Синергетика туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 21:24, реферат

Краткое описание

Синергетика – әр түрлі салалардағы көпнұсқалы (сызықтық емес) күрделі жүйелердегі өзіндік ұйымдасу заңдылықтарын қарастыратын жаңа пәнаралық ғылыми бағыт. Ол жүйенің жеке ерекшеліктерін ескерместен, жалпы үлгілер негізінде оның дамуының ортақ механизмдерін ашып көрсетеді. Қазіргі кезде синергетика әу баста пайда болған жаратылыстану саласында ғана емес, әлеуметтану, философия, психология сияқты гуманитарлық салаларда да жиі қолданылады. Синергетикалық көзқарас көп нұсқалы, ықтималдығы мол, өздігінен ұйымдасатын дүниені бейнелейтін, жаңаша ойлау стилінің қалыптасуының негізі болып танылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Синергетика туралы жалпы түсінік.docx

— 19.95 Кб (Скачать документ)

Синергетика туралы жалпы түсінік.

 

Синергетика – әр түрлі салалардағы  көпнұсқалы (сызықтық емес) күрделі  жүйелердегі өзіндік ұйымдасу заңдылықтарын  қарастыратын жаңа пәнаралық ғылыми бағыт. Ол жүйенің жеке ерекшеліктерін ескерместен, жалпы үлгілер негізінде  оның дамуының ортақ механизмдерін  ашып көрсетеді. Қазіргі кезде синергетика  әу баста пайда болған жаратылыстану  саласында ғана емес, әлеуметтану, философия, психология сияқты гуманитарлық салаларда  да жиі қолданылады. Синергетикалық көзқарас көп нұсқалы, ықтималдығы  мол, өздігінен ұйымдасатын дүниені  бейнелейтін, жаңаша ойлау стилінің қалыптасуының негізі болып танылады.

Синергетика жоғары білім беру жүйесінде  ғана емес, жалпы орта білім беру және біліктілік арттыру жүйесінде  де үлкен маңызға ие болып отыр.

Жалпы орта білім беру жүйесінде  ол адам мәдениетінің ажырамас екі  бөлігі – жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың біріктіру арқылы оқушылардың  дүниеге біртұтас көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді. Екінші жағынан жаратылыстану  пәндерін аналитика-синтетикалық амалдан  гөрі эволюциялық-синергетикалық амал арқылы оқытуға мүмкіндік береді.

Ал біліктілік арттыру жүйесіндегі  синергетика ең алдымен әр түрлі  шектеулі ақпараттардан бүтін жүйе құрастыруға тырысудан ақпараттарды контекстік қабылдау арқылы дүниеге  біртұтас көзқарас қалыптастыруға көшу керектігін түсінуден басталады.

Келесі қадам білім сатысы оқуларын үш құрамдас бөліктен тұратын технология арқылы ұйымдастыру болып табылады: а)теориялық мазмұндағы дәрістер; ә)лабораториялық  немесе практикалық жұмыстар; б)кіріспе және жалпылаушы семинарлар.

Біліктілік арттыру жүйесінің  алдында тұрған негізгі міндет андрогогика  ұстанымдарын, соның ішінде біліктілік арттыруға әрекеттік тұрғыдан келуді басшылыққа ала отырып, әдіскерлер мен дәріскерлердің басты қызметін фасилитаторлыққа айналдыра отырып, білім сатысы оқуларын синергетикалық тұрғыдан ұйымдастыру болып табылады.

Біліктілік арттыру жүйесіндегі  синергетика екі жақты роль атқарады: бір жағынан оқыту үрдісінің  әдіснамалық негізін құраса, синергетикалық білімдер оқыту үрдісінің мазмұндық  жағын қамтамасыз етеді. Демек дәрістер мен семинарларда, практикумдар барасында  синергетикалық білімдерді беру мен  қалыптастыру жүзеге асарылып қана қоймай, сонымен бірге синергетика интерактивті үрдіс ретінде тыңдаушылармен бірге  дәріскердің де ынталылығын арттыратын оқыту үрдісінің әдістемесін  де құрайды. Тыңдаушылар қойылған міндеттер  мен талқыланатын өзекті мәселелерді  түсінуге, өздігінен шешім іздеуге, қорытынды жасауға, жалпылауға ұмтылады. Бұл кезде оларда педагогикалық жүйе туралы қалыптасып, хаостан реттілікке өте отырып, жүйелі қызмет өрісі пайда болады, танымдық және шығармашылық қабілеттері артады. Мұның бәрі дәріскердің негізгі функциясы өзгеріске ұшырауы қажеттігін көрсетеді.

Қазіргі ғылыми зерттеулердің жаңа бағыты синергетика – оны құраушылардың  табиғи қасиеттеріне қарамастан, кез  келген күрделі жүйелердің өзін-өзі  ұйымдастыруы мен эволюциялық дамуын қарастырады.

Синергетиканың пәнаралық, салааралық маңызы зор. Синергетиканың салааралық маңызы оның белгілі бір пәндер ауқымынан  шығып, мета-деңгейде жүзеге асуымен  сипатталса, пәнаралық маңызы бір  пәннің ғылыми зерттеу әдістерінің  екінші бір салада қолданылуымен  түсіндіріледі. Бірінші мәселеге қазіргі  кезде жиі айтылып жатқан, мұғалім  мен оқушының құзырлылығын арттыруды  жатқызуға болады.

Синергетиканың негізгі функцияларының бірі – оның синтетикалық (жинақтаушылық) мәні. Оның бастысы – ғылымның гуманитарлық және  жаратылыстанушылық бағыттарын қосуға бастайтындығы. 

Бірақ ол табиғат және адами мәдениет арасын байланыстырумен шектелмейді, оның жаңа жинақтаушылық (синтездеуші) қырлары мынадай:

-         дүниетанымның батыстық (талдаушылық) және шығыстық (синтездік) түрлерін біріктіру.

-         Ғылымның қатаң негіздері мен оның қолданбалы бағыттарын кіріктіру.

-         Ғылымның нормативтік және дискриптивтік қырларын, яғни ақпараттың бүтіндігі мен оның адам белсенділігі үшін құндылығын біріктіру.

-         Күрделілік пен хаос туралы ғылым мен мәдениет пен өнер туралы көзқарастарды қосу.

Синергетиканың негізгі функцияларының тағы бірі – оның әдіснамалық және эвристикалық қызметі, яғни зерттеу  стратегиясы ретінде қарастырылуы. Синергетика жаңа ғылыми проблемаларды  шешуге бағытталғандықтан, зерттеу-ізденіс  қызметінің негізгі әдісіне айналады. Егер күрделі жүйелердің жалпы заңдылықтары айқындалса, оның құрылымдалуы мен  дамуы туралы болжамдар жасауға  болады. Демек математикалық әдістерді  пайдалану мүмкіндігі жоқ жерде  синергетиканы сапалық негіз  ретінде қолдануға болады.

Білім беру мен біліктілік арттыру  жүйесіндегі синергетика үш жақты  қарастырылады: 1)синергетика білім  беру саласы үшін; 2)білім берудегі синергетика; 3)білім беру синергетикасы.

Синергетиканың білім беру саласыны ықпалы арнайы және бейімдеу курстарында, қайта даярлау негізінде екінші мамандық алудағы біртұтас дүниетанымға бағытталған интегративтік оқытуда  байқалады. Білім берудегі синергетика  әр түрлі білім салаларында жаңаның пайда болуы, қалыптасуы және дамуы зерттелгенде ғылым мен мәдениеттің ұштасуы түрінде көрінеді. Білім беру синергетикасы тұлға мен оның білімінің қалыптасуы мен дамуы барысында білім беру үрдісінде анық байқалады.

Тәжірибелі ұстаздардағы педагогикалық  шеберліктің жоғарылығы мен жаңашылдардың  авторлық әдістемелері білім беру синергетикасының нақты дәлелі болып табылады. Біліктілік арттыру жүйесіндегі, оның ішінде әдістемелік  қызметтегі қазіргі кездегі басты  мақсат – ортақ әдістеме жасау  емес, әркімнің өзіндік оқыту стилі  мен әдістемесін қалыптастыру.

Біліктілік арттыруды синергетикалық тұрғыдан басқару

Қазіргі кезде өздігінен ұйымдасу феномені ретінде синергетикалық көзқарас қалыптастыру басты назарда тұр. Синергетикалық басқарудың негізгі  ұстанымдары ащықтық, толықтырымдылық  және субъектілік болып табылады.

Өздігінен ұйымдасатын дүниетанымның  негізгі сипаттамасы – субъектілік, яғни өзі тудырған тұлғалық мән-мағына болмақ. Субъектіліктің педагогикалық  құндылығы ҚР “Білім туралы” Заңында, 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасында нақты айтылған. Демек дүниетанымдық  көзқарас білімдік құндылық ретінде  синергетикалық тұрғыдан қарастырылған  кезде ғана өзекті бола түседі.

Тұлғаға бағытталған білім беру, өзінің мәні жағынан алғанда, синергетикалық құбылыс болып табылады. Бұл феноменнің ортасында жай механикалық тұрғыдан емес, адами тұрғыдан қарастырылатын өздігінен ұйымдасып, дамитын тұлға  тұрады.

Педагогикалық зерттеу нәтижелері мұғалімнің негізгі күш-жігері тұлғаның дүниетанымының өзіндік ұйымдасуының ішкі көздерінің ақыл-ой белсенділігін  арттыруды ұйымдастыруға бағытталуы керектігін дәлелдеп отыр. Сол сияқты біліктілік арттыру барысында да әдіскерлер мен дәріскерлердің басты  назары тыңдаушының танымдық белсенділігін  арттыруға бағытталуы керектігі  айдан анық. Мұның бәрі берлескен  әрекет негізінде ғана жүзеге асары  даусыз.

Өзгермелі қоғамда өмір сүретін  азаматтарды өмірге дайындауға тікелей  міндетті мұғалімдер қауымы анықталмағандық  жағдайында жұмыс жасап, өзінің негізгі  проблемаларын өзі айқындап, өзі  шеше алуы үшін білім сатысы оқуларын тек интерактивті оқыту әдістері арқылы тыңдаушылар белсенділігін  арттыру негізінде ұйымдастыру  жеткіліксіз болып табылады. Сонымен  бірге олардың рефлексиялық мәдениетін қалыптастыруға ұмтылу керек. Өйткені, өзінің ой-пікірі мен іс-әрекетіне  өзі талдау жасап, өзі баға бере алмаған  педагог ешқашан кәсіби тұрғыдан өсуі мүмкін емес.

Білім сатысы оқуларының тиімділігімен  бірге өнімділігін арттыру үшін оларды іскерлік ойындар арқылы, соның  ішінде ұйымдастырушылық-әрекеттік  ойындар арқылы ұйымдастыру өте  қажет. Бұл біліктілік арттыру үрдісінің  нәтижелілігін қамтамасыз етіп, тыңдаушыларда жобалау икемділіктерін қалыптастырады. Сонымен бірге тыңдаушыларды белгілі бір бифуркациялық құрылымды таңдату арқылы аттрактор жағдайына жеткізуге мүмкіндік береді. Пайда болған диссипативті жүйелер жаңа сапалық функцияларға ие болып, жаңа мүмкіндіктерді іске асыруға жағдай жасайды.

Аттрактор – жүйенің, оған жеткен соң қайтадан бұрынғы жағдайына  қайта келе алмайтын, шектік жағдайы. Мұны әлеуметтік жүйенің жаңа сапалық  күйге көшуі ретінде түсіндіруге  болады. Мысалы, білім беру субъектілерінің  өз қызметінің нәтижелеріне қанағаттанбауы оны шығармашылық ізденіске талпындырып, нәтижесінде олардың педагогикалық  мәдениеті мен кәсіби мүмкіндіктері  жаңа сапалық деңгейге көтеріледі.

Бифуркация – ашық сызықтық емес жүйенің даму эволюциясы жолдарының тармақталуы. Әлеуметтік саладағы бифуркация – ескі сапаның белгілі бір  жаңа сапалардың шексіз жиынтығына тармақталуы. Бұл білім беру мекемелері мен  педагогтардың өзін-өзі ұйымдастыру  үрдісіне стохастикалық (әр мағыналы) сипат береді.

Детектор – тезаурус ішінен белгілі  бір бифуркациялық құрылымды  таңдап алу арқылы оны мүмкін жағдайдан  нақты жағдайға айналдыру. Мұны педагогикалық  технологияларды таңдаудағы түйінді  мәселелер арқылы түсіндіруге болады.

Диссипативтік құрылым – жүйеде оны тепе-теңдіктен шығарып жібергенде пайда болатын жаңа құрылым (И.Р.Пригожин). Диссипативтік жүйе – қозғалыс барысында  толық энергиясы кеми отырып, басқа  энергияға айналатын механикалық  жүйелер. Ал әлеуметтік салада бұған  мысал ретінде жүйенің сыртқы ретсіздікті күшейте отырып, ішкі реттілігін сақтап қалуға ұмтылысын  айтуға болады.

Келісім қағидасы – адамның немесе әлеуметтік жүйенің өзара қарым-қатынас  пен диалог негізінде қалыптасуы. Француз ғалымдарының айтуынша, өзгенің  білімімен шыңдалмаған білім  – білім емес.

Қалыптасу қағидасы – негізгі форманың тыныштық пен жетілгендік емес, керісінше  қозғалыс пен жетілмегендік екендігі. Қалыптасу өзінің екі қарама-қарсы  шектік нүктесі арқылы айқындалады: хаос – күрделілік пен кездейсоқтықтың  және бұзылу мен түзілудің негізі, реттілік – қарапайымдылық пен қажеттіліктің  және сұлулық пен үйлесімділіктің  негізі.

Синергетика – грек тілінен аударғанда бірлескен әрекет энергиясы, синергия – бірлескен әрекет. Әлеуметтік салада синергетика қоғамның негізі ретінде адам өмірінің барлық саласындағы  бірлесе еңбек ету түрінде  қарастырылады.


Информация о работе Синергетика туралы жалпы түсінік