Рудеральды өсімдіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 17:58, курсовая работа

Краткое описание

Семей өңірі қарқынды шаруашылық қолданыстағы аудандардың біріне жатады. Табиғи экожүйелердің түгелгедерлігі антропогенді факторлардың теріс әсеріне әртүрлі деңгейлерде ұшыраған. Семей қаласының орталық бөлігі рудеральды өсімдік жамылғыларының және оларды құрайтын элемент-фитоценоздарының жағымсыз трансформациясына әкеледі. Ірі қала табиғи ортаның барлық кешендерін айтарлықтай өзгертеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ботаника курс.docx

— 97.76 Кб (Скачать документ)

Бөденешөп туысы - Veronica

Киікшөп бөденешөп - Veronica seppyllifolia сабақтары тік, жай жапырақтары тілімделген, бүтін жиекті, қарама - қарсы орналасады. Жапырақтарының сыртын түк басқан. Гүлшоғыры шашақ, масақ, сыпырғыш тәрізді. Гүлдері алқызыл, көк көгілдір, күлгін түсті болады. Тостағанша жапырағы 4, күлте жапырақтары 5, аталығы 2, аналығы біреу. Мамыр- тамыз айларында гүлдеп, шілде- қазанда жемістенеді. Жемісі- қауашақ. Ұзын бойына қақырап ашылады. Тұқымдарының сырты тегіс, кейде қыртысты, түк басқан.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Рудеральды  өсімдіктердің морфологиялық, биологиялық  сипаттамасы

 

Өсімдіктердің систематикалық сипаттамасы

Экологиялық сипаттама сы

Биологиялық ерекшеліктері

Эндем

Гүлдеу уақыты

Рудеральды өсімдіктердің маңызы

Ксерофит

Мезофитит

Гигрофит 

Таралуы

min

max

mid

     

Ι.Астық тұқымдасы-Graminea-Злаки

                 

Қоңырбас туысы

1.Кәдімгі қоңырбас

 

 

+

+

+

       

 

 

 

+

 

Көктемнің аяғымен  мен күздің басы

Мал азықтық

Атқонақ туысы 

2.Шалғын атқонақ

+

-+

 

+

 

=+

 

Шілде-қазан

Мал азықтық

3.Мысыққұйрық

Һ+

     

++

   

Мамыр-маусым

Жақсы мал азығы

ΙΙ.Қалақайлар тұқымдасы

                 

Қалақай туысы 

4.Күйдіргіш қалақай

+

 

+

+

+

+

 

+

 

 

+

Һ

 

+

 

Көктемнің аяғынан бастап,жаз  бойы

Дәрілік, эфир майлы, бал  шырынды

ΙΙΙ.

Крестгүлділер тұқымдасы

                 

Сарбасқурай туысы

5.Дәрілік сарбасқурай

 

 

++

       

 

 

 

+

 

 

+

Маусым- шілде

Мал азықтық, сүрлем жасалады

Жұмыршақ туысы

6.Кәдімгі жұмыршақ

 

 

 

+

Һ

 

 

 

+

 

+

 

 

+

 

++

   

Сәуір- тамыз

Дәрілік, тағамға қолданылады

ΙV.Бақажапырақтылар тұқымдасы

+

   

+

       

 

 

Бақажапырақ туысы 

7.Үлкен бақажапырақ

 

 

 

+

+

     

 

 

 

+

     

Дәрілік

V.Ерінгүлділер  тұқымдасы

                 

Сасықшөп туысы 

8.Қабықшалы сасықшөп

+

+

 

+

       

+

 

 

+

 

Шілде- тамыз

Дәрілік

Шалфей туысы 

9.Дала шалфейі

 

 

+

     

+

 

+

   

Мамыр- қыркүйек

Дәрілік

Жебір туысы 

10.Кәдімгі жебір

 

++

     

++

 

Маусым- тамыз

Дәрілік, бал шырынды

Сайсағыз туысы

11.Күмәнді сайсағыз

   

+

 

 

+

   

 

 

 

+

 

Маусым- шілде

Дәрілік, бал шырынды

Фломис туысы 

12.Түйнекті  фломис

++

+

 

+

 

++

 

Маусым-қыркүйек

Дәрілік, азықтық

VΙ.Күрделігүлділер  тұқымдасы

                 

Мыңжапырақ туысы

13.Кәдімгі мыңжапырақ

 

+

 

+

     

 

 

 

+

   

Маусым- қазан

Дәрілік

Қалуен туысы

14.Егістік қалуені

+

 

 

+

   

 

 

+

   

Маусым– қыркүйек

Мал азықтық

Юринея туысы 

15.Қатпарлы юринея

 

 

+

     

 

 

+

       

Жусан туысы

16.Шашақты жусан

 

++

     

+

 

+

   

Маусым- тамыз

Мал азықтық

Таусағыз туысы

17.Кәдімгі таусағыз

 

 

 

+

       

 

 

 

+

 

 

 

+

Мамыр-маусым

Құрамын

да каучук бар

Салаубас туысы

18.Құмдық салаубас

 

 

 

+

       

 

 

 

+

   

Дәрілік

Далазығыр туысы-

19.Нүктелі далазығыр

                 

Түймебас туысы 

20.Тілме түймебасы

 

 

 

+

       

 

 

 

+

 

Мамыр– шілде

Мал азықтық

VΙΙ. Шатыршагүлдер тұқымдасы

                 

Сәбіз туысы

21.Жабайы сәбіз

 

 

+

       

 

 

+

 

Маусым- қыркүйек

Бағалы шырынды азық

VΙΙΙ. Қалампыргүлділер  тұқымдасы

                 

Аққаңбақ туысы

32.Айыр аққаңбақ

 

 

 

+

       

 

 

 

+

 

Маусым-шілде

Мал азықтық

ΙΧ. Тарандар тұқымдасы

                 

Таран туысы 

33.Құс таран

 

+

     

 

+

   

Маусым- тамыз

Мал азықтық

Χ. Қияқөлеңдер тұқымдасы

                 

Кобрезия  туысы

34.Жіңішкежемісті кобрезия

   

 

 

 

+

 

 

 

+

       

Сапасы жоғары мал азық

ΧΙ. Сүттігендер тұқымдасы

                 

Сүттігендер туысы

35.Талшықты сүттіген

 

 

 

+

     

 

 

 

+

     

Құрамында улы сүтті шырындар бар

ΧΙΙ. Лалагүлділер тұқымдасы

                 

Қазжуа туысы 

36.Қамыт қазжуа

 

 

+

       

 

 

+

 

 

+

Ерте көктемде

Көкөніс түрінде қолданылады

ΧΙΙΙ. Алқалылар тұқымдасы

                 

Меңдуана туысы 

37.Қара меңдуана

 

 

 

+

       

 

 

 

+

   

Гиоциамин дейтін алкалоид алынады

ΧΙV. Алабұталар тұқымдасы

                 

Көкпек туысы

38.Жылтыр көкпек

 

 

+

     

 

 

+

     

Арамшөп, сапалы мал азық

ΧV. Сабынкөктер тұқымдасы

                 

Текесақал туысы

39.Шығыс текесақалы

+

 

 

+

       

 

 

 

+

 

Мамыр- қыркүйек

Дәрілік

Бөденешөп туысы

40.Киікшөп бөденешөп

 

 

 

 

+

     

 

 

 

+

 

 

+

Мамыр- тамыз

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Рудеральды, жол  жиегінде өсетін өсімдіктерді  мектеп бағдарламасында биология  пәнінде қолданып, пайдалану

 

Оқу жоспары бойынша биология пәні жалпы білім беретін орта мектептерде 5-11 сыныптар аралығында оқытылады.

Бұл басылым Қазақстан  Республикасының жалпы білім  бері стандарттары мен биология пәнінің  оқу бағдарламасы бойынша сәйкестендірілген.

Биология пәнінде “Тірі организмдердің көп түрлілігі” деп аталатын ерекше бөлім. Осы бөлімде оқулықта тірі табиғат топтары, республикада мекендейтін түрлері, олардың тірі табиғат жүйесіндегі орны, бір-бірімен байланысы, шығу тегі, эволюциялық даму жолдары, өзгешеліктері мен ұқсастықтары қарастырылады. Осылайша, өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар, бір-бірімен тығыз байланысқан тірі табиғаттың біртұтас екі тобымен – өсімдіктермен және  жануарлармен танысуға болады. Сонымен бірге, тірі табиғаттың көп түрлілігі сақталғанда ғана тіршіліктің қалыпты дамуының мүмкін екендігі және тірі табиғаттың көп түрлілігі бір-бірімен байланысқан күрделі жүйе екендігі айқын көрсетіледі.

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Семей аймағындағы рудералды өсімдіктер». Бұл тақырыпты мектеп оқулығының  Р.Әлімқұлқызы,  Б.Дуйсебайкызы, Е.Турбеккызының  6-7 сыныпқа арналған  “Тірі организмдердің көп түрлілігі” атты тарауға сәйкестендіре  алып отырмын.

Рудеральды өсімдіктер мектеп бағдарламасында алтыншы, жетінші  сыныптар аралығында биология пәнінде  «Өсімдіктер бірлестігі» тақырыбында  қарастырылған. Жоғарыда аталған тарауларда курстық жұмыстың ауқымын кең  көлемде ашып көрсетуге болады.

Бірақ бұл оқулықтардағы  тақырыптарда мүлдем рудеральды өсімдіктер туралы қарастырылмаған. Сол себепті  тақырыпты толықтыру үшін Браун- Бланке әдісін қолдана отырып, келесі сабақ жоспарын ұсынамын.

 

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Өсімдік бірлестіктері».

 Сабақтың мақсаты: 

1.Білімділік: Өсімдік бірлестіктері, соның ішінде рудеральды өсімдіктерге мәлімет беру.     

2.Дамытушылық:  Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өз ойларын жеткізуге үлес қосу.

3. Тәрбиелілігі: Кен орындарында, тастанды жерлерде, бұзылған топырақтарда, қараусыз қалған ауылщаруашылық жерлерде рудеральды өсімдіктерді отырғызу туралы мәлімет беру.

I  Ұйымдастыру  кезеңі:     Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы:   І бөлімді қайталау, жұмыс дәптерін орындау.

III  Жаңа сабақты  түсіндіру:

Өсімдік бірлестігі дегеніміз – бірдей жағдайда (топырақ, климат) өсетін және өзінің тіршілігі үшін күресіп отыратын өсімдік түрлерінің жиынтығы.

Кез- келген өсімдік түрінің  табиғатта жеке өсуі өте сирек  кездеседі. Өсімдіктер су, жарық, топырақ  және қоректік заттарды қажетсінулеріне, сондай- ақ өздерінің қажет қажет етулеріне ортақ жаулары мен өлі табиғаттың қолайсыз жағдайларына қарсы күресу мүмкіншіліктеріне сәйкес қарым-қатынас жасайтын күрделі өсімдік жамылғысын түзеді. Өсімдіктер жамылғыларының құрамына қарай өсімдік бірлестіктерін: шалғынды, батпақты, орманды, далалы жерлердің өсімдіктері деп топтастыруға болады. Олар мұнан гөрі  де ұсақ бірлестіктерге бөлінеді. Мысалы, шалғындық жерлер – су-арма шалғынды. Құрғақ алқаптық шалғынды, тау шалғынды, ал батпақты жер- шымтезекті, шөпті болып бөлінеді.

Өсімдік  бірлесігінің маңызды белгілері, өсімдіктердің жер үсті және жер асты мүшелерінің белдеуленуі, яғни биіктіктері және тамырларының ұзыңдықтары – әр түрлі болады; өсімдіктердің даму жылдамдығы да әр түрлі; өсімдік жамылғысына кіретін өсімдіктер бір түрден екінші түрге ауысуға икемді болады.

Мысалы, орман ішінде өздерінің  тіршілік ету қалыптары бір - бірінен өзгеше болып келетін өсімдіктерден құралған бірнеше белдеу кездеседі. Жоғары белдеудегі өсімдіктердің бөрікбасы жары сүйгіш,ортағы белдеудегі өсімдіктер жаріқтық аз ғана мөлшерімен қанағаттанатын ұсақ ағаштар мен бұталардан құралады. Төменгі белдеуде көлеңкеге төзімді жартылай бұталар, қырыққұлақтар мен әр түрлі шөптесін гүлді өсімдіктер болады. Бұлардың түбінде мүктер, саңырауқұлақтар өседі. Осыған ұқсас белдеулік биікшөптер (арпабас, қойкөде, шалғындық жоңышқа) және аласа шөтер (су оты, жұпарбас,ақбас жоңышқа) өсетін шалғындықтар да кездеседі. Шалғындық жерлерден шөптердің өсу кезеңінің ішіндегі даму қарқыны да әр түрлі болатыны байқалады. Шалғындық өсімдіктердің гүлдеуі ерте кқктемде басталады да, шөп шабу кезеңінде толық гүлдеп бітеді. Оның реңі жаз бойы өзгеріп, құлпырып тұрады.

Қазақстан жері кең –  байтақ және топырағы мен климаты  әр түрлі болғандықтан, өсімдікке  де бай. Мұнда орманды дала, сардала  шөлді, батпақты, таулы жерлер де кездеседі.

Шөлейт жердің топырағында  тұз көп, ауа райы құрғақ, жазы ыстық, қысы суық. Сардалада бетеге, ақжусан, изен, шытыр, тырбық, кәріқыз, сасыр, қылша, әр түрлі жуалар, қызғалдақтар өседі. Шөлді жердің өсімдігі аз және олар қуаңшылық жағдайда ерекше бейімделген. Су жер астында тереңде жататындықтан. Оған жету үшін тамыр жүйелері ұзарады. су тапшы болғандықтан, буландыру беті тарылады, кейде өсімдіктің жапырағы бүтіндей жоғалып, оның қызметін жаңа өсіп келе жатқан өркендер атқарады. Шөлді жерлерде шөптесін өсімдіктерден бидайық, қоңырбас, селеу, өлеңшөп, жусан, изен, сексеуіл және жүзгіннің кейбір түрлері өседі. Өзен аңғарларында, қолдан суарылатын жерлерде мақта, күріш, бидай, кендір, беде егістері көп егіледі.

Сор топырақты (жер асты суы  жақын жататын) жерлерде сабақтары  етті болып келетін шөпсораң өседі. Шөл аймағында шөптесін өсімдіктер аз, көбіне ерекше пішінді ағашты және бұталы өсімдіктер басым. Шөлді жердің топырағында (құмды, тасты, сазды) әр түрлі өсімдік бірлестіктері қалыптасады.

Рудеральды бірлестіктер, әдетте табиғатқа қарқынды антропогендік  процестің нәтижесінде қалыптасады, соңғы жылдары ол фитоценологтардың  зерттеу обьектісіне айналды. Рудеральды бірлестіктерге деген қызығушылық  адамның әсерінен бұзылған экожүйелердің  көлемінің ұлғаюы және оларды қалпына  келтіру процестерімен байланысты.

Рудеральды өсімдіктер- (лат. Rudus- түр, ruderis- қиыршық тас, қоқыс ) сыпырынды, екінші рет пайда болған өсімдіктер. Рудеральды өсімдіктер құрылыс орындарының  маңында, жол жиектерінде, бос қалған жерлерде өсіп шығады. Көбінесе нитрофил өсімдіктер болып есептеледі.

Бұзылған топырақтарда бірінші  өсіп шығатын өсімдіктердің түрі- рудеральды өсімдіктер. Топырақтың бұзылуы  табиғи (орман өрттері, көшкіндер), немесе адамның әсері  ̵ конструкциялық (жол құрылыстары, құрылыста немесе кен орындарында) және ауылшаруашылық (мысалы, қараусыз қалған ауылщаруашылық жерлер). Рудеральды өсімдіктер әдетте, бірнеше жыл көлемінде басқа  түрлер бәсекелестік қасиетін біртіндеп  жоғалта бастағанда, бұзылған аудандарда олар үстем болады.

Жаңа сабақты бекіту: Оқушылар сұрағы бар карточкаларды беріп, өткен тақырып бойынша сабақты бекітемін.

Қорытынды:   Адамның шаруашылық саласындағы әрекеті жаңа өсімдік бірлестігін қалыптастырып, оның тіршілігін ұзартуы да мүмкін. Адам әрекетінің нәтижесінде қалыптасатын шөпті рудеральды өсімдіктер  жыртылған жерлер, кен орындары, бос қалған жерлердің өсімдіктерімен жақын, жанасып өседі. Бұл жерлердің көптеген өсімдіктері емдік қасиетке ие, кейде олар армашөпті өсімдіктер түрінде де кездеседі. Бұрынғы құрылыс орындары, мал шаруашылық фермаларындағы құнарлы топырақтарда қос үйлі қалақай мен сасықшөп таралады. Мұндай дәрілік өсімдіктердің шикізат қоры айтарлықтай мол. Құрғақ сасықшөптер қара меңдуана және кәдімгі сасық меңдуанамен қатар мекендейді. Сазды құрғақ топырақтарда өсетін сасықшөптермен бірге ащы жусан мен кәдімгі түймешетендер өседі. Бұл адамның шаруашылық қолданыстағы жерлеріндегі негізгі дәрілік өсімдіктер. Браун-Бланке әдісі өсімдіктің ерекшелігіне байланысты геоботаникалық мәліметтердің жүйелілік тәсілдерін нақты түрде өзгертеуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Рудеральды өсімдіктер құрылыс  орындарының маңында, жол жиектерінде, бос қалған жерлерде өсіп шығады. Көбінесе нитрофил өсімдіктер болып есептеледі. Бұлар арамшөпті өсімдіктердің  бір тобын құрайды.

Бұзылған топырақтарда бірінші  өсіп шығатын өсімдіктердің түрі- рудеральды өсімдіктер. Топырақтың бұзылуы  табиғи (орман өрттері, көшкіндер), немесе адамның әсері  ̵ конструкциялық (жол құрылыстары, құрылыста немесе кен орындарында) және ауылшаруашылық (мысалы, қараусыз қалған ауылщаруашылық жерлер). Рудеральды өсімдіктер әдетте, бірнеше жыл көлемінде басқа  түрлер бәсекелестік қасиетін біртіндеп  жоғалта бастағанда, бұзылған аудандарда олар үстем болады.

Рудеральды бірлестіктер, әдетте табиғатқа қарқынды антропогендік  процестің нәтижесінде қалыптасады, соңғы жылдары ол фитоценологтардың  зерттеу обьектісіне айналды. Рудеральды бірлестіктерге деген қызығушылық  адамның әсерінен бұзылған экожүйелердің  көлемінің ұлғаюы және оларды қалпына  келтіру процестерімен байланысты.

Өсімдіктерді классификациялауда барлығына танымал Браун-Бланке әдісі қолданылады.

Қазіргі таңда табиғи ортада болып жатқан антропогендік процестер  қызығушылық тудыруда. Адамның әрекеті  әсіресе, өсімдік жамылғысына ерекше байқалып отыр. Батыс елдерінде өсімдіктердің  антропогенді өзгеру процестері көптеген елдерінде зерттеліп жатыр, мысалы: Германияда, Чехия, Польша, Украина  және т.б. елдерде. Қазақстанда рудеральды өсімдіктерді зерттеуге деген қызығушылық 1980 жылдардың ортасына қарай арта бастады. 

Семей өңірінің геоботаникалық жағдайын зерттей келе, рудеральды флорасы 30 түрге, оның ксерофитері - 16, мезофиті - 4, гигрофит - 2, эндемі - 4 анықталды.

Курстық жұмыстың орындалу барысында Семей өңірінің өсімдік  жамылғысы зерттеліп және рудеральды өсімдіктер түрлеріне систематикалық сипаттама берілді. Қойылған міндеттер толығымен орындалды:

  1. Семей өңірінің рудеральды өсімдіктеріне геоботаникалық зерттеу жүргізілді;
  2. Зерттелген синтаксонды флораға анализ берілді;
  3. Семей өңірінде кездесетін өсімдіктеріне салыстырмалы сипаттама берілді;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Б.М. Силыбаева, Ж.Қ. Байғана, Н.Ш. Карипбаева, В.В. Полевик «Жоғары     сатыдағы өсімдіктер систематикасы», Семей 2010

Информация о работе Рудеральды өсімдіктер