Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 15:28, курсовая работа

Краткое описание

Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория. Ақша адамдарға ежелден таныс. Бiрақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зеттей келiп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметтерiн, маңызын жан – жақты ашып, жауап бердi.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 . АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.1 Ақша туралы жалпы түсiнік.............................................................................4
1.2 Ақша атқаратын қызметтер түрлері..............................................................11
2. АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ МЕН АҚША АЙНАЛЫСЫ
2.1 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша жүйесінің ерекшеліктері.........................................................................................................15
2.2 Ақшаның айналыс құралы қызметi...............................................................18
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ
3.1 Қазақстан республикасының 1993 жылғы ақша реформасы......................21
3.2 ҚР ұлттық валютасының қалыптасу ерекшеліктері.....................................24
3.3 ҚР ұлттық валютасының перспективалық даму жолы................................27
3.4 Қазақстан Республикасының ұлттық банкі...................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кур. Қазақстан Республикасындағы ұлттық валюта жүйесі.doc

— 218.50 Кб (Скачать документ)

    «Теңге» атауы орта ғасырларды қазіргі ел аумағында өмір сүрген бабаларымыздың қолданысында болған тиын ақша-теңгенің құрметіне алынған. Қазақстан валютасы, өз банкнот фабрикамыз ол кезде жоқ болғандықтан, Англияда «Харрисон және ұлдары» фирмасының күшімен шығарылды. Фирма сонымен қатар елімізге қажетті қағаз ақша белгісінің жеткілікті мөлшердегі қорына да әзірлеп берді. Әрі сол ерен еңбегі үшін берілетін «Алтын белгі» сыйлығына ие болды. Әрине бұрын-соңды өз ақшасы болып көрмеген жас егемен нл үшін бұл оңай шаруа емес еді. Ұлттық ақша белгісі қандай болуға тиіс дегеннен бастап, оның кескін-келбетін айқындау, сызба-суретін салу, шығару, су белгілері мен қорғау тетіктерін орналыстыру, республикаға алып келу, облыстарға жеткізу, бұрынғы айналымдағы рубльмен алмастыру, қолданысқа енгізу, қалыпты қызмет атқаруын қамтамассыз ету, айырбас бағамен белгілеу сияқты қауырт та қиын, сан-салалы жұмыстар жүзеге асырылғандығын санамалап шығудың өзі айтуға ғана жеңіл. Болмаса ол дегеніміз-қауіпсіздікке тікелей қатысы бар стратегиялық аса маңызды іс болатын.

     Тәуелсіз мемлекетіміз ұлттық валютасының-төл теңгеміздің кескін-келбетін жасауға Қазақстан Дизаинерлер одағының басшысы Тимур Сүлейменов, Ұлттық банктің бас дизайнері Меңдібай Әлин, сондай-ақ Ағымсалы Дүзелханов пен Хайролла Ғабжәлелов сынды суретші-дизайнерлердің қосқан үлесі қомақты.

    Тиын ақшалар сондай-ақ, ғылым мен мәдениеттің көрсеткіші ретінде де аса құнды. Тіпті сол тиындарды жасау технологиясы мен қандай металдан соғылғанының өзі ғана елдің материалдық  және рухани деңгейін таныта алады. Тиындар қазір де мемлекеттің тарихи табыстарын, мәдени мұралары мен айтулы азаматтарын, мерейлік даталарды, мәдениет пен спорт жетістіктерін есте қалдыру мақсатында кеңінен пайдаланылады.

     Қазақстанның да өз тиындары бар. Алғаш валютамыз айналымға енгенде 2, 5, 10, 20 және 50 тиындық бақыплар болған. Олар қолданыстан қалып қойған соң, «нейзильбер» деп аталатын қоспадан жасалатын 1, 3, 10, 20, 50 және 100 теңгелік металл ақшалар шығарылды.Сондай-ақ Абай мен Жамбылдың 150 жылдығына, БҰҰ-ның 50 жылдығына, Қазақстан тәуелсіздігінің 5 және10 жылдықтарына арналған мерейтойлық металл ақшалар кеңінен шығарылды.Бұл қатарға «Татулық пен еске алу жылы», «Қазақстанның жаңа астанасы» металл теңгелерін, «Қожа ахмет Яссауи кесенесі», «Нарқобыз», «Теңгеге 100 жыл», «Дуадақ» күмісметалдарын қосуға болады. Әйтсе де еліміздің атын бүкіл әлемге танытып жатқан «Жібек жолы-қауышу жолы» сериясымен шығарылған 1000, 2500, 5000 және 10000 теңгелік таза алтыннан жасалған металл ақшалар десек, қателесе қоймаспыз. Ондай монеталар «инвестициялық алтын ақша» деп аталады. Әрі олар дүниежүзінің  кез келген банкісінде айырбасталады. Республикамыздыңтиын ақшаларын жасауға Д.Қасымов, Е.Жамабаев, Н.Наурызбаев, М.Байтақов, В.Ивженко, А.Золотухин сияқты суретшілер мен мүсіншілер айрықша ат салысып келеді. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы №2115 заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық банкі 2004 жылғы 11 қарашадан бастап «Қолданбалы өнер» монеталар сериясынан номиналы 500 теңге «proof» спасымен «Жетіген» ескеркіш күміс монетасы айналысқа шығарылуда. 2004 жылдың 7 қарашасынан бастап «Алтын бұғы», «Деңга» 500 теңге «proof» сапасымен ескерткіш күміс монеталар айналысқа шығарылуда. «Жетіген» ескерткіш күміс монетасы қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары тақырыбын жалғастыратын 4-ші монета болып табылады. Бүгінде Қазақстан өзіндік ақша, банк жүйесі, алтын-валюта қоры қалыптасқан тұрақты даму жолындағы іргелі ел.

    Міне, былтыр тұсауы кесілген теңгеміз алға қарай жылдам қадам басып барады. Осы бір жылда біздің теңгеміз де 10 жылға татырлық жолдан өтті. Ұлттық валютамыз төңірегінде қазір әртүрлі әңгіме бар. Мұның бәрі теңгенің бүгінгі қауқарына қаратып айтылған сөздер. Егер теңгеміз өтімді болса, ондай әңгімелер айтылмас та еді. Теңгенің тегеурінінің төмендеуінің бірнеше себебі бар.Ең әуелгі кінарат ұлттық валютаны енгізген кезде оның нарқын тым асырып, бір теңгенің 4,5 Ресей рубіліне, 1 АҚШ долларын 500 теңгеге теңеуде жатыр. Алғашқы кезде ақшаның тез құлдырауы осыдан басталды. Екінші кезеңде экономикадағы орын алған қайшылықтар мен кемшіліктер алдымыздан шықты. Өндіріс орындары мен мекемелердің талабы бойынша үкімет өзара есеп айырысу жүргізу туралы қаулы алды. Ал бұл операциялар басталған кезде теңгенің құны он есе төмендеп кеткен еді. Қаржы министрлігінің нұсқаулары мен ескертпелеріне  ешқайсысы құлақ аспады. Біздің есебіміз бойынша, өзара есеп айырысудан соң республикалық бюджетарқылы өтелетін қаржының көлемі бюджеттің ауқымынан шықпауы керек-ті. Алайда, іс жүзінде есеп-қисапты түгендец келгенде қарызды өтеуге Үкіметтің шамасы жетпей қалды. Үкіметтің соңғы кездегі тежеу жөнінде қабылдаған шаралары нәтижесінде инфляция қарқындары мынадай болды:

    Нан бағасының босатылуына да осы жәйт себеп болды. Қазір бюджетте ондай қауқар жоқ. Көптеген ауыл еңбеккерлері күні-түні ұйықтамай, маңдай термен өсірген астығына тиісті еңбек ақысын неге ала алмай отыр? Ол банкіде ақша жоқтықтан емес. Ауыл жинаған астығын сатып қана ақша ала алды. Банк болса ақшаны тек несиегебереді. Несие проценті өте жоғары. Ауылдың оны алуға шамасы жоқ. Шоттағы ақша мен нақта ақшаның  арасы жер мен көктей ғой. Нақты ақша еңбек өнімін сатып түсірген пұл. Ауыл еңбеккерлері мұны түсінеді деп ойламаймын.

     Өз ұлттық валютасын енгізген ТМД елдерінің, Қазақстанның жіберген бір ортақ кемшілігі-ақша енгізілер алдында өзара есеп жүагізетін ортақ валюта банкісін құрмағаны еді. Барлық ұлттық валюталар сонда шоғырланып, операциялар сол арқылы өту керек еді. Іс жүзінде олай болады. Әр республика өзі енгізіп жптқпн валютасының қуатына сенім артып, бұл мәселеге көңіл бөлмеді. Соның салдарынан ТМД елдерінің ұлттық валютасы бәрі бірдей бір «аурумен» ауырып келеді. Тіпті мұны былай қойғанда, республика көлемінде де теңге енгізілгенде ол бір банк арқылы өтуі керек еді. Банк операциялары сол кездегі курспен өтуі тиіс-тұғын. Теңге тізгінінің бос қалған тағы бір себебі осында. Мұның бәрі уыстан шығып кеткен шаруа.

    Тәжірибе де қателіктер арқылы жиналады. Ондай олқы тұстарымыз бен алдағы істеріміз мұқият ескерілсе, әлі-ақ теңгенің мерейі өсер күн туар. Сонда бүгінгі реніш те, қиналыс та тарқар.

    Көп кешікпей долларға 4,7 теңге ретінде анықталған бастапқы айырбас бағамы тым көтеріңкі қойылғаны айқын болды. Үкімет 1 долларға 20 теңге дейтін жаңа қатынасты айқындай отырып, жасанды құнсыздануды жүргізу туралы шешім қабылдады. Алайда, бұл шешім де айтарлықтай дұрыс болмады, өйткені өмір көрсеткендей, нақты айырмашылық одан да көп болатын. Бұл қателіктің үстіне басқа қателік келіп жамалды. 1994 жылдың басында кәсіпорындардың өзара мінднттемелері бойынша қарыздар дұрыс есептелмей, мұның өзі біздің бюджетке ауыр соққы болы. Алайда, Қазақстан «кіріккен» тарихтың сол бір күрт бұрылысындағы қателіктерді белгілі бір дәрежеде түсіндіруге болатын еді.

     Айтпақшы, бұл қателіктер сол тұста ХВҚ сарапшыларын да шатастырған екен. Өз талдамаларын негізге ала отырып, ола біз үшін жаппай  инфляцияны «жобалапты». Олардың пікірінше, АҚШ-тың бір долларына шаққанда 1994 жылғы қыркүйукте бағам 150, ал 1995-тің қаңтарында 200 теңге болуы керек еді. Ал іс жүзінде, қабылданған бірқатар жігерлі шаралардың нәтижесінде, төмендеу барысы байыптыдан да басалқалы болды.Алғашында бағам айына 3-4 % жеделдікпен төмендеді.

    1996 жылы ол айтарлықтай тұрақтанды. Тек алты жылдан кейін, яғни 2002 жылы ол бір долларға 146 теңге болды. Қазір Қазақстандық валюта осы аралықта тербетіліп, енді Орталық Азияның барлық елдерінде және Ресейде еркін айырбасталады.

    Сондай-ақ біздің валюта үшін өзіндік «беріктік сынағы» 1998 жылғы Ресейдегі қаржы дағдарысы болды. Әлемдік қаржы рыноктарындағы жаһандық өзгерістер салдарынан Қазақстанның сауда-саттық әріптестері болып табылатын бірқатар елдердің ұлттық валютасының айтарлықтай құнсыздануы орын алды. Мұның өзі Қазақстандық теңгенің нақты көріністе қымбаттануына соқтырып, Қазақстандық экспорттың бәсекелестік ұстанымының төмендеуін туғызды.

 

3.3 ҚР ұлттық валютасының перспективалық даму жолы

 

   «Нұрсұлтан Әбішұлы, елдің қаржы жүйесіне халықаралық және тәуелсіз сарапшылар әр қилы бағалар береді. Оның қазірші ахуалын сіз өзіңіз қалай бағалар едіңіз?» деген сұраққа: «Анығын айтқанда,бұл жөнінде бізге халықаралық қаржы институттары берген бағалар бәрінен гөрі жақсы пікір танытады. Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып 2002 жылғы қыркүйекте халықаралық Мудис рейтинг агенттігінен шетелдік валютадағы міндеттемелер бойынша 2003 жылғы мамырда Стандарт энд Пуэро агенттігінен инвестициялық деңгейдік елдің рейтингін алды.

   Қазақстан экономикасына берілген көптеген оң бағалардың арасынан сондай-ақ 2003 жылдың тамызында Қазақстаннан өздерінің тұрақты өкілін кері шақырып алуына байланысты ХВҚ миссиясының сарапшылары 2002 жылғы желтоқсанда айтқан бағаны келтіруге болады.Онда былай делінді, Қазақстан соңғы жылдары экономиканы тұрақтандыруда айтарлықтай табыстарға қол жеткізді және орташа әрі ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған төтенше қолайлы перспективаларға ие болып отыр, сондықтан да ХВҚ-ның ресурстарын қажет етпейді.

    Елімізде дамыған инфрақұрылымы бар қаржы рыногы және ТМД-ның басқа елдерінде әзірге баламасы жоқзейнетақы жүйесі жұмыс істеуде. Экономиканың осы секторының дамуын сипаттайтын аса маңызды көрсеткіш халық тарапынан сенімнің деңгейі болып табылады деп санаймын. Іс жүзінде көрініп отырғандай, банктердегі халық салымдарының ұлғаюы тұрақты өсу үрдісіне ие болып отыр. Сондай-ақ бүгінде біздің қаржы саясатымызды  қалыптастырып, ел экономикасын дамытуға жәрдемдесушілерге ризашылығымызды білдіремін.Латынамерикалық халықаралық валюта ұйымдарының бірнеше моделі бар.Әзірге оның бәрі оңтайландыру сатысында тұр. Онда доллардың ықпалы өте күшті.Африкада екі бірлестік бар: Орталық Африканың валюта одағы және Батыс африкалық валюта одағы. Олар франктің бұрынғы аймағы базасында құрылған. Үш жыл бұрын Батыс Африка экономикалық қауымдастығындағы 16 мемлекеттің 8-і өз валюталарын –афроны жасауға қарай ұжымдық қозғалысын бастаған. Ол 2004 жылы әрекет етеді деп жоспарланған.

    Ал қазір ЕурАзЭҚ аясында 2007 жылы біртұтас валютаға көшу жөнінде келісім қабылдаған. Иә, түпкілікті шешім осы одаққа кіретін барлық мемлекеттер экономикасының өскелең дамуын қамтамассыз ететін қаржы, экономикалық, институттық, заңнамалық жағдайлар үйлесімді етілгеннен кейін қабылданады деген ескерпесі бар.Бұл міндетті шешуге біз қазір құрамына Белоруссия, Қазақстан, Ресей және Украина кіретін біртұтас экономикалық кеңестік туралы келісім аясында барынша жақын келіп отырмыз» деп жауап берді президнтіміз.

     Ұлттық валюта енгізілгеннен кейін алғашқа екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективті қиындықтар шетел валютасына сұраныстың өсуіне, ал ізінше, бағамның өсуіне әкеп соқты. Теңгені енгізуге қатысты есеп айырысу жүргізілген кезде ұлттық валютаның тұрақтылығына ықпал ете алатын барлық негізгі факторлар есепке алынды. Алғашқы кезде теңге бағамы төмендейді деп күтілген болатын. Алайда, мысалы,1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есеп беруі сияқты өкінішті экономикалық жаңалықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біржама қиындатты. Енгізілген кезден бастап алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.  1-кеседе АҚШ долларының құнсыздануы көрсетілген.

                                     Кесте-1

 

                                       АҚШ долларының құнсыздануы

1995 жыл

17,9%

1996 жыл

15,4%

2001 жыл

5,17%

2002 жыл

3,25%

2003 жыл

4,2%


      

   Теңгенің осы он жылдық тарихын қандай кезеңдерге бөліп қарастыруға болады және олардың басты сипаты қандай?

  1-кезең. Инфляцияны ауыздықтау. Ұлттық валютаның және қаржы рыноктарының қалыптасуы.

  1995 жылдың аяғында -8,2% болған ЖІӨ өсу қарқыны төмендеуінің сақталуына қарамастан, осы кезеңнің аяғында инфляцияның деңгейін  60,3%-ға дейін төмендетуге қол жетті.

  1993 жылғы қарашада теңгенің енгізілу кезіне қарай Қазақстанның ьанк жүйесі кдәуір дәрежеде реформаланған болатын: екі деңгейлі банк жүйесі жұмыс істеді, барлық мамандандырылған банктер акционерлік банктер болып қайта құрылды, ал Ұлттық банкке орталық банктің бірқатар функциялары берілді. Бұл өз валютамызғакөшуді және Қазақстанның ақша-кредит саясатын жүргізуін едәуір жеңілдетті.

    Банк секторын сауықтыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу нәтижесінде 1993-1996 жылдар аралығындағы кезеңде екінші деңгейдегі банктердің саны 204-тен 101-ге дейін азайды.

  2-кезең. Экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізу және ұзақ мерзімді перспективаға есептелген үш деңгейлі зейнетақы жүйесіне көшті.

  3-кезең. Экономикалық тұрақты өсу, қаржы секторын қарқынды дамыту және барлық қаржы секторының халыаралық стандарттарға көше бастауы.

   ЖІӨ-нің жиынтық өсуі соңғы үш жылда 33%-ға жуық болды, бұл Қазақстанның экономикалық даму қарқыны жағынан әлемдәк лидерлердің бірі болуына мүмкіндік жасады. 2003 жылдың 9 айында экономикалық өсу 8,6% болды. Банк секторы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамитын бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банк секторын халықаралық ұйымдар мен рейтинг агенттіктері ТМД елдерінің ішіндегі ең реформаланған, қаржылық тұрғыдан тұрақты және тез дамып келе жатқан банк секторы деп танып отыр.

     Қазіргі уақытта Қазақстанда 36 банк жұмыс істейді, оның үшеуі мемлекеттік Қазақстан даму банкін, Эксимбанкті және Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін қоспағанда, барлық банктер жеке банктер болып табылады. Соңғы 3 жылда банк жүйесіндегі депозиттер 5,1 млрд. астам АҚШ долларына дейін 3 есе, ал халықтың салымдары 2,1 млрд. АҚШ долларына дуйін 4 есе өсті.

    Ақша кредит саясатының негізгі құралдары ашық рынок операциялары-бағалы қағаздарды сату және сатып алу болып табылады. Олар ең алдымен қысқа мерзімді банкноттар шығару және өтеу арқылы жүргізеді. Сонымен бірге, Ұлттық банк вексельдерді қайта есептеу арқылы банктердің ресми ствкаларын реттеуді және қайта қаржыландыруды,банктердің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау үшін банктерге қысқа мерзімді кредиттер беруді жүзеге асырады. Соңғы уақытта банк секторының нығаюына байланысты, екінші деңгейдегі банктерге кредиттер сирек берілетін болды. Қайта қаржыландыру ставкасы негізінен индикативтік сипатта болады және Ұлттық банктің қысқа мерзімді инфляциялық күтулерін көрсетеді.   

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тарихы