Қазақстан Конституциясының тарихы,толық мәтіні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 19:19, реферат

Краткое описание

«Конституция» сөзі негізінде латын тілінен шыққан, қазақшаға аударғанда «мекеме», «бекітілім» дегенді білдіреді. Мемлекеттің негізгі заңы ретінде конституция буржуазиялық мемлекеттер өмірге келген соң пайда болды.
1995 жылғы 30-тамызда жаңа Конституция өмірге келгеннен бері 1993 жылғы қаңтардың 28-інде қабылданған ҚР Конституциясының мәтіні мемлекеттік мұражайда сақталып тұр.
1993 ж. қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді.

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Қазақстан Конституциясының тарихы,толық мәтіні
2.21926 жылғы Қазақ СССР Конституциясы

2.3. 1937 жылғы Қазақ СССР Конституциясы

4. 1978 жылғы Қазақ СССР Конституциясы

5. 1993 жылғы ҚР Конституциясы
6. 1995 жылғы ҚР Конституциясы
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

конституция.docx

— 191.42 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

1.Кіріспе

2.Негізгі  бөлім

2.1. Қазақстан Конституциясының тарихы,толық мәтіні

2.21926 жылғы Қазақ СССР Конституциясы

 

2.3. 1937 жылғы Қазақ СССР Конституциясы

 

4. 1978 жылғы Қазақ СССР Конституциясы

 

5. 1993 жылғы ҚР Конституциясы

6. 1995 жылғы ҚР Конституциясы

3.Қорытынды

4.Пайдаланған  әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

«Конституция» сөзі негізінде  латын тілінен шыққан, қазақшаға  аударғанда «мекеме», «бекітілім» дегенді  білдіреді. Мемлекеттің негізгі  заңы ретінде конституция буржуазиялық мемлекеттер өмірге келген соң пайда  болды.

1995 жылғы 30-тамызда жаңа  Конституция өмірге келгеннен  бері 1993 жылғы қаңтардың 28-інде  қабылданған ҚР Конституциясының  мәтіні мемлекеттік мұражайда  сақталып тұр.

1993 ж. қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді.

1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңестің депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

 

 

 

 

 

Бiз, ортақ  тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан  халқы,байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк  құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк  және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп  ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта  лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы  жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып,өзiмiздiң  егемендiк құқығымызды негiзге  ала отырып, осы Конституцияны  қабылдаймыз.

 
Қазақстан Конституциясы — тәуелсіз Қазақстан Республикасының ата заңы.

 

Тарихы

1992 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден мәселелері, Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 1992 ж. 4 маусымдамемлекеттік байрағы, елтаңба, 11 желтоқсанда әнұрандің жаңа мәтіні бекітілген. 1992 ж. Қазақстан БҰҰ мүше болып қабылданды. 29 қыркүйектеқазақтардың Бірінші дүниежүзілік құрылтайы ашылды.

1993 ж. қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді.

1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңестің депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы — Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

 

Толық мәтіні

Қазақстан Республикасының  Конституциясы:

  • 1 бөлімі, Жалпы ережелер
  • 2 бөлімі, Адам және азамат
  • 3 бөлімі, Президент
  • 4 бөлімі, Парламент
  • 5 бөлімі, Үкімет
  • 6 бөлімі, Конституциялық кеңес
  • 7 бөлімі, Соттар және сот төрелігі
  • 8 бөлімі, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
  • 9 бөлімі, Қорытынды және өтпелі ережелер

28 қаңтар – Тәуелсіз Қазақстанның  тұңғыш Конституциясы қабылданған  күн  

1993 жылы қаңтардың 28-де  тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш  Конституциясының талқылау және  қабылдау жөніндегі жұмыстары  аяқталған болатын. Сол күні  Жоғарғы Кеңестегі 312 депутаттың 309-ы Қазақстанның тұңғыш Конституциясын  қабылдау жөніндегі ұсынысты  қолдап, дауыс берді және ҚР  президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа  тұңғыш Конституцияның түпнұсқа  мәтіні табыс етілді. 
Бірақ уақыт өте келе тұңғыш Конституцияның кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болмай шыққаны байқалып, екі жыл өткеннен кейін қолданыста жүрген қазіргі Конституция қабылданды. 1995 жылғы 30-тамызда жаңа Конституция өмірге келгеннен бері 1993 жылғы қаңтардың 28-інде қабылданған ҚР Конституциясының мәтіні мемлекеттік мұражайда сақталып тұр.

«Конституция» сөзі негізінде  латын тілінен шыққан, қазақшаға  аударғанда «мекеме», «бекітілім» дегенді  білдіреді. Мемлекеттің негізгі  заңы ретінде конституция буржуазиялық мемлекеттер өмірге келген соң пайда  болды.

Конституцияны түрлі негіздермен  жіктеуге болады. Олар өзгерістер және түзетулер енгізу тәсілі бойынша  қатаң және өзгермелі болып бөлінеді. Қатаң конституциялар референдум жолымен  жаппай дауыс беру немесе арнаулы  конституциялық іс-шаралар арқылы, болмаса Парламентпен қабылданады.

1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз  Қазақстан мемлекетінің бірінші  Конституциясы қабылданды. Ол құқықтық  мемлекет құру, оның мемлекеттілігінің  тәуелсіздігін қамтамасыз етудің  кепілі болып табылатын тарихи  ҚР Конституциясы болды. Алайда, қоғам дамуының қажеттілігі негізінде  жаңа Конституция жобасы жасалды.

1995 жылы 30 тамызда республикалық  референдум өткізу (бүкіл халықтық  дауыс беру) жолымен Конституция  қабылданды. Осы Конституцияға конституциялық  реформалар нәтижесінде екі рет  өзгертулер мен толықтырулар  енгізілді. Алғашқысы 1998 жылдың 7 қазанында, екіншісі 2007 жылдың 21 мамырында  болды. 
Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата Заң қабылданған күн демалыс, мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. 

Конституцияның ең жоғарғы  заңдық күші бар және ол ҚР-ның бүкіл  аумағында тікелей қолданылады. Мұның өзі конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтік-құқықтық актілердің нормаларынан үстем екендігін  көрсетеді. Кейінгі екі Конституцияның алдыңғы екеуінен елеулі айырмашылығы сол – бұлар тұңғыш рет мемлекетіміздегі тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан  халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырды. 
Жаңа Ата Заңды құқықтық мемлекеттің қалыптасқан бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты еркіндігі, идеологиялық және саяси әр алуандығы (сөз және шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бірлестігін құру еркіндігі), халық билігін жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сәйкестендірілген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейімделіп тұжырымдалған.  
ҚР-ның Конституциясы барлық заң салдарының негізі болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.

Бірнеше ғасырлар бұрын ру-тайпаға  бөлініп, қоғамдасып өмір сүрген адамдардың да өз тәртіптері мен жазылмаған заңдарының болғандығы тарихтан мәлім. Өткен ғасырлардың  данышпандары өздерінің шешендік, білгірлік  қасиеттерімен елеулі орнын қалдыра  білді. «Елу жылда ел жаңа» дегендей, арада қаншама жыл-ғасырлар өтіп, Кеңес Одағы тарағаннан кейін, екі  жыл өткен соң, 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Кеңесінің он екінші сайланған тоғызыншы  сессиясында еліміздің тұңғыш Конституциясы  қабылданды. Заман өзгерген сайын, қолданыстағы заңнамаларға да өзгерістер енгізілуі  мемлекетіміздің өркендегенінің белгісі.

Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру барысында  Конституциямыздың тарихы негіз  болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихын атай отырып, республикамыздың демократиялық және құқықтық жолында көптеген дәрежеге қол жеткізгенін байқаймыз. Конституцияға  сәйкес, қос палаталы Парламент еліміздің  заң шығарушы билігін иеленді. Конституция  оған ел бюджетін бекітуге, оның орындалуын қадағалауға мүмкіндік береді. Үкімет мүшелері Парламент палаталары алдында  тұрақты есеп береді. Әрине жоғары жақтың құрылымдық кестесімен қатар, атқарушы билік жүйесін реттеу және тиімділігін  арттыруға бағытталған мәселе де аз емес. Қазір жергілікті атқарушы билік халықпен кездесіп, есеп беруде. Бұл билік пен халықты біртұтас етуге сеп, сондай-ақ, әкімшілік реформаларды тереңдетуге негіз жасады. 
Қазақстан халқының тәуелсіздікті ту етіп, қабылдаған Конституциясы қазір қол сұғылмас қасиетке, жоғары заңдық қана емес, рухани адамгершілік сипатқа ие болды. Конституциялық құрылысты бекітуде алдымызда күрделі  әрі жауапты міндет тұрғанын ұмытуға болмайды. Ол – мемлекетімізді мемлекеттік билік пен басқарудың барлық жүйесін жан-жақты нығайту қажеттілігі. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматы болашағы зор мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосулары тиіс екенін түсіну керек...

 

1926 жылғы Қазақ  СССР Конституциясы

Қазақстанның бірінші  Конституциясы  СССР құрылған соң 1925 жылы 18 ақпандағы ҚазАССР Орталық атқарушы комитеттің қаулысының нақты редакциясымен және Қазақстан РСФСР қол астында болғандықтан 1925 жылғы РСФСР Конституциясының  есебімен қабылданды. Аталмыш негізгі заң басқару формасын, мемлекет құрылымын, саяси тәртіпті, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы-басқаратын органдардың құрылымын бекітті. Бюджет, сайлау құқықтарының белсенді және енжер бастау негіздері анықталды. Аталмыш Конституцияға сәйкес  Қазақстан РСФСР құрамында тең құқықты республика болды.

 

1937 жылғы Қазақ  СССР Конституциясы

1937 жылғы 26 наурызда Х  бүкіл қазақтар құрылтай кеңесінде  қабылданған Қазақ СССР Конституциясы  11 бөлім және 125 баптан құралды.  Онда былай деп жазылған: «СССР  Конститутциясының 14 бабынан тыс  Қазақ СССР-і өзінің тәуелсіз  құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өз бетімен  жүзеге асырады. Сонымен қатар, 1937 жылғы Конституцияда басқа  тең құқықты республикалармен  экономика, қорғаныс  бағытында өзара жәрдемдесу мақсатында ерікті түрде бірігу (13 бап), ҚазССР-дің келісімінсіз территорияны өзгертпеу (16 бап), жоғары республикалық және жергілікті мемлекеттік билік органдарын қалыптастырған республиканы енгізу мәселелері, заңнаманы орындауды бақылау, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқығын қорғау,   салық өндіру және т.б. (19 бап) қамтылған.

Сондай-ақ, сот және прокуратура  жүйесі орнатылды. Халықтық сот төрешілері аудан азаматтарының жабық дауыс беруі арқылы бүкіл халықтық, тікелей және тең сайлау құқығы негізінде сайланды, сот жұмысы қазақ тілінде, басқа ұлттар көп аймақтарда олардың тілінде жүргізілуі керек болатын (83-90 баптар).

1937 жылғы Конституцияда   азаматтардың негізгі міндеттері мен құқықтары анықталған: еңбектенуге құқылы болу (96 бап), демалысқа құқылы болу      (97 бап), кәрілікте, еңбекке жарамсыздық және ауруға шалдығу жағдайында материалдық қамсыздандыру (98 бап), денсаулықты қорғау, сөз бостандығы, баспасөз, жиналыс, митинг, көше шерулері және демонстрациялардың кепілдіктері, адамның жеке басына, баспанасына қол сұғылмаушылық, азаматтардың жат жазуына, шетелдік азаматтардың бас сауғалау құқығы.

 

1978 жылғы Қазақ  СССР Конституциясы

1978 жылғы 20 ақпанда республиканың  Жоғары Кеңесі шақырған кезектен  тыс VII сессияда қабылданған Қазақ          СССР Конституциясы преамбуладан, 10 тарау, 19 бөлім, 173 баптан тұрады. Соған сәйкес барлық билік халыққа тиесілі,  онда халық жұмысшылар, крестьяндар және еңбек интелегенцияларының кластарына бөлінген.  Билік және басқару органдарының үстінен Қазақ СССР Комунистік партиясы қойылды (6 бап). Республиканың экономикалық жүйесінің негізі ретінде мемлекеттік, кооперативтік-колхоздық, кәсіподақ және басқа да қоғамдық ұйымдардың меншігі жарияланды.

1978 жылғы  Конституцияда республиканың ұлттық мемлекеттік және әкімшілік-территориялық құрылымы, жергілікті билік және басқару органдарының құзіреті (78-83, 97-139 баптар), сайлау жүйесінің қағидаттары, халық депутаттарының құқықтық мәртебесі, экономикалық және әлеуметтік дамытуды мемлекеттік жоспарлау институттары, мемлекеттік бюджет, сот төрелігі, арбитраж, прокурорлық қадағалау және т.б. анықталған болатын.

1990 жылдардың басында  Қазақ ССР-інде, содан кейін Қазақстанда  бірнеше заң қабылданды, онда 1978 жылғы Конституцияға елеулі өзгертулер  енгізілді. 1990 жылғы «Мемлекеттік билік құрылымын жетілдіру туралы» заңға сәйкес Конституцияға Президенттің атқарушы және орындаушы биліктің басшысы екені туралы өзгеріс енгізілді,  Министрлер кеңесі Министрлер Кабинеті болып қайта құрылды. Басқа да заңдардың арасында 1991 жылғы 15 ақпандағы «Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ СССР халық депутаттарының жергілікті Кеңесі туралы» Заң, 1991 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгеру туралы» Заңы, 1991 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» конституциялық заңы және тағы басқалар бар.  

 

1993 жылғы Қазақстан  Республикасының Конституциясы

Информация о работе Қазақстан Конституциясының тарихы,толық мәтіні