Жалпы медициналық микробиология пәнінің зертханалық сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 18:03, курс лекций

Краткое описание

Кіріспе. Қоршаған ортамыздағы барлық микроорганизмдерді зерттеу ғылымы олардың биологиялық қасиеттері мен ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі бағыттарға бөлініп кетеді. Адам денсаулығына тікелей қатысты патогенді және шартты патогенді бактерияларды медициналық микробиология зерттейді, ал жалпы микробиология осы ғылыми бағыттардың барлығына ортақ микробиологиялық зерттеу әдістерін қамтиды. Микроорганизмдерді микробиологиялық, биохимиялық және молекулярлы-биологиялық зерттеу арнайы зертханаларда жүргізіледі, және де олардың құрылымы мен жабдықталуы зерттелетін объектіге (бактерияға, вирусқа, саңырауқұлаққа, қарапайымдыға), зерттеу жұмыстарының мақсатты бағыттамасына (ғылыми зерттеулерге, аурулардың диагностикасына) байланысты болады. Иммунды жауаптарды зерттеу мен инфекциялық ауруларының серодиагностикасы иммунологиялық және серологиялық (serum – қан сарысуы) зертханаларда жүргізіледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Alibekov.doc

— 4.81 Мб (Скачать документ)

Реципиенттің 3-сағаттық дақылының 2 мл-не 1 мл донордың сорпалық дақылын қосамыз. Себіндіні 37°С-та 30 минут инкубациялаймыз. Содан соң қоспаны 10–2–10–3 дейін сұйылтамыз да 0,1 мл-ден Петри табақшасындағы селективті агарлы ортаға себеміз, онда тек рекомбинант колониялары өсіп өнеді. Бақылау ретінде сол ортаға донорлық және реципиентті штамдарды себу жасасақ, ол екеуіде бұл ортада өспейді, себебі бірінші штамм стрептомицинге сезімтал, ал екіншісі лейцин бойынша аукстотрофты. Мұнымен қоса, донорлық штаммның дақылын стрептомицинсіз селективті ортаға, ал реципиентті штамм дақылын антибиотиктері бар қоректік агарға өміршең жасушаларды анықтау үшін себеді. Себінделерді 37°С-та келесі күнге дейін инкубациялайды. Өнген колониялар қатарын санаған соң рекомбинантты жасушалардың реципиентті жасушаларға қатынасы бойынша рекомбинация жиілігін анықтаймыз.

Мысалы, 10–2 сұйылтпасындағы донормен реципиентті дақылдар қоспасының 0,1 мл-ін себу жасаған соң 150 рекомбинант колониялары өсті, ал 10–6 сұйылтпасындағы  реципиент дақылының 0,1 мл-ін себкенде 75 колония өсіп өнді. Осылайша рекомбинация жиілігі мынаған тең болады.

                    

                                     150 х 10 х 100      1,5 х 105

                                                               =                  = 2,0 х 10–4


                                      75 х 10 х 106        7,5 х 108

 

Тарау 7         СТЕРИЛИЗАЦИЯ ӘДІСТЕРІ. АНТИСЕПТИКТЕР МЕН

                       ДЕЗИНФЕКТАНТАР ӘСЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІН 

                       БАҒАЛАУ.  БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ АНТИМИКРОБТЫ 

                       ПРЕПАРАТТАРҒА  СЕЗІМТАЛДЫЛЫҒЫН  АНЫҚТАУ.

 

          Кіріспе.  Адам үшін патогенді микробтарды жою әртүрлі аурулардың профилактикасы мен емдеуіндегі өзекті мәселелердің бірі. Микробтармен күресу үшін асептиканың, антисептиканың дезинфекцияның және антимикробты терапияның әдістерін қолданады. Әрбір әдіс өзінің жалпы мақсаты мен қолдану жағдайына ие.

 

 

Тақырып 7.1. ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ

                         АНТИМИКРОБТЫ ӘСЕРЛЕРІН БАҒАЛАУ  ӘДІСТЕРІ.

 

Кіріспе. Асептика - емдеу және диагностикалық іс-шаралар жасау кезінде адам ағзасының тіндерына немесе қуыстарына және де лабортаториялық зерттеулер кезінде зерттеу материалына, қоректік орталар мен микроорганизм дақылдарына сыртқы ортадан микроорганизмдердің түсуін (енуін) алдын алатын шаралар жүйесі. Асептика ерекше санитарлы-гигиеналық ережелер мен жұмыс тәсілдерінің сақталуын, және де микробтарды жартылай (дезинфекция) немесе толық (стерилизация) жою мақсатында аспаптардың, материалдардың, медицина жұмыскерлерінің қолдарының, бөлмелердің  және т.б. арнайы тазаланып өңделуін  жүзеге асырады.

Антисептика – микробоцидті заттармен (антисептиктермен) өңдеу арқылы тері мен кілегейлі қабықшаның зақымдалған аймақтарында инфекциялық үрдіс тудыруға қабілетті микроорганизмдерді жоюға бағытталған емдік-профилактикалық шаралар кешені.

Стерилизация – микроорганизмдерді вегетативті формалары және спораларымен қоса толығымен жою. Стерилизацияның 3 негізгі топтары бар: физикалық, механикалық және химиялық. Практикалық тапсырманы орныдау үшін әдісті таңдау стерилизацияланушы объектіге байланысты.

Дезинфекция – қоршаған орта объектідерін залалсыздандыру. Дезинфекцияның стерилизациядан айырмашылығы ол микробтар түрлерінің басым көпшілігі жойылғанмен түгел жойылмайды, осылайша объектінің толық залалсыздануын емес, микробтық контаминацияның төмендеуін ғана қамтамасыз етеді. Сондықтан дезинфекцияға түскен бұйымдар айқын қауіпсіз бола бермейді.

▲ Әдістемелік нұсқаулар

 ●  Стерилизациялау  әдістері

І. Физикалық әдістер. Ж о ғ а р ы   т е м п е р а т у р а л а р д ы ң  ә с е р і. Жоғары температура маңызды биополимерлердің, ең алдымен ақуызтардың денатурациясын тудыруға қабілеттілігінің арқасында микробоцидті қасиетке ие.

Құрғату-стерилизациялау шкафында (Пастер пешінде) құрғақ ыстықпен стерилизациялау 45 минут бойы 165-170°С-қа дейін қыздырылған ауаның бактериоцидті әсеріне негізделген. Аса жоғары температурада мақта тығындарының, ыдыстарды ораған қағаздардың күйіп кетуі мүмкін, ал одан төмен температура стерилизациялау мерзімінің ұзаруын талап етеді. Құрғақ ыстықпен шыны ыдыстарды (Петри табақшасын, пробиркаларды тамызғыштарды және т.б.) стерильдейді.

Автоклавтау – булық стерилизаторда (автоклавта) қайнаған су буымен (жоғарылаған қысымда) стерилизациялау.  Тек ғана микробиологиялық емес клиникалық практикада кеңінен қолданылатын стерилизациялаудың ең тиімді әдістерінің бірі. Автоклавпен жұмыс істеу арнайы инструкцияларды дәл орындау мен қауіпсіздік ережелерін сақтауды талап етеді. Будың максимальді температурасын арнайы термометрмен өлшейді, оны стерилизацияланушы материалмен бірге автоклав ішіне орналастырады. Кейбір жағдайда белгілі бір еру температурасы бар химиялық заттар қолданады: бензонавтол (110°С), бензой қышқылы (120°С). Көптеген қоректік заттарды, таңып байлау материалдарын төсеніштерді 1 атм қысымда 15-20 минут бойы стерильдейді, көмірсулары бар қоректік орталарды – 0,5 атм 15 минут бойы, ал инфекцияланған материалды залалсыздандыруды немесе зерттелген микроорганизмдерді жою үшін 1,5-2 атм 20-25 мин стерильдейді (7.1.1 кесте).

Ағымды бумен стерильдеу қақпағы нықталмаған және шығару краны ашық автоклавта жүзеге асырылады. Стерилизациялаудың бұл әдісі вегетативті жасушаларға қатысты будың антибактериялық әсеріне негізделген. Ол стерилизацияланушы материал (мысалға витаминдаер мен көмірсулары бар қоректік орталар) жоғары температураға шыдамайтын жағдайда қолданылады. Толық ұрықсыздандыру үшін бөлшектеп стерильдеу принципі қолданылады, яғни материалды 100°С-та (немесе 80-90 °С-та) 20-30 минут 3 күн қатарынан стерильдейді. Бұл кезде вегетативті жасушалар өледі, ал споралар сақталып 1 тәулікте өсіп өнеді. Келесі екі мәртелік қыздыру материалдың стерильділігіне едәуір сенімділік береді.

 

К е с т е  7.1.1. Булық стерилизаторда (автоклавта) қысымның, температураның және стерилизация ұзақтығының араларындағы қатынастар

 

Бу қысымы, атм

Температура, °С

Стерилизация уақыты, минут

0

0,5

1

1,5

2

100

111

121

127

133

30-60 (бөлшектеп)

20-30

15-20

15-20

15


 

Тиндализация – бұл материалды 56-58°С-та 1 сағат бойы 5-6 күн қатарымен бөлшектеп стерильдеу. Оны жоғары температурада оңай бұзылатын заттарды (қан сарысуы, витаминдар және т.б.) стерильдеуде қолданылады.

Спиртті құтының немесе газдық жанғыштың от жалынында қақтау шектеулі түрде қолданылады, мысалы, пинцеттерді, бактериялық құрықтарды, инелерді стерильдеуде.

И о н д а у ш ы  с ә у л е л е р д і ң  ә с е р і.  Иондаушы сәулелердің микробоцидті әсері олардың ДНҚ молекуласында зақымдалулар туғызуға қабілеттілігіне негізделген. Термиялық әсерге сезімтал бірмәртелік медициналық аспаптар мен бактериологиялық құрал-жабдықтарды (микробтар мен жасушалық дақылдарды дақылдауға арналған пластикалық ыдыстар, пластикалық шприцтер, қан ауыстыру жүйелері және т.б.) стерилизациялау үшін әдетте γ-сәулелендіру қолданылады.

ІІ. Механикалық әдістер. Микроорганизмдерді механикалық жолмен ұстап қалуға қабілетті, өте кішкене өлшемді саңлаулары бар арнайы мембраналық сүзгілер арқылы сүзуге негізделген. Зертханалықтәжірибеде қағаздық және полимерлі сүзгілер кеңінен қолданылады. Қазіргі уақытта қатаң калибрленген өлшемді, әртүрлі саңлаулы сүзгілер бар, олар матариалда бактериялардан ғана емес, вирустардан да, қажет болғанда басқа да макромолекулалардан да тазартуға мүмкіндік береді. Сүзу әдісі ысытуға шыдамайтын (қан сарысуы, антимикробты препараттар ерітіндісі, бактериялар мен жасуша дақылдарына арналған қоректік орта құрамалары) сұйық материалдарды стерилизациялауда, бактериялық токсиндер мен бактериялардың басқа да өмірлік өнімдерін алуда қолданылады. Сүзу әдісі қажет болған жағдайда ауаның стерилизациялауда басты әдіс болып есептеледі. Ол үшін ауаны микробоцидті заттармен дымқылданған сүзгілер арқылы өткізеді. Мысалы, мұндай стерилизациялау жүйесі аса қауіпті инфекция қоздырғыштарымен жұмыс істеуге арналған үстелүсті бокстерде және де операциялық блоктарда, туу бөлімшелерінде және т.б. қолданылады.

ІІІ. Химиялық әдістер.  Объектіні микробоцидті әсерге ие химиялық заттармен өңдеуге негізделген. Белгілі-бір әсерлесу режимін сақтағанда бұл әдіс микрофлораны толығымен жоюға қабілетті. Химиялық стерилизацияны, әдетте, жоғары температураға сезімтал, көпмәрте қолданатын әртүрлі аспаптар мен жабдықтарды (фиброоптикалық жабдықтар, медициналық имплантаттар және т.б.) өңдеуде қолданылады. Стерилизациялаушы агенттерге этилен тотығы, сутегі асқын тотығы, глютарлы альдегид, асқын тотықты сірке қышқылы, хлор қостотығы жатады.

Аталған қай әдістерді пайдаланса да барлық жағдайда стерилизациялау процедурасының тиімділігін жүйелі түрде бақылау талап етіледі. Осы мақсатта жүргізілуші өңдеу әдісіне едәуір тұрақты белгілі бактериялар –   биологиялық индикаторлар (мысалы, автоклавтау тиімділігін бақылауға арналған Bacillus stearotrermophilus, құрғақ ыстықты стерилизациялауға арналған Bacillus subtilis) қолданылады. Сонымен қатар, өңдеу режимін дұрыс сақтағанда ғана көрінбелі өзгерістерді өткеретін (түсін, агрегатты жағдайын және т.б. өзгертеді) заттар  – физика-химиялық индикаторлар болады.

● Дезинфекция әдістері

Дезинфекциялау үшін физикалық және химиялық әдістер қолданылады.

І. Физикалық әдістер. Ж о ғ а р ы  т е м п е р а т у р а л а р д ы ң  ә с е р і.

Қайнату. Шприцтерді, ұсақ хирургиялық аспаптарды, жабынды және бұйым шынылары мен қайсыбір басқа да заттарды стерилизаторларға салып, үстіне су құяды. Судың тұтқырлығын жою және температурасын көтеру үшін  1-2% натрий бикорбонатының ерітіндісін қосады. Қайнатуды 30 минуттан артық жүргізеді. Қайнатқанда кейбір вирустар (мысалы, гепатит В вирусы) мен бактериялық споралар өміршеңдіктерін жоймайды.

Пастеризация. Бұл әдіс температураның вегетативті жасушаларға қатысты антибактериялық әсеріне негізделген, ал бактериялық спораларға әсер етпейді. Материалды 50-65°С температурада 5-10 минут бойы ысыту, артынша дереу суыту арқылы жүргізіледі. Әдетте, сусындар мен тағам өнімдерін (шарап, сыра, шырын, сүт және т.б.) пастеризациялайды.

И о н д а у ш ы  с ә у л е л е р д і ң  ә с е р і. Толқын ұзындығы 260-300 мкм болатын ультракүлгін сәлелендіру (УКС) едәуір айқын микробоцидті әсерге ие, бірақ, кейбір микроб түрлері мен споралары УК-ге резистентті. Сондықтан, УК-сәулелендіру микрофлораны толық құртуға – объектіні стерильдеуге жарамсыз. УКС өңдеу әдетте ірі объектілерді (бұйымдар беткейін, бөлмелерді, медицина мекемелерінің, микробиологиялық лаборатория ауасын және т.б.) жарым-жарылай залалсыздандыруда қолданылады.

Гамма сәулелендіру микроорганизмдердің басым көпшілігіне, олардың ішінде бактериялардың вегетативті формалары мен көптеген түрлер спораларына, саңырауқұлақтарға, вирустарға айқын микробоцидті әсер етуге қабілетті. Пластикалы ыдыстар мен бірмәртелі қолданылатын медициналық аспаттарды стерильдеу үшін қолданылады. Гамма-сәулелендіру приондар сияқты инфекциялық агенттердің жойылуын қамтамасыз ете алмайтынын білген жөн.

ІІ. Химиялық әдістер. Бұл объектіні дезинфектанттармен – микробоцидті химиялық заттармен өңдеу. Бұл қосылыстардың кейбірі адам организіміне токсикалы әсер етуі мүмкін болғандықтан оларды тек қана сыртқы объектілерді өңдеу үшін қолданады. Дезинфектанттар ретінде әдетте сутегі тотығын, хлорлы қосылыстарды (0,1-10 % хлорлы әк ерітіндісі, 0,5-5 % хлорамин ерітіндісін, 0,1-10 % кальций гипохлоратының үштен екі негіздік тұзы ерітіндісі – КГҮЕНТ), формальдегид, фенолдар (3-5 % фенол, лизол немесе карбол қышқылы ерітіндісі), йодофорлар қолданады. Дезинфекциялаушы заттар мен олардың концентрациясын таңдау дезинфекциялануға тиісті материалға байланысты. Дезинфекция тек қана ағзаның шынайы тосқауылдарынан (ларингоскоптар, цитоскоптар, өкпенің жасанды вентиляциясына арналған жүйелер) өтпейтін медициналық аспаптарды залалсыздандыру үшін жеткілікті процедура болуы мүмкін. Кейбір заттар (борлы қышқыл, мертиолат, глицерин) емдік және диагностикалық сарысулар, вакциналар мен басқа да препараттар дайындау үшін концерванттар ретінде қолданылады.

      ● Антисептика  әдістері

Антисептиктер ретінде антимикробты әсері бар, ағзаға улылығы аз қосылыстар ғана қолданылады. Ең жиі қолданылатындар 70 % этил спирті, 5 % йод ерітіндісі, 0,1 % КМnО4, 0,5-1 % метилен көгінің немесе бриллиантты жасылдың спиртті ерітіндісі, 0,75-4,0 % хлоргексидин ерітіндісі, 1-3 % гексахлорофен және басқа да қосылыстар. Сонымен қатар, таңып байлау заттарын, лейкопластрлерді, тіс протездерін, пломблаушы және т.б. материалдарды дайындау барысында оларды бактериоцидті қасиеттермен толықтыру мақсатында антимикробты заттар қосады.

Стерилизация тиімділігін, антисептикалық және дезинфекциялаушы заттар әсерін  бақылау  әдістері. Ж о ғ а р ы   т е м п е р а т у р а л а р д ы ң   а н т и б а к т е р и я л ы қ   ә с е р і н    з е р т т е у. Қоректік сорпасы бар шыны түтікшелерге спора түзуіші (3 шыны түтікше) және спора түздбейтін (3 шыны түтікше) дақылдар қоспасына шыланған жібек жіптерін ендіреміз. Әр дақылдан бір-бір шыны түтікше ні алып автоклавтауға немесе қайнатуға қоямыз; бақылау шыны түтікшелерін ешқандай әсерге шалдықтырмаймыз. өңдеген соң барлық себінділерді термостатта 37°Ста 24 сағат бойы ұстаймыз. Жүрүізілген тәжірибе нәтижесін белгілеп қартынды жасаймыз.

Т а ң ы п    б а й л а у    м а т е р и а л ы   м е н   х и р у р г и я л ы қ    а с п а п т а р д ы ң   с т е р и л ь д і л і г і н   б а қ ы л а у. Зерттелуші үлгілерді (немесе ірі аспаптар беткейінен алынған шайындыларды) үш қоректік ортаға (қантты сорпа, тиоглколь қышқылы және Сабуроның сұйық ортасына) себеміз. Себінділерді 14 күн бойы термостатта инкубациялаймыз. Барлық себінділерде өсу байқалмаса материалды микробтардан таза яғни, стерильді деп есептейді.

Информация о работе Жалпы медициналық микробиология пәнінің зертханалық сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құралы