Жалпы медициналық микробиология пәнінің зертханалық сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 18:03, курс лекций

Краткое описание

Кіріспе. Қоршаған ортамыздағы барлық микроорганизмдерді зерттеу ғылымы олардың биологиялық қасиеттері мен ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі бағыттарға бөлініп кетеді. Адам денсаулығына тікелей қатысты патогенді және шартты патогенді бактерияларды медициналық микробиология зерттейді, ал жалпы микробиология осы ғылыми бағыттардың барлығына ортақ микробиологиялық зерттеу әдістерін қамтиды. Микроорганизмдерді микробиологиялық, биохимиялық және молекулярлы-биологиялық зерттеу арнайы зертханаларда жүргізіледі, және де олардың құрылымы мен жабдықталуы зерттелетін объектіге (бактерияға, вирусқа, саңырауқұлаққа, қарапайымдыға), зерттеу жұмыстарының мақсатты бағыттамасына (ғылыми зерттеулерге, аурулардың диагностикасына) байланысты болады. Иммунды жауаптарды зерттеу мен инфекциялық ауруларының серодиагностикасы иммунологиялық және серологиялық (serum – қан сарысуы) зертханаларда жүргізіледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Alibekov.doc

— 4.81 Мб (Скачать документ)

 

К е с т е   8.1.1. Қоршаған орта мен тағам өнімдерінің санитарлы-көрсеткіш бактериялары

 

Объект

Ластану сипаты

Санитарлы көрсеткіш бактериялар

Су

Нәжістік

Ішек таяқшасы тобының бактериялары (ІТТБ) – Escherihia coli, Enterobacter aerogenes, Citrobacter freundii, Enterococcus faecalis

Топырақ

Нәжістік

 

Өнеркәсіп-тұрмыстық

(шіритін қоқыстар)

ІТТБ және клостридиялар – Clostridium perfringens, Clostridium sporogenes және б.

Термофильді бактериялар, Proteus vulgaris

Тағам өнімдері

Нәжістік

Оральді-тамшылы

ІТТБ және Е. faecalis, P. vulgaris

Staphylococcus aureus.

Күнделікті бұйымдар

Нәжістік

Оральді-тамшылы

ІТТБ және P. vulgaris E. faecalis,

Staphylococcus aureus.

Ауа

Нәжістік

Оральді-тамшылы

ІТТБ және P. vulgaris E. faecalis,

St. aureus. St. pyogenes

Топырақ, ауа,  су

Өнеркәсіптік 

Микробтардың өндірістік штаммдары


Көмей мен мұрын-жұтқыншақтың транзиторлы мекендеушісі ретіндегі гемолоитикалық стрептококктар (S. рyogenes) ауа-тамшылы жолымен кілегей тамшыларыменен сыртқа бөлінеді. Гемолитикалық стрептококктардың қоршаған ортада тірі қалу мерзімі көптеген басқа да ауа-тамшылы инфекция қоздырғыштарына тән мерзімнен айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Гемолитикалық стрептококктардың бөлме ауасында табылуы адамның жоғарғы тыныс жолдарында, көмейінде, мұрын-жұтқыншағында тұрақтаған және ауа-тамшылы инфекция қоздырғышы болып табылатын микробтармен ластануына меңзейді. Staphylococcus aureus адамның көмейінің, мұрын-жұтқыншағының және де тері жабындысының факультативті мекендеушісі болып табылады. Оның бөлме ауасында немесе ондағы бұйымдарда табылуы ауа-тамшылы ластану көрсеткіші болып саналады. Staphylococcus aureus пен Streptococcus рyogenes-тің бір уақытта табылуы ауаның жоғары дәрежеде ластануының айғағы.

     ● Судың санитарлы-бактериологиялық зерттелуі.

       Судың  микробтық санын анықтау. Микробиологиялық зерттеу мақсатында су құбырының суын қоректік орталарға 1 мл көлемде, ал ашық су қоймаларының суын 1,0; 0,1 және 00,1 мл көлемде себеді. Барлық сынамалар стерильді Петри табақшасына енгізіледі де үстіне балқытылып 45-50°С-қа суытылған 10-12 мл қоректік агар құйылады. Оны сумен жақсылап араластырады. Себінділерді 37°С-та 1-2 тәулік бойы инкубациялайды. Ашық су қоймаларының суын қосымша ретінде екі табақша серияларына себеді, оның бірін 37°С-та 1 тәулікке, ал екіншісін 20°С-та 2 тәулікке инкубациялайды. Ондан соң, қоректік ортаның беткейінде және қойнауында өскен колонияларды санай отырып, 1 мл-дегі микробтардың мөлшерін – судың микробтық санын айқындайды.

 

Кесте.  8.1.2. ІТТБ-ң  дифференциалды-диагностикалық белгілері

 

Бактериялардың түрлері

Белгілер

Ащыту өнімдері

Метилді қызыл

Фогес-Проскауер реаякциясы

Индол түзуі

Цитратты ортада өсуі

KCN қатысуында өсуі

Escherihia coli

 

Citrobacter freundii

 

Enterobacter aerogenes

Қышқылдар қоспасы

Қышқылдар қоспасы

Бутандиол

+

 

+

 

-

+

 

+

 

+

+

 

Р

 

-

-

 

+

 

+

-

 

+

 

+


Шартты белгіленулері: (+) – оң реакция, (-) – теріс раекция, ә - әртүрлі реакциялар.

 

Судың коли-титрі мен коли-индексін анықтау. Судың коли-титрі -дегеніміз, құрамында ІТТБ анықталған, судың минимальді мөлшері (мл). Коли-индекс – 1 л судағы ІТТБ мөлшері. Бұл көрсеткіштер титрациялық (быжыту) әдісімен немесе мембраналық сүзгілер әдісімен анықталады.

Т и т р л е у  ә д і с і. Глюкозапептонды ортасына (1% пептон суы, 0,5 % глюкоза ерітіндісі, 0,5 % натрий хлориді, Андраде индикаторы және қалытқы) судың әртүрлі көлемдерін себу жүргізеді. Және де үлкен мөлшерлі себулер үшін құрамында аталған заттардың 10 еселік мөлшері бар, концентрацияланған орталар қолданады.

Ашық беткейлі су қоймаларының суын 100; 10; 1,0 және 0,1 мл көлемдерде зерттейді. Су құбырындағы суларды зерттеу үшін  себудерді үш көлемде 100 мл-ден, үш көлемде 10 мл-ден, үш көлемде 1 мл-ден жасайды. Себінділерді 1 тәулік бойы 37°С-та инкубациялайды. Ащу үрдісінің жүруін қалытқыдағы газ көпіршіктерінің пайда болуынан біледі. Быжыған немесе лайсаңданған сынамалардан Эндо ортасына себу жасайды. Өскен колониялардан жағынды жасап, оны Грам әдісімен бояйды және оксидазалық тесттке қояды. Сол арқылы Escherihia, Citrobacter және Enterobacter туыстарының бактерияларын Pseudomonadaceae әулиетінің грамтеріс бактерияларынан және суда мекендеуші басқа да оксидазаоң бактериялардан дифференциациялауға (ажыратуға) мүмкіндік алуға болады. Осы мақсатта шыны таяқшамен орта беткейінен 2-3 изоляцияланған колониялар алып, оны  диметил-n-фенилендиаминмен шыланған сүзгі қағазға айқыштап жағады. Оксидазалық тест теріс болған жағдайда қағаз түсі өзгермейді, оң болса оның түсі 1 минут ішінде көк түске боялады. Оксидаза түзбейтін грамтеріс таяқшаларды қайтадан ащыту тестінде тексереді. Ол үшін 0,5 % глюкоза ерітіндісі бар жартылай сұйық қоректік агарға енгізеді де 37°С-та 1 тәулік бойы инкубациялайды. Оң нәтиже берген жағдайда  статистикалық 8.1.3 кесте бойынша коли-индексті және коли-титрді анықтайды.

       М е м б  р а н а л ы қ   ф  и л ь т р л е р   ә д і с і. №3-ші мембраналық  сүзгіні Будзен колбасында бекітілген Зейтц құймағына (воронкасына) орнықтырады. Будзен колбасы вакуумдық сорғышқа біріктірілген. Мембраналық сүзгілерді дистиллденген суда алдын-ала қайната стерильдеп алады. Су құбыры торабынан және артизан скважиналарынан алынған суды 333 мл көлемде сүзгілейді. Ашық су қоймаларының таза суын 100, 10, 1,0, 0,1 мл көлемде сүзгілейді, едәуір ластанған суын сүзу алдында стерильді сумен сұйылтады. Сүзгілерді Петри табақшасындағы Эндо ортасының беткейіне орнықтырады да 37°С-та 1 тәулік бойы инкубациялаған соң ІТТБ-на тән  өскен колониялардың санын есептейді. Қызыл түсті 2-3 колониялардан жағынды дайындап Грам әдісімен бояйды және оксидазалық белсенділігін анықтайды. Оксидазалық белсенділікті анықтау үшін беткейінде колония өскен сүзгілерді қысқышпен алып, сол күйінде, диметил-n-фенилендиаминмен шыланған сүзгі қағаз беткейіне орнықтырады. Оксидаза бар болған жағдайда индикатор колонияларды қызыл түске бояйды. Бастапқы түсін өзгертпеген 2-3 колонияларды 0,5 % глюкоза ерітіндісі бар жартылай сұйық қоректік агарға себеді. Себінділерді 37°С-та 1 тәулік бойы инкубациялайды. Газ түзілуі байқалған жағдайда сүзгідегі қызыл колонияларды санап, коли-индексін анықтайды. Ауыз суына арналған нормативтік көрсеткіштер 8.1.4. кестеде келтірілген.

 

К е с т е  8.1.3. Суды зерттеу кезіндегі ішек таяқшалары тобының бактерия-

                          ларының индексін анықтау.

 

Оң нәтижелердің

 саны

Коли-

индекс

Индекстік шектері

Коли-титр

100 мл-лік 3 көлемнен

100 мл-лік 3 көлемнен

100 мл-лік 3 көлемнен

 

Төменгі

Жоғарғы

 

0

0

0

1

1

---

---

3

3

0

0

1

0

0

---

---

3

3

0

1

0

0

1

---

---

2

3

3 төмен

3

3

4

7

---

---

1100

1100 жоғары

­

0,5

0,5

0,5

1

---

---

150

­

­

9

13

20

21

---

---

4800

­

3300 жоғары

333

333

250

143

---

---

0,9

0,9 төмен


 

Enterococcus faecalis-тің титрін анықтау үшін судың 10-мәртелік сұйылтпасын дайындайды. Мақсаттық суды және оның 1 мл көлемдегі сұйылтпасын қандайда-бір элективті ортаға (КФ, полимиксинді орта және т.б.) себеді, 37°С-та 2 тәулік бойы инкубациялайды, 24-48 сағаттан соң тығыз элективті-дифференциалды орталарға (КФ агар, трифенилтетразолий-хлоридті агар, полимиксинтелуритті агар)  себеді. Стрептококктарды колония түріне, жасушалар морфологиясына және Грам әдісімен бояуына қарай идентификациялайды. Стрептококтар трифенилтетразолий-хлоридті (ТТХ) ортада күнгірт-қызыл түсті, теллуритті агарда қара түсті колониялар түзеді.

 

К е с т е  8.1.4. Ауыз суына арналған нормативтер (МЕСТ 2874-82)

 

Көрсеткіш

Норматив

1 мл судағы микробтар саны, аспау  керек ...

1 л судағы (коли-индекс) ішек  таяқшасы тобының бактериялар саны, аспау керек...

100

3


 

Қоректік орталардың құрамы. К Ф   о р т а с ы: 2 % қоректік агар, 1% ащытқы экстрактсі, 2 % лактоза, 0,4 % натрий азиді, 0,06 % натрий корбанаты, бромкрезолды қызыл индикатор.

П о л и м и к с и н д і   о р т а: 2 % қоректік агар, 1% ащытқы экстрактісі, 1 % глюкоза, полимиксин М 200 ЕД/мл, бромитол көк индикатор.

П о л и м и к с и н т е л л у р и т т і   а г а р: 2 % қоректік агар, 1% ащытқы экстрактісі, 1 % глюкоза, кристалдық фиолоет 1:800 000, полимиксин М 200 ЕД/мл, 0,01 % калий теллуриті.

Т р и ф е н и л т е т р а з о л и й - х л о р и д    а г а р ы (ТТХ): 2 % қоректік агар, 1% ащытқы экстрактсі, 1 % глюкоза, кристалдық фиолет 1:800 000, 0,01% ТТХ.

Enterococcus faecalis-тің титрін анықтау кезінде статистикалық кесте қолданылады. Сонымен қатар, бұл мақсатта мембраналық сүзгі әдісін қолданады. Патогенді бактерияларды анықтау үшін суды мембраналық сүзгіш арқылы өткізіп сұйық элективті ортаға немесе тығыз дифференциалды -  диагностикалық орталар беткейіне себеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ауыз суының микробиологиялық тұрғыдағы сапасын бағалау үшін мынадай зерттеу әдістері жүргізіледі:

1. микроорганзмдердің жалпы санын анықтау – әрбір сынамадан 1 мл-ден кем дегенде екі көлем алуға, себіндіні дақылдап, артынша өскен колонияларды санауға негізделген әдіс.

2. жалпы колиформды бактерияларды анықтау – мезофильді аэробты және факультативті анаробты микрпомикроорганизмдердың жалпы санын анықтау әдісі.

3. термотолерантты колиформды бактерияларды анықтау – жалпы колиформды бактериялардан 44°С-та өсе алу қабілеттілігімен ерекшеленетін бактерияларды анықтау әдісі.

4. сульфитредукциялаушы клостридияларды анықтау – себінділерді анаэробты жағадайға жақын тұрғыда темір-сульфитті агарда өсіруге және тпайда болған споратүзуші клостридиялардың өскендігін сипаттайтын қара колониялардың санын анықтауға негізделген әдіс.

5. колифагтарды анықтау – ішек таяқшасын 37°С-та 18 сағаттан соң қоректік агар беткеінде лизис аймағы түзе отырып лизистеуге қабілеті бар бактериялық вирустарды анықтау әдісі.

    ● Ауаны санитарлы-бактериологиялық  зерттеу.

       Ауаның  микробтық санын анықтау. Ауаның сандық микробиологиялық зерттеу әдістері тұндыру (седментация), аспирация немесе сүзгілеу әдістеріне негізделген.

Информация о работе Жалпы медициналық микробиология пәнінің зертханалық сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құралы