басқарудың және төлем жүйелерін қадағалаудың тиімді жүйесін жасау. Алға қойылған міндеттерді табысты орындау Қазақстанның Қаржы жүйесіне алдағы уақытта да ТМД елдері қаржы жүйелерінің арасында көсбасшысы позицияны ұстап тұруға және Еуропаның қаржылық жүйесінің даму деңгейіне жақындауға мүмкіндік жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

     Сөйтiп,  ақшалар ертеден адамзаттың пайда  болуымен қатар өмiр сүрiп келедi  десе болады. Адамзат қоғамының  даму сатыларында айырбас қатынастары  да дамып, одан әрi жетiлiп, нарықта  тауарлар тек натуралды зат  ретiнде ғана бiр – бiрiне айырбасталып қоймай, бүкiл тауарлар дүниесiнен ерекше бiр тауар, яғни тауар – ақша пайда болды. К. Маркстың сөзiмен айтқанда: “Айырбас құны, тауарлардан бөлiнiп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретiнде жүретiн тауар, ол – ақша“. Әрбiр жеке тауар тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Ақша – жалпы бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi. Осыдан келiп ақшаның жаппай өктем күшi пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнiн К.Маркс “индивид өзiнiң қоғамдық билiгiн де, қоғаммен байланысын да өзiнiң қалтасына салып жүредi“ деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрiнедi:

 Оның құны белгiсiз,  ол тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас процесiнде бiрiн – бiрi алмастырады және бiрiне – бiрi теңгерiледi.

Ғасырлар бойы ақша өзгерiп  отырған және бүгiнде олардың  жағдайы аяқталған, соңғы фраза  болып табылмайды.

Тауар айналысының тарихи дамуы процесiнде жалпыға бiрдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, терi, бақалшақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделген ақша қажеттiгiнiң себептерiн түсiндiредi.Құнның ақшалай формасының пайда болуы, яғни ақша – тауардың жалпы эквивалентi болуы тауар өндiрiсiнiң ұлғайып, айырбас қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемi қайталанатын процеске айналып, кең көлемде өсуiне жол ашты.

   Ақша - өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi бiр экономикалық қарым – қатынастарды көрсететiн, тарихи даму үстiндегi экономикалық категория болы табылады.

Экономикалықкатегория ретiнде ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң  бiрiгуiмен көрiнiс табады. Олар: жалпыға  тiкелей айырбасталу, айырбас құнының дербес формасы, еңбектiң сыртқы заттық өлшемi.

    Ұлттық валютаны жасау еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке басшылығымен жүргізілді және осы мәселе бойынша барлық шаралар қатаң құпияда сақталынды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен бірге, ол қысқа мерзімде – бір жыл, екі ай ішінде Англияда аяқталды.

     Валюталық  түсімдер негізінде республиканың  келешегі үшін «Ұлттық Даму»  қоры құрылды. Ойластырып пішілген бюджет тамақ, жеңіл өнеркәсіп, машина жасаудың өркенднуіне көмектеседі. Яғни, қазіргі таңда біз дербес саясатты жүргіземіз және біршама мезгіл өткеннен соң көптеген елдердің АҚШ долларына байланғаны секілді біріңғай валютаға келуіміз ғажап емес...

    2007 жылдан бастап  валюталық операциялар жүргізудегі  барлық шектеулер жойылды. Теңге толық конвертациялануға қол жеткізді. Теңгенің сапасы мен көркемдік құндылығын кулизматтар мойындады. Қай заманда болсын, алтын мен күмістен жасалған ақшаны шығару абыройлы іс екенін қазақстандықтар мен еліміздің қонақтары түсінді. Іскерлік қарым қатынастар дамыту үшін бұдан артық сыйлықты ойлап табу мүмкін емес.

    Біз ұлттық  валютамыз теңгені және жеткен  жетістіктерімізді мақтан тұтыуымыз  керек. Сондай-ақ, еліміздің қаржы  жүйесінің қызметкерлері үлкен абыройға ие болды. Олардың атқарған істерін құрметтеп мемлекет қаржыгер күні мерекесін бекітті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Сейітқасымов “Ақша, несие, банктер” Алматы 2005 ж.
  2. Я. Әубәкіров “Экономикалық теория негіздері” Алматы 1998 ж.
  3. С.Б. Мақыш  “Ақша айналысы және несие” Алматы 2004 ж.
  4. В.П. Поляков, Л.А. Москвина “Денежное обращение и кредитная система” 1997
  5. У.К. Шеденов “Жалпы экономикалық теория” Алматы-Ақтөбе 2002ж.
  6. М. Осипов “Экономикалық теория негіздері” Алматы 2002 ж.
  7. Валюта тәртіптемесін ырықтандыру – ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудың перспективалы бағыты // “Қаржы Қаражат” 2 2006 ж.
  8. Егемендік және ұлттық теңгеміз // “Ақиқит” журналы 10 2003 ж.
  9. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі // “Егеменді Қазақстан” 15 қараша 2005 ж. 6 бет.
  10. Теңге – тәуелсіздік тұғыры // “Шымкент келбеті” 30 желтоқсан 2005 ж.
  11. Теңгеге тұрақтылық қажет // “Шымкент келбеті” 12 қараша 2004 ж.
  12. Ұлттық валютаның қаржылық саясаты // “Астана хабары” Елорданың республикалық қоғамдық-саяси газеті 166 (1684) Сенбі, 15 қараша      2005 ж. 2 бет.

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тарихы