World Wide Web жалпы түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 11:24, курсовая работа

Краткое описание

Ұсынылып отырған курстық жұмысым соңғы жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында «Web -дизайн» «Web-парақтарды құру» курстары бойынша жүргізіліп келе жатқан теориялық, практикалық сабақтар және лабороториялық жұмыстар негізінде жазылды.Оқу құралының мазмұны курс бағдарламасына сәйкес келеді. Web-парақтарды құруға қолданылатын негізгі HTML-гиперсілтемелер тілі мен JavaScript тілінің негізгі құрылымы берілген. Жалпы курстық жұмыс жеке тақырыптарға бөлінген,әрбір лабороториялық жұмыстың мақсаты анықталып, негізгі ұғымдары берілген.Әрбір тақырып соңында жасалған курстық программаларым бар.

Содержание

I.КІРІСПЕ
II. ИНТЕРНЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
2.1. World Wide Web жалпы түсінігі
2.2.Интернет желісінің құрылымы.
2.3. Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау
III. WEB-ПАРАҚТАРДЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
3.1. НТМL-құжат құрылымы
3.2. Фреймдерге бөлу
3.3 . HTML- тілінде суреттер салу
3.4. HTML- тілінде дыбыс келтіру
IV. ГИПЕРСІЛТЕМЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ
V. JAVASCRIPT ТІЛІНЕ КІРІСПЕ
VI. ҚОРЫТЫНДЫ

VII.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 2.08 Мб (Скачать документ)

ЖОСПАРЫ:

 

I.КІРІСПЕ

 II. ИНТЕРНЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ

2.1. World Wide Web жалпы түсінігі

2.2.Интернет желісінің   құрылымы.

2.3. Компьютерді желімен  жұмыс істеуге даярлау

 III. WEB-ПАРАҚТАРДЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

3.1. НТМL-құжат құрылымы

3.2. Фреймдерге бөлу

3.3 . HTML- тілінде суреттер  салу

3.4. HTML- тілінде дыбыс  келтіру

 IV. ГИПЕРСІЛТЕМЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ

V. JAVASCRIPT ТІЛІНЕ  КІРІСПЕ

 VI. ҚОРЫТЫНДЫ

 

 VII.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Кіріспе

  Қазіргі кезде жаңа информациялық және комуникациялық технологиның жетістіктері оқу процесінде кеңінен қолданылуына байланысты арнайы курстар мазмұны үнемі өзгеріп отырады.Арнайы курстардың бірі – Internet технологияның оқу процесінде қолданылуына негізделген.

Ұсынылып отырған курстық жұмысым  соңғы жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында «Web -дизайн»  «Web-парақтарды құру» курстары бойынша жүргізіліп келе жатқан теориялық, практикалық сабақтар және лабороториялық жұмыстар негізінде жазылды.Оқу құралының мазмұны курс бағдарламасына сәйкес келеді. Web-парақтарды құруға қолданылатын негізгі HTML-гиперсілтемелер тілі мен JavaScript тілінің негізгі құрылымы берілген. Жалпы курстық жұмыс жеке тақырыптарға бөлінген,әрбір лабороториялық жұмыстың мақсаты анықталып, негізгі ұғымдары берілген.Әрбір тақырып соңында жасалған курстық программаларым бар.

Менің негізгі тақырыбым  «Әлия музейі».

Бұл оқу құралы физика – математика факультетінің қазақ бөлімінің  студенттері мен лабороториялық жұмыстарды жүргізуші оқытушыларға негізгі оқу құралы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.ИНТЕРНЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ

Internet – кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа

жұмыс станциясымен, басқа компьютерлермен жылдам байланыстратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды (глобальды) желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен ТСР/ІР хаттама (протокол) ережелерімен мәлімет алмасады. Міне, осы Интернет желісі көмегімен электронды почта арқылы хабар алып (беріп) , басқа компьютерлердегі ақпараттарды көріп , қашықтан телеконфе-

ренцияларға қатысу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

ТСР/ІР – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәметтерді бір жүйеге келтіру ерержелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.

IP(Internet Protocol) – мәліметті алушының адрес көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге бөлінетін желіаралық хаттама.

TCP ( Transmisson Control Protocol) – мәліметтерді жөнелту ісін атқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат кестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып табылады.             

Интернет желісінің  құрылымы.

  Әрбір тұтынушы компьютер кәдімгі телефон арналарымен түйінді машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір- бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез-келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәулік бойы үззіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды ,ақпараттық сервер деп аталады.

Ақпараттық сервер – дегеніміз қалың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттық түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар мерзімді баспасөз, (газет , журналдар), жарнамалар т.б.с.с мәліметтер сақталады.

Желіге қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын айрықша өзіндік адрес (ІР – адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (ІВМ, Macintoch ), операция  желінің түрімен байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген копьютерге келіп түседі. Түйінді машиналар мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жеткізген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арасының бос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады. Бұл мүмкіндік. Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам , әрі арзан , әрі сенімді

байланыс жабдығына  айналдырды деуге болады.

Ал енді түйінді машиналар  жұмысы қалай ұйымдастырылған , Интернетте адресті кім тағайындайды, копьютерлер  арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі, копьютерлер телефонмен қалай байланыс құрады деген мәселелерге келетін болсақ, бұрын бәрін істейтін арнайы қоғам Интернет провайдері болып қызмет атқаратын Иньернет трейнинг орталығы: Nursat, S&G Communication , Parasanq , Қазақтелеком, Астел Арна  Спринт т.с.с мекемелер жұмыс істейді.    

Internet – те қызмет көрсету провайдері –ISP/Internet Service  Provider Internet- пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.

Желі бойындағы түйінді серверлерде мәлеметтерді реттеу мақсатында арнайы ақпараттық программалық  жабдықтар жұмыс істейді, оларды бағыттаушылар ( маршрутизаторлар ) деп атайды. Олар келіп түскен мәліметтерді қайда жіберу керектігін анықтайды. Мысалы , хабар жеткізілуге тиісті сервер уақытша жұмыс істемей қалса, онда мәліметтер айналма жолмен басқа компьютерге жіберіледі.

Копьютерді  желімен жұмыс істеуге даярлау

Интернет желісімен  жұмыс істеу үшін компьютер, модем, телефон арнасы, осыларды байланыстыру ісін атқаратын программалық құжат қажет және белгілі бір провайдермен байланысу керек. Модемді қосуға арналған COM PORT  болуы тиіс.

Модем дегеніміз – провайдер торабымен дербес компьютермен байланысын қамтамасыз ететін арнайы құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы болып ол арқылы бір секундтағы тасымалданатын  биттер санымен өлшенетін, оның мәліметтерді қабылдау, жөнелту жылдамдығы /бит/с немесе кбит/с –бс , кб/с/ саналады. Модемнің жылдамдығы жоғары

болған сайын оның бағасыда өсіп отырады. Модемдер орналасуына  қарай ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

 

III.Weв-Парақтарды құру технологиясы

  3.1.HTML құжаттның құрылымы  

Кез-келген HTML құжат бөлімі үш бөлімнен тұрады:

  1. HTML тілі туралы мәліметтер.
  2. Құжат тақырыбы.
  3. Құжат мазмұны.

Екінші және үшінші бөлім HTML контейнерінің ішінде тұруы керек.

<html>…</html> HTML құжаты жазылады.

<html>-құжаттың басын білдіреді.

</html>-құжаттың аяғын білдіреді.

<head>…</head>-бұл қос белгі құжат тақырыбының басын және соңын білдіреді.

<title>…</title>-белгілерінің арасында жазылған сөздерді браузер құжаттың аты деп түсінеді де, ол терезе тақырыбында көрсетіледі. 64 символдан аспау керек.

<body>…</body>- құжаттың негізгі мазмұндық бөлігінің басын және соңын білдіреді. 

<html>

<head>

<title>Құжат аты</title>

</head>

<body>

Құжат мазмұны 

</body>

</html>

<h1 align=center> Текстпен жұмыс жасау үлгісі <br> абзацтарды орналастыру </h1>

Деген сияқты көптеген командалар бар. Оларға келетін болсақ:

    • Графиктік бейнелерді қоюға арналған командалар.
    • Гипер сілтемелер қоюға арналған командалар.
    • Тізім қоюға арналған командалар.
    • Форма қоюға арналған командалар.
    • Экран бетін безендіру командалар.

Бейне клиптер қоюға арналған командалар және тағы басқа командалар толып жатыр.

 Графиктік бейнелерді қоюға арналған командаларға келетін болсақ, олар:

<img src=”file.wav”>- дыбыстық фрагментті қоюға арналған команда,   

<EMBED name="video" src=" видео фрагментті қоюға арналған  команда,

<img src=”file.gif”> және <img src=”file.jpg”> Графиктік бейнелерді қоюға арналған команда.

Гиперсілтемелер қоюға арналған командаларға келетін болсақ, олар:

 <A href= “url”> текст </A>- Басқа бетке сілтеме

<A href= “url*”> текст </A>- Закладкағы басқа документке сілтеме

<A href= “url#”> текст </A>- Закладкағы сол документке сілтеме

<A href name= “*”>текст </A>-Закладканы белгілеу

 Тізімдерді қоюға арналған командаларға келетін болсақ, олар:

Тізімдердің (lists) HTML тіліне енгізілуінің басты себебі- мәтіндік редакторлардың тізімдермен жұмыс істеу мүмкіндіктерінің мол болуы әсерінен деп айтуға да болады. Тізім құрғанда оның жолдарын нөмерлеу және белгілеуді біртіндеп орындау қажет етілмей, бұл жұмысты программа өз міндетіне алады.Егер тізім жаңа жолмен толықтырылатын немесе оның бірі қысқартылатын болса, онда нөмерлеу реттілігі де автоматты түрде түзетіледі. Тізім   кезінде нөмерленбей, тек белгіленетін кездерде әрбір жол алдына маркерлеу белгілері: сызықшалар, дөңгелектер, тіктөртбұрыштылар және де басқа да таңбалар қойылады. Осының нетижесінде тізім оқуға ыңғайлы түрдегі «фирмалық» сипатқа ие болады.

 Тізім тетіктерінің ең қарапайым түрі – нөмірленбеген белгілеу тізімі. Нөмірленбеген тізімдер: <UL>…</UL> тегі арасында жазылады.

Нөмірленген тізімдер: <OL>…</OL> тегтері арасында жазылады.

Мұнда әрбір белгіленетін мәтін жолын <LI> ішкі тегімен бастау керек.

 

  III. Web – парақта қолданушымен интерактивті байланыс орнату үшін формалар қолданылады. Формаға мына басқару элементтерін орналастыруға болады: кнопкалар, ажыратқыштар, текст енгізуге арналған өріс т.б. Бұл элементтерді қолданушы серверге информация жіберу үшін қолданады.

FORM элементі

FORM элементі форманың басқа элементтерін біріктіру үшін қолданылады. Форма элементтері контейнерінің ішінде орналасуы қажет.

                  <FORM>

Форма элементтері орналасады

                       </FORM>.

Атрибуттары:

ACTION- формадағы өңдеушісін көрсетеді.Программаның сервердегі адресі көрсетіледі.

METHOD- формадағы мәлеметтердің жіберілу адресін көрсетеді.Қабылдайтын мәндері:

Get- шағын хабарларды жіберуге арналған.

Post- хабар жіберудің универсал әдісі.

INPUT- элементі

INPUT- элементі басқару элементтерін құру үшін қолданылады және TYPE атрибутымен қолданылады.

<input type= “text”> (жабылатын тег жоқ).

Негізгі атрибуттары:

Name – элемент атын анықтайды.

Value - элемент мәнін анықтайды.

Type – мәліменттерді енгізуге арналған элемент типін анықтайды, қабылдайтын мәндері: 

Text – мәлімет енгізуге арналған өрісті құрады.

Password – парольді енгізуге арналған, енгізілген мәлімет «*» символы түрінде бейнеленеді.

Hidden – мәліметті енгізуге арналған сыртқа көрінбейтін өрісті құрады.

File – элемент көмегімен дискіден файл таңдалады.

Checkbox –параметрдің қосылуын немесе ажыратылуын анықтайтын элемент құрылады.

Radio – ауыстырып қосылатын элементті құрады.

Button – стандарт кнопкаларды құрады.

Экран бетін безендіру  командаларына келетін болсақ, олар:

Фонның бейнесі- <Body background-“ url ”>

Фонның түсі-<Body bg color = “#SSSSSS”> red , blue , black.

Текстің түсі-<Body text= “# SSSSSS”> red , blue , black.

Сілтеменің түсі-<Body vlink= “#SSSSSS”> red , blue , black.

 

Аты

RGB– дегі коды

Аты

RGB – дегі коды

 

Black (қара) 

"#000000"

 

Green (жасыл)

"#008000"

 

Sіlver (күміс түсті)

"#C0C0C0"

 

Lіme (лимон түсті)

"#00FF00"

 

Gray (сұр)

"#808080"

 

Olіve (олиф түсті)

"#808000"

 

Whіte (ақ)

"#FFFFFF"

 

Yellow (сары)

"#FFFF00"

 

Maroon (қызыл күрең)

"#800000"

 

Navy (қаракөк)

"#000080"

 

Red (қызыл)

"#FF0000"

 

Blue (көк)

"#0000FF"

 

Purple (күлгін)

"#800080"

 

Teal (жасылкөк)

"#008080"

 

Fuchsіa (қызғыш, фуксия)

"#FF00FF"

 

Aqua (ақшылкөк)

"#00FFFF"

Информация о работе World Wide Web жалпы түсінігі