Жалпы медициналық микробиология пәнінің зертханалық сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 18:03, курс лекций

Краткое описание

Кіріспе. Қоршаған ортамыздағы барлық микроорганизмдерді зерттеу ғылымы олардың биологиялық қасиеттері мен ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі бағыттарға бөлініп кетеді. Адам денсаулығына тікелей қатысты патогенді және шартты патогенді бактерияларды медициналық микробиология зерттейді, ал жалпы микробиология осы ғылыми бағыттардың барлығына ортақ микробиологиялық зерттеу әдістерін қамтиды. Микроорганизмдерді микробиологиялық, биохимиялық және молекулярлы-биологиялық зерттеу арнайы зертханаларда жүргізіледі, және де олардың құрылымы мен жабдықталуы зерттелетін объектіге (бактерияға, вирусқа, саңырауқұлаққа, қарапайымдыға), зерттеу жұмыстарының мақсатты бағыттамасына (ғылыми зерттеулерге, аурулардың диагностикасына) байланысты болады. Иммунды жауаптарды зерттеу мен инфекциялық ауруларының серодиагностикасы иммунологиялық және серологиялық (serum – қан сарысуы) зертханаларда жүргізіледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Alibekov.doc

— 4.81 Мб (Скачать документ)

       С е д м  е н т а ц и я л ы  қ   ә д і с. Қоректік агары бар екі Петри табақшасын ашық күйде тексерілетін объектіде 60 минутқа қалдырады да 37°С термостатта инкубациялайды. Нәтижелерін екі табақшадағы өскен колониялардың суммарлы саны бойынша бағалайды: 250 колонияға дейін анықталса, ауа таза деп есептеледі; 250-500 колонияның болуы орташа ластану, 500-ден жоғары болса айқын ластану дәрежесінің айғағы.

        А с п  и р а ц и я л ы қ   ә д і с.  Бұл ауаның микробтық санын анықтаудың  едәуір нақты сандық әдісі. Ауа себіндісін аспатар көмегімен жүзеге асырады. Мысалы, Кротов аппараты (8.1.1). Оның жоғарғы жағындағы қақпағына жіңішке ұзын саңлауы бар плексигластық пластина бекітілген. Ауа берілген жылдамдықпен сол саңлау арқылы сорылады да қақпақша астында бір бақытта үнемі айналып тұрған Петри табақшасындағы қоректік агар беткейіне соғылады. Құрамында микроорганзмдері бар аэрозоль бөлшектері орта беткейіне біркелкі орнығады. Себіндіні термостатта инкубациялаған соң, формула бойынша микробтық санды есептейді:

   

                                               х=

 

 

а х 1000

       V


Мұндағы а – табақшадағы өскен колониялар саны; V – аспап арқылы өткізілген  ауа көлемі, дм3; 1000 – ауаның стандартты көлемі, дм3.

Ауаның микробтық санын анықтағана гемолитикалық стрептококктарды өсіруге арналған генциан көгі қосылған қанды агар қолданылып, бақылау мақсатындағы микроскоппен көру мен күдікті колонияларды таңдамалы түрде қанды агарға ауыстыра себу жүргізіледі.

Орталардың құрамы. Генциан көгі бар  қ а н д ы   а г а р: 2 % қоректік агар, 5-10 % жылқының, көжектің немесе қойдың дефибринденген қаны, генциал көгі (1:50 000).

С а р ы у ы з д ы – т ұ з д ы   а г а р  СТА): 2 % қоректік агар, 10 % натрий хлориді, 20 % (көлем бойынша) сарыуызды қоспа (200 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіндегі  тауықтың 1жұмыртқасының уызы).

Ауаны зерттеуде басқа да аспаптар қолданылуы мүмкін. Мысалы, Дьяков, Речменский, Киктенко, АБС-1 – аэрозолды бактериологиялық сыныма алғыш, ААА-1 – ауа алу аспабы. ААА-1 көмегімен ауаның белгілі-бір көлемін сұйықтықтар немесе сүзгілер арқылы өткізеді де қоректік орталарға өлшемдік себулер жасайды. АБС-1 мен ААА-1-ді қолдану ауаның үлкен көлемдерін тексеруге және патогенді бактериялар мен вирустарды табуға мүмкіндік береді.

 

Сурет 8.1.1. Ауаның бактериологиялық зерттеуіне арналған Кротов аппараты

 

Стационарлардың (хирургиялық, акушер-гинекологиялық т.б.) ауасын зерттегенде патогенді және шартты-патогенді бактерияларды – ауруханаішілік инфекция қоздырғыштарын (стафилококктар, көкірің таяқшалары және тб.) тікелей бөліп алу жүзеге асырылады. Стафилококктық этиологиялы ауруханаішілік инфекция пайда болған жағдайда инфекцияның шығу көзі мен таралу жолдарын айқындауға бағытталған зерттеулер жүргізіледі. Ол үшін қоршаған орта объектілерінен және де науқастар мен оларға қызмет көрсетуші мед. қызметкерлерден бөлінген стафилококктардың ұқсастықтарын фаготиптеу жолы арқылы анықтайды. Аурухана бөлмелерінің ауасы үшін жасалған микробтық сан көрсеткіштері мен Staphylococcus aureus-тің болу нормативтері № 8.1.5 кестеде келтірілген.

 

Кесте № 8.1.5. Аурухана бөлмелеріндегі ауаның микробтық тұқымдануын бағалау критериилері

 

Сынама алу орны

Микробтық сан

St. аureus (250 л-де)

Операциалық бөлмелер

жұмыс басында

                    жұмыс аяғында 

                      Босану бөлмелері 

   Шала туылған балалар  палаталары

 

500-ден аспау

1000-нан аспау

1000-нан аспау

750-ден аспау

 

Рұқсат етілмейді

Рұқсат етілмейді

Рұқсат етілмейді

Рұқсат етілмейді


 

   ●  Топырақтың  санитарлық-бактериологиялық зерттелулері

      

       Топырақтың  миркобтық санын анықтау. Топырақты зерттелуші территорияның әр жерінің 10-15см тереңдіктерінен стерильді пышақпен кемінде 10 сынама мөлшерінде алады да стерильді банкаға орналастырады. Сынамалардан 30 г ілме дайындайды да 270 мл суы бар колбаға салып, жақсылап араластырады. Алынған суспензиялардан 10-3, 10-4, 10-5 сұйылтпаларын дайындайды. Екі соңғы сұйылтпалардың 0,1 мл-лік көлемдерін ерітіліп барып 45°С-қа суытылған 40 мл көлемдегі 0,7 % қоректік агармен араластырады да 2 % қоректік агары бар Петри табақшаларына екінші қабат ретінде құяды. Себінділерді 37°С термостатта инкубациялайды да, өскен колониялардың мөлшерін санай отырып, микробтық санды анықтайды.

Топырақтың коли-титрін, перфрингенс-титрін және термофилді бактериялар титрін анықтау. Топырақ суспензияларының әртүрлі сұйылтпаларын 1 мл-ден Кесслер ортасы бар шыны түтікшелерге себеді. 43°С термостатта 48 сағат бойы инкубациялайды. Әрі қарай, талдаманы судың коли-титрін анықтауда қолданатын кесте бойынша жүргізеді. Перфрингенс титрді анықтау үшін топырақ суспензиясының әртүрлі сұйылтпасын 1 мл-ден стерильді майсызданған сүт құйылған немесе Вильсон-Блердің темірсульфитті  ортасы бар шыны түтікшелерге себеді. Себінділерді 43°С термостатта 24-48 сағат бойы инкубациялайды. Нәтижені сүттің ұюымен немесе Вильсон-Блер ортасының бағанасында Clostridium perfringens-тің қара колонияларының түзілуімен қорытындылайды. Колониялардан жағынды дайындап, оны Грам әдісімен бояған соң, микроскоптайды да перфрингенс-титрді есептейді.

Орталардың құрамдары.  К е с с л е р   о р т а с ы: 1% пептон, 5 % өт

сұйығы, 0,25 % лактоза, грамоң бактериялардың өсуін тежейтін генциан көгі.

В и л ь с о н – Б л е р д і ң  т е м і р с у л ь ф и т т і   о р т а с ы: 3 %  қоректік агар, 1 % глюкоза, 2 % натрий сульфиті, 0,08 % темір хлориді.

Термофильді бактериялардың титрін анықау үшін топырақ суспензиясының сұйылтпасын 1 мл-ден Петри табақшасына салып, үсіне ерітіліп суытылған  қоректік агар құяды. Себінділерді 60°С термостатта тәулік бойы инкубациялайды да өскен колониялардың санын 1г топыраққа тиесілі есептейді. Топырақтың санитарлы-микробиологиялық бағалануын көрсеткіштер кешені бойынша жүргізеді. Олардың ішіндегі едәуір маңыздысы фекальді ластану дәрежесін бекіту (кесте 8.1.6).

 

К е с т е   8.1.6. Негізгі микробиологиялық көрсеткіште бойынша топырақтын санитарлы жағдайын бағалау

 

Топырақтың

сипаттамасы

Коли-титр

Перфрингенс-титр

1 г топырақтағы термофильді бактериялар  саны

Таза

Ластанған

Қатты ластанған

1,0 және жоғары

0,9-0,01

0,009 және төмен

0,01 және жоғары

0,009-0,0001

0,00009 және төмен

102-103

102-нен 103-не дейін

105-нен 4х106на дейін


 

Тақырып 8.2 КҮНДЕЛІКТІ БҰЙЫМДАР МЕН ТАҒАМ АЗЫҚТАРЫН

                        САНИТАРЛЫ-БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

 

▲ Әдістемелік нұсқаулар

Күнделікті бұйымдардың (инвентарь, қондырғы, жићаз, ыдыстар, ойыншықтар және б.) және қолдардың фекальді ластануын анықтау. Натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен ылғалданған стерильді мақта тампонымен зерттелуші материалдан шайынды алады. Тампонды Кесслер ортасына енгізеді немесе Эндо ортасының беткейіне сүртеді. Тығыз ортадағы себінділерді 37°С, сұйық ортадағы себінділерді 43°С термостатта инкубациялайды.

Күнделікті бұйымдардың алтын түстес стафилококкпен және фекальді стрептококкпен тұқымдануын лайықты қоректік агарларды қолдана отырып, үйлесімді әдіспен анықтайды (ауа мен судың зерттеу әдістерін қара).

      Сүт және  сүт өнімдерінің санитарлы-бактериологиялық  зерттеуі. Сүт және сүт өнімдерінің санитарлы-бактериологиялық жағдайын микробтық сан мен коли-титр бойынша айқындайды. Микробтық санды анықтау үшін пастерленген сүтті натрий хлоридінің стерильді изотоникалық ерітіндісінде сұйылтады (1:10, 1:100, 1:1000) да әрбір сұйылтпадан 1 мл-ден алып, стерильді Петри табақшаларының түбіне ендіріп, үстінен балқыта суытылған агар құяды. Себінділерді 37°С термостатта 1 тәулік бойы  инкубациялайды, сонан соң өскен колонияларды санайды. Коли-титрді анықтау үшін мақсатты түрде пастерленген сүтті Кесслер ортасы бар 6 түтікшеге құяды: түтікшелердің 3-не сүтті 1 мл-ден, ал қалған 3-не 0,1 мл-ден (стерильді сумен 10 есе сұйылған 1 мл сүт) құяды. Себінділерді 43°С термостатта 1 тәулік бойы инкубациялайды да ашыған сынамалардан Эндо ортасына ауыстыра себу жасап, 37°С термостатта инкубациялайды. Өскен қызыл түсті колониялардан жағынды дайындайды, оны Грам әдісімен бояйды да микроскоптайды. Және де бір мезгілде Козер ортасы мен 1% глюкозалы пептон суына себу жасайды. Себінді жасалған Козер ортасы бар түтікшелерді 37°С термостатта, ал глюкозалы ортадағы себіндіні 43°С термостатта 1 тәулік бойы инкубациялайды. Нәтижелерді бағалау кезінде  қышқыл мен газ түзе отырып, глюкозаның быжуын тудырған, бірақ Козердің цитратты ортасында өспеген бактерияларды  ескереді.

Осындай әдіспен қаймақтарды, қышқылданған сүт тағамдарын, балмұздақтарды зерттейді. Коли-титрдің өлшемін анықтайды және тағамның нормативтерге сәйкес (8.2.1; 8.2.2) бағалануын жүргізеді. Сүттен патогенді бактерияларды анықтау үшін лайықты элективті және дифференциалды-диагностикалық орталарға себулер жасап, одан алынған таза дақылды идентификациялайды.

 

К е с т е  8.2.1. Сүт пен басқа да сүт өнімдеріндегі коли-титрді анықтау (МЕСТ 9225-84)

 

Мына көлемдерде ішек таяқшасы табылған, мл

Коли-титр, мл

1,0

1,0

1,0

1,0

1,0

1,0

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3,0 жоғары

3,0

3,0 төмен

0,3 жоғары

0,3

0,3 төмен

0,03 жоғары


 

Орталардың құрамы. К о з е р   о р т а с ы: дистильденген су, 0,15 % натрий-амоний фосфаты, 0,1 % біраралас калий фосфаты, 0,02 % магний сульфаты, 0,25 % калий цитраты.

Сусындардың санитарлы-бактериологиялық зерттелуі (лимонад, минеральді су). Лимонад пен минеральді суды зерттегенде суды зерттеуге арналған әдістерді қолдана отырып, микроб санын және коли-титрді анықтайды. Зерттеу жүргізер алдында лакмустық индикатор көмегімен орта реакциясын тексере отырып, лимонадты 10 % натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен нейтрализациялайды. алынған минеральді судың сынамаларын артық газдарын шығару үшін 43°С-та 1 сағат қыздырады. Коли-титрді мембраналық сүзгілеу әдісімен анықтайды. Осы мақсатта 500 мл сусынды мембраналық сүзгі арқылы сүзеді (1000 мл-ді 1 сүзгі арқылы), одан соң сүзгіні минеральді тұздар қалдығынан тазарту үшін стерильді сумен шаяды да Эндо ортасына орнықтырады. Себінділерді 37°С термостатта инкубациялаймыз. Коли-индексті анықтаған соң коли-титрді есептейді.

Лимонад пен минеральді судың санитарлы-бактериологиялық нормативтері ауыз суының нормативтеріне сәйкес келеді. Осындай талаптар квас пен әртүрлі алкогольсіз жеміс-жидек сусындарын дайындау кезінде де қойылады. 

Еттің, шұжық өнімдерінің және ет өнімдерінің санитарлы-бактериологиялық зерттеуі. Еттің микроскопиялық зерттеуі кезінде жұқпа-жағындыдағы бактерия мөлшерін анықтайды. Ол үшін еттен 2х1,5х2,5см өлшемдегі  бөлшектер дайындайды. Жағындыларды Грам әдісімен бояп, микроскоптайды. Көру аймағында 10 бактериялық жасушадан көп анықталмаса, ет жаңа сойылған деп есептеледі.

Шұжық пен ет өнімдерінің бактериологиялық зерттеулері МЕСТ 9958-81-ге сәйкес жүргізіледі: микробтық санды анықтайды, және де ІТТБ, сальмонеллалардың, Proteus туысы  бактерияларының,  коагулазаоң стафилококктар мен клостридиялардың бар-жоқтығын нақтылайды. Талдаманы азық-түліктің беткейлік және терең бөліктерінен алынған сынамаларға алған уақыттан бастап, 4 сағат ішінде жасау қажет. Тағамдардың 20г массалы ілмелеріне 80 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін қосады да, электрлік ыдыста гомогендейді. 1 г  азықтағы жалпы микробтар мөлшерін анықтау үшін 0,1 және 0,01 г азықты Кохтың пластинкалық айырма әдісмен қоректік  агарға себеді. 48 сағат инкубациядан соң колониялар санын есептейді.  1г азықтағы ІТТБ анықтау үшін 5 мл қоспаны КОДА ортасына себу жасайды. КОДА ортасы ІТТБ үшін элективті-дифференциалды орта болып табылады және ол қоректік сорпадан, сульфанолдан, лактозадан, бромитол көгінен тұрады; инкубация 18-20 сағатқа созылады. Лактозаоң ІТТБ өсуі ортаның бастапқы көк түстен күнгірт-жасыл немесе ашық-сары түске айнала боялуымен анықталады. КОДА ортасындағы спецификалық өзгерулер әрі қарайғы дәлелді талап етпейді.

 

К е с т е  8.2.2. Сүт және сүт өнімдеріне арналған санитарлы-бактериологиялық нормативтер

 

Азық-түлік

Аспауға тиіс микробтық сан – 1 мл-дегі немесе 1 г-дағы рұқсатталған микробтар мөлшері

Төмен болмауы тиіс коли-титр

Регламенттеуші құжат

Бөтелкелер мен пакеттердегі сүт:

А тобы

Б тобы

Флягтар мен цистерналардағы сүт

Пастерленген қаймақтар

А тобы

Б тобы

Қышқылданған сүт өнімдері (кефир, айран, ацидофилин)

Қоюланған қантты сүт

Қою сүті мен қанты бар кофе

Қою сүті мен қанты бар какао

Балмұздақ

Балаларға арналған қайнатылған және пастерленген сүт араласпасы

 

 

5х104

105

2 х105

 

 

105

2 х105

Ұйыту микрофлора-сының ғана болуы

105

3,5 х104

3,5 х104

105

5 х102

 

 

3,0

0,3

0,3

 

 

3,0

0,3

0,3

 

0,1

0,3

0,3

0,3

11,1

 

 

МЕСТ 13277-79

 

МЕСТ 13277-79

 

 

ОСТ 4964-74

 

ОСТ 4929-84

 

СТ 1390-78

МЕСТ 719-54

МЕСТ 718-54

ОСТ 411156-80

ГСК 123-13, 132-1469 инструкциясы

Информация о работе Жалпы медициналық микробиология пәнінің зертханалық сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құралы