Өсімдік биотехнологиясының даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 11:08, реферат

Краткое описание

сімдіктер биотехнологиясы– ғылым мен өндірістің өсімдік органдары мен оларда жүретін биологиялық процестердің негізінде түбегейлі жаңа технологиялар құрып, адамға қажетті өнімдерді алуға мүмкіндік беретін жаңа саласы.
Өсімдіктер биотехнологиясы саласындағы алғашқы зерттеулерді 19 ғасырдың аяғында неміс ғалымдары К.Рехингер мен Х.Фехтинг жүргізді. Қазақстанда Өсімдіктер биотехнологиясы жөніндегі зерттеулер 20 ғасырдың аяғында Бас ботаник.бақта, Молекулдық биология және биохимия, Ботаника және фитоинтродукция, Өсімдік физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы, Фитохимия институттарында, ҚазҰУ-да, т.б. жоғары оқу орындарындағы арнаулы кафедраларда жүргізілді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өсімдік биотехнологиясының даму тарихы.pptx

— 1.95 Мб (Скачать документ)

Өсімдік биотехнологиясының даму тарихы

    • Өсімдіктер биотехнологиясы– ғылым мен өндірістің өсімдік органдары мен оларда жүретін биологиялық процестердің негізінде түбегейлі жаңа технологиялар құрып, адамға қажетті өнімдерді алуға мүмкіндік беретін жаңа саласы. 
      Өсімдіктер биотехнологиясы саласындағы алғашқы зерттеулерді 19 ғасырдың аяғында неміс ғалымдары К.Рехингер мен Х.Фехтинг жүргізді. Қазақстанда Өсімдіктер биотехнологиясы жөніндегі зерттеулер 20 ғасырдың аяғында Бас ботаник.бақта, Молекулдық биология және биохимия, Ботаника және фитоинтродукция, Өсімдік физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы, Фитохимия институттарында, ҚазҰУ-да, т.б. жоғары оқу орындарындағы арнаулы кафедраларда жүргізілді. 
    • . Бұл зерттеулердің негізгі бағыттары:
    •    - гендік және клеткалық инженерия
    •    - гаплоидты биотехнология
    •    - клондық көбейту
    • биологиялық активті заттар алу, фиторемедиация, гендік банк жасау, т.б.
    • Өсімдіктер биотехнологиясын қолданып көптеген жоғары өнімді өсімдік сорттары мен линиялары, дигаплоидтар, каллустық және клеткалық дақылдар, протопластар, вируссыз өркендер, дәрі-дәрмектер, белоктар,вакциналар, витаминдер, т.б. биологиялық активті қосындылар алынуда
    • . Қазақстанда Өсімдіктер биотехнологиясының негізін салғандар: академиктері
    • М.Ә.Айтхожин
    • І.Рақымбаев
    • М.Қарабаев
    • профессор Г.Уәлиханова  
      Қазір Өсімдіктер биотехнологиясы саласында биол. ғылым докторы Б.Б.Әнәпияев, Б.Ысқақов, К.Жамбакин, т.б. ғалымдар еңбек етуде.
    • Өсімдіктердің биотехнологиясы. Биотехнологияның негізгі объектілері – тұтас организмнен оқшауландырып алынған жасанды қоректік ортада, асептикалық (залалсыздандырылған) жағдайда өсірілетін жеке клеткалар, ұлпалар. Мұндай жасанды жағдайда клеткаларды, ұлпаларды және мүшелерді өсіруді клеткаларды өсіру деп атайды. Қандай болса да организм клеткалары жасанды жағдайда қайтадан эмбриондық күйге айналып, тұтас организмге бастама бола алады
    • Биотехнология әдістері негізінде бидайдың жаңа жоғары өнімді, қолайсыз климатқа және ауруларға төзімді 5 сорты шығарылды (Мирас – 38 ц/га –жатып және шашылып қалуға төзімді; Надежда – 40 ц/га – құрғақшылыққа төзімді сорт, Әлем – 43 ц/га – тозаңбас ауруына төзімді; Бәйтерек – 20 ц/га, құрғақшылық және күлгін тат ауруына төзімді сорт, Северянка - өнімділігі 27 ц/га, құрғақшылыққа төзімді), көрсетілген сорттар Қазақстанның төрт облысында аудандастырылған

Информация о работе Өсімдік биотехнологиясының даму тарихы