Қына (араб.: حنا‎) – төменгі сатыдағы споралы өсімдіктерге жататын талломды организмдер тобы

Реферат, 04 Ноября 2013, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


Саңырауқұлақтар мен балдырлардың cелбесе тіршілік ету нәтижесінде пайда болған. Қынаның 400-дей туысы, 26 мың түрі бар. Олардың қазба қалдықтары жоғарғы бор кезеңінен белгілі. Қазақстанда Қынаның 491 түрі анықталған, 1 түрі (Бұғы кладинасы) Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Қына денесі бір клеткалы балдырлар тіршілік ететін саңырауқұлақ гифтерінен (жіпшелерінен) құралған. Саңырауқұлақ фотосинтезге қабілетсіз болғандықтан дайын көмірсуларды балдырлардан алады да, есесіне балдырларды сумен, минералды заттармен қамтамасыз етіп, әрі сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғап тұрады. Сондықтан Қыналар басқа организмдер тіршілік ете алмайтын орта жағдайларына жақсы бейімделген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кыналар төменгі сатылы өсіімдіктер.docx

— 61.79 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Открыть текст работы Қына (араб.: حنا‎) – төменгі сатыдағы споралы өсімдіктерге жататын талломды организмдер тобы