Өсімдіктер анатомиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 17:57, реферат

Краткое описание

Өсімдіктер анатомиясы (грек. anatom – кесу, бөлу), өсімдік органдары мен ұлпаларының ішкі құрылысы туралы ғылым; ботаника саласы. Өсімдіктер анатомиясының дамуы микроскоптың пайда болуымен тығыз байланысты. 17 ғасырда итальян биологы Марчелло мальпиги (1628 – 1694) мен ағылшын ботанигі Неемия Грюдің (1641 – 1712) микроскоппен өсімдіктердің ішкі құрылымын зерттеуінің нәтижесінде өсімдіктер анатомиясының негізі қаланды.

Содержание

1. Өсімдіктер анатомиясының міндеті мен мақсаты.
2. Өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің анатомиялық құрылысы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өсімдіктер анатомиясы.docx

— 66.63 Кб (Скачать документ)

Өсімдіктер анатомиясы.

Жоспар:

  1. Өсімдіктер анатомиясының міндеті мен мақсаты.
  2. Өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің анатомиялық құрылысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Өсімдіктер анатомиясы (грек. anatom – кесу, бөлу), өсімдік органдары мен ұлпаларының ішкі құрылысы туралы ғылым; ботаника саласы. Өсімдіктер анатомиясының дамуы микроскоптың пайда болуымен тығыз байланысты. 17 ғасырда итальян биологы Марчелло мальпиги (1628 – 1694) мен ағылшын ботанигі Неемия Грюдің (1641 – 1712) микроскоппен өсімдіктердің ішкі құрылымын зерттеуінің нәтижесінде өсімдіктер анатомиясының негізі қаланды. 19 ғасырда неміс биологы Теодор Шванн (1810 – 1882) микроскоп арқылы жануарлар мен өсімдіктер жасушасының құрылымын зерттеп, жасуша теориясын ашты. 20 ғ-дың басында өсімдік ұлпасы жасушалары мен органоидтарын зерттеу негізінде өсімдіктер анатомиясынан жасуша туралы ғылым – цитология бөлініп шықты. Өсімдіктер анатомиясын зерттеуде жаңа әдістер – электрондық микроскоп, сол сияқты гистохимиялық зерттеулер, т.б. қолданылады. Анатомиялық зерттеулер көмегімен өсімдіктердің тегі, егістік дақылдарының түрлі сорттары, өсімдіктің сыртқы орта әсеріне төзімділігі анықталады. Қазақстанда өсімдіктер анатомиясы жөніндегі зерттеулер 1930 – 1932 жылдары КСРО ға (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) Қазақстандық базасының Ботаника секторында (қазіргі ҚР Білім және ғылым министірлігінің ботаника және фитоинтродукция институты) басталды. Зерттеу жұмыстары, сондай-ақ Бас ботаник. бақта, ҚазҰУ-де (Қазақ ҰлттықситетУниверситеті), ҚазҰАУ-дың (Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті) арнаулы кафедралары мен ауыл шаруашылығы министірінің қармағындағы бірқатар ғылыми-зерттеу институттарында жүргізіледі. Алынған ғылыми мәліметтер биологияда, агрономияда, дендрохронологияда, фармацевтикада, тамақ және ағаш өңдеу, т.б. ш-тарда пайдаланылады.
  2. Өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің анатомиялық құрылысы.

Өсімдік мүшелері вегетативтік – мүшелер өсімдіктің өсуін, тіршілігін қамтамасыз етеді. Оларға: тамыр, сабақ, жапырақ, өркен жатады.

1. Тамыр – топырақтың  ішінде жататындықтан өсімдіктің  жер асты мүшесі. Оның атқаратын  қызметі: топырақтан су мен минералды  тұздардың ерітіндісін сору; өсімдікті  топыраққа мықтап бекіту; қоректік  заттарды қорға жинау. Су мен  минералды тұздардың ертіндісін  сору қызметіне байланысты өң  жасушаларынан тамыр түктері  түзіліп, өткізгіш жүйелері дамып  көлемін ұлғайтса, ал топыраққа  мықтап бекіну қызметі оның  орталық бөлімінде тірек ұлпалары  түзіліп, беріктігін күшейте түседі. Сабақтан айырмашылығы – тамырдың  алғашқы қабығы тез түсіп отырады, жапырақ (тіпті қабыршақ түрінде  де) шығармайды. Тамыр сабық сияқты  ұшынан өседі (тамыр ұшы оймақшамен  қапталып тұрады, ол қорғаныштық  қызмет атқарады). Тамырлар негізгі, жанама, қосалқы деп үш түрге  бөлінеді. Неігізгі тамыр тамырдың  ұрық тамыршасынан дамиды, ол  тік төмен қарай бағытталып  өседі. Тамыр мен сабақтың ұштасып  жалғасқан жерін тамыр мойыны  дейді. Өсу барысында негізгі  тамырдан, тарамдалып жанама тамырлар  шығады. Олар тік төмен бағытталмай  жан-жаққа таралып жайлып өседі.  Қосалқы тамырлар сабақ пен  жапырақтан өсіп шығады да  бүкіл тамыр жүйесінің көлемін  ұлғайтады. Ол дара жарнақты өсімдіктерде (бидай, пияз, жүгері, күріш) негізгі  тамырдың орынын басады. Қосалқы  тамырлар неғұрлым жиі өссе  өсімдіктің топырақтан қоректенуі  жақсарып, соғұрлым мол өнім алынады. Негізгі тамыр, жанама тамыр, қосалқы  тамырлар жиынтығы тамыр жүйесі  деп аталады.

Тамыр жүйесі – бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығы. Негізінен кіндік тамыр жүйесі және шашақ тамыр жүйесі деп екі типке бөлінеді. Кіндік тамыр жүйесінде білуленген жуан  негізгі тамыры бар, оның жан-жағынан әр түрлі бағытқа жанама тамырлар таралады. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктер: сәбіз, картоп, қызанақ, орамжапырақ, т.б.(қос жарнақты өсімдіктердің барлығында болады). Шашақ тамыр жүйесінде ерекшеленіп білінетін негізгі тамыр болмайды. Қосалқы тамырлардың қаулап өсуі біркелкі жуандықта шашақталып жан-жаққа жайыла өседі, көбінесе дара жарнақты өсімдіктерде (бидай, жүгері, күріш, тары, сұлы, пияз, барлық пиязшықты өсімдіктер) болады. 

Тамыр - өсімдіктің бірліктік, вегетативтік мүшесі, шектеусіз жоғары өсуі, оң геотропизмдік қасиеті бар, құрылысы радиалды және ешқашан да жапырағы болмайды.

Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады.

Тамырды жіктеу. 
Кіндік тамыр жүйесінде негізгі  тамыр өте жақсы жетіледі. Одан жан-жағына жанама тамырлар тарайды (мысалы, асбұршақ, асқабақ, қауын, жоңышқа, сәбіз, аскөк, т.б.). 
Шашақ тамыр жүйесіне негізгі тамыр болмайды. Болған күнде де өте нашар дамып, жуандамай, басқа тамырлармен бірдей өседі. Жуандығы біркелкі жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады. Мысалы, пияз, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тары, күріш, сарымсақ және т.б. 
Аралас тамырлар жүйесінде анық көрінетін негізгі, сонымен қатар қосымша тамырлар да болады (қызан, капуста). 
Тамырдың қызметтері 
Тамыр арқылы топырақтан суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді; 
Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады; 
Әр түрлі органикалық заттарды (аминқышқылдар, гормондар, т.б.) синтездейді. 
Кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды; 
Басқа өсімдіктердің тамырларымен, микроорганизмдермен, саңырауқұлақтардың жіпшелерімен әрекеттеседі; 
Вегетативтік көбеюге қатысады. 
2. Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелерімен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек. 
Қызметі: 
сабаққа бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді; 
қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады; 
органикалық заттар қорға жиналады; 
көбеюге қатысады. 
3. Өркен (cormus) - біліктен, сабақтан және одан тарайтын жапырақтар мен бүршіктерден құралған жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі мүшелердін бірі. Репродуктивті өркендеп көбею мүшелері, спорангийлер, стробиллалар, гүлдер орналасқан. 
"Өркен" деген сөз - бүршігі, жапырағы бар өсімдікті білдіреді. 
4. Жапырақ - өсімдіктің негізгі мүшесінің бірі,онда органикалыққ зат түзіледі,газ алмасып,су буланады. 
Жапырақ (лат. folіum, гр. phyllon) — жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады.мен дейди ол сос ын мен дид 
Жапырақтың мөлшері әр түрлі болады. Мысалы, шөптесін өсімдіктерде 3 — 10 см-дей, банан жапырағының ұзындығы 1 — 5 м, ені 40 — 50 см, цейлон пальмасы жапырағының ұзындығы 10 — 20 м, ені 12 м-ге дейін. Жапырақтың сыртқы құрылысы — Жапырақ тақтасынан (алақанынан) және сағақтан тұрады. Жапрақтың кеңейген жері — тақтасы, ал сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі — сағағы деп аталады. Сағақсыз жапырақтар да болады. Сабақ буынынан тармақталған сағақты бір жапырақ өсіп шықса — жәй Жапырақ деп аталады, олардың пішіндері әр түрлі болады, мысалы, қарағайдың, шыршаның Жапырақты — қылқан, ине, астық тұқымдастарында — таспа; көк теректе — дөңгелек тәрізді. Бір сағаққа бірнеше жапырақ орналасса — күрделі Жапырақ деп аталады. Бұлар да әр түрлі болады: үшқұлақты күрделі Жапырақ (беде, соя); саусақ салалы күрделі Жапырақ (атбас талшын, қарасора, қазтабан, т.б.); қауырсын тәрізді күрделі Жапырақ, ал бұл жұп қауырсынды (асбұршақ, ноғатық, т.б.), тақ қауырсынды (қызыл мия, итмұрын, шетен, грек жаңғағы, т.б.) болып бөлінеді. Жапырақ тақтасының анатомдық құрылымы — оның қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Жапырақ тақтасын екі жағынан да жұқа қабықшамен қапталған эпидермис жауып жатады. Эпидермистің астында борпылдақ ұлпа — мезофилл болады. Сонымен қатар бұл ұлпаның клеткаларында фотосинтезге және өсімдіктің тыныс алуына қатысатын хлоренхима бар.

Жапырақ құрылысы

 

Жапыраққа беріктілік, серпімділік қасиет беретін, оның “қаңқасын” құрайтын талшықтар жапырақ жүйкесін құрайды. Жапырақ жүйкесінің құрамында әр түрлі клеткалардан құралған негізгі өткізгіш ұлпа — ксилема; өсімдікте органикалық заттарды таситын және өсімдіктің арнайы мүшелерінде (жер асты тамырында, өсу нүктесінде, жемісі мен дәнінде, т.б.) қор жинауға қатысатын түтікті-талшықты күрделі ұлпа — флоэма болады. Жапырақ сағағынан тақтасына қарай жалғасып жатқан өткізгіш шоқтар — орталық жүйке деп аталады, ал одан жан-жаққа таралған жанама жүйкелердің орналасуына қарай жүйкелену бірнеше типке бөлінеді: қауырсын тәрізді торлы жүйкелену — орталық жүйкенің жан-жағын жанамалап жатуы (тал, терек, алма, алмұрт, шие, т.б.); саусақ салалы жүйкелену — негізгі орталық

жүйке бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді салаланып таралуы (үйеңкі, бегония, т.б.); параллель (қатарласа) жүйкелену — талшықтар жапырақтың ұшына қарай қатарласа созылуы (барлық астық тұқымдастары), доғалы жүйкелену — жүйкелер жапырақ тақтасының түбінен шығып, жапырақтың ұшына жеткен кезде доға тәрізді бір-бірімен соқтығысады (інжугүл, жолжелкен.)

Жүйкелену

 

Жапырақ тақтасындағы өткізгіш шоқтар

Жүйкелену - деп өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуын айтады .

Олардың қызметі:

  1. Жапырақ қаба:ттарына су мен онда еріген минералды тұздар жеткізіледі ;

  1. Органикалық заттар басқа мүшелеріне таратылады;

  1. Жапыраққа беріктік қасиет береді.

Жүйкеленудің типтері:

  1. Қауырсын тәрізді торлы жүйкелену негізгі орталық жүйкенің жан-жағынан жанама жүйкелер теңдей таралады. Майда жүйкелері торлап жатады.

  1. Саусақ салалы жүйкелену орталық жүйке бір жерден басталып жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді саланып таралады.

  1. Параллель жүйкеленуде жүйкелер жапырақтың ұшына дейін қатарласа созылады .

  1. Доғалы жүйкелену жапырақ тақтасының түбінен қатарласа шыққан жүйкелер , жапырақ ұшына жеткенде доға тәрізді бір -бірімен түйіседі .

ториоь Жапырақтың сабақта орналасуы 3 түрлі болады:

  1. Кезектесе орналасу. Сабақтың әр буынында 1 жапырақ болса - кезектесе орналасу деп аталады.

  1. Қарама қарсы орналасу. Бір буында екі жапырақ қарама-қарсы болса- қарама қарсы орналасу деп аталады

  1. Топтаса орналасу. Бір буында үш-төрт жапырақ болса - топтаса орналасу деп аталады

Өсімдік жапырағы

Өсімдік жапырағы белгілі бір заңдылықпен орналасады: 1) кезектесіп орналасу — сабақтың әр буынында дара жапырақ кезек-кезек шығады. Мысалы, жапырақ бір-бірін көлеңкелемеу үшін бір жапырақ сабақтан оңтүстікке қарай, екіншісі солтүстікке, үшіншісі шығысқа, төртіншісі батысқа қарай кезектесе орналасады. Сондықтан жапырақ тақталары қанша үлкен болғанымен, жарықтың түсуіне кедергі болмайды (астық тұқымдасы, емен, т.б.); 2) қарама-қарсы орналасу — сабақтың әр буынынан екі жапырақ бір-біріне қарама-қарсы өсіп шығады да, үстіңгі жапырақтар төменгілерін көлеңкелемейді (үйеңкі, қалампыр, жалбыз, сирень, т.б.); 3) топтанып орналасу — сабақтың бір буынында үш не одан да көп жапырақтың болуы (сары ағаш, қарғакөз, т.б.).

Жапырақ алдымен ұшынан өседі, 30-40 күннен кейін өсуі тоқталады, тек қырыққұлақ пен вельвичияның жапырақтары қурап қалғанша өсе береді. Жапырақтың тіршілік ету ұзақтығы бірнеше айдан 15 жылға дейін созылады. Мысалы, кәдімгі қарағайда 2-3 жыл, Кавказ самырсынында 9-13 жыл, шыршада 5 жыл, т.б. Ал ашық тұқымдылардың жапырақтары бірден түспей кезектесіп түсетіндіктен мәңгі жасыл болып көрінеді.

 

Жапырақтың түсуі

Жапырақтың түсуі — өсімдіктің эволюциялық дамуында әр түрлі қолайсыз жағдайға бейімделуі, яғни күзде күн суытып, топырақ құрғаған кезде тамырдан өсімдікке келетін ылғалдың азаймауынан және қыста қалың қар жауғанда өсімдік бұтағының сынып кетпеуінен сақтайды. Күзде күн суытып, топырақ құрғаған кезде жапырақтағы фотосинтез процесі бірте-бірте әлсірейді. Жапырақ пен сабақ арасындағы зат алмасу тоқтайды. Жапырақ сабағы түбіндегі клеткалар ыдырап, ажырау қабаты пайда болады. Бұл кезде жапырақ сабаққа әрең ілініп, өзінің салмағынан, жел, жауын әсерінен үзіліп түседі. Көптеген өсімдіктердің (салат, капуста, пияз, аскөк, қымыздық, т.б.) жапырақтары тағам, ал кейбір өсімдіктердің жапырағы мал азығы ретінде пайдаланылады. Жапырақтан эфир майы алынады, медицинада пайдаланылады.

Жапырақ бүргесі

Жапырақ бүргесі (Psyllіnea) — тең қанаттылар отрядына жататын зиянкес жәндік. Жер бетінде кең тараған, 1300-дей түрі белгілі. Қазақстанның, негізінен, оңтүстігінде кездеседі. Ондағы жеміс ағаштарының зиянкестеріне алма жапырақ бүргесі (Psylla malі) және алмұрт жапырақ бүргесі (Psylla pyrіcola) жатады. Бұлардың дене тұрқы 1,5-4 мм-дей (Австралияда кездесетін түрінің ұзындығы 6 мм). Басы жалпақ, көздері үлкен, күрделі болады. Қос жұп қанаттары түссіз. Аяқтары қысқа, артқы жұп аяқтары секіруге бейім. Жылына 1-5 ұрпақ береді, топтанып тіршілік етеді. Жұмыртқаларын ағаш бұтағының көзге көрінбейтін жеріне салады да, сол жерде қыстап шығады. Көктемде олардан шыққан дернәсілдері (жылтыр, жалпақ) мен нимфалары (жыныстық жағынан толық жетілмеген аналықтары) жеміс ағаштарының жапырағы, сағағы, гүлтұғыры, бұтағына жабысып алып, өсімдіктің шырынын сорады. Дернәсілдері қоректенгенде, өздерінен бөлінетін тәтті, жабысқақ сұйық затпен өсімдіктің вегетативтік мүшелерін зақымдап, өсуіне кедергі жасайды. Өспеген жеміс ағаштары солып, қурап қалады. Сондай-ақ, жапырақ бүргесі — вирус таратушы жәндіктер. Күресу шаралары: ағаштар бүршік жарғанда фосфорлы органиктік инсектицидтер шашу қажет.

Жапырақ жемірі

Жапырақ жемірі, жапырақ жегісі (Chrysomelіdae) — қатты қанаттылар отрядына жататын қоңыздардың бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған, 40 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 1000-ға жуық түрі бар. Ұзынша келген денесінің тұрқы 10 мм-дей. Қоңыздардың барлығы дерлік ашық түсті болады. Бұлардың сопақша дернәсілдерінің үстін безді бүртіктер жапқан. Жапырақ жемірлері өсімдіктердің жапырағымен қоректеніп, жұмыртқаларын жапырақ бетіне салады. Ал кейбір түрлері топырақ арасында немесе өсімдік ұлпасының ішінде тіршілік етеді. Жапырақ жемірі — орман, бақ, көкөніс ағаштарының зиянкестері. Мысалы, айқышгүлдер бүргесі — көкөністің, колорадо қоңызы — картоптың, астық сүлікшесі — бидайдың зиянкесі. Кейбір түрлері арамшөптерді жоюда биологиялық күрес шараларын жүргізу үшін қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       

Пайдаланылған әдебиеттер.

Өсімдіктану кітабы 6-7 сынып

  1. Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

  1. "Қазақ Энциклопедиясы"

  1. Гуляев Г.В. Генетика – М. Колос, 1984

  1. Жатқанбаев Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Өсімдіктер анатомиясы