Қазақстан Конституциясының тарихы,толық мәтіні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 19:19, реферат

Краткое описание

«Конституция» сөзі негізінде латын тілінен шыққан, қазақшаға аударғанда «мекеме», «бекітілім» дегенді білдіреді. Мемлекеттің негізгі заңы ретінде конституция буржуазиялық мемлекеттер өмірге келген соң пайда болды.
1995 жылғы 30-тамызда жаңа Конституция өмірге келгеннен бері 1993 жылғы қаңтардың 28-інде қабылданған ҚР Конституциясының мәтіні мемлекеттік мұражайда сақталып тұр.
1993 ж. қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді.

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Қазақстан Конституциясының тарихы,толық мәтіні
2.21926 жылғы Қазақ СССР Конституциясы

2.3. 1937 жылғы Қазақ СССР Конституциясы

4. 1978 жылғы Қазақ СССР Конституциясы

5. 1993 жылғы ҚР Конституциясы
6. 1995 жылғы ҚР Конституциясы
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

конституция.docx

— 191.42 Кб (Скачать документ)

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы  Конституциясы  Қазақстанның Жоғары Кеңесінің IX сессиясында  1993 жылғы 28 қаңтардағы XII шақырылымында қабылданды. Құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады[3]. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік алған күнінен бастап көптеген құқықтық нормаларды қамтыды: халық тәуелсіздігі, мемлекеттің тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы ретінде мойындау, сот органдары —Жоғары, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқалар.  1993 жылғы Конституцияның негізіне парламенттік республика моделі жатады.

1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы

Қазақстан Республикасының қазіргі  Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкіл  халықтық референдумда қабылданды. Бұл  күн мемлекеттік мереке – Қазақстан  Республикасының Конституция күні болып есептеледі. 1998 және 2007 жылдары  Конституцияға Президенттің өкілдігін  кеңейтетін елеулі өзгерістер енгізілді

30 тамыз- 1995 жылы республикалық  референдумда Конституцияны қабылдау  күні мемлекеттік мерекесі -  Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ретінде жарияланды.Батыс-еуропалық демократиялық мәдениеттен бастау алған парламентаризм жүйесi қазiргi заманда дүние жүзілiк саяси жүйенiң озық дамуының мызғымас атрибутына айналды.  
Парламентаризм әрқилы, әмбебап құбылыс ретінде әртүрлi мемлекеттерде әралуан айрықша сипат алады...  
Қазақстан да осындай жәйттерді бастан кешірді. Қазақстанның қазіргі парламентаризмі тоталитарлық жүйеден бастау алып, Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының басқару кезеңінің демократиялық емес келеңсіз сипаттарын сақтап келді.  
Қазақстанның алғашқы жоғарғы өкілетті органы Қазақ ССР-нің 1937 жылғы Конституциясы негізінде қалыптасқан – Жоғарғы Советі болды. Ол 1978 жылы Қазақ ССР-нің Конституциясы, 1993 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде қайта құрылып, он үш рет шақырылды. Қазақ ССР-і Жоғарғы Советінің алғашқы сайлауы 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді. Депутаттық корпусты қалыптастыру баламасыз негізде Коммунистік партияның қатаң бақылауымен өтті. 
Қазақ ССР-нің 1978 жылғы Конституциясы сайлау жүйесіне шамалы өзгерістер енгізді. 
1990 жылғы наурызда Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің 12-ші шақырылымының сайлауы өтті. Әкімшілік-командалық жүйенің ықпалында тұрса да, бұл алғашқы неғұрлым демократиялық сайлау болды. 360 депутаттық мандат үшін сайлау алды сайысына екі мыңнан астам үміткер қатысты, оның бір ерекшелігі республиканың қоғамдық ұйымдарынан 90 адам сайланды. Ол тоталитарлық жүйенің ыдырағанын көрсетті. 
Жоғарғы Кеңестің он екінші шақырылымы Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасуында ерекше рөл атқарды. Онда маңызды құқықтық актілер қабылданды. 
1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ ССР-нің Президенті лауазымы бекітіліп, Н. Ә. Назарбаев еліміздің тұңғыш Президенті болып сайланды. 
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесі «Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияны қабылдады, ал 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.  
1993 жылғы 28 қаңтарда екі жылға созылған келісімнен соң Жоғарғы Кеңестің он екінші шақырылымы Қазақстанның кеңестік кезеңнен кейінгі тұңғыш Конституциясын қабылдады, ол республиканың дербестігін заңды түрде бекітіп, шынайы конституциялық жол салып берді. Бұл Жоғарғы Кеңестің айтарлықтай өкілеттіктері болғанымен, билікті бөлісу, шектеу, тепе-теңдік принциптерін ұстану күрделі болды. 
1994-1995 жылдар қазақстандық парламентаризмнің қалыптасу тарихындағы өте маңызды кезең болып табылады. 1994 жылғы сәуірден 1995 жылғы наурызға дейін жұмыс істеген Жоғарғы Кеңестің он үшінші шақырылымы депуттар тұрақты қызмет жасаған Қазақстанның алғашқы кәсіби Парламенті болды. Сайлаудың кейбір нормалары бұзылған себепті, ол заңсыз деп танылды.  
1995 жылғы 30 тамызда өткізілген референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Негізгі заң адамның басты құндылығы оның өмірі, құқығы мен бостандығы екенін бекітті. Осы Конституция заңнамалық функцияларды атқаратын және екі Палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұратын, тұрақты негізде жұмыс істейтін Республиканың жоғарғы өкілетті органы Парлмент болып табылатынын жария етті. Сөйтіп «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. 
Парламенттің бірінші шақырылымының Сенаты мен Мәжілісінің сайлауы 1995 жылғы желтоқсанда өткізілді. Сенатқа - 19 облыс пен астанадан екі адамнан 40 депутат сайланды. Мәжіліс сайлауы 1995 жылғы 9 желтоқсанда өтіп, 67 депутат сайланды. 
1999 жылдың күзінде енгізілген конституциялық өзгерістерге сәйкес Орта Азия өңірінде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Мәжілісінің екінші шақырылымының сайлауы болып өтті. Тепе-тең өкілеттік негізінде партиялық тізім бойынша сайлануға саяси партияларға мүмкіндік берілді. 
Сайлауға 10 саяси партия қатысты. Мажоритарлық бір мандатты округтерде 547 кандидат тіркелді. Сайлау қорытындысы бойынша бір мандатты округтерден 67 депутат, партиялар атынан 10 депутат сайланды. «Отан», Азаматтық, Аграрлық және Коммунистік париялар жеті пайыздық кедергіден өтіп, өз өкілдерін ұсынды. 
2005 жылғы тамызда 16 сенатордың сайлауы өткізілді. Парламент Мәжілісі үшінші шақырылымының сайлауы 2004 жылғы қыркүйекте өтті. Онда 77 депутаттық орынды иеленуге 12 саяси партия, оның 4-уі екі сайлау блогының құрамында қатысты. Партиялық тізім бойынша сайланатын 10 орынның 7-еуін «Отан» партиясы жеңіп алса, «Асар», «Ақжол», «АИСТ» блогы партиялары бір-бір орыннан иеленді.  
Жалпы сайланған 59 депутаттың ішінде «Отан» партиясы - 42, «АИСТ» блогы - 11, «Асар» партиясы - 4, «Ақжол» партиясы - 1, демократиялық партия – 1, өзін-өзі ұсынғандар - 18 депутаттық орынға ие болды. 
2007 жылғы мамыр айында жүргізілген конститутциялық реформа еліміздің саяси жүйесі дамуының бетбұрысты кезеңі, қазақстандық қоғамның саяси кемелденуінің жарқын мысалы болды. Жаңарған Конститутция жоғарғы билік өкілдігін ұйымдастырудың жаңа жүйесін қалыптастыруға негіз болады. Мәжіліске сайлаудың практикалық тұрғыда тепе-теңдік жүйесін енгізу сайлау жүйесін түбегейлі өзгертеді және қоғамдағы саяси партиялардың мәнін күшейтеді. Қоғамдық қатынастарды нығайтудың тағы бір факторы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің сайлану принципі болып отыр. 
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Парламентінің атқарушы биліктің қызметіне бақылау жасау өкілеттігіне ие болуы да мемлекеттік биліктің үш тұғырлы құрылымында Парламенттің саяси салмағы мен абырой-беделін арттыра түсті. 
Конститутциялық түзетулерге сәйкес «ҚР сайлау туралы» Конститутциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, соның негізінде 2007 жылғы 18 және 20 тамызда партиялық тізім бойынша және Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліс депутаттары сайланды. Сайланған 107 депутаттың 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Ассамблея тарапынан өтті, алдыңғы 98 депутаттың бәрі де «Нұр Отан» партиясының мүшесі болып табылды. Бұдан кейін, 2008 жылғы 4 қазанда тиісті нормаларға сәйкес сенаторлар да қайта сайланды.  
Аталған реформаның негізгі бағытын Мемлекет басшысы Н. Назарбаев 2008 жылғы 29 маусымда Астана қаласында ашылған ЕЫҚҰ-ның Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы 17-ші сессиясында сөйлеген сөзінде дәл айқындап берді: 
- парламентті екіден кем емес партияның қатысуымен құруға мүмкіндік беретін құқықтық тетікті жасау; 
- саяси партияларды мемлекеттік тіркеу үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау; 
- электоральды процестің рәсімдік тұстарын жетілдіру. 
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Президенті 2008 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші шақырылымының екінші сессиясының ашылуында 2007 жылғы конститутциялық реформаны құқықтық заңдастыруды жетілдіру жөнінде бірқатар заң шығарушылық міндеттерді алға тартқан болатын. Мемлекет пен қоғамды одан әрі демократияландыру саласындағы заңнамалық реттеуді жетілдіру, біздің еліміздің Парламент, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар арқылы да, сондай-ақ БАҚ арқылы да саяси пікір алуандығы мен қоғамдық мүдделерді білдіру еркіндігі дамуының жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

1995 жылғы 30-тамызда жаңа  Конституция өмірге келгеннен  бері 1993 жылғы қаңтардың 28-інде  қабылданған ҚР Конституциясының  мәтіні мемлекеттік мұражайда  сақталып тұр.

1993 ж. қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді.

1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңестің депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Конституциясының тарихы,толық мәтіні