Бюджет деңгейлері арасында түсімдердің қалыптасу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2012 в 16:27, курсовая работа

Краткое описание

Бюджеттік кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғысынша қосылған құн салығы мен қорпоративтік табыс салығы болып табылады. Бюджет кірістерінің басқа көзі - салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдері. Қазақстанның республикалық бюджеті 2009 жылы, алдын ала деректер бойынша, 510 миллиард теңге немесе осы жылға жоспарланған ІЖӨ-ге 3,1% тапшылықпен атқарылды. Республикалық бюджетке түскен түсімдер 2800,3 миллиард теңгені, шығыстар 3311,3 миллард теңгені құрады. 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджет туралы заңға сәйкес 2010 жылы республикалық бюджеттің түсімдері 3278,4 миллиард теңге немесе 2009 жылдың жоспарымен салыстырғанда 16,2 пайыздық өсіммен, ал шығыстары 3873,4 миллиард теңге немесе17,9 пайыздық өсіммен айқындалған. Бюджет тапшылығы ІЖӨ-ге шақканда 4,6 пайыз деңгейінде белгіленген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом 1.2.doc

— 459.50 Кб (Скачать документ)

1.2.Бюджет деңгейлері арасында түсімдердің қалыптасу көздері.

Бюджеттік кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі  көздері, бұрынғысынша қосылған құн  салығы мен қорпоративтік табыс  салығы болып табылады. Бюджет кірістерінің басқа көзі - салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдері. Қазақстанның республикалық бюджеті 2009 жылы, алдын ала деректер бойынша, 510 миллиард теңге немесе осы жылға жоспарланған ІЖӨ-ге 3,1% тапшылықпен атқарылды. Республикалық бюджетке түскен түсімдер 2800,3 миллиард теңгені, шығыстар 3311,3 миллард теңгені құрады. 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджет туралы заңға сәйкес 2010 жылы республикалық бюджеттің түсімдері 3278,4 миллиард теңге немесе 2009 жылдың жоспарымен салыстырғанда 16,2 пайыздық өсіммен, ал шығыстары 3873,4 миллиард теңге немесе17,9 пайыздық өсіммен айқындалған. Бюджет тапшылығы ІЖӨ-ге шақканда 4,6 пайыз деңгейінде белгіленген.

Кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар бюджеттік түсшдер болып табылады.

Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан  түскен түсімдер, трансферттік түсімдер болып табылады. Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту Салықтық кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.

Салықтық  түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік  материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін  жеке меншікке сатудан немесе оларды түрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады.

Трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалсіры - бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер.

Қарыздар - мемлекеттік эмисссиялық бағалы кағаздар шығаруға және (немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер.

Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер — заңи тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.

Бюджеттің шығындары қайтарылмайтын негізде  бөлінетін бюджеттік қаражаттар. Шығындардың катаң максатты арналымы болады.

Бюджеттік кредиттер - қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде бюджеттен бөлінетін ақшалар.

Қаржылық  активтерді сатып алу - заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестері мен бағалы кағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға  бағытталған бюджеттік қаражаттар.

Қарыздарды  өтеу - қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық  келісімшарттарға сәйкес негізгі борышты  өтеуге бағытталған бюджеттік қаражаттар.

Таза  бюджеттік кредиттеу бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Бюджеттік кредиттеу - бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рэсімдерін кіріктіретін үдеріс. Бюджеттік кредиттер берілу мерзіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді - 1 жылға дейін, орта мерзімді - 1 жылдан 5 жылға дейін, ұзак мерзімді - 5 жылдан 30 жылға дейін.

Бюджеттік кредитті өтеу деп кредиттік келісімшартқа  және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты қарыз алушының өтеуін айтады.

Қаржылық  активтермен операциялар:

қаржылық  активтерді сатып алуды;

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін  түсімдерді кіріктіреді.Қаржылық активтер мен операциялар бойынша сальдо қаржылық активтерді сатып алу мен мемлекеттің қаржылық активтерді сатудан түсетін түсімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Қаржылық  активтерді сатып алу және мемлекеттің  қаржылық активтерін сатудан түсетін  түсімдер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және кажылық активтермен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең. Теріс белгімен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгімен алынғаны - бюджет профициті болып табылады. Бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджеттік қаражаттар калдықтары сомасының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу соіуасынан асып түсуі ретінде айқындалады.

Фюджет  тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сәйкес келеді.

Бюджет  профицитін пайдалану қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздық қаражаттарды, бюджеттің пайдаланылатын қаражаты бос қалдықтарын жұмсау жолымен жүзеге асырылады. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджеттік қаражаттың пайдаланылатын қалдықтары сомасынан асып түсуі ретінде айқындалады. Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің шамасына сәйкес келеді. Республикалық бюджеттің мұнайга қатысты емес тапшылығы (профициті) Ұлттық қор түсімдерінен басқа, республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең.

Мемлекеттік бюжеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге  бағытталған орта мерзімді перспективаға  арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану тұжырымдамасына сәйкес 2006 жылдан бастап орта мерзімді фискалдық саясат шеңберінде мемлекттік бюджеттің мұнайлық емес кірістері мен шығыстарының жаңа құрылымы көзделді.

Үкімет  пен жергілікті атқарушы орғандардың резевтері республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы қаржы жылында щұғыл қаржыландыруды талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында құрылады. Бұл резервтер: төтенше резервті, шұғыл шығындарға, соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар кала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервтерді кіріктіреді.

Үкімет  резервінің жалпы көлемі республикалық  бюджет туралы заңмен белгіленеді.

Жергілікті  атқарушы орған резервінің жалпы  көлемі тиісті жергілікті бюджет түсімдері  көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс. Төтениіе резерв Қазақстан аумағындағы табиги және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою максатында пайдапанылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві Қазақстанның басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетілуіне де пайдапанылуы мүмкін. Шүғыл шығындарга арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік- аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына катертөндіретін жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарга арналған резерві, сондай-ак оның шешімдерімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығындарға пайдаланылуы мүмкін. Соттардық иіешімдері бойынша міндеттемелерді орындауга арналған резерв соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемелекеттік орғандардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы орғандардың міндеттемелерін орындауга пайдаланылады.

Резерв  құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда Үкімет немесе жергілікті атқарушы орған қажет болған кезде Парламентке немесе тиісті мәслихатқа тиісті республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы орған резервтерінің мөлшерін үлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.

Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы орғанның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара  пайдаланылған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.

Үкіметтің және жергілікті атқарушы орғандардың  резервтерін пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

     Мемлекеттік бюджеттің кірістерінде шамамен 70% салықтық түсімдер болып табылады. Салықтық түсімдердің ең үлкен үлесі  республикалық мониторинг жүргізуге  жататын 300 ірі кәсіпорынды қамтитын ұйымдарға келеді. 2008-2010 жылдар кезеңінде кәсіпорындар бойынша республикалық мониторинг жүргізуге жататын салықтық түсімдер 19,6% артты.

     2008-2010 жылдары басқа төлеушілер бойынша  салықтық түсімдер саны 39,8% құрады.

     Диаграммада көрінгендей 2009 жылы салықтық түсімдердің  құлдырауы орын алды, ол корпоративтік табыс салығы бойынша 30%-дан 20%-ға дейін және қосылған құн салығы бойынша 13%-дан 12%-ға дейін ставкалардың төмендеуімен, аванстық төлемдерді төлейтін (төлемдер жылдық декларация қорытындылары бойынша жүргізіледі) кәсіпорындардың корпоративтік табыс  салығын төлеу мерзімінің өзгеруімен және ҚҚС бойынша салықтық кезеңнің ай сайынғыдан тоқсанға өзгертілуімен түсіндіріледі. 

 
 

      Динамикада  көрініп отырғандай 2001-2010 жылдардағы кезеңде ҚҚС бойынша түсімдер 4,2 артылды. 2009 жылы ҚҚС төмендеуі күрт азайды, ол бәрінен бұрын экономикалық дағдарыстың әсерімен,ставканың 13%-дан 12%-ға төмендеуімен және импорттың кідіруімен байланысты. 2009 – 2010 жылдары ҚҚС қайтару қарқыны қалпына келтірілді.  

                                                                                                                                                                                                     1 

        
 

     Жер пайдаланушылардан бюджетке мынадай арнайы салықтар түседi: пайдалы қазбалар өндіруге (ПҚӨС) салық, рента салығы, үстеме пайдаға салынатын салық (ҮПС) және өнімді бөлу бойынша ҚР үлесі.

     2008-2010 жылдар кезеңінде жер пайдаланушылардан  түсетін арнайы салықтардың түсімі 684 миллиард теңгеден 1580, 3 миллиард теңгеге (2,3 есеге) дейін артты. 2010 жылы түсімдердің алдыңғы кезеңге қарағанда күрт артуы мұнай секторы ұйымдарына салық салу бойынша салықтық заңнамаға түбегейлі өзгерістер енгізілуімен түсіндіріледі. 
 

       

                 
 

                                                                                                                                                                                        2

     Төменде келтiрiлген диаграммадан салықтар бөлінісінде  түсімдердің өзгерісін көруге болады. 2009 жылы ҮПС қоспағанда арнайы салықтар түсімдерін төмендету байқалады, яғни ҮПС алдағы жылғы қызметтің қорытындысы бойынша төленеді. 2008 жылы 2009 жылға қарағанда мұнай мен минералдық шикізатқа баға айтарлықтай жоғары болды. 2010 жылы ПҚӨС және рента салығы түсімдері мұнай мен минералдық шикізатқа бағаның артуына байланысты күрт артты. Осылай, 2009 жылы мұнайға дүниежүзілік баға орташа алғанда баррелі 61,9 АҚШ долларын, 2010 жылы - баррелі 79,6 АҚШ долларын құрады, дүниежүзілік баға 2010 жылы темiр рудасы бойынша 35,8 %, алюминий бойынша - 10 %-ға,  мыс бойынша - 21,5 %-ға, алтын бойынша - 18,6 %-ға, мырыш бойынша - 14%-ға артты. 

 

     Төменде берілген диаграммада 2008-2010 жылдар кезеңінде  жер пайдаланушылардан арнайы салықтар мен экспорттық кеден бажының түсімдері көрсетілген. Мұнайға экспорттық кеден бажы 2008 жылы қолданылды, 2009 жылдан бастап 2010 жылғы 15 тамызды қоса алғанда баж алынған емес, өйткені нөлдік ставкасы белгіленген және 2010 жылғы 15 тамыздан бастап мұнай секторы ұйымдары тоннасына 20 доллар ставкасы бойынша мұнайға экспорттық кеден бажын төледі. Тиісінше 2010 жылы мұнай секторы ұйымынан түскен түсімдер айтарлықтай артты.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                                                                                                                                                              3

Информация о работе Бюджет деңгейлері арасында түсімдердің қалыптасу