Рудеральды өсімдіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 17:58, курсовая работа

Краткое описание

Семей өңірі қарқынды шаруашылық қолданыстағы аудандардың біріне жатады. Табиғи экожүйелердің түгелгедерлігі антропогенді факторлардың теріс әсеріне әртүрлі деңгейлерде ұшыраған. Семей қаласының орталық бөлігі рудеральды өсімдік жамылғыларының және оларды құрайтын элемент-фитоценоздарының жағымсыз трансформациясына әкеледі. Ірі қала табиғи ортаның барлық кешендерін айтарлықтай өзгертеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ботаника курс.docx

— 97.76 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

Семей өңірі қарқынды шаруашылық қолданыстағы аудандардың біріне жатады. Табиғи экожүйелердің түгелгедерлігі антропогенді факторлардың теріс әсеріне әртүрлі деңгейлерде ұшыраған. Семей қаласының орталық бөлігі рудеральды өсімдік жамылғыларының және оларды құрайтын элемент-фитоценоздарының жағымсыз трансформациясына әкеледі. Ірі қала табиғи ортаның барлық кешендерін айтарлықтай өзгертеді.

Рудеральды бірлестіктер, әдетте табиғатқа қарқынды антропогендік  процестің нәтижесінде қалыптасады, соңғы жылдары ол фитоценологтардың зерттеу обьектісіне айналды. Рудеральды бірлестіктерге деген қызығушылық адамның әсерінен бұзылған экожүйелердің көлемінің ұлғаюы және оларды қалпына келтіру процестерімен байланысты.

Өсімдіктердің классификациясы қазіргі фитоценологияның маңызды бөлігі. Классификацияның даму деңгейі ғылымның жалпы теориялық жағдайын көрсетеді.

Топтардың флористикалық  құрылысы мен ықшамды құрылымын  есепке ала отырып рудеральды өсімдікдіктер оларды қалыптастыруға қабілетті, сонымен қатар доминант бола алатын түрлердің санына байланысты Браун-Бланке әдісін қолдануға болады.

Рудеральды өсімдіктер- (лат. Rudus- түр, ruderis- қиыршық тас, қоқыс ) сыпырынды, екінші рет пайда болған өсімдіктер. Рудеральды өсімдіктер құрылыс орындарының маңында, жол жиектерінде, бос қалған жерлерде өсіп шығады. Көбінесе нитрофил өсімдіктер болып есептеледі.

Бұзылған топырақтарда бірінші  өсіп шығатын өсімдіктердің түрі- рудеральды өсімдіктер. Топырақтың бұзылуы  табиғи (орман өрттері, көшкіндер), немесе адамның әсері  ̵ конструкциялық (жол құрылыстары, құрылыста немесе кен орындарында) және ауылшаруашылық (мысалы, қараусыз қалған ауылщаруашылық жерлер). Рудеральды өсімдіктер әдетте, бірнеше жыл көлемінде басқа түрлер бәсекелестік қасиетін біртіндеп жоғалта бастағанда, бұзылған аудандарда олар үстем болады.

 Рудеральды өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері:

  • Тез өсетін тамырлары
  • Микоризаға тәуелсіздігі
  • Модест көшетінің қоректендіргіш талабы
  • Көп мөлшерде тұқым беруі
  • Тұқымның көп уақыт өнімділігін сақтауы
  • Бір маусымда екі немесе үш рет тұқымнан өсіп, жаңа тұқымның беруі

Курстық жұмыстың өзектілігі: Синантропты флора мен өсімдіктердің қалыптасу процесі ерте кезден бастап қазіргі күнге дейін адамның даму кезеңдерімен бірге қалыптасып келеді. Бұл процесстердің негізгі тәсілдерінің бірі флористикалық құрам негізіндегі бірлестіктердің синантропты классификациясы болып табылады.

Өсімдіктерді классификациялауда барлығына танымал Браун-Бланке әдісі қолданылады.

Қазіргі таңда табиғи ортада болып жатқан антропогендік процестер  қызығушылық тудыруда. Адамның әрекеті  әсіресе, өсімдік жамылғысына ерекше байқалып отыр. Батыс елдерінде өсімдіктердің  антропогенді өзгеру процестері көптеген елдерінде зерттеліп жатыр, мысалы: Германияда, Чехия, Польша, Украина  және т.б. елдерде. Қазақстанда рудеральды өсімдіктерді зерттеуге деген қызығушылық 1980 жылдардың ортасына қарай арта бастады, оның ең негізгі себебі Қазақстанның ірі қалаларында өндіріс қалдықтары үйілген, тастанды жерлер пайда болды. Оларда екінші кезеңдегі өсімдік түрлері өсе бастадды, яғни рудеральды өсімдік бірлестіктер. Бұл өсімдіктердің кейбір түрлерін пайдалана отырып, келешекте ірі массивті тастанды жерлерді көгалдандыруға болады.

Курс жұмысының  мақсаты: Семей өңірінің өсімдік жамылғысын зерттеу және рудеральды өсімдіктер түрлеріне систематикалық сипаттама беру.

Курс жұмысының  міндеттері: Курстық жұмыстың мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:

  • Семей өңірінің рудеральды өсімдіктеріне геоботаникалық зерттеу жүргізу;
  • Зерттелген синтаксонды флораға анализ беру;
  • Семей өңірінде кездесетін өсімдіктеріне салыстырмалы сипаттама беру;

Практикалық маңыздылығы: Курстық жұмыс флористикалық бірлестіктердің классификациясының практикалық маңызы мен жоғарғы ақпараттық құндылығымен ерекшеленеді. Семей өңірінің рудеральды өсімдіктері, сонымен қатар өсімдік жамылғысы мен бірлестіктері жаңа теориялық және практикалық ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Зерттеу материалдары қаланың өсімдік жамылғысының деградациясын, экологиялық бақылаулардың практикалық міндеттерді шешу үшін қажет. Зерттеу жұмысының матеиалдары геоботаника курсында, сонымен қатар жазғы далалық іс- тәжірибеде қолданылуы мүмкін.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Жұмыс 41 беттен, 1кестеден 42суреттен және 10 әдебиет тізімінен құралған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Рудеральды өсімдіктер туралы ғылыми еңбектерге шолу.

Қазіргі таңда табиғи ортада болып жатқан антропогендік процестер  ғылымда қызығушылық тудыруда. Адамның  әрекеті әсіресе, өсімдік жамылғысына  ерекше байқалып отыр. Батыс елдерінде  өсімдіктердің антропогенді өзгеру процестері көптеген елдерінде зерттеліп  жатыр, мысалы: Германияда, Чехия, Польша, Украина және т.б. елдерде. Қазақстан  мен Ресейде рудеральды өсімдіктерді зерттеуге деген қызығушылық 1980 жылдардың ортасына қарай арта бастады. Рудеральды өсімдіктерді зерттеу Браун-Бланке классификациясына сүйене отырып зерттеле бастады. Сонымен қатар бұл жұмыстар қалалар флорасының зерттелуіне арналған (Kunik, 1987; Montag, 1995; Brandes, 1982b), өсімдіктерге (Brandes, 1982a; Bornkamm, 1974; Pysek, 1977; Костылаев 1990a, Папуча, 1991). Ресейде осындай жұмыстармен Башқұртстан университенің ғалымдары айналысқан: А.Р. Ишбирдин. Б.М. Миркин (1988), А.Р. Ишбирдин және т.б. (1988), А.Р. Ишбирдин (2001), Миркин және т.б. (1985), Миркин және т.б. (1986). Қала флорасын зерттеумен сонымен қатар 1994 жылы Ильминских, Шмидт айналысқан.

Сібірде ботаник-ғалымдар өсімдік  жамылғысының антропогенді өзгеру процестерін  зерттеген. Олар: В.П. Седельников (1992), Т.А. Терехина (2000), Г.Г. Соколова (2003), Т.В. Антюфеева (2004). Қала территориясын зерттеуге де көңіл бөлінген: Т.А. Терехина (2000а, б), А.И. Пяк, И.Е. Мерзлякова (2000) және т.б. Дегенмен бұл зерттеулердің көбі қала флорасына арналған: .Е. Мерзлякова (1997);  А.В. Суткин(2002); М.Г. Буданова (2003); Т.А. Терехина (1995); Т.М. Копытина, Т.А. Терехина (1995); Т.А. Терехина, Т.М. Копытина (1996а, б); Т.М. Копытина, Т.В. Астахова (2001);  Т.М. Копытина (2003).

И.И. Полянскийдің «Ботаникалық экскурсия» 1968 жылы жарық көрген оқулығында рудеральды өсімдіктерге, оның ішінде арамшөптерге толығымен анықтама берген.

 

 

1.2. Зерттеу нысандары  мен әдістері

Ғылыми жұмысты орындауда  бірнеше ботаникалық зерттеу  әдістері қолданылады. Солардың ішінде өсімдіктерді жинау, анықтау, кеппешөптер  даярлау әдістерін пайдаландық. Өсімдіктерді жинау, зерттеу жұмыстары  жауын – шашынсыз, жылы, ашық күндері  жүргізіледі.

Кеппешөп – кепкен өсімдіктер коллекциясы – систематикалық, флористикалық  және ботанико – географиялық зерттеулерге таптырмайтын ең маңызды негіз болып  табылады. Ғылым үшін жер бетінің  үлгілерін, табиғаттың құнды құжаттарын сақтап қалуға және өсімдіктерді жылдың кез – келген мезгілінде оқып зерттеуге, анықтауға мүмкіндік береді.

Жоғары оқу орындағы кеппешөп оқушылардың, студенттердің және асперанттардың ғылыми жұмыстарын оқу және жүргізу  базасы, кең білім алудың міндетті элементі.

Семей өңірінде зерттеу жұмыстары  келесі әдістермен жүргізіледі:

Өсімдіктерді  жинау әдісі, яғни осы өңірдің өсімдіктерінен коллекция жасау үшін өсімдіктерді жинаудың арнайы техникасын қолдандық. Кеппешөп үшін өсімдіктерді жинауды ерте көктемнен қоңыр күзге дейін жүргізуге болады. Өсімдіктердің гүлдеп тұрған немесе тұқым беріп тұрған үлгісін жинау керек. Өсімдіктерді жинауды ашық ауа райында жүргіздік. Ол үшін таңғы сағат 10 – 11 аралығы ең қолайлы уақыт болып табылады.

Коллекцияға жиналатын өсімдіктер міндетті түрде құрғақ болу керек. Егер де ол дымқыл немесе ылғалды болса, онда өсімдік көгеріп, шіріп, тез  бұзылып кетеді. Қағазға үлкен  өсімдіктерден 1 – 2, ал пішіні кішілеу  өсімдіктерден 10 – 12 үлгіні толтырып салдық. Ал, сирек кездесетін немесе қорғауға алынған өсімдіктерден мөлшеріне  қарамастан өсіп тұрған орнында өскін  қалдырып, 1 – 3 үлгісін ғана алдық. Таныс  емес өсімдіктерді келесі жинауға дейін  қалдырмай бірден алған жөн. Коллекцияға  жарамайтын бунақденелілер мен жануарлар  жеп тастаған өсімдіктер үлгісін  оның сапасына қарамастан аз зерттелген жерлер үшін флористикалық зерттеулерге жинап алуға болады. Гүлдейтін  өсімдіктерді жинауда оның гүлдеу кезеңінің  маңызы зор. Өсімдіктерді жинау барысында ең алдымен қажетті құрал – жабдықтарды дайындап алу керек. Оны дайындау қиын емес және ол әрбір ботаникке, әуесқойға және маманға қажет.

1. Папка мөлшері 35*50 см болатын ені бет картон немесе фанер. Әрбір бетте жылжитын төрт кесінді болу керек.

2. Қағаз мөлшері 45*60 см болатын екіге бүктелген. Кез – келген қағаз түрі (газет, фильтрлі қағаз т.б.) өте нәзік шөптесін өсімдіктер үшін, сонымен қатар ағаштар мен бұталардың бұтақтары үшін папкада қалың қағаздың болғаны тиімді. Олардың мөлшері стандартты кеппешөп қағазына сәйкес келу керек.

3. Өсімдікті қазып алатын құрал – жабдықтар. Шөптесін өсімдіктерді бүкіл жер асты бөлімдерімен бірге міндетті түрде қазғыш,кетпен, бақша күрекшесі немесе пышақтың көмегімен қазып алады, одан кейін топырағын ақырын сілкіп алған соң ғана оны қағазға жазады. Ағашты немесе бұталы өсімдіктердің бұтақшаларын бақша пышағымен, қайшымен немесе кәдімгі өткір пышақпен кесіп алады. Жағадан алыс орналасқан су өсімдіктерін ілгекпен немесе қармақпен алады.

4. Компас – дұрыс бағыт табу үшін;

5. 7 – 10 дәрежелі қол лупасы;

6. Этикеткалар. Онда: а) жердің географиялық орналасуын (облыс, аудан, жақын жерде орналасқан жергілікті пунктің атын және оған дейіңгі қашықтықты); кейде мекен ету ортасының (орман, шалғын, батпақ, қырат, жота т.б.) географиялық атауын қолданған қолайлы; тауларда теңіз деңгейінен жоғары орналасқанын көрсеткен жөн және топырақ типін анықтап алу керек; б) берілген түрдің таралу сипатын (бір – бірден, топтасып, сирек және т.б.); в) жинау уақытын (күні, айы, жылы); г) коллектордың тегі мен инициалын көрсетеді. Осы мағлұматтармен толтырылып көрсетілген этикетка ғылыми құжат болып табылады.

7. Дала күнделігі;

8. Қарындаш;

Осы өңірдегі өсімдіктерді жинауда олардың жеке топтарына көңіл бөледі. Өйткені әрбір өсімдік тобының өзінің жинау ерекшелігі бар. Мысалы, астық тұқымдастарын әдетте гүлдеп тұрған немесе тұқым беріп тұрған кезінде жинайды, өйткені олардың аналық гүлдерінің құрылысының, гүлшоғырларының орналасуының, қапшықтарының құрылысының маңызы зор. Ал, пиязшықтыларды асықпай еш жерін бүлдірмей, сыртқы қабыршағын сақтап пиязшығын қазып алады және сол арқылы анықтайды. Үлкен пиязшықтардың ортасынан бөледі. Итмұрындарды гүлдеудің әр түрлі кезеңдерінде және жемістері жетілгенде жинайды, өйткені жетілмеген жемістердің өзіндік маңызы бар. Сонымен қатар біржылдық өркенін алған жөн, өйткені итмұрынның пішіні өскен сайын өзгеріп отырады.

Өсімдіктерді  салу және кептіру әдісі, яғни өсімдіктерді жинап алғаннан кейін оны бірден папкадан алып, кептіруге байланысты, сондықтан өсімдіктерді дұрыс салу мен кептіруге үлкен назар аударады.

Кеппешөп қағаздарына өсімдіктерді сабақтары мен бұтақтарындағы жапырақтары, бүршіктері, гүлдері, жемістері, сонымен қатар жапырақтарының теріс жағы көрсетіліп салынады.

Үлкен өсімдіктерді қағазға  сиятындай және шетіне шығып кетпейтіндей етіп бұрыштап ақырын бүктейді де бүктелген жеріне ұзындығы 1 – 2 см болатын қағаз кигізеді.

Өте қалың сабақты немесе тамырсабақты өсімдіктерді ортасынан қақ бөліп салады. Қалың жапырақты немесе қалың бұтақталған өсімдіктердің жапырағының, бұтағының, гүлдерінің біраз бөлігін плып тастайды. Гүлдердің астына өте жұқа мақта салса және үстін қайта мақтамен жапса, онда гүлдері бүлінбей, қараймай жақсы өседі.

Жоғары сапалы кеппешөп жасау үшін төмендегідей жабдықтар қажет:

1. Кептіруге арналған пресс. Пресс – торлар ағашты немесе металды. Қағазға салынған өсімдіктерді осындай торлар арасына салып қалың арқан жіппен, белбеумен немесе мықты металды шынжырмен мықтап қысып байлайды. Пресс тордың мөлшері кеппешөп қағазының мөлшерінен біраз үлкен болуы тиіс. Пресс тор болмаған жағдайда фанер, қатты қағаз, тақташалар қолданып, араларына кептірілген өсімдіктер салып үстін ауыр заттармен бастырып кептіруге болады.

2. Қағаз кез – келген, мысалы, фильтрлі, ылғалды жақсы сіңіретін қағаздар. Бұл қағаздарды осы өсімдіктер арасына салады.

3. Мақталы матрастар – екі жұқа немесе фильтрлі қағаздың ортасына мақта (5 – 7мм) салынады. Мұндай кептірудің маңызы өсімдіктердің бөлімдерін жекелеп бөліп көрсетеді.

4.  Гигроскопиялық мақталарды мақталы матрастар тәрізді қолдануға болады, әсіресе, оларды гүлдерді кептіруде қолданады.

5. Қатты қағаз – өсімдіктердің арасына салуға және өсімдіктердің будасын байлап қоюға қолданады. Өсімдіктерді ашық ауа – райында пресс торларды күн көзіне іліп қойып кептіреді. Осы өсімдіктерді құрғату және желдету әдісі барысында кептірілуге қойылған өсімдіктерді ең алғашқы күндері жиі бақылап, ішіндегі сорғыш қағаздарын әрбір 10 – 12 сағат сайын ауыстырып отыру қажет.

Осылайша уақыт өткен сайын 18 – 20 сағатта бір рет өсімдіктердің сорғыш қағаздарын ауыстырып, оларды жаңа сорғыш қағаздар арасына салып отырдық. Өсімдіктер толық кепкеннен кейін систематикалық бір жүйеге келтіріп, анықтап, анықталған өсімдіктерден кеппешөп дайындадық. Кеппешөп жасау үшін өсімдік мүшелері бүлінбей қағазға тігіледі де қағаздың төменгі жағына ұзындығы 13 см, ені 9 см болатын этикетка жапсырылады.

Жиналған өсімдіктерді анықтау  үшін «Флора Казахстана» атты тоғыз томды кітапты пайдаландық. Өсімдіктерді кептіру мен кеппешөп жасауды А.К. Скворцовтың «Гербарий» атты және В.В. Полевик, Н.Ш. Карипбаева, Б.М. Силыбаеваның «Ботаникадан оқу – далалық практикасына арналған әдістемелігі» (2005) бойынша жүргіздік.

 

 

Информация о работе Рудеральды өсімдіктер